Мен патриотпын атты сынып сағаты
Оценка 4.8

Мен патриотпын атты сынып сағаты

Оценка 4.8
Работа в классе
docx
классное руководство
5 кл
04.04.2017
Мен патриотпын атты сынып сағаты
Мен елімнің патриотымын атты сынып сағаты мұғалімге арналған көмекші құрал. Тәрбие жоспары еліміздің патриоттарына арналған. Ойын түрінде жеңіл сағат. Оқушылар өз елінің патриоты деген түсінік алады. 5 сыныпқа арналған. Патриот деген кім? ойын ойнайық. Сынып сағатына өз жоспарымды арнап отырмын.Бірінші президент күніне арналған сынып сағаты
Президент күні.docx
Сыныптағы тәрбие сағаты.  7 сынып. Тақырыбы: «Менің Қазақстаным – Менің Президентім» Мақсаты: а/ Оқушылардың өз Отаны – Қазақстан туралы білімдерін кеңейту; ел  тарихында болған маңызды оқиғаларды түсініп ажырата білуге, еліміздің тұңғыш  президенті туралы түсінігін кеңейту. ә/ Оқушының бойында өз көзқарасы, білімін қалыптастыру. б/ Отанды сүюге, байлығын қорғауға, елжандылыққа, елге,жерге деген патриоттық сезімін  ояту, тәрбиелеу. Көрнекілігі: Отан, табиғат көріністері туралы плакат, альбомдар т.б. Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі 2.Мұғалімнің кіріспе сөзі 3.Оқушылармен жұмыс М: Тыңда жолдас, тыңда дала,тыңда ел! Сөйлеп тұрған күншығыстан жомарт өңір  Қазақстан! Жұмыр жердің оңтүстік шығысында еркін көсілген байтақ өлке – менің елім –  келбетті, нұр сәулетті Қазақстан! О: Жасыл шүйгін, кең жайлау, асау өзен, асқар тау, кербез орман, көркем бел, лебі жұпар,  ерке жел. Жанға сая панамыз – Қазақстан көркем жер! О: Бүгінгінің биігінен көз салып көр еліме,       Қазақстан бүгін міне, жеке отау салтанаты жарасқан!      Бір отбасы, бір туысқан бір­біріне қарасқан!      Тәуелсіздік асқарынан барласаң,      Бір шынардың бұтағындай, күн нұрына таласқан! О: Елдің атын жазамын,      Жердің атын жазамын.      Туған тілге тазамын,       Батаңды бер қазағым! О: Бүгін міне, қазақ халқы азат болды, орын алды тарихтың төрінен.      Бақыт тапты шаттық көрді, қош айтысты сан ғасырлық шерімен! М: Ия оқушылар, сендер дұрыс айтасыңдар.          Сараптап тарих беттерін,          Парақтап тарих беттерін.          Оқыдың одан не қилы,          Шежірелі өткелін. 1990 жылы 25 қазанда «Қазақ ССР­інің Мемлекеттік егемендігі» туралы декларация заң  жүзінде бекітілді. / аппликацияға жабыстырылады/ О: 1990 жыл...24 сәуірде ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Н.Ә.Назарбаевты ҚазКСР­інің тұңғыш  Президенті етіп сайлады. / аппликацияға жабыстырылады/ О: 1991 жыл 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі  жарияланған жыл. / аппликацияға жабыстырылады/ О: 1991 жыл... 1 желтоқсанда республикада бүкілхалықтық Президент сайлауы өтіп,  Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаев сайланды. О: 1992 жыл... 2 наурызда Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды. О: 1993 жыл 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясы Ата заңы  қабылданды. М: Еліміздің тарихындағы мәңгілік алтынмен апталып, күміспен қапталып жазылған  мемлекеттік белгілері, таңбалары көк аспанда шарықтады олар: О: Ал самға әлем кезіп, Әнұраным,     Қалықта Елтаңбасы – шаңырағым. О: Көк байрақ, көгерт менің көсегемді,     Аспандат Атам қазақ Аруағын! / «Атамекен» әні. Осы уақытта бейнетаспадан Қазақстанның көрікті жерлері мен  қалалары көрсетіледі/. М: Ия, оқушылар, бүгін Қазақ елінің тәуелсіз ел болғанына тура 22 жыл да толыпты.  