Махамбет Отемісулы «Мен, мен едім, мен едім...»
Оценка 4.8

Махамбет Отемісулы «Мен, мен едім, мен едім...»

Оценка 4.8
Разработки уроков
docx
музыка
7 кл
17.05.2018
Махамбет Отемісулы «Мен, мен едім, мен едім...»
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы «Оқушылар Сарайы» КММ Терме үйірмесінің жетекшісі Жылтырова Мейрамгул Сәрсенкызы Сабақтың тақырыбы : Махамбет Отемісулы «Мен, мен едім, мен едім...» Сабақтың мақсаты: Махамбеттің өмірімен шығармашылығын жан-жақты баяндау. «Мен,мен едім, мен едім...» термесінің мазмұнын ашу,үйрету. Білімділігі: Өмірі мен өлеңдерінің ерекшелігін аша отырып, күйлері, термелері жөнінде түсінік беру. Ерлікке, Отанды қастерлеуге шақыру. Дамытушылығы: ХІХ ғасырдың бірінші жартысында сұрапыл жырлармен халықты күреске шақырып үндеген Махамбеттің ақындық дарының өлеңдері арқылы оқушыларға түсіндіре отырып, өлеңмен ой салып, халық санасын оятуға күш салған ерекше қасиетін оқушы бойына дарыту. Тәрбиелігі: Өршіл жырлары арқылы ерлікті ту еткен Махамбеттің ерлігін қастерлеуге баулу, елінің адал азаматы болуға тәрбиелеу . Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту. Сабақтың әдіс - тәсілдері: баяндау,дауыс ашу,ән айту,музыка тыңдау,әңгімелеу,сұрақ-жауап т.б. Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, видео, үнтаспаға жазылған күй,терме. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу,оқушының сабаққа қатысымын тексеру, сабаққа дайындығын бақылау. 2. Үй тапсырмасын тексеру. Мұғалімнің сөзі: - Оқушылар өткен сабағымызды еске түсірейік.Халық арасында кең тараған әндердің бірі халық әндері. Әнді орындау халыққа өз мәнінде жеткізу, бұл әншіге байланысты. Әнді тыңдағанда ойды басқаға бөлмей,оның тез құбылмалы нәзік дыбыстарына зейін қойып , тыңдау керек. Әнді тыңдағанда мазмұн, сыр бар. (дәстірлі әншілердің халық әндерін орындағанын тыңдап көрелік,бейнетаспаға назар аударыңыздар) -Ал оқушылар олай болса,дауысты шынықтыру үшін,халық әндерін домбырада орындап көрелік. 3.Жаңа сабақ Мұғалімнің кіріспе сөзі: -Жалпы әншілік-термешілік өнердің кім-кімгеде артықшылығы жоқ. Бастау,толғаулар,жырлар осы күнге дейін жетіп,халық арасында айтылып келеді. Жыраулардың көбісі өз замандарының ағымын болжай-бағдарлай білген. Ақылды,халықты бүтіндікке,бірлікке шақырып,сыртқы дұшпанға мемлекет абыройын халықтың бостандығын сақтауды көздеген. Жыры ұрпаққа рухани қазынаға айналған. Даналық сөздерімен кейінге өшпес із қалдырған, патриоттық сезімге арналған жырларын кездестіруге болады. Осындай жырларымен тыңдарман-оқырман қауымды тәнті қылған ақынымыз соның дәлелі бүгінгі сабағымызда өтетін Махамбет ақынның термесі «мен,мен едім,мен едім...» Мұғалім сөзі: Қазақ халқы талай қиын кезеңді талай басынан кешірді. Елін, жерін көзінің қарашығындай қорғаған, оның мүддесі үшін қабырғасы қайысып, қасық қаны қалғанша қорғап болуды мақсат еткен дара – тұлға батырлары болған. Олар сабырдың тәуекел мен арманның түлегі. Міне осындай көрнекі өкілдердің бірі - Махамбет Өтемісұлы. Ол - тасқындаған қайраттың ғана емес, ең алдымен, кең толғап, кем пішер