"Мемлекеттік тіл- менің тілім"
Оценка 4.6

"Мемлекеттік тіл- менің тілім"

Оценка 4.6
Библиография
docx
библиотека +1
Взрослым
07.05.2017
"Мемлекеттік тіл- менің тілім"
"Мемлекеттік тіл- менің тілім Тілдер мерекесі қарсаңында Абай орта мектебінде 5-8 сынып біріктірілуімен «Мемлекеттік тіл- менің тілім» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты оқушыларға өз ұлтының қадір қасиетін ,мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін және одан әрі дамыту үшін өз үлестерін қосуға дәріптеу"Мемлекеттік тіл- менің тілім" Тілдер мерекесі қарсаңында Абай орта мектебінде 5-8 сынып біріктірілуімен «Мемлекеттік тіл- менің тілім» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты оқушыларға өз ұлтының қадір қасиетін ,мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін және одан әрі дамыту үшін өз үлестерін қосуға дәріптеу
сынып сағаты (5).docx
"Мемлекеттік тіл­ менің тілім" Ақпарат  Тілдер   мерекесі   қарсаңында   Абай   орта   мектебінде   5­8   сынып  біріктірілуімен   «Мемлекеттік   тіл­   менің   тілім»   атты   ашық   тәрбие   сағаты өткізілді.   Тәрбие   сағатының   мақсаты   оқушыларға   өз   ұлтының   қадір қасиетін ,мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін және одан әрі дамыту үшін  өз үлестерін қосуға дәріптеу. Іс   шара   барысында   Ата   заңымыздағы   тіл   мәселесіне   және   қазақ   тілінің әдеби   бай   мұраларына   тоқталды.   Тіл   тақырыбындағы   ақын­   жазушылар шығармалары оқылды, оқушылар өз ойларын ортаға салды. Шара соңында қазақтың  үш биінен  қалған асыл сөзді қойылым  ретінде  көрсетті. «Туған жер» тақырыбында өлең айтылды, биші қыздардың орындауында «Сылқым» биі орындалды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимнімен іс шара аяқталды.                             Тақырыбы:   «Мемлекеттік тіл­ менің тілім»  Мақсаты:          1.  Оқушыларға ана тілін білудің маңызын                                      түсіндіру.                             2.  Ана тілі туралы жазылған ақындардың                                  өлеңдерін мәнерлеп оқи білуге дағдыландыру. Туған ана тілін сүйіп, оны құрметтеуге тәрбиелеу.  Көрнекілігі:  1.  Презентация ,слайд көрсету. Кітапханашы:  Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел ­ өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды.Дүниедегі барлық халық   тәуелсіздікке   ұлттық   қадір   –   қасиетін,   мәдениетін,   ана   тілін   сақтап   қалу   үшін ұмтылады.Сондықтан   кез   келген   мемлекет   өзінің   территориялық   салт   –   дәстүрін,   ана   ті­лін айрықша қорғайды. Ал біздің Қазақстан Республикасында ана тілі – қазақ тіліне мемлекеттік статус берілген. Ал, Қазақстан тәуелсіз ел болып қалсын десек, онда ең алдымен ана тілін дамытуға күш салғанымыз жөн. Ана тілін дамыту, қорғау дегеніміз біз өз ана тілімізде таза сөйлеуіміз керек және оны жақсы біліп, туған анамыздай сүюіміз керек. «2007   жыл   ­   мемлекеттік   тіл   —   қазақ   тілі»   болып   жариялануына   орай   бүгін   сіздермен «Мемлекеттік тіл менің тілім» атты сынып сағатын отырмыз.  «Тіл ­ ұлттық белгі, халықтық мұра, дүниетаным құралы». Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты. Тіл ­халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін­келбеті, болмысы. Адамдық мұратка жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз ­ана тіліміз! Қазақ тілі ­ дүние жүзіндегі ең бай, беделді де, бейнелі тілдердің бірі. Өткірдің жүзі, Кестенің бізі, Өрнегін сендей сала алмас, — деп ұлы Абай атамыз таңырқап тағзым еткен де осы қасиетті тіліміз. Ана тілі халық өсіп, өркендесе дамиды да, халық жоғалса құриды. Қазақстан   — ұлан­байтақ  мемлекет.  Өз бауырына  100­ден аса  ұлттарды  сыйғызып  отыр.  