Мектепті демократияландыру жағдайында оқушылардың өзін өзі басқаруын ұйымдастырудың негізгі тәсілдері
Оценка 4.7

Мектепті демократияландыру жағдайында оқушылардың өзін өзі басқаруын ұйымдастырудың негізгі тәсілдері

Оценка 4.7
Работа в классе
docx
классное руководство +1
Взрослым
10.11.2018
Мектепті демократияландыру жағдайында оқушылардың өзін өзі басқаруын ұйымдастырудың негізгі тәсілдері
Мектепті демократияландыру жағдайында оқушылардың өзін өзі басқаруын ұйымдастырудың негізгі тәсілдері Мектеп өмірін демократияландыру жайлы сөз еткенде, ең алдымен мынаны анықтап алу керек болады: мектеп өмірін демократияландыру процесін анағұрлым кеңірек қарастыру керек, яғни, «тәрбиелеу кеңістігін» немесе «балалық кеңістігін» демократияландыру туралы сөз еткен дұрыс. «Балалық кеңістігін» демократияландырудың міндетті шарты педагог махаббаты, ал ол академик Д. Лихачев өзінің «Тәрбиелеу философиясында» жазғанындай, тәрбиелеудің мақсаты, құралы және мазмұны болып табылады. Нақ осы педагог махаббаты балаға ішкі еркіндікке ие болуына мүмкіндік береді, онсыз демократияландыру мүмкін емес. Демократияны беруге, алуға болмайды, оны арнайы бір сабақта оқыту да мүмкін емес. Демократия өмір салтына айналуы тиіс, ол барлық мектеп өмірін көктей өтетін болуы керек. Оқу-тәрбиелік процестің барлық қатысушыларының: басшылар мен педагогтердің, педагогтер мен оқушылардың, педагогтер мен ата-аналардың, балалар мен ата-аналардың қарым-қатынасы демократия принциптерінде құрылуы тиіс. Осыған байланысты «балалық кеңістігін» демократияландыруда оқушылардың өзін-өзі басқаруының рөлі үлкен болуы тиіс. Кеңес мектебі өмір сүре бастаған алғашқы жылдардан-ақ оқушылардың өзін-өзі басқаруы тәрбиелеу жүйесіндегі жетекші принциптердің бірі ретінде жарияланды. Алайда мектептерде оқушылардың өзін-өзі басқаруын ұйымдастыру бойынша жинақталған мол тәжірибеге, көптеген зерттеулерге, бұл әрекеттің оқушылардың жан-жақты дамуы үшін бай мүмкіндіктеріне қарамастан, мектеп өмірін демократияландыру жеткілікті дәрежеде пайдаланылмай келеді. Балалар мүдделері бүкіләлемдік қозғалысының шеңберінде Қазақстанның жастар ақпараттық қызметі (ҚЖАҚ) қазақстандық мектеп оқушыларының арасында оларды ерекше толғандыратын проблемалар шеңберін анықтау үшін сауалнама және фокус-топтар жүргізді.Зерттеуге Қазақстанның төрт қаласы: Алматы, Семей, Қостанай және Тараздағы 17 мектептен 850 оқушы қатысты. Зерттеудің негізгі нәтижелері мыналарды көрсетті: Мектеп оқушылары өздерінің мектеп өміріне қатысты проблемаларды (білім беру сапасы, бос уақытты ұйымдастыру, оқушылардың дауыс құқығын жүзеге асыру, қазіргі заманғы оқыту әдістерін енгізу қажеттігі) өткір сезінеді, бірақ олардың шешімін табуға белсене қатысуға мүмкіндіктері жоқ. Қазіргі қазақстандық қоғамда балалардың рөлі әзірге негізінен білім алумен ғана шектеледі; олар қоғамдық өмірге аз қатысады және қоғамдастық проблемаларын шешуге әсер ете алмайды. Балалардың мектепте қоғамдық пайдалы шаралар өткізу жайлы идеяларына көбінесе мектеп әкімшілігі араласып, оқушылардың өз бетімен әрекет етулеріне кедергі жасайды. Әкімшілікпен екі жақты қарым-қатынас жолға қойылған жағдайдың өзінде балалардың мектепте қандай да бір шара өткізу жайлы идеялары оларда командалық жұмыс дағдылары, ұйымдаст ырушылық дағдылары болмағандықтан, жүзеге аспай қалып жатады. Қазақстанға Ресей арқылы АҚШ-тан келген Жас көшбасшылар ассоциациясы (ЖКА) өткізген жұмыстың жалғасы ретінде үшкүндік «дөңгелек үстел» ұйымдастырылды. Оған қатысқан оқушылар мен ересектердің пікіріне қарағанда, мектептерде демократиялық принциптерге құрылған оқушылардың өзін-өзі басқару органдарын құру оқушыларға ересектермен тең дәрежеде қоғамдық өмірге қатысуға мүмкіндік береді, сөйтіп, оқушылардың өздеріне қатысты шешімдер қабылдануына қатысу деңгейін арттырады. Оқушылардың өзін-өзі басқару органдары балалар пікірін қоғамдастыққа жеткізу құралына, ал ең бастысы, әрекет ету құралына айналады. Істердің қалыптасқан жағдайының себебі неде? Ең алдымен бұл ересектердің екіжүзділігін көрсетеді, олар демократиялық қарым-қатынас жайлы сөз еткенімен, іс жүзінде, балаларға мектеп өмірінің барлық проблемаларына шынымен бойлауға әлі ерте, тоқсанда бір рет оқушылар мен оқытушылардың орындарын ауыстыруға рұқсат беретін Өзін-өзі басқару