кемеңгер ақылдың көрінісі. Махамбет Нарын өлкесінде өмір сүріп, « қара қаза, сары бала қамы үшін» ашық қимылға шыққан, халықты соңына ерте білген. Ол ерлікті, өрлікті өзі ғана жасамай, бүкіл поэзиясына ерлікті ту етті, оны кейінгі ұрпаққа өлмес мұра етіп қалдырды. Олай болса берілген сызбаға назар аударайып,батырдың өмірбаянымен танысайық. Сызба. слайд Махамбет Өтемісұлы 1846 жылы Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысының Махамбет ауданында дүниеге келген қазақтың әйгілі ақыны, күйші композиторы. Отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті ұйымдастырушылардың бірі халықты патшалық, хандық өкіметке қарсы қарулы көтеріліске шақырған алғашқы қазақ жыршысы /Осы сызба арқылы ақын өмірінен мәлімет беремін./ Хан емессің қасқырсың, Қас албасты басқырсың. Достарың келіп табалап, Дұшпаның келіп басқа ұрсын. Хан емессің аянсың, Айыр құйрық шаянсың.- депті.Өйткені ханның елге, халыққа жасап отырған үстемдігі рухты ақын,от ауызды шешен Махамбет батырға ұнамайды. Ол үнемі үстем тап өкілдеріне қарсы шығып отырған. - Оқушылар, Махамбеттің бойындағы ер жүрек, батырлығын, қайсар, тік мінездігілігін неге баласақ болады? Намысқа тырысқан жігерлі, күшті де көсем тұлғаға балаймыз./оқушы жауабы/ - Ендеше,оқушылар қандай махамбеттің жырларын жатқа білесіздер? «Ей, Махамбет жолдасым» өлеңі орындалады. Махамбеттің батырлығымен,ақындық шешендігімен қатар домбырашы,күйшілік өнері де болған. Ақынның домбырасы қызыл қайыңнан жасалған. Қазіргі уақытта Алматы мұражайында сақталған дейді. -Үн таспадан осы бір күйін «Жұмыр қылышты» тыңдайық. Күйдің орындалуы жүрдек, екпінді. Күйді алғаш рет нотаға түсірген, мәдіметтер жинақталған атақты күйші Қаршыға Ахмедияров. ӨЛЕҢДЕРІ Ерлікке, елдікке шақыратын өлең-жыр термелері бар. Соның ішінде бүгінгі сабағымызда үйренетін «мен,мен едім,мен едім...» термесі.Бұл терменің орындалуы шұбыртпалы ұйқаспен ағытылады. Дыбыс алу ерекшелігі өлең аяқталу сәттерде соңғы дыбыстардың үдетіле, күшейтіле шығу заңдылығын байқатады. Төкпе күй секілді қос демді,бас буын,орта буын болып қамтиды. –Ал олай болса үнтаспадан Ғарифолла Құрманғалиевтың орындауында «Мен , мен едім,мен едім..» термесін тыңдап көрелік. -Ал енді оқушылар термені домбырада қосылып,орындайық! 4.Бекіту сұрағы: -Махамбет Өтемісұлын кім деп танимыз? -Ақынның қандай өлеңін білесіз? -«Жұмыр қылыш» күйін алғаш рет нотаға түсірген,мәліметтерді жинақтаған күйші? -Ақынның өлеңдерінен алған әсерің қандай? 5.Қорытынды. Бір сөзбен айтқанда Махамбет-музыка әлемі. Мұхтар Әуезов айтқандай: «Бүкіл XIX ғасыр әдебиетінде қимыл мен күрес жырын махамбеттей жырлаған өзгеше ақын болған емес.» 6.Үйге тапсырма: Махамбет «Мен, мен едім, мен едім...» термесінің сөзін жатқа айту.Махамбет Отемісулы «Мен, мен едім, мен едім...»
махамбет өтемісұлы ащық сабақ.docx
