Мен елімнің патриотымын. Тәрбие сағаты.
Оценка 5

Мен елімнің патриотымын. Тәрбие сағаты.

Оценка 5
Мероприятия
docx
воспитательная работа
3 кл
11.01.2017
Мен елімнің патриотымын. Тәрбие сағаты.
Оқушыларға Мәңгілік ел –идеясының маңызын түсіндіру, патриоттық сезімдерін арттыру. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арналған дәстүрлі Жолдауын жариялады. Жалпы тәуелсіздігіне жиырма жылдан астам уақыт болған ел егемендігінің тарихына үңілсек, мемлекетіміздің алуан бағыттағы тыныс - тіршілігінің дамуына бірден - бір ықпал еткен фактор - бұл Елбасымыздың халыққа арнаған Жолдауы екендігіне көз жеткізер едік. Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы. 2014 жылдың 17 қантарында Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауын таныстыру. Басты мақсат-Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол –«Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті», — деп бастады. Бұл орайда елең еткізген жаңалық –тұңғыш мемлекеттік ресми идеология , яғни «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы, бұл ҚР ұлттық идеясынан келген түйын –тұжырым . Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу.
Мен елімнің патриот. Тәрбие сағаты..docx
ШҚО, Қазақстан, «Курчатов қаласының №2 жалпы білім  беретін орта мектебі» КММ Бастауыш сынып мұғалімі КабдыкаримоваМ.А . Мен елімнің патриотымын 1 Қыркүйек­Білім күніне арналған тәрбие сағаты 3 «А» сынып Сабақтың тақырыбы            Мен елімнің патриотымын Сабақтың мақсаты Оқушыларға  Мәңгілік ел –идеясының маңызын түсіндіру, патриоттық сезімдерін  арттыру. Сабақтың міндеттері  Білімділік  Оқушыларға Президенттің жолдауы ,  патриоттық акт­Мәңгілік ел  мағынасымен  таныстыру.  Дамытушылық  Отанымыздың байлығын қорғауға, елімізді өркендетуге өз үлестерін қосуға  баулу. Отанын сүюге, бірлікке, ел тарихын білуге, еліміздің мемлекеттік  рәміздерін құрметтеуге үйрету.  Басқа ұлт өкілдерінің тілін, мәдениетін, салт­дәстүрін құрметтеуге баулу. Тәрбиелелік  Білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.  Сабақ түрі     ашық сынып сағаты Сабақ әдісі    әңгімелесу  Сабақтың көрнекілігі «Қазақстан ­ 2050» стратегиясы,  Қазақ елі суреттері,  Қазақстан Республикасының рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н. Ә  Назарбаевтың суреті, нақыл сөздер. Сабақ барысы  І. Ұйымдастыру бөлім ІІ. Негізгі бөлім Кіріспе:  Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арналған дәстүрлі  Жолдауын жариялады. Жалпы тәуелсіздігіне жиырма жылдан астам уақыт болған ел егемендігінің тарихына үңілсек, мемлекетіміздің алуан бағыттағы тыныс ­  тіршілігінің дамуына бірден ­ бір ықпал еткен фактор ­ бұл Елбасымыздың  халыққа арнаған Жолдауы екендігіне көз жеткізер едік. Елбасының «Қазақстан жолы ­ 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы. 2014 жылдың 17 қантарында Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың кезекті  халыққа жолдауын таныстыру. Басты мақсат­Қазақстанның ең дамыған 30  мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол –«Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел  тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің  кемел келбеті», — деп бастады. Бұл  орайда елең еткізген жаңалық –тұңғыш мемлекеттік ресми идеология , яғни  «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы, бұл ҚР ұлттық идеясынан келген түйын – тұжырым . Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық  ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған   мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз  шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу. Мәңгілік ел   Мәңгілік ел ата­бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.  Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан  ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді.   Ол арман – тұрмысы байқуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен  қарайтын бақытты ел болу еді.   Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. мәңгілік елдің іргетасын қаладық.   Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға  жетелейтін идея бар.   Ол – Мәңгілік ел идеясы.   Тәуелсіздікпен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді.   Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – мәңгілік елордамызды  тұрғыздық.   Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге  арналады.   Ендігі ұрпақ – мәңгілік қазақтың перзенті.   Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы – мәңгілік ел!   Мәңгілік ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан 2050»  стратегиясының түп қазығы.  «Қазақстан 2050» – мәңгілік елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол.   Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда. Мәңгілік ел эмблемасымен таныстыру        Ой қозғау  ­ Балалар, біздің туған өлкеміз қалай аталады? ­ Қазақстан ­ Қазақстан қандай мемлекет? ­ Тәуелсіз, мәңгіл ел ­ ҚР­сының мемлекеттік тілі қандай? ­ Қазақ тілі. ­ Мәңгілік ел дегенді қалай түсінесіңдер?  ­Мәңгілік елдің сен үшін маңызы қандай? ­Мәңгілік ел идеясына сен қандай үлес қосар едің? Қазақстанның бүгінгі жетістіктерін еске түсірейік     1991 жылы желтоқсанның 16­сында Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялады.  Осылайша әлем картасында Тәуелсіз Қазақстан атты жаңа мемлекет пайда болды.  