Бүгінгі коучингімізді Елбасымыздың мына сөзімен қорытындылаймыз: «Дамудың сыры – бірлікте, Табыстың сыры – тірлікте» екенін баршаңыз білесіздер. Мұратқа жолын тапқан жетеді. Еңбегіміздің жанбағы біздің ортақ үйімізді бейбітшіліктің бесігі етіп, барды бағалай білуімізге байланысты. Қазақты қасиетті қара шаңыраққа баласақ, еліміздегі барша этностар – сол шаңыраққа шаншылған уықтар.
Ұлт бірлігі – ұлы байлық коучинг.docx
№27 орта мектебінде
«Ұлт бірлігі – ұлы байлық» тақырыбындағы коучинг жоспары
Күнi: 14.02.2017.
Коуч: Кожагулова Ултуар Абылхановна
Коучинг
тақырыбы
Жалпы мақсат
Ұлт бірлігі – ұлы байлық
Қазақстан Халықтары Ассамблеясының 22 жылдығына орай,
Ассамблея жұмысы туралы мағлұмат беру, ұлтаралық татулықты
насихаттау;
Күтілетін нәтиже Қазақстан Халықтары Ассамблеясының қызметі туралы біледі
Ресурстар
Cтикeр, мaркeр, A3 фoрмaтты қaғaз, cлaйд, интeрaктивтi тaқтa,
бейнежазба
Ғаламтор материалдары
Тoптық тaпcырмa жәнe қoрғay, рeфлeкcия
Дереккөздері
Тапсырмалар
Кезеңдері
Ұйымдастыру
Коуч пен мұғалімдердің ісәрекеттері
1. Әлем халықтарының салты бойынша амандасу.
Қатысушылар жұпқа бөлініп тұрады, бірбірімен коучтың нұсқауы
бойынша амандасады.
Қазақ халқында ер адамдар қол алысып амандасады.
Көптеген елдерде тіл шығару әдепсіздік болып танылса, кейбір жерде
тілін шығарған жан жазаға тартылады. Тіл шығару тибет халқына жат
емес, себебі, олар бірбірін көргенде, тілдерін шығарады. Бұл рәсім
ІХ ғасырда бастау алған. Сол замандағы Тибет елінің көсемі
Ландарманың тілі қара болған деседі. Тибет халқы өзгелерге өздерінің
жауыз емес екендерін көрсету мақсатында, бірбірін көрген кезде
тілдерін шығара бастайды
Гренландия сияқты арктикалық аймақтардағы эскимостар не
инуиттердің «куник» деп аталатын сәлемдесу рәсімдері бар.
Жүздескен жандардың бірі мұрнының ұшы мен жоғарғы ернін
екінші жанның қолына я бетіне тигізіп, терең дем алады.
Қытай халқының дәстүрлі сәлемдесуі «коутоу» деп аталады.
Сәлемдескен кезде қолдарды бүгіп, иілу қажет. Әйел азаматтардың
сәлемдесу рәсімі «ваньфу» деп аталады. Олар қолдарын біріктіріп,
оны денесінің бойымен төмен қарай сырғытады.
Филиппин елінде сәлемдесу рәсімі жас ерекшеліктерге байланысты әр
қилы. Мысалы, жас жігіт үлкен кісіні көрген кезде ол басын изеп,
оң қолымен үлкен кісінің оң қолын ұстайды. Кейін саусағының
ұшын оның маңдайына тигізеді де «мано по» деп айтады.
«Мано» қол, «по» құрмет деген мағына береді.
Әр түрлі суреттер бойынша топқа бөлу.
2.
Суреттердің келесі бетінде «Ұлт бірлігі – ұлы байлық» атты коучинг
тақырыбы жасырылады.
Қызығушылықты
2017 жылдың Қазақстан Халықтары Ассамблеясы үшін ояту
Мұғaлiмдeрмeн
мaқcaтқa жeтy
үшiн ic әрeкeттi
ұйымдacтырy
Рефлексия
ерекшелігі туралы ғаламтордан алынған бейнежазбаны
тамашалау
1тапсырма:
Төрт топқа мәтін беріледі, мәтінді өз беттерімен оқып танысады,
постер қоғайды.
1топқа Қазақстан Халықтары Ассамблеясы туралы мәлімет;
2топқа Қазақстан Халықтары Ассамблеясының қызметі
3топқа Қазақстан Халықтары Ассамблеясы туралы Заң;
4топқа Қазақстан Халықтары Ассамблеясының негізгі міндеттері,
құрылымы;
2тапсырма:
Әр топ кеспе қағаздарды таңдап алып, сондағы тапсырмаларды
орындайды.
1. Қазақ халқының салтдәстүрінен көрініс көрсетіңіздер.
2. Өзбек ұлтының биін билеп беріңіздер.
3. Қырғыз тіліндегі бір ән орындап беріңіздер.
4. Орыс халқының бір ойынын ұйымдастырыңыз.
Бүгінгі коучингімізді Елбасымыздың мына сөзімен қорытындылаймыз:
«Дамудың сыры – бірлікте, Табыстың сыры – тірлікте» екенін
баршаңыз білесіздер. Мұратқа жолын тапқан жетеді. Еңбегіміздің
жанбағы біздің ортақ үйімізді бейбітшіліктің бесігі етіп, барды бағалай
білуімізге байланысты. Қазақты қасиетті қара шаңыраққа баласақ,
еліміздегі барша этностар – сол шаңыраққа шаншылған уықтар.
Ортақ ордамыз – Қазақстанның босағасын берік, шаңырағын
биік ұстап, түтінін түзу ұшыру – елдік мақсат. Біздің Отанымыз –
ортақ, тілегіміз – бір, мақсатымыз – жалғыз. Ол – жері гүлденген, елі
түрленген, дамуы жедел, ұрпағы кемел Мәңгілік Қазақстан! «Саусақ
ашса – қылдырық, жұмса – жұдырық» екенін көкейге берік түйе
отырып, ұлы мақсаттарға бірге сапар шегейік, қымбатты отандастар!
Бірлігіміз берік, тірлігіміз серік болсын! Еліміз жарқырап, жайнай
берсін!
«Бір шаңырақ астындамыз»
Қатысушылардың әрқайсысы коучинг тақырыбына қатысты тілектерін
айтып, шаңыраққа түрлі түсті лента байлайды.
Ұлт бірлігі – ұлы байлық
Ұлт бірлігі – ұлы байлық
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.