Эссе - очерк, раскрывающий какие либо проблемы, на основании размышлений человека и оформленный в свободной форме.
В разделе «Эссе» можно найти интересные педагогические размышления, наблюдения которые помогут начинающим педагогам правильно излагать свои мысли, определиться с темой собственного письменного размышления. Родители и педагоги со стажем смогут взглянуть на воспитательно-образовательный процесс под другим углом.
МЕН- ТӘРБИЕШІМІН эссе.docx
МЕН ТӘРБИЕШІМІН
Бабаниязова Мейрамгуль Садуакасовна
«Нұрай бөбек» балабақшасы,
Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Сарыжар
ауылы.
Қазіргі заман талабы жаңартылған білім негіздеріне негізделіп отыр.
Ол дамыта оқыту, даралап – деңгейлеп оқыту, болжап оқыту. Олай
болса аталған жүйе ұстаз атты жандардан терең білімді, үлкен
жауапкершілікті, шығармашылық пен зор еңбекті талап етері сөзсіз.
Қазіргі заман иесін тәрбиелеу, әлемдік білім деңгейіне көтерілу,
өркениет өріне шығу оңай іс емес.
Тәрбиеші : ол ұстаз, ол бапкер.
Ұлы ғұлама ұстаз әл – Фараби: « Балаға ең алдымен дұрыс тәрбие беру
керек,
тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның
өміріне опат әкеледі», деп бекер айтпаса керек.
Тәрбиеші еңбегінің күрделілігі әрбір бүлдіршіннің жүрегіне жол таба
білуінде.
Бүгінгі тәрбиеші жанжақты сауатты, ұлттық мәдениетіміз бен салт
дәстүрімізді бойына сіңірген, тарихын терең зерделей білетін, рухани
дүниесі бай, өзін де өзгені де сыйлай білетін, қиялы ұшқыр жандар.
Тәрбиеші ұстаз ол саяси сауатты, заман ағымына сай жанжақты
білімді, бала жанын тани білетін, онымен үндесе алатын психолог.
Сонымен бірге оның бойында өз ісіне деген құштарлық, балаға деген
сүйіспеншілік болуы керек.
Дана бабаларымыз: «Білгенім бір тоғыз, білмегенім тоқсан тоғыз»
деп бекерге айтпаған. Сондықтан әр маман өз кәсібі негізінде үздіксіз
іздену, үнемі үйрену жолында болуы керек.
Мен «Балақай» тобындағы 23 жасар бүлдіршіндермен жұмыс жасаймын.
Оқыту мен тәрбиелеудің басты міндеттерінің бірі патриоттық сезімді
дамыту; яғни ұлттық нышандарды тани білу, оларды қастерлей де
құрметтей білуге баулу. Мен осы жолда өз тобымда «Менің
Қазақстаным», «Ұштаған – менің ауылым» атты танымдық шаралар
өткіздім. Ондағы мақсатым өз еліне, туған жеріне деген патриоттық
сезімдерін қалыптастыру.
Менің бағдарламалық жүйе бойынша әдістемелік мақсатым:
«Тақырыптық ойындар арқылы балалардың сөздік қорын дамыту». Осы
мақсатта сюжеттікертегілік ойындар арқылы балалардың сөздік қорын
байытып, өз ойларын тиянақты жеткізе білу, үйренген жаңа сөздерін дұрыс қолдана білу, өзара қарымқатынасқа түсе білу дағдыларын
қалыптастыру.
Атап айта кетер болсам, әр мереке кездерінде мерекелік ертеңгіліктер
өткіземін. Сонымен қатар ұлттық салтдәстіріміз негізінде « Тұсау кесу»
рәсімін сахналық көрніс арқылы көрсеттім.
Балаға білім беру, білім бере отырып тәрбиелеу әрбір тәрбиеші
ұстаздың басты міндеті де борышы. Аяулы да сүйікті ұстаз дәрежесіне
жету, әр бүлдіршіннің мәңгі есінде қалу ол оңай іс емес. Ол жылдар
бойы төгілген тердің нәтижесі. Ұлы Абай : «Адам өмірге келгенде екі
түрлі мінезбен келеді; бірі ішссем, жесем, екіншісі – білсем, көрсем .
Біріншісі – тән азығы, екіншісі – жан азығы. » Олай болса Ұлы
данышпанның нені меңзегенін дұрыс түсіне отырып, бүгінгі бүлдіршін,
ертеңгі ел болашағы екенін естен шығармайық.
Мен өзімнің «Тәрбиеші» мамандығын таңдағаныма мақтанамын. Өйткені
мен елімнің ертеңін тәрбиелеп, баулып отырмын.
МЕН- ТӘРБИЕШІМІН (эссе)
МЕН- ТӘРБИЕШІМІН (эссе)
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.