күнін өткізу жеткілікті деп есептеу арқылы оны демократия ойынына айналдырады. Егер Өзін-өзі басқару күнінде балалар тиісті білімдері мен кәсіби дағдылары болмаса да мұғалімдердің орнына ғылым негіздері бойынша сабақтар өткізуін, немесе тіпті мектеп әлімшілігін ауыстыратынын ойын демей не деуге болады, оның есесіне мектеп өмірінің жұмысын жоспарлау, білім сапасын, оқу сабақтарына қатысуды, мұғалімдермен, ата-аналармен қарым-қатынас проблемаларын талқылауға оларды қатыстырмайды. Мектептердің бірінде оқушылар арасында оқушылардың өзін-өзі басқаруы мәселесі бойынша сауалнама жүргізілгенде, сіздің мектепте өзін-өзі басқару бар ма деген сұрақтың жауабы орнына жоғары сынып оқушысы оқушылар кеңесінің төрағасын жіппен қозғалатын қуыршақ, ал мектеп директорын жіптерінен тарту арқылы оны қозғалысқа келтіретін қуыршақшы түріндегі суреттерін салып қойғаны тегін емес. Бұл мысал бәрін де айтып тұр деп ойлаймыз. Ендігі бір себебі – ересектер, педагогтер оқушыларға балалар ұжымының өмірлік қажеттіліктерінен тумаған, өзін-өзі басқарудың дайын формаларын таңуға асығады, сонысымен, қанша өкінішті болса да, балаларды ынта-жігері мен дербестіктерінен айырады. Мектеп әкімшілігінің айтуымен жұмыс істейтін, кейде тіпті жұмыс істемейтін, формальды түрдегі рабайсыз, жасанды өзін-өзі басқару құрылымы құрылады. Мұндай ашықтан-ашық түк істемеушілік балаларды бұзады. Олар кішкентайларынан бірдеңе істеген болып көрінуді, қаншама тапсырмалар алғанымен түк те істемеуді үйренеді. Біз, педагогтар, кез келген әрекеттің дамытушылық және тәрбиелеушілік әсері оның балаға қатынасына, уәждемесінің болуына, оның қоғамдық маңызын саналауға көп байланысты екендігін жақсы білеміз, Бірақ бұл педагог, тұтас педагогикалық ұжым балаларда қашан өзін-өзі басқаруға деген қызығушылық пайда болады деп қол қусырып күтіп отыруы керек дегенді білдірмейді. М. Н. Скаткин оқушыларды біртіндеп алдымен әртүрлі істерді талқылауға, содан кейін оларды ұйымдастырып, өткізуге тарта берген дұрыс деп есептейді. Белгілі бір кезеңде оқушылар оқытушылардан мектеп, сынып өмірін демократиялық басқару тәжірибесін қабылдап ала бастайды. Сірә, балалар ұжымында әрекеттің қандай да түрлерінің дамуы оларды ұйымдастырудың арнайы органын құру қажеттігін, яғни, оқушылардың өзін-өзі басқару құрылымын тудыратын болса керек. ҰСЫНЫСТАР - Оқушылардың өзін-өзі басқаруы табысты дамуы үшін балалардың бұған дұрыс қарауы, - қанағаттанушылық, - өз әрекетінің барысы мен нәтижелерінен қуаныш сезінуі қажет. Бұл жағдайда табыстылықтың болуы қажетті шарт. Іс-әрекет табысқа жетуі үшін белгілі бір білім мен икемділіктер керек. Әркімнің жеке басына бағдарланған ұжымдық шығармашылық жұмыс оқушылар ұжымының өмірін белсенді, қызықты да пайдалы істерге толы ете түседі де, осылардың барысында баланың психикалық, дене, әлеуметтік дамуы жүзеге асады. Оқушылардың өзін-өзі басқаруының әлеуметтік дарынды балаларды анықтаудағы рөлі жайлы бір ауыз сөз айта кету керек. Қазіргі өмір барысы жастарда өзінің қоршаған ортамен әрқилы әрекет түрлеріндегі қатынасын шығармашылықпен және белсенді түрде құруға қабілетті бастамашыл, дербес субъектілік сапаларын тәрбиелеуді және дамытуды талап етеді. Өздерінің соңынан басқаларды ерте білуге қабілетті әлеуметтік дарынды балаларды анықтау және дамыту үшін адамның бойында бар психологиялық сапаларын қалыптастыратын өмір сүру жағдайларын жасау керек. Әлеуметтік дарынды балалардың шығармашылық жолын қарқынды ете түсудің маңызды бір жолы – оларды бірлескен әрекеттестіктің жоғары әлеуметтік құндылықтарына бағдарланған өзін-өзі басқару процесіне тарту болып табылады. Осындай жағдайда сондай-ақ оқушылар топтарының көшбасшылары да айқындалып, қалыптасады. Бақылау кезінде көшбасшылардың негізгі тұлғалық сипаттамаларына мыналар жататынын көрсетті: - зият дамуының жоғары деңгейі; - іс-әрекетті жоспарлай білу, - өнімді шешімдер қабылдау икемділігі; - өзіне сенімділік сезімі; - мақсатқа жету жолындағы табандылығы; - адамдармен жұмыс істеудегі төзімділігі және оларды өз идеясымен қызықтыра білуі; - басқалармен қарым-қатынасында икемділігі мен биязылығы; - өз ойларын анық білдіруі; - істі ұйымдастыра білуі. М. Поташниктің пікірінше, мектепішілік басқаруды демократияландыру педагогтар мен оқушылар ұжымдарының құқықтары мен