Үлгерімі төмен оқушыларға тапсырмалар
Оценка 4.8

Үлгерімі төмен оқушыларға тапсырмалар

Оценка 4.8
Рабочие листы
docx
английский язык
5 кл
18.01.2019
Үлгерімі төмен оқушыларға тапсырмалар
5 сынып 1.“Биік” сөзінің тура мағынада қолданғанын белгілеңіз. A) Биік сезім. B) Биік тау. C) Биік ой. D) Биік тұлға. E) Биік сөз. 2.Ауыспалы мағынада қолданылған сөзді көрсетіңіз. Ниетің қисық болса, ағайынға өкпелеме. A) Ниетің. B) Қисық. C) Болса. D) Ағайынға. E) Өкпелеме. 3.Ауыспалы мағынада қолданылып тұрған сөзі бар сөйлемді анықтаңыз. A) Тұмау аяғы – құрт, тұман аяғы – жұт. B) Самат аяғын ауыртып алды. C) Ол науқасынан айығып кетті. D) Жел күшейе түсті. E) Ол аяғын созып жатыр. 4.Ауыспалы мағынада тұрған сөзді көрсетіңіз. Бұлақтың көзін ашу – игі іс. A) Бұлақтың. B) Көзін. C) Ашу. D) Игі. E) Іс. 5.Сөздің тура мағынасын табыңыз. A) Сүт таңертең ұйып қалды. B) Оң қолым ұйып қалды. C) Әңгіме ұйып тыңдалды. D) Олар сүттей ұйып отыр. E) Сүттей ұйыған жанұя. 6.Сөздің ауыспалы мағынасын табыңыз. A) Қарындашын ұштау. B) Найзаны ұштау. C) Қайланы ұштау. D) Шеберлікті ұштау. E) Таяқты ұштау. 7.Көп мағыналы сөздің анықтамасын белгілеңіз. A) Затты атап білдіретін мағынасы. B) Біркелкі дыбысталып айтылатын сөз. C) Мағынасы басқа-басқа сөздер тобы. D) Сөздің екі я одан да көп мағынаға ие болуы. E) Мағыналары бір-біріне жақын сөздер тобы. 8.Омонимдес сөзді көрсетіңіз. A) Гүлнәр мектепке барды. B) Ол ақылды бала. C) Айт болды. D) Уақытты бағала. E) Айгүл – зерек оқушы. 9.Омонимдес сөздерді көрсетіңіз. A) Шапан, келін. B) Алты, жеті. C) Арықтан суару. D) Кел, оқып отыр. E) Бәрі, тегіс.
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс.docx
Үлгерімі төмен  оқушылармен  жұмыс

Үлгерімі төмен оқушыларға тапсырмалар

Үлгерімі төмен оқушыларға тапсырмалар
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
18.01.2019