«Мектебім менің сүйікті,қоштасар бүгін кез келді!»
Оценка 4.6

«Мектебім менің сүйікті,қоштасар бүгін кез келді!»

Оценка 4.6
Мероприятия +1
docx
воспитательная работа +1
9 кл
29.10.2019
«Мектебім менің сүйікті,қоштасар бүгін кез келді!»
Мерекелік кештің тақырыбы: «Мектебім менің сүйікті, қоштасар бүгін кез келді!» (Музыкальная пауза «Мектебім » әні ) Алмас: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Сағыныш:Қайырлы күн, қадірлі ата-аналар мен қонақтар! Алмас: Армысыздар,құрметті ата-ана, ұстаз! Той жиынсыз өмірдің мәні болмас. Арамыздан талпынып қақты қанат, 9 жылда оң-солын таныған жас. Сағыныш: Өзің менен өлшеусіз нарқым менің, Асқар тау, арқа тұтар алтын белім. Ұядан ұрпағыңды ұшырмаққа Қош келдің, айналайын, халқым менің! Алмас: Қиындығы мен қызығы мол тағы бір оқу жылы артта қалды. Алдажайдары, жарқын жаз, көңілді демалыс, танымсыз еңбек тоқсаны. Баршаңызды оқу жылының аяқталуымен "Соңғы қоңырау” қоштасу мерекесімен құттықтаймыз! Сағыныш: Кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер бүгінгі күні мектеп қабырғасында 9 жыл білім мен тәрбие алып, алғашқы білім туралы құжаттарын қолдарына алғалы тұр. Ортамызда біріміз білімімізді мектеп қабырғасында жалғастырсақ, енді біріміз білімімізді мамандықпен байланыстыра отырып арнайы оқу орындарында жалғастырамыз деп шешіп отырмыз.
сценарий 9 ә.docx
Нұр­Сұлтан қаласы №14 мектеп­гимназия Мерекелік кеш «Мектебім менің сүйікті, қоштасар бүгін кез келді!» Сынып жетекшісі:Ергалиева Н.У Нұр­Сұлтан   Мерекелік кештің тақырыбы: «Мектебім менің сүйікті, қоштасар бүгін кез келді!» (Музыкальная пауза «Мектебім » әні ) Алмас:  Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар!  Сағыныш:Қайырлы күн, қадірлі ата­аналар мен қонақтар! Алмас:   Армысыздар,құрметті ата­ана, ұстаз! Той жиынсыз өмірдің мәні болмас. Арамыздан талпынып қақты қанат, 9  жылда оң­солын таныған жас. Сағыныш: Өзің менен өлшеусіз нарқым менің, Асқар тау, арқа тұтар алтын белім. Ұядан ұрпағыңды ұшырмаққа Қош келдің, айналайын, халқым менің! Алмас:   Қиындығы мен қызығы мол тағы бір оқу жылы артта қалды. Алдажайдары,  жарқын жаз, көңілді демалыс, танымсыз еңбек тоқсаны. Баршаңызды оқу  жылының аяқталуымен "Соңғы қоңырау” қоштасу мерекесімен құттықтаймыз! Сағыныш: Кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер бүгінгі күні мектеп  қабырғасында 9 жыл білім мен тәрбие алып, алғашқы білім туралы құжаттарын  қолдарына алғалы тұр. Ортамызда біріміз білімімізді мектеп қабырғасында  жалғастырсақ, енді біріміз білімімізді мамандықпен байланыстыра отырып арнайы оқу орындарында жалғастырамыз деп шешіп отырмыз. Алмас:   Бүгінгі мерекелік кеш мектеп бітіруші түлектеріміздің құрметіне арналады. Сағыныш: Сонымен бірге  олардың ұлағатты ұстаздары мен аяулы ата­аналарына  арналмақшы.  Бірге: Мерекелік кешімізге хош келдіңіздер!!! Алмас: Нұрлы үмітін арқалаған арқаға, Жан сәулесін тарататын баршаға. Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп, Түлектерді шақырайық ортаға. Музыка ойнайды (Ортаға 9 сыныпты бітіруші түлектер шығады) Сағыныш: Батырлыққа уызынан жарыған, Ер төркіні жалауынан таныған Өзі батыр өзі әнші халыққа, Жарасады жігер берер әнұран.                                                                 (Әнұран орындалады) Алмас: Ерекше күн,бүгін тілек­баталар, Әнмененжыртүлектергеарналар. Барлығыныңжүретұғынақжолы, Құтқонақтыңтілегіненнұрланар. Алғашқы құттықтау сөз кезегін №14 мектеп­гимназиясының директоры  Надеин Олег Анатольевичкеге беріледі. (Директордың құттықтауы) Сағыныш: Ажырамай халықтан бір елісіз, Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз. Сөз берелік құрметпенен өзіңізге, Түлектерге арналсын тілегіңіз. Құттықтау сөз кезегі  оқу ісі жөніндегі орынбасарлары   Кольцова Татьяна Анатольевна мен Калиева Айжан Оразбаевнаға беріледі. (завучтардың құттықтауы) Алмас: Сәт сапар тілеп бүгінгі түлектерге, Мейірімге толы болып жүректері, Құттықтау лебізімен келіп тұрған, Сыныбымның жүйріктері­ үздіктері–дей отырып, сөз кезегін ортада тұрған  түлектерімізге берейік.   (Үздік оқушылардың әдеби­монтажы) Ербол: Құрметті мектептің түлектері! Барасыздар өмірді гүл еткелі. Әр жылы осы күні қимастықпен, Соғады ұстаздардың жүректері. Көңіл толқып жанады осы күні, Түлектерім, есте сақта мәңгі мұны. Болашақтың үміті сендерсіздер, Алтын күннің таратылған сәуле, нұры. Аружан: О, мектебім, қашанда сен естесің, Сен жайлы әркез төгелік жырдың кестесін. Сені ұмытсам білімімнің ұясы, Мені адамдар еш уақытта кешпесін. О, менің ұстаздарым, үміт жібін үзбеген, Білім шыңнан жарық сәуле іздеген. Бүлдіршінді жетелер кеп партаға, Ұшыратын қимас нұрлы жүзбенен. Мерей: Өткенде бізден ағаттық, Байсалдылықпен тағат қып, Балалық болса кешірген, Байыппен баурап өсірген, Үлгілі әркез, ұстамды, Сабырлы, ізгі ұстазды Анадай көріп сыйлаймыз: Айырылар кезде қимаймыз! Мади: Қоңырауы мектептің тозбайтұғын, 45 минуттан еш озбайтұғын. Тебірентіп мектептің тіршілігін, Сыңғырлаған үнімен қозғайтұғын. Қоңыраудың сыйладық жаңа үнін, Одан асқан сыйлайды ғажабын кім. Мектебінен киелі білім алып Ақ үмітін ақтаңдар қазағымның. Дина: Жаны асылұстаздардыескеалыңдар, Жаңа сыр ашатұғынжасдарындар, Шәкіртіжаманекендегізбеңдер, Санасыбиікадалдостабыңдар! Алдарыңнанарманжолыашылады.  Түлектергебақытгүлішашылады.  Алда тұрған емтихан­сынақтарды, Достарым тек «5»­ке  тапсырады. Алмас: Сіздердің құрметтеріңізге  сыныбымыздың әнші қызы, «Көктем аруы 2019»   конкурсының жеңімпазы  Динараның орындауындағы тамаша әнді қабыл алыңыздар. Ән  Төребай Динара Сағыныш:  Келешек қой түлектер барға шүкір, Алдарында ақ қанат арманы тұр. Жүректері лүпілдеп, тебіреніп. Жетелейді қиялы алға ұшқыр! дей отырып, сөз кезегін ортада тұрған  түлектерімізге берейік. (түлектердің түлегі) Мақсат:  Қымбатты ұстаздар! Құрметті сыныптастарым! Қадірлі ата ­ аналар және  қонақтар! Ыстық ұямыз – мектебімізбен, бізді 9 жыл бойы оқытып, тәрбиелеген  аяулы ұстаздарымызбен қоштасқалы тұрмыз. Ақиқат:  Енді біз ең қызықты сәттерімізді өткізген мынау мектептің ауласында жарыса  жүгіріп, сыныбымыздағы парталарға таласа тармаса отырмаймыз. Қуаныш:                                                                                                                           Иә,! Енді біз 9 жыл бойы біздің «еркелігіміз бен тентектігімізді» көтерген  апайларымыз бен ағайларымыздың сабақтарында отырмаймыз, тақтаға шығып  сабақ айтпаймыз. Малика: Біз осы мектепте ұстаздарымыздың тәлім­тәрбиесін ала жүріп  болашағымыздың іргетасы – фундаментін қаладық. Дәл қазір сол күндерге деген  сезімді бастан өткеріп мұңайсақ та, ертеңгі болашағымызды ойлап жүрегіміз  лүпіл қағып тұр! Саян:Құрметті жас түлектер! Сендерге алдағы уақытта тек қана сәттілік жар  болсын, жетістіктерге қол жеткізіңіздер, өмірден өз орындарыңды адаспай  табыңдар! Шұғыла: Енді бізді алда өмірдің сан тарау жолдары күтіп тұр. Сол жолда  әрбіріміз бақыт үшін, өмірден лайықты орын алу үшін күресейік, сыныптастар! Динара:                                                                                                                             Ал алтын ұя – мектебіміз бен аяулы ұстаздарымызды жүрегімізде мәңгі ұмытпай  сақтаймыз. Аяулы ұстаздар! Сіздер жасаған еңбектеріңіз үшін шексіз алғыс  білдіреміз!  