өкілеттіктерін, сондай-ақ міндеттері мен жауапкершіліктерін кеңейтуді, мектепті педагогтар, оқушылар, ата-аналарды қоса біркелкі дамитын демократиялық органға айналдыруды қажет етеді. Сонымен қатар мектептің тәрбиелік жүйе ретінде дамуы тек басқарудың басынан бастап-ақ мектеп ұжымының барлық топтары (мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар) шешімдердің қорытылу барысы мен қабылдануында қатысатын болса ғана, яғни әдетте бірге басқар деп аталатын жүзеге асқан кезде ғана мүмкін болады. Бұдан кейін мектепті басқару бойынша бірқатар функциялар мұғалімдердің, оқушылардың, олардың органдары мен ұйымдарының қолына берілуі тиіс – міне, бұл өзін өзі басқару идеясына сай келеді. Өзін өзі басқарудың ешқандай да мөлшерде бірге басқаруды да жоя алмайтыны табиғи нәрсе. Мектептегі өзін-өзі басқарудың базалық үлгісі төрт қосымша жүйелерді: оқушылардың, педагогтардың, ата-аналардың және педагогтар, оқушылар мен ата-аналардың бірлесе басқару жүйесін қамтиды. Жалпымектептік деңгейдегі өзін-өзі басқару органдарымен бірге бастауыш ұжымдар базасындағы (сыныптар, параллель сыныптар) өзін-өзі басқару органдары әрекет етуі тиіс. В. Бочкаревтің пайымдауынша, мектептік өзін-өзі басқару органдары қызметінің инновациялық мазмұнының құрамында мыналар болуы тиіс: -заң шығарушылық қызметі (мектеп заңдарын даярлау, қабылдау және жүзеге асыру; -мектептің жұмыс істеу режімі; - марапаттау, жазалау шаралары және мектеп өміріне қатысушылардың жауапкершілігі, т. б.); - мектеп субъектілерінің бірлесе басқару қызметін ұйымдастыру (мектеп ұжымының мүшелері мен ата-аналардың мектеп өміріндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасуын, ортақ шараларды даярлау және өткізу, т. б.); -үйлестірушілік қызметі (оқушылардың, педагогтардың, ата-аналар мен олардың өзін-өзі басқару органдарының параллель жұмыстарын ұйымдастыру, т. б.); - келісімділік қызметі; білім беру процесін жетілдіру бойынша қызметі, мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту, т. б. Қазіргі кезде республиканың білім беру ұйымдарында оқушылардың өзін-өзі басқаруының әр түрлі құрылымдары бар: бұлар мектеп кеңестері, мектеп көшбасшылары комитеті, мектеп үкіметі және т. б. Өзін-өзі басқаруға негізінен жоғары сыныптар оқушыларын тартады. Сонымен қатар А. Г. Стурова мен Л. И. Ивановалар суреттегендей, оқушылардың өзін-өзі басқару органы ретінде құрылымдық бөлімшелері - 1–3 сынып оқушыларының Іс кеңесі, - 5–8 сынып оқушыларының Үйлестірушілік кеңесі, - 9–11 сыныптардың Үйлестірушілік кеңесі, - жалпы шығармашылық кеңесі, болып саналатын жалпымектептік шығармашылық іс кеңесі құрылатын практикасы бар. Бұл кезде оқушылардың емтихандарды, факультативтер мен арнаулы курстарды таңдап алу құқығы болады, мұғалім жұмысының әдістемесіне әсерін тигізеді, педагогикалық кеңестерде, ғылыми-практикалық конференцияларда, т. б. өз пікірлерін білдіреді. Жоспарлауға қатысу; ҰБТ-ға дайындау; мектеп ұжымының негізгі істерін даярлау, өткізу және талдау жасау; өзін-өзі басқарудың тұрақты және уақытша органдарында жұмыс істеу; ұжымдық және жеке тапсырмаларды орындау; мектепте кезекшілік жасау сияқты өзін-өзі басқару түрлері кеңінен таралған. Мектеп кеңесінің мүшесі саналатын жоғары сынып оқушысы – бұл оқушылар мүдделерінің иесі ғана емес, білдірушісі де, тіпті егер оның әлеуметтік позициясы жеткілікті қалыптасқан болса, олардың қорғаушысы да. Құрдастардың бір-бірін жақсы түсінетіні ешкімге де құпия емес. Бізге алыс шетелдерден келіп, республика жастары арасында бүгінде кеңінен белгілі бола бастаған «Тең – теңіне» аталатын қоғамдық қозғалысы нақ осыған негізделген. Мектеп кеңестерінде оқушылармен бірге талқыланатын өзекті мәселелерге келетін болсақ, ересектерге, педагогтарға өздерінің педагогтік әдептерін, өздерінің кәсіби шеберліктерін, педагогика мен жас психологиясын білетіндерін, көрсететін жер осы. Өкінішке орай, өмірде балалар емес, нақ педагогтар өздерінің дөрекілігін, әдепсіздігін, ойсыз және қатал қылықтарын көрсететініне мысалдар жеткілікті: отбасына қатысты ішкіл, шетін нәрселерді ашық сөз етеді, «жамандайды», «өсектейді», ұятқа қалдырады, баланың жараланғыш нәзік жанына жара салып, оны өзінен-өзі қорынып, өзімен-өзі тұйықталып қалуға жеткізеді, сонысымен мектеп өмірінің демократиялылығын қарама-қарсы бағытқа – жазалаушы орган дәрежесіне жеткізеді. Жалпы алғанда өзін-өзі басқару демократияландыру кепілдік бермейді, барлығы оның құрамына кіретін адамдардың жеке бастарына, олардың жұмысты қалай ұйымдастыратындығына байланысты. Өзін-өзі басқару формалары ересектердің форма үшін таңуынан емес, балалар ұжымының өзінің дамушы мазмұнының қажеттіліктері әсерімен пайда болып, табиғи дамуы тиіс. Педагог балаларды мақсатты түрде ұйымдастырушылық әрекетке үйретіп, бұл кезде барынша дербестіктеріне еркіндік беруі керек. Оқушылар ұйымдастырушылық тәжірибесін қалай меңгергендігіне қарай, педагог олардың қолына ұжымдық істерді басқарудың алғашқы кезде өзі немесе өзінің тікелей басшылығымен балалар орындап келген неғұрлым күрделі функцияларын тапсырып, өзі кеңесшіге айналуы тиіс. Қазіргі кезде республика аумағында оқушылардың қанша өзін-өзі басқару органдары әрекет ететіндігі және олар қандай жүйе бойынша жұмыс жасайтындығы жайлы ресми мәліметтер жоқ. Сонымен қатар бірқатар республика мектептерінде қандай да бір дәрежеде оқушылардың өзін-өзі басқаруы дамып келеді. Бұл орайда Бастамашыл мектептер ассоциациясына (БМА) кіретін білім беру ұйымдарының тәрбиелеу жүйесі жұртшылықты қызықтырып отыр. Өкінішке орай, бұқаралық мектепте оқушылардың өзін-өзі басқаруы әлі өзінің лайықты орнын иелене қойған жоқ. Менің ойымша, проблема кейбір басшылардың оқушылардың өзін-өзі басқаруы мектептің бүкіл тәрбие жүйесіне қосымша, қолжаулық бола алмайтынын әлі де сезінбеуінде болып отыр, ал ол болса тәрбие жүйесінің негізіне айналуы тиіс.
Баяндама.docx
Мектепті демократияландыру жағдайында оқушылардың өзін өзі басқаруын ұйымдастырудың негізгі тәсілдері      Мектеп өмірін демократияландыру жайлы сөз еткенде, ең алдымен мынаны анықтап алу керек болады: мектеп өмірін демократияландыру процесін   анағұрлым   кеңірек   қарастыру   керек,   яғни,   «тәрбиелеу кеңістігін» немесе «балалық кеңістігін» демократияландыру туралы сөз еткен   дұрыс.   «Балалық   кеңістігін»   демократияландырудың   міндетті шарты   педагог   махаббаты,   ал   ол   академик   Д.   Лихачев   өзінің «Тәрбиелеу   философиясында»   жазғанындай,   тәрбиелеудің   мақсаты, құралы және мазмұны болып табылады. Нақ осы педагог махаббаты балаға   ішкі   еркіндікке   ие   болуына   мүмкіндік   береді,   онсыз демократияландыру   мүмкін   емес.   Демократияны   беруге,   алуға болмайды, оны арнайы бір сабақта оқыту да мүмкін емес. Демократия өмір салтына айналуы тиіс, ол барлық мектеп өмірін көктей өтетін болуы керек.   Оқу­тәрбиелік   процестің   барлық   қатысушыларының:   басшылар мен педагогтердің, педагогтер мен оқушылардың, педагогтер мен ата­ аналардың,   балалар   мен   ата­аналардың   қарым­қатынасы   демократия принциптерінде құрылуы тиіс. Осыған байланысты «балалық кеңістігін» демократияландыруда   оқушылардың   өзін­өзі   басқаруының   рөлі   үлкен болуы тиіс. Кеңес мектебі өмір сүре бастаған алғашқы жылдардан­ақ оқушылардың   өзін­өзі   басқаруы   тәрбиелеу   жүйесіндегі   жетекші принциптердің   бірі   ретінде   жарияланды.   Алайда   мектептерде оқушылардың   өзін­өзі   басқаруын   ұйымдастыру   бойынша   жинақталған мол   тәжірибеге,   көптеген   зерттеулерге,   бұл   әрекеттің   оқушылардың жан­жақты дамуы үшін бай мүмкіндіктеріне қарамастан, мектеп өмірін демократияландыру жеткілікті дәрежеде пайдаланылмай келеді.            Балалар   мүдделері   бүкіләлемдік   қозғалысының   шеңберінде Қазақстанның   жастар   ақпараттық   қызметі   (ҚЖАҚ)   қазақстандық мектеп   оқушыларының   арасында   оларды   ерекше   толғандыратын проблемалар   шеңберін   анықтау   үшін   сауалнама   және   фокус­топтар жүргізді.Зерттеуге   Қазақстанның   төрт   қаласы:   Алматы,   Семей, Қостанай және Тараздағы 17 мектептен 850 оқушы қатысты. Зерттеудің негізгі   нәтижелері   мыналарды   көрсетті:   Мектеп   оқушылары   өздерінің мектеп өміріне қатысты проблемаларды (білім беру сапасы, бос уақытты ұйымдастыру,   оқушылардың   дауыс   құқығын   жүзеге   асыру,   қазіргі заманғы оқыту әдістерін енгізу қажеттігі) өткір сезінеді, бірақ олардың шешімін   табуға   белсене   қатысуға   мүмкіндіктері   жоқ.   Қазіргі қазақстандық   қоғамда   балалардың   рөлі   әзірге   негізінен   білім   алумен ғана шектеледі; олар қоғамдық өмірге аз қатысады және қоғамдастық проблемаларын   шешуге   әсер   ете   алмайды.   