«Ел есінде бір жыл қалғың келсе – ас бер, он жыл қалғың келсе – ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе – бала тәрбиеле » дейді дана халық. Ұлылықтың ұйытқысы болған ұзтаздық мамандық – нағыз қасиетті мамандық.
Қоғам дамуында білім беру ең маңызды мәселе болып табылады. Заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған маман – уақыт талабы.
.....docx
«Менің педагогикалық іс тәжірибемнен»
«Ел есінде бір жыл қалғың келсе – ас бер, он жыл қалғың келсе – ағаш
отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе – бала тәрбиеле » дейді дана халық.
Ұлылықтың ұйытқысы болған ұзтаздық мамандық – нағыз қасиетті мамандық.
Қоғам дамуында білім беру ең маңызды мәселе болып табылады.
Заман ағысына сай біліммен қаруланған ойөрісі жоғары, зерделі, жанжақты
дамыған маман – уақыт талабы. Кеше ғана көк туын желбіретіп шаңырақ
көтерген егемен елімізді өркениетке жетелейтін білім бастауында мектеп, ал
сол мектепте жас ұрпақ бойына білім негізінің мәңгілік іргетасын қалаушы
ұстаз тұрады. Ұстаз қай кезде де мектептің жүрегі, қоғамның тірегі. «Келер
ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз» деген елбасы
Н.Ә.Назарбаев бүгінде мұғалімдерге үлкен жауапкершілік жүктеді. Осы
орайда оқушы бойына білім, білік, дағды, құндылықтарды қалыптастыруда
бастауыш бастауыш сынып мұғалімінің алатын орны ерекше.
Қазіргі таңдағы ұстазға деген талап жан жақтылықты талап етеді.
Сондықтан мұғалім тәрбиелі, сауатты болу керек. Сонда ғана әр баланың
жүрек төрінен орын алары сөзсіз.
Мұғалім жұмысының күрделі екендігі баршаға аян. Бүгінгі сабақты
өткізген соң ертеңгі сабаққа тың ой, идея , өзгеше әдіс тәсілмен келу керек.
Қазіргі ақпаратты технологияның, компьютердің үлкен орын алып тұрған
заманында сабақты қызғылықты етіп оқушыға жеткізу, меңгерту үлкен
ізденісті қажет етеді. Осынау қиыны мен қызығы мол еңбек жолымдағы
педагогикалық ұстанымым – үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан
көріну және әр оқушының бойынан жақсылық тауып, бұлақтың көзін ашу
арқылы биік мақсаттарға жетелеу.
Осы орайда өзімнің педагогикалық іс тәжірибеммен бөлісер болсам,
оқушылардың алған білімін иеленіп қана қоймай, оларды орынды жерде
пайдалана білуіне басты назар аудару керек. Сонымен қатар ақпараттық
коммуникациялық технологияларды пайдалану білім ортасын айтарлықтай
кеңейтуге және танымдық іс әрекеттерді арттыру үшін қосымша
дидактикалық жағдайлар жасауға , өзін өзі дамыту дағдыларын
қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сондықтан жаңа сабақтың мазмұнына сай
бейне роликтер көрсету оқушылардың сабақты толық игеруіне көмектеседі.
Сабақтарымда Сыни тұрғыдан ойлау технологиясының Топтастыру, Венн
диаграммасы, Инсерт, Бес жолды өлең т.б стратегияларын үнемі қолданып
отырамын.
Мұғалім білім беру үрдісінде сыныптағы оқушылардың проблемалық
мәселелерін көре білу керек және таба білу керек. Осы келелі мәселелерді
жою мақсатында әрбір сабағында нәтижелі әдістәсілдерді пайдалануы керек. Осы мақсатта, өз сабақтарымда жиі пайдаланатын әдіс диалогты оқыту.
Бұл әдісті мен неге алдым?