Аимжан:  Қадірлі ұстаздарымыз! Ал біз сіздер берген тәрбие мен тәлімді әр уақытта  ұмытпаймыз! Ансар:  Сіздерден бөлініп ыстық ұядан ұшқан сәтте де, аяулы мектебіміздің атына кір  келтіріп, дақ түсірмеуге, әр кезде де ақылшы серігіміз Ар деп аталатын айбынды  қасиет боларына сіздерді сендіргіміз келеді. Рымгуль:  Біз сіздерге әрдайым да мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт,  еңбектеріңізге жеміс тілейміз. Барлық уақытта да шәкірттеріңіздің ыстық  ықыласына бөленіп жүре беріңіздер! Бірге:Мерекеміз мерекеге ұлассын! Алмас: Ортаға сыныбымыздың мың бұралған бишісі Куланбаева Перизатты заманауи  тамаша биімен шақырамын. Би Куланбаева Перизат Сағыныш: Алмас, сен мектепке «тарыдай болып кіріп, таудай болып шығасың» дегенге  сенесің бе ? Алмас: Қайдағыны айтпашы, соған да сенесің бе ? Ол жай ақындардың өлеңдеріндегі  айтылған теңеу ғой. Сағыныш: Ал мен сенемін. Бізде кішкентай бүлдіршін болып келіп, міне үлкен азамат болып тұрған жоқпыз ба ? Алмас: Сен де қоймайды екенсің?! Таудай болғаныңды көре алмай тұрмын....... Сағыныш: Онда кезекті сыныбымыздың режиссерлары Мерей мен Дильназ  жасаған қысқа  мертажды фильмге берелік                             «Сүйікті менің сыныбым» фильм Алмас: Шынында да біз өскенімізді байқамайды екенбіз..... Сағыныш: Ақын­жазушылар бекер жазбайды дейсің ғой. Алмас: Сағыныш, сен де өз өнеріңді ортаға салмайсың ба ?Бүгінгі мерекеге дайындап  келгенің бар шығар. Құр алақан адам емес едің. Сағыныш: Несі бар, мен әрқашан да сынып үшін де ,өзім үшін де, мектеп үшін де, Отаным  үшін де дайынмын. Алмас: Алдарыңызда сыныбымыздың үздік оқушысы, биология пәнінен олимпиада  жеңімпазы, «Жұлдызды сәт» конкурсының женімпазы Узбекова Сағынышты           « Тәуелсіздік» монологымыен қарсы алыңыздар. Монолог «Тәуелсіздік» Узбекова Сағыныш (фон «Көңіл толқыны») Алмас: Әлі есімде әліппені ашқаным, Есімінді есте мәнгі сақтадым. Жүрегіме нұрын құйған жылылық, Көрген емес ешқашанда суынып.­ деп алғашқы ұстазымыз Бақыт Жүнісовнаны ортаға шақырамыз (алғашқы ұстазы Бақыт Жүнісовнаның сөзі) Сағыныш: Білім басы басталар бастауыштан, Әліппені оқытып,әріптерді танытқан. Жүнісқыз Бақыт апай өзіңізді, Құрметтейміз бас иіп, біз әрқашан! ­ дей отырып ортада сыныбымыздың әншісі,  қалалық өнер сайыстарының жеңімпазы Мақсаттың  алғашқы ұстазының  құрметіне арнаған әнін қабыл алыңыздар (Мухиденов Мақсат домбырамен ән) Алмас: Алтын орда асылұямектебім, Мәңгілікежайнаржасылкөктемім. Жетеледің қанат беріп арманға, Жеңе біл деп асау өмір өткелін! – дей отырып, 9 ә сынып оқушыларының пән  мұғалімдеріне дайындаған өлең шумақтарын қабыл алыңыздар. Аяулым: Қазақ тілдің қасиетін үйреткен, Сөз сәйлетіп,жыр жаттатып,мәнермен. Қымбат маған Сараш апай ұстазым, Шығармайды шәкіртерің мәңгі естен!!! Эльдана: Өміріме қажетті орыс тілі, Көп тіл білу –артық емес бұл күні. Бахыт Шамаровна көп еңбектеніп, Қиын тілдің үйретті қыр мен сырын. Диас: Ағылшын тілі­жаңа заман талабы, Қымбат апай,Альмира апай тіл маманы. Ұстаздардың бәрі болса тек сіздей, Жетістіктер біз алатын бар талай!!! Перизат: Математика – күрделі пән мектепте, Ұстаздарым үйретеді еңбекпен. Айдар ағай, Зульфиядай апайым «Рахмет» деп бас иеміз сіздерге!!! Ақтілек: Шәкірт үшін әркез тыным таппаған, Ғылым менен