Балалардың   мектепте қоғамдық пайдалы шаралар өткізу жайлы идеяларына көбінесе мектеп әкімшілігі араласып, оқушылардың өз бетімен әрекет етулеріне кедергі жасайды.   Әкімшілікпен   екі   жақты   қарым­қатынас   жолға   қойылған жағдайдың   өзінде   балалардың   мектепте   қандай   да   бір   шара   өткізу жайлы   идеялары   оларда   командалық   жұмыс   дағдылары,   ұйымдаст ырушылық дағдылары болмағандықтан, жүзеге аспай қалып жатады.         Қазақстанға   Ресей   арқылы   АҚШ­тан   келген   Жас   көшбасшылар ассоциациясы   (ЖКА)   өткізген   жұмыстың   жалғасы   ретінде   үшкүндік «дөңгелек   үстел»  ұйымдастырылды.  Оған   қатысқан   оқушылар   мен ересектердің   пікіріне   қарағанда,   мектептерде   демократиялық принциптерге құрылған оқушылардың өзін­өзі басқару органдарын құру оқушыларға   ересектермен   тең   дәрежеде   қоғамдық   өмірге   қатысуға мүмкіндік   береді,   сөйтіп,   оқушылардың   өздеріне   қатысты   шешімдер қабылдануына   қатысу   деңгейін   арттырады.  Оқушылардың   өзін­өзі басқару органдары балалар пікірін қоғамдастыққа жеткізу құралына, ал ең бастысы, әрекет ету құралына айналады.         Істердің қалыптасқан  жағдайының себебі неде?  Ең алдымен  бұл ересектердің   екіжүзділігін   көрсетеді,   олар   демократиялық   қарым­ қатынас  жайлы  сөз  еткенімен,  іс  жүзінде,   балаларға   мектеп  өмірінің барлық проблемаларына шынымен бойлауға әлі ерте, тоқсанда бір рет оқушылар мен оқытушылардың орындарын ауыстыруға рұқсат беретін Өзін­өзі   басқару   күнін   өткізу   жеткілікті   деп   есептеу   арқылы   оны демократия   ойынына   айналдырады.  Егер   Өзін­өзі   басқару   күнінде балалар   тиісті   білімдері   мен   кәсіби   дағдылары   болмаса   да мұғалімдердің   орнына   ғылым   негіздері   бойынша   сабақтар   өткізуін, немесе   тіпті   мектеп   әлімшілігін   ауыстыратынын   ойын   демей   не   деуге болады,   оның   есесіне   мектеп   өмірінің   жұмысын   жоспарлау,   білім сапасын,   оқу   сабақтарына   қатысуды,   мұғалімдермен,   ата­аналармен қарым­қатынас   проблемаларын   талқылауға   оларды   қатыстырмайды. Мектептердің   бірінде   оқушылар   арасында   оқушылардың   өзін­өзі істеген   болып   көрінуді, істемеушілік   балаларды   бұзады. басқаруы мәселесі бойынша сауалнама жүргізілгенде, сіздің мектепте өзін­өзі басқару бар ма деген сұрақтың жауабы орнына жоғары сынып оқушысы оқушылар кеңесінің төрағасын жіппен қозғалатын қуыршақ, ал мектеп директорын жіптерінен тарту арқылы оны қозғалысқа келтіретін қуыршақшы түріндегі суреттерін салып қойғаны тегін емес.         Бұл мысал бәрін де айтып тұр деп ойлаймыз. Ендігі бір себебі – ересектер,   педагогтер   оқушыларға   балалар   ұжымының   өмірлік қажеттіліктерінен   тумаған,   өзін­өзі   басқарудың   дайын   формаларын таңуға асығады, сонысымен, қанша өкінішті болса да, балаларды ынта­ жігері   мен   дербестіктерінен   айырады.   Мектеп   әкімшілігінің   айтуымен жұмыс   істейтін,   кейде   тіпті   жұмыс   істемейтін,   формальды   түрдегі рабайсыз,   жасанды   өзін­өзі   басқару   құрылымы   құрылады.   Мұндай ашықтан­ашық   түк     Олар кішкентайларынан   бірдеңе     қаншама тапсырмалар алғанымен түк те істемеуді үйренеді. Біз, педагогтар, кез келген әрекеттің дамытушылық және тәрбиелеушілік әсері оның балаға қатынасына, уәждемесінің болуына, оның қоғамдық маңызын саналауға көп   байланысты   екендігін   жақсы   білеміз,   Бірақ   бұл   педагог,   тұтас педагогикалық   ұжым   балаларда   қашан   өзін­өзі   басқаруға   деген қызығушылық   пайда   болады   деп   қол   қусырып   күтіп   отыруы   керек дегенді   білдірмейді.  М.   Н.   Скаткин   оқушыларды   біртіндеп   алдымен әртүрлі   істерді   талқылауға,   содан   кейін   оларды   ұйымдастырып, өткізуге   тарта   берген   дұрыс   деп   есептейді.  Белгілі   бір   кезеңде оқушылар оқытушылардан мектеп, сынып өмірін демократиялық басқару тәжірибесін   қабылдап   ала   бастайды.   Сірә,   балалар   ұжымында әрекеттің қандай да түрлерінің дамуы оларды ұйымдастырудың арнайы органын   құру   қажеттігін,   яғни,   оқушылардың   өзін­өзі   басқару құрылымын тудыратын болса керек.      