Егеменді елімізбен қатарласа туған сәби балаларымызға да 22 жыл толыпты. Біз осы  еліміздің патриоты саңлақтары, жалғастырушысы, ұрпағы болуымыз өз қолымызда.  Еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевты «Мыңжылдықтың саңлағы» деп таныдық.  Елімізді әлем елдеріне танытып, дүние жүзі елдерінің қатарына қосылдық. Халқымыздың дара да , дана да болған елбасы туралы «блиц ­ турнирге» шақырамын. «Блиц­турнир» 1. Қазақстан унитарлы мемлекет болып санала ма? 2. «Унитарлы» деген сөздің мағнасы не? /зайырлы/ 3. Мемлекеттіліктің жалғыз ғана бастауы неден басталады? /халықтан/ 4. ҚР негізгі билік бастауы неден басталады? /Ата заңынан/ 5. ҚР мемлекеттік тілі /қазақ тілі/ 6. ҚР рәміздерін ата 7. Әнұранымыздың авторлары 8. Еліміздің астанасы қай қала 9. Қазақстанның космодромы /Байқоңыр/ 10. Астананың символына айналған.../Бәйтерек/ 11. Биіктігі.../97м./ 12. Н.Ә. туған жылы,айы,күні./                      / 13. Ең алғашқы жұмыс істеген орны. 14. Жазған кітабының бірі /тарих толқыны/ 15. 2013 жылы Н.Ә.Назарбаевқа бейбітшілік пен келісім сарайында қандай атақ берді  /Бейбітшілікті жақтаған алғашқы рыцар атағымен «Рыцарлығы үшін» орденімен  марапаттады/ 16. Президент сөзінің синонимі/елбасы, басшы,/ 17. М: Тәуелсіздік ата тарихымызды, ана тілімізді, дінімізді, даламызды жалғастырды. «Отан»,  «Елім», «Жерім» деп жүрегімізді қақтырды, шартарапқа танытты, патриоттарымен  сүйгізді. Олай болса балалар, сендерсіңдер еліңнің болашағы. Осымен сыныптағы тәрбие сағатымыз аяқталды. О: Жасыл шүйгін, кең жайлау, асау өзен, асқар тау, кербез орман, көркем бел, лебі жұпар, ерке жел. Жанға сая панамыз – Қазақстан көркем жер! О: Бүгінгінің биігінен көз салып көр еліме,       Қазақстан бүгін міне, жеке отау салтанаты жарасқан!      Бір отбасы, бір туысқан бір­біріне қарасқан!      Тәуелсіздік асқарынан барласаң,      Бір шынардың бұтағындай, күн нұрына таласқан! О: Елдің атын жазамын,      Жердің атын жазамын.      Туған тілге тазамын,       Батаңды бер қазағым! О: Бүгін міне, қазақ халқы азат болды, орын алды тарихтың төрінен.      Бақыт тапты шаттық көрді, қош айтысты сан ғасырлық шерімен! М: 1990 жылы 25 қазанда «Қазақ ССР­інің Мемлекеттік егемендігі» туралы  декларация заң жүзінде бекітілді.  О: 1990 жыл...24 сәуірде ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі Н.Ә.Назарбаевты ҚазКСР­ інің тұңғыш Президенті етіп сайлады. О: 1991 жыл 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік  тәуелсіздігі жарияланған жыл.  О: 1991 жыл... 1 желтоқсанда республикада бүкілхалықтық Президент  сайлауы өтіп, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаев  сайланды. О: 1992 жыл... 2 наурызда Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды. О: 1993 жыл 28 қаңтарда Қазақстан Республикасының тұңғыш  Конституциясы Ата заңы қабылданды. О: Ал самға әлем кезіп, Әнұраным,     Қалықта Елтаңбасы – шаңырағым. О: Көк байрақ, көгерт менің көсегемді,     Аспандат Атам қазақ Аруағын!

Мен патриотпын атты сынып сағаты

Мен патриотпын атты сынып сағаты

Мен патриотпын атты сынып сағаты

Мен патриотпын атты сынып сағаты

Мен патриотпын атты сынып сағаты

Мен патриотпын атты сынып сағаты

Мен патриотпын атты сынып сағаты

Мен патриотпын атты сынып сағаты

Мен патриотпын атты сынып сағаты

Мен патриотпын атты сынып сағаты

Мен патриотпын атты сынып сағаты

Мен патриотпын атты сынып сағаты
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
04.04.2017