Олар Қазақстан Республикасының Ата заңы бойынша тең құқықты, тәуелсіз адамдар. Әр халық өз тілінде сөйлеуге, оқуға құқығы бар. Сол халықтармен достықта, бірлікте өмір сүрейік. Қазақ тілі ­ қазақ халқының ана тілі. Қазақ тілі ­ қазақ халқы үшін әдебиет, мәдениет, ғылым мен білім, оқу ­ ағарту тілі. Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесі қабылдаған Қазақстанның Тіл туралы заңына сәйкес қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе 1989 жылдың қазан айында берілді. «Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін 1997 жылы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының Парламенті «Тіл туралы» жаңа заңын қабылдады. «2007 жылы ­ мемлекеттік тіл жылы» деп жарияланды. Қазақ тілі өте бай, көркем тілдердің бірі. Қазіргі қазақ тілі — кез келген әдебиетті басқа тілден аударуға, түрлі стильдерде сөйлеп, жазуға мүмкіндігі мол, кемелденген тіл. Ана тілі — туған тілім, бас тілім. Сен арқылы дүние танып, талпындым. Сен арқылы әлемге аян бар ісім. Сен өмірімде таусылмайтын асылым.   Оқушы . 22 қыркүйек ­ Қазахстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Ең алдымен, бұл барша елге ортақ жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет. Қазақстанда 100­ден астам ұлт өкілдері тұрады, әрбір ұлттың ең үлкен, ең негізгі анасы туған тілі болып саналады. Ана   тілі   ­   әрбір   ұлттың,   ұлыстың   мақтанышы,   көзінің   қарашығындай   көретін   қазынасы,   асыл мұрасы. Оқушы. Елбасы   Н.Ә.   Назарбаевтың   Қазақстан   халкына   Жолдауында   «Қазақстан   бүкіл   әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі ­ мемлекеттік тіл, орыс тілі ­ ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу   тілі»   делінген.   Тек   қазақ   жұрты   ғана   емес,   барша   қазақстандықтар   осы   үш   тілді   өзара ұштастырып, өз орнымен қолдана білулері қажет. Соның   ішінде,   ен   алдымен   ел   егемендігінің   көрінісі,   құндылығының   бірі   болып   саналатын мемлекеттік тілді – қазақ тілін меңгеру ­ баршамыздың міндетіміз.  Оқушы  Тағдырыңды тамырсыздың індетінен қалқала! Әр адамда өз анасынан басқа Жебеп жүрер, демеп жүрер арқада Болуы керек құдіретті төрт ана: Туған жері – түп қазығы, айбынды Туған тілі – сатылмайтын байлығы Туған дәстүр салт – санасы – тірегі, Қадамыңа шуақ шашар үнемі. Және туған тарихи еске алуғақаншама Ауыр әрі қасіретті болса да. Төрт анаға әнін жалғай алмаған Пенделердің басы қайда қалмаған Төрт анасын қорғамаған халықтың Ешқашан да бақ жұлдызы жанбаған Қасиетті бұл төрт ана – тағдырыңның тынысы Төрт ана үшін болған күрес – күрестердің ұлысы.  Оқушы  Халықтың тарихта қалуы тітіліне байланысты.Тіл халықтың жаны ,сәні . Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі.Өйткені халқымыз дәрежеге емес , дәстүрге бағынған.      Оқушы. Еліміз – Қазақстан  Республикасы Егеменді ел атанып , ана тілімізге Мемлекеттік статус берілді.  «Тіл туралы заң» қабыл­ данды.  оқушы.  Қуан далам! Қуанатын күн бүгін, Серпіп таста Мұңды жүрек түндігін «Тіл туралы» Заңым енді күшіне Паш еткендей Кескен жаңа кіндігін.  оқушы.    Қуан бабам! Қуанатын жөнің бар. Деген едің Тіл бар жерде өмір бар. Халық жауы атандық – ау Сол үшін ғұмырыңды Құрбан етіп жолында ар.   Кітапханашы:  Балалар, бұл өлеңде айтылып отырған , ана тілі үшін құрбан болған жандар кімдер деп ойлайсыңдар?  Оқушылар хормен:  Аталарымыз Ахмет Байтұрсынов, Шәкәрім Құдайбердиев, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан  Жұмабаев, Міржақып Дулатов. Кітапханашы:  Қазақ халқы ежелден – ақ, тіл қадірін біліп , ақылды дұрыс сөзге бағына білген. Шешендерден шыққан қара сөздің өзінде өлеңге бергісіз үйлескен ырғақ болады. Сөз бен сөз ұйқасы жатады;      Үш кемеңгер дүлдүлім,      Сақтаған ел бірлігін!      Қазақта қара қылды қақ бөлген      Төле, Әйтеке, Қазыбек билердің сөз үлгілеріне зер салайық.  