Оқушы бойында кездесетін кедергілер қандай? Себебі, қазіргі таңда көптеген
оқушы өз ойын еркін жеткізе алмайды. Ал, сөйлей алады деген оқушылардың
сөздік қоры тым аз. Бүгінгі күні ойы жүйрік, сөзге шешен, көзқарасы кең
оқушыны қалыптастыру біздің парызымыз және міндетіміз. Ал, сабақ үрдісі
кезіндегі диалогтың маңызы зор. Оқушылар бірбірімен пікірлеседі, талдайды
және мұғаліммен диалог жүргізеді, өз ойларын білдіреді.
Диалогты оқытуда ең алдымен "түрткі болу" сұрақтары қойылады. Содан
соң «Мысал келтіре аласың ба?" немесе «Дәлелің бар ма?" деген сынақтан
өткізу сұрағын қояды. Егер оқушыда жауап беруде кідіріс туындап жатса,
"Қане, кім көмектесе алады?" деген "қайта бағыттау сұрағы" қойылып,
диалог үздіксіз жалғасын табады. Бұл кездерде оқушыға ойланып, тақырып
мазмұнын есіне түсіруіне тура келеді және өзінің ішкі пікірін айтуға
ұмтылады. Сыныптағы оқушылардың әрқайсысының пікірі құнды екені
ескеріледі. Мысалы, мұғалім қойған сұраққа оқушылар әр түрлі жауап беруі
мүмкін. Мұғалім біріңдікі дұрыс, екіншіңдікі қате деп айтуға болмайтындығы
ескеріледі. Мысалы, 4сыныптағы ана тілі пәнінен "Мен қалай торғай
болдым?" әңгімесін өткен кезде "Жазушының идеясы не деп ойлайсыңдар,
автор осы шығарма арқылы не айтқысы келді?"деген сұраққа оқушылардың
жауабы түрлі болды. Бір оқушым торғай болған қиын екен, адам болғаныма
қуанамын десе, екінші оқушым табиғатта адамның, жан жануардың, өсімдіктің
өзіндік орны болады деп жауап берді. Оқушы мен оқушы арасындағы диалог,
біріншіден, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын оятса, екіншіден,
түрлі сұрақтарға сыни жауап беру, өз ойларын еркін жеткізуге жетелейді.
Осындай "түрткі болу", "сынақтан өткізу", "қайта бағыттау" сұрақтары
нәтижесінде тақырып мазмұны талданады, оқушылар бірбірінің пікірін біледі,
өмірге деген көзқарастары кеңейеді. Сабақ зерттеушілік әңгіме арқылы өзінің
оң нәтижесін береді.
Сабақта оқушылар нені үйренеді?
1. Оқушылар еркін пікір білдіруді;
2. Шығарманың идеясын түсінуді;
3. Әркімнің пікірі құнды екенін түсінеді;
4. Біржақты пікірде болмауды үйренеді. Сонымен қатар заман талабына сай Кембридж оқыту жүйесіне сай
сабақтарымды топтық түрде өткізіп жүрмін. Оқушылар өз ойларын еркін
білдіреді, бірін бірі бағалайды, топпен жұмыс жасау арқылы ұжымшылдыққа
тәрбиеленеді.
Мұғалім қай сабақты болсын, қандай тәсілді өткізседе ол мұғалімнің
педагогикалық шеберлігіне байланысты. Педагогикалық шеберліктің негізі –
балалардың өз еркімен дамуына жол ашу, оқу – тәрбие процесінде
оқушылармен педагогикалық ынтымақтастықтар жұмыс атқарудың
формаларын,
шәкіртке деген қамқорлық пен
сүйіспеншілікті арттыру педагогикалық шеберліктерінің басты сипаты болып
табылады. Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі бұл оқушының жеңісі деп
білемін.
әдістерін дамыту,
«Менің педагогикалык шыгармашылыгымнан»
«Менің педагогикалык шыгармашылыгымнан»
«Менің педагогикалык шыгармашылыгымнан»
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.