ҰСЫНЫСТАР  ­   Оқушылардың   өзін­өзі   басқаруы   табысты   дамуы   үшін   балалардың бұған дұрыс қарауы, ­ қанағаттанушылық, ­ өз әрекетінің барысы мен нәтижелерінен қуаныш сезінуі қажет.           Бұл   жағдайда   табыстылықтың   болуы   қажетті   шарт.   Іс­әрекет табысқа жетуі үшін белгілі бір білім мен икемділіктер керек. Әркімнің жеке басына бағдарланған ұжымдық шығармашылық жұмыс оқушылар ұжымының   өмірін   белсенді,   қызықты   да   пайдалы   істерге   толы   ете түседі   де,   осылардың   барысында   баланың   психикалық,   дене, әлеуметтік   дамуы   жүзеге   асады.  Оқушылардың   өзін­өзі   басқаруының әлеуметтік дарынды балаларды анықтаудағы рөлі жайлы бір ауыз сөз айта кету керек. Қазіргі өмір барысы жастарда өзінің қоршаған ортамен әрқилы   әрекет   түрлеріндегі   қатынасын   шығармашылықпен   және белсенді   түрде   құруға   қабілетті   бастамашыл,   дербес   субъектілік сапаларын тәрбиелеуді және дамытуды талап етеді. Өздерінің соңынан басқаларды   ерте   білуге   қабілетті   әлеуметтік   дарынды   балаларды анықтау  және   дамыту   үшін   адамның   бойында   бар   психологиялық сапаларын   қалыптастыратын   өмір   сүру   жағдайларын   жасау   керек. Әлеуметтік дарынды балалардың шығармашылық жолын қарқынды ете түсудің маңызды бір жолы – оларды бірлескен әрекеттестіктің жоғары әлеуметтік   құндылықтарына   бағдарланған   өзін­өзі   басқару   процесіне тарту   болып   табылады.   Осындай   жағдайда   сондай­ақ   оқушылар топтарының көшбасшылары да айқындалып, қалыптасады.      Бақылау кезінде көшбасшылардың негізгі тұлғалық сипаттамаларына мыналар жататынын көрсетті:  ­ зият дамуының жоғары деңгейі;  ­ іс­әрекетті жоспарлай білу, ­ өнімді шешімдер қабылдау икемділігі; ­ өзіне сенімділік сезімі; ­ мақсатқа жету жолындағы табандылығы; ­ адамдармен жұмыс істеудегі төзімділігі және оларды өз идеясымен қызықтыра білуі; ­ басқалармен қарым­қатынасында икемділігі мен биязылығы;  ­ өз ойларын анық білдіруі; ­ істі ұйымдастыра білуі.    М. Поташниктің пікірінше, мектепішілік басқаруды демократияландыру педагогтар мен оқушылар ұжымдарының құқықтары мен өкілеттіктерін, сондай­ақ   міндеттері   мен   жауапкершіліктерін   кеңейтуді,   мектепті педагогтар,   дамитын демократиялық органға айналдыруды қажет етеді.        Сонымен   қатар   мектептің   тәрбиелік   жүйе   ретінде   дамуы   тек   басқарудың   басынан   бастап­ақ   мектеп   ұжымының   барлық   топтары (мұғалімдер, оқушылар, ата­аналар) шешімдердің қорытылу барысы мен   ата­аналарды   қоса   біркелкі   оқушылар, қабылдануында қатысатын болса  ғана, яғни әдетте  бірге басқар  деп аталатын   жүзеге   асқан   кезде   ғана   мүмкін   болады.   Бұдан   кейін мектепті   басқару   бойынша   бірқатар   функциялар   мұғалімдердің, оқушылардың,   олардың   органдары   мен   ұйымдарының   қолына   берілуі тиіс   –   міне,   бұл   өзін   өзі   басқару   идеясына   сай   келеді.   Өзін   өзі басқарудың ешқандай да мөлшерде бірге басқаруды да жоя алмайтыны табиғи   нәрсе.   Мектептегі   өзін­өзі   басқарудың   базалық   үлгісі   төрт қосымша   жүйелерді:   оқушылардың,   педагогтардың,   ата­аналардың және   педагогтар,   оқушылар   мен   ата­аналардың   бірлесе   басқару жүйесін қамтиды.  Жалпымектептік   деңгейдегі   өзін­өзі   басқару   органдарымен   бірге бастауыш ұжымдар базасындағы (сыныптар, параллель сыныптар) өзін­ өзі басқару органдары әрекет етуі тиіс. В. Бочкаревтің пайымдауынша, мектептік   өзін­өзі   басқару   органдары   қызметінің   инновациялық мазмұнының құрамында мыналар болуы тиіс:  ­заң шығарушылық қызметі (мектеп заңдарын даярлау, қабылдау және жүзеге асыру;  ­мектептің жұмыс істеу режімі; ­ марапаттау, жазалау шаралары және мектеп өміріне қатысушылардың жауапкершілігі, т. б.); ­ мектеп субъектілерінің бірлесе басқару қызметін ұйымдастыру (мектеп ұжымының   мүшелері   мен   ата­аналардың   мектеп   өміріндегі   өзекті мәселелер   бойынша   пікір   алмасуын,   ортақ   шараларды   даярлау   және өткізу, т. б.);  ­үйлестірушілік қызметі (оқушылардың, педагогтардың, ата­аналар мен олардың   өзін­өзі   басқару   органдарының   параллель   жұмыстарын ұйымдастыру, т. б.); ­ келісімділік қызметі; білім беру процесін жетілдіру бойынша қызметі, мектептің материалдық­техникалық базасын нығайту, т. б.       