Төле би  Уа, халқым! Көсіле шабар жерің бар! Тау көтерген елің бар, Қол бастайтын ерің бар, Атадан қалған сарс жолың бар. Сөз қадірін біліңдер!  Қазыбек би  Біз қазақ деген мал баққан елміз. Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт­береке қашпасын деп, же­ ріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Еш­ бір дұшпан басынбаған елміз.Басымыздан сөзді асырмаған елміз!  Әйтеке би  Тамыры суда тұрса да Уақыты жеткенде Құрамайтын құрақ жоқ Тек жақсыдан өлмейтін сөз қалады.   Бұдан соң қыздардың орындауында: « Анамның тілі» әні орындалады. Мұғалім: Ана тілінде сөйлеу, оған деген көзқарас – ең   зор адамның , мәдениеттілік , тәрбиелік, әдептілік өлшемі болып табылады. Оның   мәні   ­   әр   адамның   ана   тілін   отанындай,   туған   халқындай,   өз   ата­   анасындай   сүйіп ардақтауында.Міне, сондықтан бүгінгі ақын­ жазушыларымыз былай дейді.  оқушы. Ақыл – ойын дананың, Ана тілден аламын. Ана тілің ардақты Ақ сүтіндей ананың.  оқушы.     Өсірген ой – білімді, Сүйем туған тілімді. Мақсат етем әр сөздің , Мәнін терең білуді.   оқушы:  Қадыр Мырзалиев                                    Ана тілі.  Ана тілің біліп қой  Еркіндігің теңдігің,  Ана тілің біліп  қой  Мақтанышың , елдігің. Ана тілің арың бұл Ұятың боп тұр бетте Өзге тілдің­ бәрін біл Өз тіліңді құрметте.  оқушы :  Мұзафар Әлімбаев  Ана тілі – біздің туған анамыз. Анамыздай – сыйлап бағып – қағамыз. Ана тілін бағаласаң қалай біз. Өзіміздің сондай болмақ бағамыз. Ана тілін кім аялай білмесе . Анасынан безген ұл – деп біліңіз.  оқушы:   Ана тілі – асыл күні бабамның Қуатымның ақ сүтіндей анамның. Сәби шақтан бесігімде жыр тыңдап , Туған тілді жаттап өскен балаңмын.  оқушы:   Туған тілім – тірлігімнің айғағы, Тілім барда айтылар сыр ойдағы. Өссе тілім мен де бірге өсемін Өшсе тілім менде бірге өшемін.  оқушы:   Қасиетің , ана тілі , аз сенің Өзің барда ескірмес , тозбас елім. Сен болмасаң ұлы ақын Абай болып, Мұқағали атты өлең жазбас еді.  Кітапханашы.  (Дихан Әбіловтың «Туған тілім!»  Туған тілім – бабам тілі ­ өз тілім Туған тілім – анам  тілі ­ өз тілім. Туған тілім – заман тілі ­ өз тілім. Туған тілім – адам тілі ­ өз тілім. Туған тілде сыры терең жаным бар Туған тілде әнім менен сәнім бар. Туған тілім тіл болудан қалса егер Жүрегімді суырып – ақ алыңдар. Өз тілімдей қайда екен еркін басар Тілім барда еркіме кім таласар. Туған тілім күрмеліп әлсіресе, Ыстық қаным суынып, сиқым қашар. Көрме Сабақтың тақырыбы: Мемлекеттік тіл – менің тілім  Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы.  Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңына сәйкес қазақ тілі республикамыздағы негізгі тіл –  мемлекеттік тіл болуына орай оның қолдан аясы, бедел­мерейі мемлекет ішінде ғана емес, халықаралық  қатынастар деңгейіне дейін артып келеді. Осыған байланысты қазақ тілін оқу мен оқытуды жан­жақты  зерттеп, дамыту жауапкершілігін алға тартып отыр.  Мемлекеттік тілдің мәдениетін көтеру, әдебиетті насихаттау, талантты жастарды іздеп табу мақсатында  және өз елін, жерін, Отанын, туған халқының тілі мен салт­дәстүрін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу үшін жыл сайын біздің мектебімізде дәстүрлі тіл мерекесі өтеді. Осы мерекеге байланысты  тіл апталықтары жоспарлы түрде жүргізіледі. Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқытудағы мақсат –  мемлекеттік тілде сөйлей білуге, өз ойын айта білуге, сауатты жаза білуге үйрету. Тіл – ұлттың жаны. Ғабит  Мүсірепов тіл туралы былай деген: «Тілін білмеген түбін білмейді».  Әрине, әр халықтың тілі өзіне ерекше құрметті. Тілдің байлығы, сөздік қорының өсуі халықтың өзіне  байланысты.  Халықтың тілін білсең, оның жанын сезінесің, тіл арқылы бүкіл адамзатқа тән гуманистік идеяларға қол  жеткізуге болады.  