Люминесценция
Оценка 4.9

Люминесценция

Оценка 4.9
Разработки уроков
doc
физика
10 кл
13.03.2017
Люминесценция
Люминесценция- деп берілген температурада жылулық сәулелер шығарудан басым және жарық шығару ұзақтығы жарық тербелістерінің периодынан ұзақ болатын тепе-тең емес сәулеленуді айтады. Электролюминесценция. Атомдардың жарық шығару үшін қажетті энергияны жылу көздері болып табылмайтын денелерден де алуға болады. Газдардағы разряд кезінде электр өрісі электрондарға кинетикалық энергия көп береді. Шапшаң электрондар, атомдармен соқтығысқанда, серпімсіз соққыға ұшырайды. Электрондардың кинетикалық энергиясының бір бөлігі атомдарды қоздыруға жұмсалады. Қозған атомдар осы энергияны жарық толқындары түрінде бөліп шығарады. Газ разрядында жарқылдың пайда болатыны да сол себептен. Бұл –электролюминесценция (Солтүстік поляр шұғыласы).Поурочный план
Люминесценция.doc
І. Сабақтың тақырыбы:  Люминесценция. ІІ. Сабақтың    мақсаты: а)   білімділік:  Білімгерді     сәуле   шығару,   люминесценция   ұғымын   қалыптастыру,   білімгердің эксперименттік дағдыларын дамытуды жалғастыру.  б) ой­өрісін дамытушылық: Оқу материалын талдай білу дағдысын дамыту, бақылау, салыстыру, оқылған құбылыстар мен фактілерді салыстыра білу, қорытынды жасай білуге баулу.  Жаңа білімді қолдану дағдысын дамыту, ақылға салу дағыдысын қалыптастыру. в) тәрбиелік:   Жауапкершілікті сезіне   отырып жұмыс жасауға, өз жолдасының пікірін тыңдауға тәрбиелеу. ІІІ. Сабақтың   типі: құрама сабақ.  ІV. Сабақтың түрі:  теориялық және тәжірибе. V.Сабақтың өткізілу әдістері: түсіндіру, жазбаша. VІ. Сабақтың   көрнекілігі: презентация.                                                   Пән аралық және пән ішілік  байланыс Қамтамасыз ететін пән және тақырыбы:  химия Қамтамасыз етілетін пән және оның тақырыбы:  Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: Білімгердің сабаққа қатысуын тексеру, дәрісхананың тазалығы, сабаққа дайындығына назар аудару­5 минут. 2. Сабақтың жаңа тақырыбын  хабарлау, мақсатын қою: Сабақтың тақырыбы мен мақсаты  хабарланып, тақырып тақтаға жазылады.  4. Жаңа сабақта қаралатын сұрақтар:      Люминесценция түрлері. 5. Жаңа  сабақта қаралатын сұрақтардың қысқаша түсінігі  Люминесценция ­ деп  берілген   температурада  жылулық   сәулелер   шығарудан басым   және   жарық   шығару   ұзақтығы   жарық   тербелістерінің   периодынан   ұзақ болатын  тепе­тең емес сәулеленуді  айтады.  Электролюминесценция.  Атомдардың   жарық   шығару   үшін   қажетті энергияны   жылу   көздері   болып   табылмайтын   денелерден   де   алуға   болады. Газдардағы   разряд   кезінде   электр   өрісі   электрондарға   кинетикалық   энергия   көп береді.   Шапшаң   электрондар,   атомдармен   соқтығысқанда,   серпімсіз   соққыға ұшырайды.   Электрондардың   кинетикалық   энергиясының   бір   бөлігі   атомдарды қоздыруға   жұмсалады.   Қозған   атомдар   осы   энергияны   жарық   толқындары түрінде   бөліп   шығарады.   Газ   разрядында   жарқылдың   пайда   болатыны   да   сол себептен. Бұл –электролюминесценция  (Солтүстік поляр шұғыласы). Катодолюминесценция.  Қатты   денелердің   оларды   электрондармен атқылаудан   жарқыл   шығаруы   катодолюминесценция   деп   аталады   (Электронды­ сәулелік  түтікше жұмысы негізінде  теледидар  экранының жарықталынуы). Хемилюминесценция.  Энергияны   бөліп   шығару   арқылы   жүретін   кейбір химиялық   реакцияларда   осы   энергияның   бір   бөлігі   тікелей   жарық   энергиясына айналады.   Жарық   көзі   суық   күйінде   қалады   (оның   температурасы   айналадағы ортанікімен   бірдей)   бұл   құбылыс   хемилюминесценция   деп   аталады   (Бойынан жарық  шығаратын  тірі ағзалар).  Фотолюменесценция.    Жұтылған   жарықтан   энергиясы   көп   жағдайларда денені   тек   қана   қыздырады.   Бірақ   кейбір   денелер   түскен   жарықтың   әсерінен өздері   тікелей     жарқыл   шығара   бастайды.   Бұл   –   фотолюминесценция   (шырша ойыншықтары). 6. Жаңа материалды бекіту  1. Бекіту сұрақтары: 1. Люминесценция деп .... 2. Люминесценция қай тілден енген және мағынасы қандай? 3. Катодолюминесценция деп .... 4. Электролюминесценция деп .... 5. Фотолюминесценция деп .... 6. Хемилюминесценция деп .... 7. Люминесценттік жарқырау тұрмыстың қай саласында қолданылады? 7. Үй тапсырмасы: 3/194 бет  8. Сабақты қорытындылау: Баға қою, оларға комментарий беру

Люминесценция

Люминесценция

Люминесценция

Люминесценция
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
13.03.2017