«Ұлттық тәрбие – ұлт болашағы» атты бағдарлама
Оценка 4.7

«Ұлттық тәрбие – ұлт болашағы» атты бағдарлама

Оценка 4.7
Работа в классе
docx
классное руководство
9 кл
10.02.2017
«Ұлттық тәрбие – ұлт болашағы» атты бағдарлама
Отбасы ошақтың үш тағаны сияқты үш тіреуден түратыны белгілі. Олар әке, ана, бала. Осылардың бірлігі отбасының берекесі. Отбасы қоғамның іргетасы. Мемлекетіміздің мықты болуы осы іргетасқа тікелей байланысты. Сондықтан баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата- ананың орны бөлек. Туындаған тәлім- тәрбиедегі жарасылымдылық мектеп пен ата- ана, әлеуметтік орта бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады. Өйткені, баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы өзін қоршаған ортасына, ұстазға, ата- анаға, құрбы – құрбастарына, олардың күнделікті іс- әректіне, жүріс- тұрысына, сырт көрінісне, сөйлеген сөзіне, әдептілігіне т. б. қасиеттеріне байланысты. Халық “Ұядан не көрсең, ұшқанда соны ілерсің” деп тегін айтпаған. Баланың қоғамдық әлеуметтік дамуы отбасында өз орнын алуынан басталады. Ата- ана балаға беріп, дамытып жетілдіреді де, аяқтандырған балапанын мектепке табыс етеді. Осыған сәкес жас өспірім талабын қанағаттандыратын, қоғамның, ұлтымыздың ұстанған бағытымен сабақтас келетін тәрбие жүйесін жүзеге асыру- педагогикалық ұжымның басты міндетісынып сағаты
Ұлттық тәрбие.docx

 

Алғы сөз

 

Отбасы ошақтың үш тағаны сияқты үш тіреуден түратыны белгілі. Олар әке, ана, бала. Осылардың бірлігі отбасының берекесі. Отбасы қоғамның іргетасы. Мемлекетіміздің мықты болуы осы іргетасқа тікелей байланысты. Сондықтан баланы өмірге бейімдеуде мектеп, ұстаз және ата- ананың орны бөлек. Туындаған тәлім- тәрбиедегі жарасылымдылық мектеп пен ата- ана, әлеуметтік орта бірлесіп жұмыс істеген жағдайда ғана үйлесімділік табады. Өйткені, баланың өмір сүруге құштарлығының оянуы өзін қоршаған ортасына, ұстазға, ата- анаға, құрбы – құрбастарына, олардың күнделікті іс- әректіне, жүріс- тұрысына, сырт көрінісне, сөйлеген сөзіне, әдептілігіне т. б. қасиеттеріне байланысты. Халық “Ұядан не көрсең, ұшқанда соны ілерсің” деп тегін айтпаған. Баланың қоғамдық әлеуметтік дамуы отбасында өз орнын алуынан басталады. Ата- ана балаға беріп, дамытып жетілдіреді де, аяқтандырған балапанын мектепке табыс етеді. Осыған сәкес жас өспірім талабын қанағаттандыратын, қоғамның, ұлтымыздың ұстанған бағытымен сабақтас келетін тәрбие жүйесін жүзеге асыру- педагогикалық ұжымның басты міндеті

 

Бағдарлама негізінде күтілетін нәтижелер:

1.      Баланың өзін тануға жолдама алуы.

2.      Өзіндік пікір, сигналды ойдың қалыптасуы.

3.      Тәрбиеші мен тәрбиеленуші арасындағы қарым-қатынастың жоғары деңгейде  болуы.

4.      Оқушының дүниетанымының, сахналық шеберлігінің артуы.

5.      Оқушының сапалы білімнің, саналы тәрбиенің қажеттілігін сезінуі.

6.      Қоғамды танып білудің, сыртқы ортамен байланысының алға басуы.

7.      Ең бастысы - өзіне деген сенімнің артуы, Абай тілімен айтқанда, «болмаса да ұқсап бағуға тырысу»

Қорытынды:

