Менің алғашқы ұстазым
Оценка 4.7

Менің алғашқы ұстазым

Оценка 4.7
Презентации учебные
pptx
классное руководство
5 кл
13.03.2018
Менің алғашқы ұстазым
Ұстаз! Осынау сөзде қаншама мән-мағына жатыр десеңізші! Ұлағатты ой иелері де, арман оты жүрегінде алаулаған жеткіншектер де, парасатты қоғам қайраткерлері де бір адамға қарыздар. Ол – Ұстаз! Алғаш "Әліппенің” бетін ашып, әріп танытқан, өмірдің қыр-сырын білуге, сан қилы құбылыстарды терең түсінуге мұрындық болып, жан дүниеңе нұрлы шуақ түсіріп, адамгершілікке баулыған мұғалімнің бейнесі көңіл төрінен орын алады ғой. Ұстаз да диқан сияқты. Ол әр адамның жанына білім дәнін себеді. Әр шәкіртін аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға топшысын қатайтып ұшырады. Дәлірек айтсақ, адамды өмір сүре білуге тәрбиелейді. Сол үшін бойындағы асыл қасиеттерін шәкірттеріне сіңіріп, тер төгеді. Оңашада отырып ұстаз туралы ойға кетсем, көз алдымнан ақ жарқын мінезді, ақ жүректі, жылы жүзді ұстаз бейнесі көрініп, мені қиялға батырып, еріксіз нұрлы естеліктерге жетелей жөнеледі...Ұстаз бейнесі – шәкірт үшін адамгершіліктің ең жоғары үлгісі. Ұстаздың лаулаған жалыны әр жүрекке жылу сеуіп, нұр құятын қуаттың, өмірдің қайнар көзі. Саналы ғұмырының басым бөлігін өскелең ұрпақтың оқу-тәрбиесіне арнап, күні бүгінге дейін бар білгенін шәкірттерінің бойына дарытуды мақсат еткен, өз мамандығының білгірі, менің алғашқы ұстазым – Жамал Самарханқызының орны ерекше. Ұзақ жылдар бойы оқушыларын білім нәрімен сусындатып келген білікті ұстаз әлі күнге дейін Темір ауданының Бірінші Мамыр негізгі мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып, табысты еңбек етіп келеді. Оңашада отырып, алғашқы ұстазым туралы ойға кетсем, көз алдыма жарқын мінезді, ақ жүрек, жылы жүзді, қашанда көздерінен мейірім шуағын шашып тұратын Жамал Самарханқызының дидары елестеп, еріксіз қиялға батып, жарқын естеліктерге жетелей жөнеледі... Әр уақытта шашын жоғары түйіп жүретін Жамал апай қазір самайына ақ түсіп, егде тартқанымен, әлі де мейірімге толы көздерімен ауыл оқушыларын күлімдеп қарсы алып тұрады.алғышқы ұстаз
6г коллаж.pptx

Менің алғашқы ұстазым

Менің алғашқы ұстазым
Менің алғашқы ұстазым

Менің алғашқы ұстазым

Менің алғашқы ұстазым
6 «г» сыныбы
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
13.03.2018