Оның тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.    1992 жыл. Бүкілхалықтық талқылаудан кейін 1992 жылғы маусымда Жоғарғы Қеңестің сессиясы  Республиканың жаңа мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын бекітті. Ту авторы — суретші Шәкен  Ниязбеков, Елтаңба авторлары — сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков, Шот­Аман Уәлиханов.    1992 жылғы 11 желтоқсанда Қазақстан Республикасы мемлекеттік Әнұранның мәтіні  бекітілді.    1992 жылы Алматы қаласында Дүниежүзі қазақтарының І Құрылтайы өтті.    1993 жылғы қаңтардың 28­інде Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы  қабылданды. Сөйтіп, төл теңгеміз 1993 жылдың 15 қарашасында айналымға түсті.    1994 жылы 6 шілдеде Жоғарғы Кеңес депутаттары астананы Ақмола қаласына көшіруге  шешім қабылдады.    1995 жылғы 1 наурызда мемлекет басшысы жанындағы қоғамдық консультациялық­кеңесші  орган — Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды. Оның мақсаты — қоғамдық  тұрақтылық пен ұлтаралық татулықты нығайту болды.    1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды.    2001 жыл автомобиль жолдары жылы болып жарияланды. Трансевразиялық магистраль  «Батыс Еуропа —Батыс Қытай» жобасы басталды. Еліміздегі жолдардың көп бөлігі жөнделіп,  жаңа жолдар салынды. Әуежайлар мен Каспийдегі теңіз порты қайта құрылды. Қалың жұртшылықты Қазақстан халқының тарихи­мәдени игіліктерімен таныстыру мақсатында 2000 жылы Қазақстан Республикасы Президенттік мәдениет орталығы құрылды.    2011 жылғы халқымыз үшін ең басты мереке бұл Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы. Бұл  ­Тәуелсіз еліміздің тарихындағы осы күнге дейінгі ең атаулы оқиға. Елбасымыздың тәуелсіздік  пен мемлекеттілікті одан әрі нығайтуға және еліміздің болашақта дамуын қамтамасыз етуге  бағытталған. ІІІ. Әдебиеттік бөлім  /Туған өлке туралы өлеңдер оқу/ Отан­жерім, Отан­суым, Отан қуат, нәр береді. Отан ­ ұран, Отан ­ туым, Отан мәңгі гүлденеді! Отан­сенің ата­анаң, Отан­досың, бауырың. Отан ­ өлкең, астанаң, Отан ­ аудан, ауылың. Отан ­ тарих, Отан ­ тіл, Жасаған елің, ер халқың. Отан ­ өлең, Отан ­ жыр, Көтерген көкке ел даңқын.   Отан ­ осы, достарым, Көңілге мұны түйе біл. «Отан» деп өс, жас қауым, Оны ардақтап сүйе біл! Мен ­ қазақпын мың өліп, мын тірілген. Жөргегімде таныстым мұң тілімен. Жылағанда жүрегім, күн тұтылып, Қуанғанда күлкімнен түн түрілген. Мен ­ қазақпын, ажалсыз анамын мен, Құрсағыма сыйдырам даланы мен. Пәк сәбимін бесікте уілдеген, Дәуірлермен құрдаспын, данамын мен. ІІІ. Қорытынды       Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ  елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын ­ қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Мыңдаған жылдық  тарихы бар. Қазақстан тәуелсіздік алды. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі, оны ұстап тұру  әлдеқайда қиын. Бұл – әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи  шындық. Өзара алауыздық пен жан­жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға  жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер  қаншама. Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың  түйіні біреу ғана – мәңгілік ел біздің өз қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы  алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған мәңгілік тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек. Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі болсын!  Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын! Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, жасай  берсін, елдігіміз мәңгілік! ­Сіздер мектепте "Мәңгілік ел" ұлттық ойы, мектепте қандай жолмен жүзеге асырылуы керек  деп ойлайсыздар? ­ «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті.  Елбасының «Мәңгілік ел» идеясы баршамызды бір мақсатқа, ортақ мүддеге жұмылдыратын  ұранға айналуы тиіс. Осыдан әрқайсымыз ой түйіп, Тұңғыш Президентіміз айтқандай Қазақ  елінің мәңгілік болуына аянбай еңбек етуіміз керек. Елбасы белгілеп берген «Қазақстан­2050»  стратегиясы ұлттың ұлы бағдары. Мәңгілік ел біздің өз қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі  қамшылап, ұдайы алға ұмтылу керек.      Білім ­ барлық уақытта жоғары құндылықтардың бірі болған. Тек білімді, сауатты адам ғана келешек тізгінін қолына ала алады. Осыны ескере отырып Елбасы Н. Назарбаев өз Жолдауында Қазақстан  Республикасының Білім беру жүйесін әрі қарай дамыту, жетілдіру жоспарын құрып, көптеген  мақсаттарда көздеп отыр. Ал оқушыларымыз Омар Хайам айтқандай: Сен жанбасаң лапылдап,  Мен жанбасам лапылдап,  Аспан қайдан ашылмақ дегендейін, ­оқушыларымыз да заман ағымынан қалыспай, ұлттық  құндылықтарды сақтап, білімді, белсенді болуымыз керек. Бүгінгі ұрпақ білімді болса, ел ертеңі жарқын болмақ, сонда ғана біз "Мәңгілік ел" боламыз.

Мен елімнің патриотымын. Тәрбие сағаты.

Мен елімнің патриотымын. Тәрбие сағаты.

Мен елімнің патриотымын. Тәрбие сағаты.

Мен елімнің патриотымын. Тәрбие сағаты.

Мен елімнің патриотымын. Тәрбие сағаты.

Мен елімнің патриотымын. Тәрбие сағаты.

Мен елімнің патриотымын. Тәрбие сағаты.

Мен елімнің патриотымын. Тәрбие сағаты.

Мен елімнің патриотымын. Тәрбие сағаты.

Мен елімнің патриотымын. Тәрбие сағаты.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
11.01.2017