«Тәрбиесін тапса адам болар, оқуын тапса білім қуар» дегендей тәрбие мен оқу қатар жүріп, дамып, өрбіп отыратын процесс. Тәрбиесіз берілген білім ертеңгі ұрпақтың үлкен қайғысы. Сондықтан қазіргі қоғамдағы жариялық жағдайында білім мен тәрбиенің ұлтымыздың озық дәстүрлері мен тәжірибесіне негізделуіне айырықша ден қойылуы тиіс. Себебі: жаңашыл (инновация) мектептерде, педагогикалық білім берудің мақсат, міндеттерін толық анықтау, білім мазмұнын жаңалау, оқытудың жаңа тиімді әдіс – тәсілдерін жетілдіру, жаңа мазмұндағы оқу, әдістемелік құралдары мен бағдарламаларын жасау жұмыстары Республика ғылымдары мен көптеген ғылыми зерттеу орталықтарының назарында. Бүгінгі таңда үлкендерге балалардың ынтасы мен назарын өзіне аударуға қол жеткізу оңайға түспейді. Баланың рухани –адамгершілік тағылымына кері әсер етуші факторлары: соғыс ойыншықтары, жат қылықты жариялайтын фильмде, бейнетаспалар және компьютерлік ойындар бар. Сондықтан мектептен тыс кездегі сабақтарды ұйымдастыруда мұғалім барынша тапқырлық танытқан жөн.

Иә, осылай деп қарастырсақ та тәрбие көзі отбасынан қаланатыны шындық емес пе? Ендеше қазақ отбасында ұлттық тәрбие ана құрсағынан басталып, адамды өмір бойы және оны о дүниеге шығарып салумен аяқталатын әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер негізінде үздіксіз жүргізіліп, іс-әрекеттер мен қарым-қатынастар арқылы жүзеге асырылады. Осылайша отбасында ұлттық тәрбие халқымыздың ғасырлар бойы жинақталған.

Ал ұстаздар қауымына ең бастысы, оқушылар өзінің Отаны Қазақстан патриоты болуды, азаматтық белсенділігін көрсетуді, саяси жүйені түсінуді, болып жатқан әлеуметтік жағдайларға баға бере білуді қалыптастыру бағытында еңбектенуді қажет етеді.

                                                                                                                      Бекітемін                       

                                                                                                                                    мектеп директоры

                                                                                                                                Бабыкова Г.К.

                                                                                                                                  _______________

«Ұлттық тәрбие – ұлт болашағы» атты бағдарлама

Жылына- 34 сағат, аптасына-1 сағат

 

Тәрбиенің мақсаты -үздіксіз білім беру жүйесінде мектеп жасына дейінгі балалардың және білім алушылардың Қазақстан Республикасының азаматтары және патриоттары ретінде қалыптасуы мен өзін өздері танытуларына, әлеуметтенуіне,болашақ мамандық иіес болып, кәсіби,интеллектуалды және әлеуметтік шығармашылыққа жетуіне жағдай жасау.

 

Мазмұны

Мерзімі

1

«Отбасындағы ұлттық тәрбие»

 

2

Адам құқықтары мен бостандықтары

 

3

Сен еліміздің Ата Заңы – Конституция туралы білесің бе?

 

4

Ата заң аппақ үміт, асқақ мақсат

 

5

 Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы

 

6

“Ұлттық тәрбие – рухани байлық”

 

7

Ұлттық тәрбие-діни экстремизммен күресу құралы

 

8

Адамгершілік — рухани тәрбиенің маңыздылығы

 

9

«Құқықтық тәрбие және құқықтық жігер»

 

10

Мен және менің құқығым

 

11

Заң және заман

 

12

Заң біткен жерде зұлымдық басталады

 

13

 “Қылмыс үшін кім жауапты”

 

14

Құқық - әділет пен парасат жолы

 

15

Барлық әлем мен үшін...

 

16

«Құқық бұзушылық және жасөспірім»

 

17

Құқықтық сауаттылық – заман талабы

 

18

«Құқық-өмір айнасы»

 

19

«Полиция – дос және қорғаушы»

 

20

«Ұрлық түбі қорлық» 

 

21

Тәртіпке бас иген құл болмас

 

22

«Азамат жолы-ар жолы» 

 

23

”Қайырымдылық -жылы жүректен”

 

24

Ел бірлігі- ең асыл қасиет

 

25

«Тәуелсіздік – ата-бабам аңсаған»

 

26

«Досымның тілі – менің тілім»

 

27

Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу

 

28

"Отбасындағы қолайсыздық - құқық бұзушылықтың негізгі себебі"

 

29

Тәрбиенің ең тамаша мектебі – отбасы

 

30

Қылмыс және жасөспірім

 

31

Құқықтық сауаттылық – заман талабы

 

32

Нашақорлық және құқық бұзушылық

 

33

Нашақорлық Қазақстан болашағына қауіпті

 

34

«Ертеңіңді ойласаң - есірткіге жолама»

 

 


 

Алғы сөз Отбасы ошақтың үш тағаны сияқты үш тіреуден түратыны белгілі

Алғы сөз Отбасы ошақтың үш тағаны сияқты үш тіреуден түратыны белгілі

Бекітемін мектеп директоры

Бекітемін мектеп директоры
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
10.02.2017