Сабақтың мақсаты:  Білімділік: оқушыларға мемлекеттік тілді білудің маңызы жайлы айту және оны құрметтеуге үйрету.  Дамытушылық: қазақ тілі туралы мақал­мәтелдер, өлең, тақпақ, нақыл сөздер айту арқылы оқушының сөздік  қорын молайтып, тіл байлығын дамыту.  Тәрбиелік: оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, тілді құрметтеуге, тіл байлығын, маңызын түсіне  білуге баулу.  Сабақтың көрнекіліктері: нақыл сөздер, оқушылар шығарған қабырға газеттері, қаттамалар, оқушылар  шығармалары.  Сабақтың түрі: сайыс сабақ  Сабақтың барысы:  І. Ұйымдастыру кезеңі  ІІ. Кіріспе  Мұғалім: Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!  Қазіргі таңда еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз – қазақ тілі болып бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңы» күшіне енді. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз.  «Адамға екі нәрсе тірек тегі,  Бірі – тіл, бірі – ділің жүректегі», ­ деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай кез­келген мемлекеттің, елдің  ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ.  Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Біздің Отанымыз – Қазақстан. Қазақстан Республикасының өз елтаңбасы,  әнұраны, туы бар. Сонымен қатар өз тілі бар.  Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,  Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.  Қай елде жүрсең де бұл дұрысы,  Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар, ­ демекші, «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты сайыс сабағымызды  бастауға рұқсат етіңіздер.  ІІІ. Негізгі бөлім.  1­жүргізуші: Қазақ тіліміз – ана тіліміз. Ана тіліміз мемлекеттік тіл болып үлкен мәртебеге ие болды. Ол  біздің қазақ халқы үшін зор қуаныш.  2­жүргіңзуші: Біз ана тілімізді – халқымыздың мәдени дәрежесін көтеруге пәрменді құрал болып отырған,  мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болған қазақ тілін терең де тиянақты меңгеруіміз керек.  1­жүргізуші: Даша, сен білесің бе, Қайда жүрсем де, қандай адам болсам да бақыттымын деп сезінемін.  Бақытымның бастауы – халқыма бас иемін. Халықты сүйген соң, туған тілімді де сүйемін, сол тілде  жырлағым келеді. 2­жүргізуші: Альбина, мен де сен сияқты өз тілімді жырласам, қазағымның қара топырағынан жаралған тал  шыбық бүршік атардай сезіледі. Бойымдағы әлдебір күш серпіліп, аласұрғандай болады.  Қымбат маған ана тілім, бал тілім,  Қымбат маған дала тілім, ар тілім.  Ақ сүтімен бірге сіңген бойыма,  Ана тілім – ардақ тұтар алтыным.  1­жүргізуші: Ана тілін жырлап өткен талайлар,  Жырлап өткен Ыбырай мен Абайлар  Қасиетті менің ана тілімде,  Өшпес мәңгі алаулаған арай бар.  2­жүргізуші: Құрметті қонақтар! Ортаға бүгінгі сайыс сабағына қатысқалы отырған «Білімділер» мен  «Қазақстан» тобын шақырамыз.  1­жүргізуші: Мерекеге бүгін бақ күні,  Егеменді елімнің.  Желбірейді көк туы,  Түсіндей боп көгімнің.  «Елім менің» әні орындалады.  2­жүргізуші: Ал енді, туған еліміздің тілін ардақтап, сол тілде сауатты жазып, ойымызды жеткізе білсек, нұр  үстіне нұр болар еді. Оны біз бүгін өткелі отырған «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты сайыс сабағымызда  көз жеткізбекпіз. Сайыс сабағы әртүрлі тапсырмалардан тұрады. Бірінші бөлімде «Сәлемдесу» немесе  таныстыру.  «Әдепті елдің баласы  Алыстан сәлем береді» ­ дейді данышпан халқымыз.  Әр топ өзінің мүшелерімен таныстырып, төс белгісін, шығарған қабырға газеттерін түсіндіріп, ұранын айту  керек.  Сәлем берем халқыма,  Сәлем берем жалпыңа.  Сәлемдесу кіреді,  Ата­дәстүр салтына.  (Әр топ өзін­өзі таныстырады).  1­жүргізуші: Екінші бөлімде «Тақырыптық әңгіме құру»  Қазақпыз – қыз өсірген іңкәр қылып,  Қазақпыз – ұл өсірген шырқап жүріп.  