Қазіргі кезде республиканың білім беру ұйымдарында оқушылардың өзін­өзі   басқаруының   әр   түрлі   құрылымдары   бар:   бұлар   мектеп кеңестері,  мектеп  көшбасшылары   комитеті,  мектеп  үкіметі   және т.  б. Өзін­өзі   басқаруға   негізінен   жоғары   сыныптар   оқушыларын   тартады. Сонымен   қатар   А.   Г.   Стурова   мен   Л.   И.   Ивановалар   суреттегендей, оқушылардың өзін­өзі басқару органы ретінде құрылымдық бөлімшелері  ­ 1–3 сынып оқушыларының Іс кеңесі, ­ 5–8 сынып оқушыларының Үйлестірушілік кеңесі, ­ 9–11 сыныптардың Үйлестірушілік кеңесі,  ­ жалпы шығармашылық кеңесі, болып саналатын жалпымектептік шығармашылық іс кеңесі құрылатын практикасы   бар.   Бұл   кезде   оқушылардың   емтихандарды, факультативтер мен арнаулы курстарды таңдап  алу құқығы болады, мұғалім   жұмысының   әдістемесіне   әсерін   тигізеді,   педагогикалық кеңестерде, ғылыми­практикалық конференцияларда, т. б. өз пікірлерін білдіреді.   Жоспарлауға   қатысу;   ҰБТ­ға  дайындау;   мектеп   ұжымының негізгі істерін даярлау, өткізу және талдау жасау; өзін­өзі басқарудың тұрақты   және   уақытша   органдарында   жұмыс   істеу;   ұжымдық   және жеке тапсырмаларды орындау; мектепте кезекшілік жасау сияқты өзін­ өзі   басқару   түрлері   кеңінен   таралған.   Мектеп   кеңесінің   мүшесі саналатын жоғары сынып оқушысы – бұл оқушылар мүдделерінің иесі ғана   емес,   білдірушісі   де,   тіпті   егер   оның   әлеуметтік   позициясы жеткілікті қалыптасқан болса, олардың қорғаушысы да. Құрдастардың бір­бірін   жақсы   түсінетіні   ешкімге   де   құпия   емес.   Бізге   алыс шетелдерден   келіп,   республика   жастары   арасында   бүгінде   кеңінен белгілі бола бастаған «Тең – теңіне» аталатын қоғамдық қозғалысы нақ осыған   негізделген.   Мектеп   кеңестерінде   оқушылармен   бірге талқыланатын   өзекті   мәселелерге   келетін   болсақ,   ересектерге, педагогтарға   өздерінің   педагогтік   әдептерін,   өздерінің   кәсіби шеберліктерін,   педагогика   мен   жас   психологиясын   білетіндерін, көрсететін   жер   осы.   Өкінішке   орай,   өмірде   балалар   емес,   нақ педагогтар   өздерінің   дөрекілігін,   әдепсіздігін,   ойсыз   және   қатал қылықтарын көрсететініне мысалдар жеткілікті: отбасына қатысты ішкіл, шетін  нәрселерді   ашық  сөз етеді,  «жамандайды»,  «өсектейді»,  ұятқа қалдырады,   баланың   жараланғыш   нәзік   жанына   жара   салып,   оны өзінен­өзі қорынып, өзімен­өзі тұйықталып қалуға жеткізеді, сонысымен мектеп   өмірінің   демократиялылығын   қарама­қарсы   бағытқа   – жазалаушы   орган   дәрежесіне   жеткізеді.   Жалпы   алғанда   өзін­өзі басқару   демократияландыру   кепілдік   бермейді,   барлығы   оның құрамына   кіретін   адамдардың   жеке   бастарына,   олардың   жұмысты қалай   ұйымдастыратындығына   байланысты.   басқару формалары   ересектердің   форма   үшін   таңуынан   емес,   балалар ұжымының өзінің дамушы мазмұнының қажеттіліктері әсерімен  пайда   Өзін­өзі болып,   табиғи   дамуы   тиіс.   Педагог   балаларды   мақсатты   түрде ұйымдастырушылық   әрекетке   үйретіп,   бұл   кезде   барынша дербестіктеріне   еркіндік   беруі   керек.   Оқушылар   ұйымдастырушылық тәжірибесін   қалай   меңгергендігіне   қарай,   педагог   олардың   қолына ұжымдық істерді басқарудың алғашқы кезде өзі немесе өзінің тікелей басшылығымен   балалар   орындап   келген   неғұрлым   күрделі функцияларын   тапсырып,   өзі   кеңесшіге   айналуы   тиіс.   Қазіргі   кезде республика аумағында оқушылардың қанша өзін­өзі басқару органдары әрекет   ететіндігі   және   олар   қандай   жүйе   бойынша   жұмыс жасайтындығы жайлы ресми мәліметтер жоқ. Сонымен қатар бірқатар республика мектептерінде қандай да бір дәрежеде оқушылардың өзін­ өзі   басқаруы   дамып   келеді.   Бұл   орайда   Бастамашыл   мектептер ассоциациясына   (БМА)   кіретін   білім   беру   ұйымдарының   тәрбиелеу жүйесі   жұртшылықты   қызықтырып   отыр.   Өкінішке   орай,   бұқаралық мектепте   оқушылардың   өзін­өзі   басқаруы   әлі   өзінің   лайықты   орнын иелене   қойған   жоқ.  Менің  ойымша,   проблема   кейбір   басшылардың оқушылардың   өзін­өзі   басқаруы   мектептің   бүкіл   тәрбие   жүйесіне қосымша, қолжаулық бола алмайтынын әлі де сезінбеуінде болып отыр, ал ол болса тәрбие жүйесінің негізіне айналуы тиіс.

