Мен өз елімнің патриотымын
Оценка 4.7

Мен өз елімнің патриотымын

Оценка 4.7
Домашнее обучение
docx
11 кл +1
04.02.2021
Мен өз елімнің патриотымын
Тәрбие сағаты
Мен өз елімнің патриотымын.docx

                                                                                                                                

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: “Мен – өз елімнің патриотымын!”

                                                        5 «Б» сынып

 

 

 

 

                                                         Лесбаева Мереке Мұханбетовна

 

 

 

 

 

                                                    

 

 

 

                                                     2020-2021 оқу жылы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

“Мен – өз елімнің патриотымын!”

Мақсаты:

1 - Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін тарихын білуге тәрбиелеу.

2 - Оқушыларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушыларды тәрбиелеу.

Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер, кескіндемелер,                                         

Барысы:

1.Ұйымдастыру.

Аспаны ашық еліміздің,
Көркі сұлу жеріміздің,
Біз-бақытты баламыз!
Ақпыз, қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз!

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы бойынша Президенттің жалпыұлттық идеясы – болашақ табыстардың негізі. Ал ең бастысы – еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. «Мәңгілік ел» идеясы – елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея.Осының барлығы дамыған 20 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз. Мәңгілік ел-ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.Ол арман –әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып,әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман -тұрмысы бақ-қуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді.

Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық.

Мәңгілік елдің іргетасын қаладық.

Оқушыларды топ-топқа бөлу үшін қағаздарға топ аттары жазылып жасырылады. Кім қай топты таңдаса, сол топқа кіреді.

1 топ Отаншыл

2 топ Намысшыл

3 топ Білімді

4 топ Ұлтжанды

Ой шақыру.

Мұғалімнің сөзі: Отан деген не?

-Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Отан –сенің туған елің, туған жерің, дос –жарандарың, туған туысқаның. Отан- бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді.Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз! Отан деген не, кім қалай түсінеді?

 Көп аузынан түспейтін,

Отан деген немене?

Оның тұлға түс кейпін,

Достым білгің келе ме?

 

Болат: Отан дейміз от жаққан жерімізді,

 Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан дейміз туған жер, атамекен

 – Биік тау, орман, тоғай көлімізді.

 

 Ақжол: Отан дейміз кең-байтақ астананы,

 Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.

 Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,

Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

 

Ақерке: Отан- тарих, Отан – тіл,

 Жасаған елің, өз- халқың.

Отан – өлең, Отан-жыр,

Көтерген көкке ел даңқын.

 

 Гүлназ: Отан – сенің ата-анаң,

 Отан – досың, бауырың,

Отан – өлкең, астанаң,

 Отан – аудан, ауылың.

 

Дильназ: Отан – осы достарым,

Көңілге мұны түйе біл!

«Отан» деп өс жас қауым,

Оны ардақтап сүйе біл!

 (Балалардың пікірлері)

– Отан – бұл біз тұрып жатқан  жер. Біздің туып, өскен ауыл.   Отан- бұл біздің ата- әжеміз, әке-шешеміз, туыстарымыз.

– Дұрыс, Отанына деген сезім – әр азамат үшін ең маңызды сезім. Оны алуан шығармалар, өлеңдер, суреттер арқылы сезінуге болады.  Дарынды ақындар, суретшілер, музыканттар  өз туған жерінің ғажайып табиғатын, сұлулығын көптеген өлеңдер, суреттер, музыкалық шығармалар арқылы мақтан етіп жазған.

  1. Мағынаны таңдау.

Үш топқа қағаз таратылады оқушылар берілген қағазға топ атына сай болу үшін қандай болу керектігін жазады, топтан бір оқушы шығып түсіндірп өтеді.

Мысалы: отаншыл болу үшін не істеу керек? оз отанын сүю т.б.

Постер қорғау «Патриот деген ол ….»

  • Әскери міндетке жауапкершілікпен қарау;
  • Туған жерге деген ыстық сезім;
  • Ата- баба өсиетіне адал болу;
  • Өз Отанын күшті, айбынды ету, гүлдендіруге ұмтылу;
  • Бойындағы күш- қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесі үшін жұмсау;
  • Ана тіліне деген құрмет;
  • Өз халқының әдет- ғұрпын және салт- дәстүрін құрметтеу;
  • Елдің тарихын құрметтеу;
  • Қазақстанда мекен ететін халықтарға деген құрмет сезім;
  • Өз халқының әлеуметтік, мәдени жеңістері үшін мақтану;
  • Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау;
  • Заңға бағыну;
  • Үкіметті сыйлау;
  • Қандай да бір қастандық әрекеттерден Отанын қорғауға дайын болу;
  • Туған жерге, ата- бабасы жатқан жерге құштарлық;
  • Республиканың экономикалық, қорғаныстық әлеуетін тыңбай нығайту;
  • Басты байлығымыз – табиғат пен қоршаған ортаны гүлдендіру
  1. Сұрақ-жауап ойыны.

Сұрақтары.

  1. ҚР елтаңбасында не бейнеленген? – (тұлпар ,шаңырақ,жұлдызша.күн
  2. Қазақстан өз тәуелсіздігін қай жылы алды? – (1991 жыл 16 желтоқсан)
  3. «Отан қорғау» дегенді қалай түсінесің?
  4. Қазақстан қандай мемлекеттермен шектесіп жатыр?. Қытай, Ресей, Қырғыз, Өзбек, Түрікменстан, Әзірбайжан республикаларымен
  5. Әнұранның авторларын ата? – (Ш.Қалдаяқов,Ж.Нәжмединов,Н.Назарбаев.)
  6. ҚР тұңғыш президенті кім? – (Н.Н.Әбішұлы)
  7. ҚР неше облыс бар? – (14 облыс)
  8. Қазақ хандығының құрылғанына неше жыл?
  9. Тұңғыш қазақ ғарышкері кім? – (Тоқтар Әубәкіров)
  10. Конституция күні? – (30 тамыз)
  11. Облысымыздан шығатын газет? –
  12. ҚР тәулсіздігін алғанына биыл неше жыл толады?