Қазақпыз – құс та салып, ат жаратқан,  Сайысқа түскен және тұлпар мініп.  Берілетін тақырыптар: «Қазақстан», «Наурыз», «Қызылорда», «Қазақтың әдет­ғұрыптары»  Өнерлі балаларға кім жеткен,  Әр салада небір өнер көрсеткен.  Екінші сайысты біз бастайық,  Өнерлінің әрқашан да өрісі кең.  2­жүргізуші: Мақал­мәтелдер талай замандар бойы қалыптасқан, ұрпақтан­ұрпаққа ауысып келе жатқан  асыл мұра. Сондықтан да сайысымыздың үшінші бөлімі мақал­мәтелдерге арналады. «Кім көп мақал­мәтел  біледі?»  Мысалы:   Өнер алды – қызыл тіл  Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады.  Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ.  Шебердің қолы ортақ, шешеннің тілі ортақ Ең ащы да – тіл, ең тәтті де – тіл, ең жұмсақ та – тіл, ең қатты да – тіл.  Қотыр қолдан жұғады, пәле тілден жұғады  Білекті адам бірді жығады, білімді адам мыңды жығады. Құрманғазының «Серпер» күйі орындалады  1­жүргізуші: ...Әр адамның азаматтық қасиеті мен мәдениеті өз халқын, өзінің елін қалай сүюімен, білуімен,  ардақтауымен өлшенеді. Бұл азаматтық борышты ақын қалай жырлайды? Кешіміздің 4­бөлімі ақындардың  өлеңіне арналады.  «Білімділер тобы»:  Туған тілім – тірлігімнің айғағы,  Тілім барда айтылар сыр ойдағы.  Өссе тілім мен де бірге өсемін,  Өшсе тілім мен де бірге өшемін.  «Қазақстан» тобы:  Сүйемін туған тілді – анам тілін,  Бесікте жатқанымда­ақ берген білім.  Шыр етіп жерге түскен сәттерімнен  Құлағыма сіңірген таныс үнім.  «Білімділер» тобы:  Ана тілі – асыл күні бабамның,  Қуатымсың ақ сүтіндей анамның.  Сәби шақтан бесігіме жыр тыңдап,  Туған тілді жаттап өскен баламын.  «Оң жол ізде өмірде көп ойланып,  Алдыңнан атар таңың арайлап.  Азаматы бар ел деп – бұл қазақтың,  Талай жұрт құрметтесін қарай қалып».  «Қазақстан» тобы:  Ана тілің – арың бұл  Ұятың боп тұр бетте  Өзге тілдің бәрін біл  Өз тіліңді құрметте, ­ деп енді ортаға топ басшыларын шақырамыз.  IV. Қорытындылау.  Мұғалім: «Анамыздың ақ сүтінен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата­бабамызды, тарихымызды  ұмыту» деген Б.Момышұлы. Ана тілімізді құрметтеп, сүйе білейік. Мемлекеттік тілде көп оқып, бір­ бірімізбен қазақша сөйлесейік. Бүгінгі ұрпақ ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болуы шарт.  «Менің Қазақстаным» әні орындалады.  Әділқазылар сайыс қорытындысын айтады.  Оқушыларды марапаттап, болашақтарына табыс тілеп, еңбектерін бағалау. Мемлекеттік тіл­ Менің тілім! тәрбие сағаты Шалқар аудандық көркемсурет лицейінің сурет және өнер тарих  пәнінің мұғалімі  Төлеубаев Даулетжан Бақытжанұлы Тақырыбы:  «Мемлкеттік тіл­ Менің тілім!»  Мақсаты: оқушыларға  мемлекттік тілдің өркендеп,оянуына,мемлекеттік тілімізді  сүюге,мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіңдік  ерекшеліктері,салт­дәсүрі, діні, тілі болатынын түсіндіру. Оқушылардың ой­өрісін, дүниетанымын  кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін сөйлеуге баулу. Жүргізілу барысы:  1­жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, қонақтар!       Тілдер мерекесіне арналған мерекелік бағдарламамызды сіздердің назарларыңызға ұсынамыз.       Мемлекетіміз тәуелсіздік, ана тіліміз мемлекеттік  мәртебе алып, көптен күткен арманымыз  орындалады. 2­жүргізуші: Ия, әр ұлттың өзіндік ерекшіліктері, салт ­дәстүрлері, тіл ерекшілігі болады. Біздің  ұлттық тәрбиеміз  ананың сүті, ананың әлдиі, ананың тілінен бастау алады.   Оқушы: Тілім менің! Тілім үшін мың өліп, тірілді елім, Аралыммен, арымен қатар қойып, Тілді қорғау­ парызым бүгін менің. Оқушы:Әрбір тілде сөйле әлемде  таң қылып, Қазақ тілін білмеу  қандай  заңдылық, Өсер балаң байтақ далаң тұрғанда, Қазақ тілі жасау  керек мәңгілік. Оқушы: Қазақ тілің – Атаң,Анаң, Қуат алар Отан да одан. Дүниеде ешбір асыл Тең келмейді қатар оған. Оқушы: Қуан далам!