Мектепті демократияландыру жағдайында оқушылардың өзін өзі басқаруын ұйымдастырудың негізгі тәсілдері

Мектепті демократияландыру жағдайында оқушылардың өзін өзі басқаруын ұйымдастырудың негізгі тәсілдері

Мектепті демократияландыру жағдайында оқушылардың өзін өзі басқаруын ұйымдастырудың негізгі тәсілдері

Мектепті демократияландыру жағдайында оқушылардың өзін өзі басқаруын ұйымдастырудың негізгі тәсілдері

Мектепті демократияландыру жағдайында оқушылардың өзін өзі басқаруын ұйымдастырудың негізгі тәсілдері

Мектепті демократияландыру жағдайында оқушылардың өзін өзі басқаруын ұйымдастырудың негізгі тәсілдері

Мектепті демократияландыру жағдайында оқушылардың өзін өзі басқаруын ұйымдастырудың негізгі тәсілдері

Мектепті демократияландыру жағдайында оқушылардың өзін өзі басқаруын ұйымдастырудың негізгі тәсілдері

Мектепті демократияландыру жағдайында оқушылардың өзін өзі басқаруын ұйымдастырудың негізгі тәсілдері

Мектепті демократияландыру жағдайында оқушылардың өзін өзі басқаруын ұйымдастырудың негізгі тәсілдері

Мектепті демократияландыру жағдайында оқушылардың өзін өзі басқаруын ұйымдастырудың негізгі тәсілдері

Мектепті демократияландыру жағдайында оқушылардың өзін өзі басқаруын ұйымдастырудың негізгі тәсілдері

Мектепті демократияландыру жағдайында оқушылардың өзін өзі басқаруын ұйымдастырудың негізгі тәсілдері

Мектепті демократияландыру жағдайында оқушылардың өзін өзі басқаруын ұйымдастырудың негізгі тәсілдері
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
10.11.2018