“ Туған жеріңе не бересің? ”ойыны

– Сендер тұрып жатқан жер, яғни Орда ауылы  қандай  ағашпен бай ? Қарағайдың қандай пайдасы бар?     Оқушылардың жауабы

Ағаш – адамның күнкөрісіне қажет және рухани өмірде ерекше орын алатын табиғат нысаны.  Тәуелсіз Қазақстанның болашағы сендерсіңдер!  Еліміздің көркейуіне, гүлденуіне «Туған жеріңе не бересің? ”ойыны арқылы өз үлестеріңді қосыңдар.

– Міне, сендерге қарағай ағашын дайындадым.

– Ағашқа не жетіспейді? жапырақтары

– Сендердің парталарыңда  жапырақтар жатыр.  Дайын тұрған жапыраққа «Туған жеріңе не бересің?» сұрағының жауабын  жазып, оқып, қарағай терегіне ілеміз.   Мысалы: әдемі үй салу…).

( Жұмыс аяқталған соң, жапырақтарды жинап, ағашқа әр бала жапырағын іледі.)

  1. Жақсылық –рефлексия

(Балаларды ортаға шақырып, шеңбер құрастыру)

– Менің қолымда ақ түсті бір шүйке жіп. Қазір мен оны шеңбер бойы жіберемін. Қолға түскен жіпті саусаққа орап,  алысқа жетелейтін армандарыңды  тілеңдер.   (Жіп мұғалімге келеді.)

– Бізбен жіп не істеді?

– Қалай ойлайсыңдар, бұл жақсылықтың белгісі ме?   (Балалардың пікірі)

– Дұрыс, жіп бізді біріктірді. Әрқашанда бірге болуымыз керек, бір-бірімізге көмектесуіміз керек. Бір шаңырақ астында тату өмір сүруіміз керек.  Мектепте  болып жатқан әр түрлі шаралардан қалыспауға, өзіміздің үлесімізді қосуға ұмтыламыз. Қазақ халқының дәстүрін, тілін құр­меттеп, еліміздің өсіп-өркендеуі жолында тынбай еңбек еткенде ғана, еліміз де көркейіп, гүлденеді.

Тәрбие сағатын Н.Ә.Назарбаевтың сөзімен аяқтағым келіп тұр: “ Өз Отанының патриоты болу – Қазақстанды өз жүрегінде ұялату ”.

 «Мен кім болам?» тақырыбында  ауызша оқушыларға айтқызу.

Мұғалім: — Ия, балалар, елін, жерін сүйетін азамат болып шығу үшін қандай бала болуымыз керек?

Білімді, өнерлі, ақылды, еңбексүйгіш бала болуымыз керек. Дұрыс-ақ, ендеше Отан, туған жер туралы қандай мақал-мәтелдер білеміз?

«Мақалды тап» ойынын ойнайық.

Отан - http://bilim-all.kz/uploads/images/2017/08/31/original/c4f54416b62ffd6afcd918cf97c2283b.jpg да ыстық.

Отан http://bilim-all.kz/uploads/images/2017/08/31/original/2a5765f5e3b0113f41c4cb91a9f4b6c5.jpg-нан басталады. Т.б

Қорытынды:  Сабағымызды жақсы оқып, еліміздің адал, еңбекқор азаматы болайық. Ер жетіп еліміздің одан әрі көркеюіне, гүлденуіне өз үлесімізді қосайық.

Белгілі ақын атамыз Ж. Молдағалиев:

Өткеніңді еске алсаң,

Өскеніңнің белгісі.

Өткеніңді ұмытсаң,

Өшкеніңнің белгісі,

— деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтап мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Еліміздің жанашыр патриоты болайық.

 

 

 

 

http://bilim-all.kz/uploads/images/2017/08/31/original/2a5765f5e3b0113f41c4cb91a9f4b6c5.jpg

 

 

 

 

 

 

 

                                             

 

 

 

 

 

http://bilim-all.kz/uploads/images/2017/08/31/original/c4f54416b62ffd6afcd918cf97c2283b.jpg

 

 

 

                                                          

 

 

                            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

Тақырыбы: “Мен – өз елімнің патриотымын!” 5 «Б» сынып

Тақырыбы: “Мен – өз елімнің патриотымын!” 5 «Б» сынып

Мен өз елімнің патриотымын

Мен өз елімнің патриотымын

Мен – өз елімнің патриотымын!”

Мен – өз елімнің патриотымын!”

Оның тұлға түс кейпін, Достым білгің келе ме?

Оның тұлға түс кейпін, Достым білгің келе ме?

Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау;

Мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарау;

Дұрыс, жіп бізді біріктірді. Әрқашанда бірге болуымыз керек, бір-бірімізге көмектесуіміз керек

Дұрыс, жіп бізді біріктірді. Әрқашанда бірге болуымыз керек, бір-бірімізге көмектесуіміз керек

Мен өз елімнің патриотымын

Мен өз елімнің патриотымын

Мен өз елімнің патриотымын

Мен өз елімнің патриотымын
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
04.02.2021