Ақтөбе облысы                                                                                                         Шалқар ауданы                                                                                      «Оқушылар Сарайы» КММ                                                                                   Терме үйірмесінің жетекшісі Жылтырова Мейрамгул Сәрсенкызы Сабақтың тақырыбы : Махамбет Отемісулы «Мен, мен едім, мен едім...» Сабақтың мақсаты: Махамбеттің өмірімен шығармашылығын жан­жақты баяндау. «Мен,мен едім,  мен едім...» термесінің мазмұнын ашу,үйрету. Білімділігі: Өмірі мен өлеңдерінің ерекшелігін аша отырып, күйлері,  термелері жөнінде түсінік беру. Ерлікке, Отанды қастерлеуге шақыру. Дамытушылығы: ХІХ ғасырдың бірінші жартысында сұрапыл жырлармен  халықты күреске шақырып үндеген Махамбеттің ақындық дарының өлеңдері  арқылы оқушыларға түсіндіре отырып, өлеңмен ой салып, халық санасын  оятуға күш салған ерекше қасиетін оқушы бойына дарыту. Тәрбиелігі: Өршіл жырлары арқылы ерлікті ту еткен Махамбеттің ерлігін  қастерлеуге баулу, елінің адал азаматы болуға тәрбиелеу . Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту. Сабақтың әдіс ­ тәсілдері: баяндау,дауыс ашу,ән айту,музыка  тыңдау,әңгімелеу,сұрақ­жауап т.б. Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, видео, үнтаспаға  жазылған күй,терме. Сабақтың барысы:  1. Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу,оқушының сабаққа қатысымын тексеру,  сабаққа дайындығын бақылау. 2. Үй тапсырмасын тексеру. Мұғалімнің  сөзі: ­ Оқушылар өткен сабағымызды еске түсірейік.Халық арасында кең тараған  әндердің бірі халық әндері. Әнді орындау халыққа өз мәнінде жеткізу, бұл  әншіге байланысты. Әнді тыңдағанда ойды басқаға бөлмей,оның тез  құбылмалы нәзік дыбыстарына зейін  қойып , тыңдау керек. Әнді тыңдағанда  мазмұн, сыр бар. (дәстірлі әншілердің халық әндерін орындағанын тыңдап  көрелік,бейнетаспаға назар аударыңыздар) ­Ал оқушылар олай болса,дауысты шынықтыру үшін,халық әндерін домбырада орындап көрелік. 3.Жаңа сабақ Мұғалімнің кіріспе сөзі: ­Жалпы әншілік­термешілік өнердің кім­кімгеде артықшылығы жоқ.  Бастау,толғаулар,жырлар осы күнге дейін жетіп,халық арасында айтылып  келеді. Жыраулардың көбісі өз замандарының ағымын болжай­бағдарлай  білген. Ақылды,халықты бүтіндікке,бірлікке шақырып,сыртқы дұшпанға  мемлекет абыройын халықтың бостандығын сақтауды көздеген. Жыры  ұрпаққа рухани қазынаға айналған. Даналық сөздерімен кейінге өшпес із  қалдырған, патриоттық сезімге арналған жырларын кездестіруге болады.  Осындай жырларымен тыңдарман­оқырман қауымды тәнті қылған ақынымыз  соның дәлелі бүгінгі сабағымызда өтетін Махамбет ақынның термесі «мен,мен едім,мен едім...» Мұғалім сөзі: Қазақ халқы талай қиын кезеңді талай басынан кешірді. Елін,  жерін көзінің қарашығындай қорғаған, оның мүддесі үшін қабырғасы қайысып, қасық қаны қалғанша қорғап болуды мақсат еткен дара – тұлға батырлары  болған. Олар сабырдың тәуекел мен арманның түлегі. Міне осындай көрнекі  өкілдердің бірі ­ Махамбет Өтемісұлы. Ол ­ тасқындаған қайраттың ғана емес, ең алдымен, кең толғап, кем пішер кемеңгер ақылдың көрінісі. Махамбет  Нарын өлкесінде өмір сүріп, « қара қаза, сары бала қамы үшін» ашық қимылға  шыққан, халықты соңына ерте білген. Ол ерлікті, өрлікті өзі ғана