Қуанатын күн бүгін! Серпіп таста,мұңды жүрек түндігін! Тіл туралы Заңым енді күшінде, Паш еткендей  кескен  жаңа кіндігін! Оқушы: Қуан бабам!Қуанатын күн бүгін! Халық жауы атандың­ау сол үшін, Ғұмырыңды құрбан етіп  жолында ар. Оқушы: Қуан анам!Ұстазыңнан сүйініп, Сәтіңде көп кеткен кейде түңіліп. Ақ сүтіңмен  бойға біткен тіліңді Пір тұтамын мен алдыңда иіліп. Оқушы:Қуан балам!Туған тілдің киесі Жебер сені болғаныңа иесі. Тек мұнымен бітпейтінін ұғып өс, Дүниеде тіршіліктің күресі. Оқушы: Қуан халқым!Күшіне енді тіл заңы, Сүйінші деп ақын ұлың жырлады Ел елдігі бағаланар тілімен, Сол арқылы құлпырады, гүл бағы. 1­жүргізуші: Туып өскен Торғайдың даласында  Қайран елі­қазағы санасында, Тілі үшін жазықсыз жапа шеккен Арысың кім, ойланбай табасың ба? Оқушылар: 2­жүгізуші: Елім деп,тек алып соққан жүрегі Ахметтей ағасына іні еді. Қазақ тілін терең зерттеп, танытқан. Ғұламаның есімін кім біледі? Оқушылар: 1­жүргізуші:  Қазақ халқының салт­дәстүрінен хабар беретін кішкене  сахналық көрінісімізді  назарларыңызға ұсынамыз. Ол­ «Бата беру» рәсімі. 2­жүргізуші:  Халқымызда батаны  әдетте жасы үлкен, көпті көрген  ақсақал қариялар  береді.Ақсақалдың бойжеткен қыз бен балалы келіншекке бата беру сәтін тамашалаймыз. Бата беру. Қатысушылар: Ақсақал ­ Қария ­ Бойжеткен ­ Балалы келіншек ­ Күйеуі – Бірінші көрініс –алыс жолдан шаршап келген қарияға алдынан сусын ұсынған бойжеткенге берген  батасы: Талдай бой берсін, Жақсы ой берсін, Қардай жанар берсін! Анаға шуақ болсын, Ағаға қуат болсын. Нәзік жаны болсын, Елінің ары болсын. Басыңа өнердің бағы қонсын, Ар Орданың шамы болсын! Әумин! Келесі көрініс – жас балалы келіншек ауыл ақсақалынан  нәрестеге бата сұрай келеді. Келіншек: ­    Армысыз, ата! Мына нәрестеге  бата  сұрай келдік. Ақсақал: Қолыңды жай,балам! Нәрестенің бауы берік болсын, Азамат болып ер жетсін, Ақсақал болып төрлетсін, Мінері болсын салмақты  Өнері болсын жан­жақты  Осы айтқанның бәрі кеп, Алла берсін зор бақты! Әумин!  « Ана тілім –  бақытым » Оқушы: Ана тілім, дана тілім – бақытым  Қазақ тілін білу менің парызым. Тілім менің  ұмытылмас  тірлігім, Кім біледі  тіліміздің  тағдырын. Оқушы: Алаңдатты тіл тағдыры  бүгінде, Сен болмасан  болар ертең  күнім не? Қазақ тілін  сүйемін мен жаныммен Қазақ болып қалу үшін  түбінде. Оқушы: Қазақ тілім бас иемін мен саған Тілге деген  болу керек  кең талғам. Мемлекеттік тілімізді  сыйласақ, Қазақ тілі біздер үшін  жаралған. Оқушы: Тіліміздің тарихы бар  қол жетпес, Айтсаң оның  тарихына  сөз жетпес. Өткеніне  тіліміздің  көз жүгіртсек, Тіліміздің тарихы  бар сан жетпес. Тіл деген  қасиетті ұғым екен, Қазақ тілі  жырлайтұғын  жырым екен, Ұмытпайық  тілімізді  ешқашан. Қасиетін сақтайтұғын  сырым екен. Тілім саған  әрқашан да бас иемін, Бар ғой  сенің  бойында  қасиетің, Тіліміз деп  әрқашан мақтан  тұтқан, Ұмытпайық  бабалардың өсиетін. Оқушы:  Мәртебесі  тіліміздің биік екен Қазағыма  қазақ тіл  боп енген  екен. Тілімізді  ұмытпайық  әрқашан Қазақ тіл  боп мәңгілікке  қалған екен. Мақал – мәтелдер сайысы: 1­топқа 1.Тіл тас жарады, тас жармаса ... (бас жарады). 2.Дәлелсіз сөз ... (желмен тең). 3.Ине көзінен сынады, ... (шешен сөзінен сынады). 4.Піл көтермегенді, ... (тіл көтереді). 5.Сөз тапқанға ... (қолқа жоқ). 6.Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі ілім біл). 7.Шебердің қолы ортақ, ...(шешеннің қолы ортақ). 2­топқа 1.Бал тамған тілден ... (у тамған). 2.Тауды,тасты жел бұзар, ...(адамзатты сөз бұзар). 3.Жақсы сөз ... (жарым ырыс). 4.Жақсы байқап сөйлер, ... (жаман шайқап сөйлер). 5.Тіл қылыштан ...(өткір). 6.Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ...(ой өсіреді). 7.Жыланның уы тісінде, адамның уы ...(тілінде). Қорытынды:     Бүгінгі  ашық тәрбие сағатымыз  аяқталды.