білімге әбден баптаған. Маряш апай тарих пәні маманы, Қайда жүрсем өзіңізбен мақтанам! Әдия: Жаратылыстың сырын бізге ұқтырған, Химия мен биология келешекте керек пән. Зинат апай сізге де мың алғыс, Элемент пен теорияны жаттатқан. Дильназ: Физика күрделі пән мектепте, Ұстазымыз үйретеді еңбекпен. Ом заңын жалықпастай сездірген, Сәуле  апай әрқашанда бізбенен. Әнел: Оқушының сүйікті бір пәндері, Технология, сызу, сурет өнері. Жанат, Кунсулу апай сіздерге, Шәкірттерің мол табысты тілейді. Елжан: Шынықтырып денені, Сау болсын деп деніміз. Медияр, Мұхит ағай бар, Талап қоя білетін. Жүгіру де, секіру, Шаңғы тепкен күндерді, Білім алған шәкірттер, Әркез еске алады! (мұғалімдерге шағын сыйлықтарын табыс етеді) Сағыныш: Алдарында сан тарау жолдары тұр, Бәрі ертеңгі азамат болғалы тұр, Үлкен өмір есігін ашпақ, міне Қолдарына аттестат алғалы тұр.­дей отырып ортаға Дина мен Алдиярды  шақырамыз.              ( қонақтармен шағын ойын ойнатады) Алмас: Қазір осында тілеулес болып келіп отырған ата­аналардың алдында қарызымыз  да, парызымыз да шексіз. Оларға әр баланың орны да бөлек, жөні де бөлек екені  рас. Біздер сол асқар тауымыз – әкелердің, мейірімді аналардың жан толқытар  сөздерін естігіміз келіп отыр.Ортаға шақырып  ата – аналарымызға сөз кезегін  берейік. (ата­аналардың тілектері) Сағыныш:                                                                                                                         Ата­ ана тәрбиелеп балапанын, Әлдилеп аялаған алақанын Болашаққа бақ тілеп тұрасыңдар, Ойлауменен әрқашан бала қамын .­дей келе Нұрланқызы Әнелді «Сәби ана»  монологымен ортаға шақырамын. (Нұрланқызы Әнел «Сәби ана» монологы музыка классика) Алмас: Арнап келер мерей той, мейрамдарда, Мәртебең де биіктейді мейрам барда. Бүгінгі мектеп кешіне тілек айтсын, Сөз кезегін береміз меймандарға­деп ақындар жырлағандай құттықтау сөз кезегін  қонақтарға береміз. Сағыныш:                                                                                                                         Жылы лебіздеріңізге рахмет!Құрметті қонақтар! Келесі әсем би өздеріңізге  арналады. Алдарыңызда 9 ә сыныбының биші қыздар тобы. Қарсы алыңыздар! Алмас: Еңбегің жанып күні ертең, Көрінсін арман асқары. Бірге өткізген күндерін қысы­жазы, Жазып шықты қаншама іс­қағазын. Балапанын ұшырған ұясынан, Сөз берейік жетекші ұстазына ­дей келе құттықтай сөз кезегін 9  ә сыныбының  жетекшісі Ергалиева Нагима Уткелбаевна апаймызды ортаға шақырамыз. (сынып жетекші сөзі) Сағыныш: Қиындықтар мойытпасын сендерді, Батылдық пен асыңдар сан белдерді. Біліміңмен қуантсаңдар мектепті,                                                                                   Жақсы іспен қуантыңдар енді елді –дей отырып сыныбымыздың әншісі, қалалық,  Республикалық өнер сайыстарының жеңімпазы Батырбеков Ақтілектің  орындауындағы тамаша әнді қабыл алыңыздар. Алмас: Жас түлектер ел үмітін ақтаған, Гүлге орансын әр қадамың аттаған. Мектеп туын ізбасарға тапсырып Жаңа өмірге аттағайсың бақ қадам. (Барлығы ортаға шығады) Сағыныш:   Қоштасады ұшқан ұяң – мектебім, Маңдайынан сүйіп өтер көктемің. «Сәт сапар» деп қол бұлғаймыз бәріміз, Тілейміз біз армандарға жеткенін! (хор «Мектебім») Алмас:  Құрметті қонақтар, ұстаздар, ата­аналар, түлектер! Осымен 2018­2019 оқу  жылын аяқтауға арналған«Мектебім менің сүйікті, қоштасар бүгін кез келді!» атты мерекелік кешімізді  жабық деп жариялаймыз. Қымбатты біздің түлектер, жолдарың болсын, сәт сапар, ақ жол тілейміз!