жасамай,  бүкіл поэзиясына ерлікті ту етті, оны кейінгі ұрпаққа өлмес мұра етіп  қалдырды. Олай болса берілген сызбаға назар аударайып,батырдың  өмірбаянымен танысайық. Сызба. слайд Махамбет Өтемісұлы 1846 жылы Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысының Махамбет ауданында  дүниеге келген қазақтың әйгілі ақыны, күйші композиторы. Отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманов бастаған көтерілісті  ұйымдастырушылардың бірі халықты патшалық, хандық өкіметке қарсы  қарулы көтеріліске шақырған алғашқы қазақ жыршысы /Осы сызба арқылы ақын өмірінен мәлімет беремін./  Хан емессің қасқырсың,  Қас албасты басқырсың.  Достарың келіп табалап, Дұшпаның келіп басқа ұрсын.  Хан емессің аянсың, Айыр құйрық шаянсың.­ депті.Өйткені ханның елге, халыққа жасап отырған  үстемдігі рухты ақын,от ауызды шешен Махамбет батырға ұнамайды. Ол  үнемі үстем тап өкілдеріне қарсы шығып отырған. ­ Оқушылар, Махамбеттің бойындағы ер жүрек, батырлығын, қайсар, тік  мінездігілігін неге баласақ болады? Намысқа тырысқан жігерлі, күшті де көсем тұлғаға балаймыз./оқушы жауабы/ ­ Ендеше,оқушылар қандай махамбеттің жырларын жатқа білесіздер? «Ей, Махамбет жолдасым» өлеңі орындалады. Махамбеттің  батырлығымен,ақындық шешендігімен қатар домбырашы,күйшілік өнері де  болған. Ақынның домбырасы қызыл қайыңнан жасалған. Қазіргі уақытта  Алматы мұражайында сақталған дейді. ­Үн таспадан осы бір күйін «Жұмыр қылышты» тыңдайық. Күйдің орындалуы  жүрдек, екпінді. Күйді алғаш рет нотаға түсірген, мәдіметтер жинақталған  атақты күйші Қаршыға Ахмедияров. ӨЛЕҢДЕРІ Ерлікке, елдікке шақыратын өлең­жыр термелері бар. Соның ішінде бүгінгі  сабағымызда үйренетін «мен,мен едім,мен едім...» термесі.Бұл терменің  орындалуы шұбыртпалы ұйқаспен ағытылады. Дыбыс алу ерекшелігі өлең  аяқталу сәттерде соңғы дыбыстардың  үдетіле, күшейтіле шығу заңдылығын  байқатады. Төкпе күй секілді қос демді,бас буын,орта буын болып қамтиды.  –Ал олай болса үнтаспадан Ғарифолла Құрманғалиевтың орындауында  «Мен , мен едім,мен едім..» термесін тыңдап көрелік. ­Ал енді оқушылар термені домбырада қосылып,орындайық! 4.Бекіту сұрағы: ­Махамбет Өтемісұлын кім деп танимыз?  ­Ақынның қандай өлеңін білесіз? ­«Жұмыр қылыш» күйін алғаш рет нотаға түсірген,мәліметтерді жинақтаған  күйші? ­Ақынның өлеңдерінен алған әсерің қандай? 5.Қорытынды. Бір сөзбен айтқанда Махамбет­музыка әлемі. Мұхтар Әуезов айтқандай: «Бүкіл XIX  ғасыр әдебиетінде қимыл мен күрес  жырын махамбеттей жырлаған өзгеше ақын болған емес.» 6.Үйге тапсырма: Махамбет «Мен, мен едім, мен едім...» термесінің сөзін  жатқа айту.

Махамбет Отемісулы «Мен, мен едім, мен едім...»

Махамбет Отемісулы «Мен, мен едім, мен едім...»

Махамбет Отемісулы «Мен, мен едім, мен едім...»

Махамбет Отемісулы «Мен, мен едім, мен едім...»

Махамбет Отемісулы «Мен, мен едім, мен едім...»

Махамбет Отемісулы «Мен, мен едім, мен едім...»

Махамбет Отемісулы «Мен, мен едім, мен едім...»

Махамбет Отемісулы «Мен, мен едім, мен едім...»
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
17.05.2018