"Мемлекеттік тіл- менің тілім"

"Мемлекеттік тіл- менің тілім"

"Мемлекеттік тіл- менің тілім"

"Мемлекеттік тіл- менің тілім"

"Мемлекеттік тіл- менің тілім"

"Мемлекеттік тіл- менің тілім"

"Мемлекеттік тіл- менің тілім"

"Мемлекеттік тіл- менің тілім"

"Мемлекеттік тіл- менің тілім"

"Мемлекеттік тіл- менің тілім"

"Мемлекеттік тіл- менің тілім"

"Мемлекеттік тіл- менің тілім"

"Мемлекеттік тіл- менің тілім"

"Мемлекеттік тіл- менің тілім"

"Мемлекеттік тіл- менің тілім"

"Мемлекеттік тіл- менің тілім"

"Мемлекеттік тіл- менің тілім"

"Мемлекеттік тіл- менің тілім"

"Мемлекеттік тіл- менің тілім"

"Мемлекеттік тіл- менің тілім"

"Мемлекеттік тіл- менің тілім"

"Мемлекеттік тіл- менің тілім"

"Мемлекеттік тіл- менің тілім"

"Мемлекеттік тіл- менің тілім"

"Мемлекеттік тіл- менің тілім"

"Мемлекеттік тіл- менің тілім"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
07.05.2017