«Мектебім менің сүйікті,қоштасар бүгін кез келді!»

«Мектебім менің сүйікті,қоштасар бүгін кез келді!»

«Мектебім менің сүйікті,қоштасар бүгін кез келді!»

«Мектебім менің сүйікті,қоштасар бүгін кез келді!»

«Мектебім менің сүйікті,қоштасар бүгін кез келді!»

«Мектебім менің сүйікті,қоштасар бүгін кез келді!»

«Мектебім менің сүйікті,қоштасар бүгін кез келді!»

«Мектебім менің сүйікті,қоштасар бүгін кез келді!»

«Мектебім менің сүйікті,қоштасар бүгін кез келді!»

«Мектебім менің сүйікті,қоштасар бүгін кез келді!»

«Мектебім менің сүйікті,қоштасар бүгін кез келді!»

«Мектебім менің сүйікті,қоштасар бүгін кез келді!»

«Мектебім менің сүйікті,қоштасар бүгін кез келді!»

«Мектебім менің сүйікті,қоштасар бүгін кез келді!»

«Мектебім менің сүйікті,қоштасар бүгін кез келді!»

«Мектебім менің сүйікті,қоштасар бүгін кез келді!»

«Мектебім менің сүйікті,қоштасар бүгін кез келді!»

«Мектебім менің сүйікті,қоштасар бүгін кез келді!»
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
29.10.2019