Методическое пособие для проведения уроков ДПИ
Оценка 4.7

Методическое пособие для проведения уроков ДПИ

Оценка 4.7
Раздаточные материалы
pdf
технология +1
Взрослым
07.02.2018
Методическое пособие для проведения уроков ДПИ
Технология сабақтарында халқымыздың қолөнерін үйрету арқылы оқушыларға ұлттық дәстүрге тәрбие берудің артықшылығы көп. Қолөнерге баулу, шығармашылықпен ұштастырып білім беру, еңбек етуге баулумен қатар ата-бабаларымыздан қалған салт-дәстүрге тәрбиелеу қазіргі заманның талабы. Қолөнерге қызықтыру үшін кез келген бұйымның, туындының жасалу құпиясын, тарихын ашып көрсетсек, қосымша әдебиеттерден мағлұматтар берсек қайталанбас ерекшеліктерге толы жасалу технологиясымен таныстырсақ оқушы шығармашылықпен іске кіріседі. Оқушылардың еңбекке деген ықыласы мен ынтасын, талабы мен талғамын, шығармашылық іскерлік қабілеттерін арттыру, ойлау, өздігінен жұмыс істей алу іскерлік, біліктілік, дағдылық қабілеттерін дамыту мақсатында технология пән мұғалімдері мен оқушыларға ұсынылып отыр.Оқушылардың еңбекке деген ықыласы мен ынтасын, талабы мен талғамын, шығармашылық іскерлік қабілеттерін арттыру, ойлау, өздігінен жұмыс істей алу іскерлік, біліктілік, дағдылық қабілеттерін дамыту мақсатында технология пән мұғалімдері мен оқушыларға ұсынылып отыр.
Сәндік қолданбалы өнер сабақтарын.pdf

 

 

 

 

 

 

Методическое пособие для проведения уроков декоративно-прикладного искусства  (по технологии для 5—9 классов)

 

 

Сәндік қолданбалы өнер сабақтарын өткізуге арналған дидактикалық материалдар

 

(Технология пәні бойынша 5-9 сыныптар үшін әдістемелік құрал)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құрастырған: Павлодар қаласының №37 жалпы орта білім беру мектебінің  технология пәнінің мұғалімі Салтанат Николаевна Кинжибаева 

 

1

 

 

Павлодар қаласы, 2018 жыл

2

Мазмұны

 

1               Мазмұны   2

2               Түсінік хат          3

3               Еңбек қауіпсіздігі және гигиеналық тазалық ережелері      4

4               Жүннен ылғалды киiз басу техникасында дайындалған «Жаз» моншағын 5 жасау технологиясы 

5               Капроннан лала гүл жасау технологиясы.         10

6               Кусудаманың жасау технологиясы          15

7               Квиллинг техникасында гүлдің орындау технологиясы      18

8               Модульдік оригами орындау технологиясы      21

9               Аққуды модульдік оригами технологиясымен орындау технологиялық 23 картасы

10          Қолданылған әдебиеттер тiзiмі       27


Түсінік хат Мақсаты:

Балаларға қосымша білім беруде оқушының білімін, шеберлігін  көрсету. Оқушыны шығармашылық жұмысқа тарту арқылы танымдық қабілеттерін, қызығушылығын арттыру, жетістіктерін бағалап көрсету, белсенділігін қалыптастыру, өздігінен еңбек етуге дайындау, іскерлігін дамыту.

Міндеті:

Оқушыларды шығармашылыққа тарта отырып жобаны тани білуге, он саусағынан  өнері тамған баланы тәрбиелеу.  Шәкіттердің шеберлігін, білім мен еңбегін көрсету. Іскерлік, икемділік қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік дағдысын жеткізіп, еңбектену жұмысына төзімділігін жеткізу.

Қазір ел болып егемендік алып, көк туымыз желбіреп, әлемдегі тұрағы биік елдермен терезесі тең өмір сүріп келеміз. Қай заман, қай қоғамда болсын адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне зор мән берген.   Елімізді-2030 жылы «Ақ барысқа» айналдыратын күш - бүгінгі оқушы балалар екені де анық. 

Технология сабақтарында халқымыздың қолөнерін үйрету арқылы оқушыларға ұлттық дәстүрге тәрбие берудің артықшылығы көп. Қолөнерге баулу, шығармашылықпен ұштастырып білім беру, еңбек етуге баулумен қатар атабабаларымыздан қалған салт-дәстүрге тәрбиелеу қазіргі заманның талабы. Қолөнерге қызықтыру үшін кез келген бұйымның, туындының жасалу құпиясын, тарихын ашып көрсетсек, қосымша әдебиеттерден мағлұматтар берсек қайталанбас ерекшеліктерге толы жасалу технологиясымен таныстырсақ оқушы шығармашылықпен іске кіріседі.

Оқушылардың еңбекке деген ықыласы мен ынтасын, талабы мен талғамын, шығармашылық іскерлік қабілеттерін арттыру, ойлау, өздігінен жұмыс істей алу іскерлік, біліктілік, дағдылық қабілеттерін дамыту мақсатында технология пән мұғалімдері мен оқушыларға  ұсынылып отыр. 

Әдістемелік кешен мазмұны 5-9 сыныптарда «Сәндік-қолданбалы өнер элементтері негізіндегі көркем қолөнер технологиясы» бөлімі бойынша оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарына бағытталды. Сонымен қатар еңбектің техникалық қауіпсіздігін сақтау ережесі ескерілген. 

Бұл әдістемелік кешенде бұйымның жасалу технологиялық реті, оған арналған кұрал-жабдыктар мен дайын бұйымның суреті берілген. Сабақта алған теориялық білімдерін практикалық іс жүзінде қолдана алуға мүмкіндік береді. Жасалынатын бұйымдар интерьерлік безендіру жұмыстарына, адамдарға сыйлық ретінде ұсынуға, жоба жұмыстарына үлгі ретінде пайдалануға әбден болады. Осы дидактикалық құрал арқылы кез келген қалдық заттарды үнемді пайдалана отырып, көркем картина жасауды, әр түрлі әсем бейнедегі бөтелкелерді, шкатулкаларды, сандықтарды безендіре алуды, табиғи материалдардан түрлі бұйым жасауды өз беттерінше орындап үйренеді.

Еңбек қауіпсіздігі және гигиеналық тазалық ережелері

 

Жұмыс алдында әр оқушы қауіпсіз жұмыс тәсілін үйренуі қажет.

Қайшы, ине, түйреуіпшен жүмыс істеу кезінде:

 қайшының жүзін жауып, ұшын жұмыс істеушіден қарама-қарсы жаққа қаратып қою керек;

 қайшыны біреуге бергенде қолға кигізетін дөңгелек жағын қаратып беру қажет;

 ине, түйреуіштерді арнайы қорапшаларда сақтау немесе арнайы жастықшаларға

түйреп қою қажет;

 майысқан, тот басқан ине, түйреуіштерді қолданбау керек;

 сынған ине, түйреуіштерді қағазға түйреп немесе қорапқа салып барып, қоқысқа тастау керек;

 ине, түйреуіштерді ауызға салмау керек. Электр құралдарды (үтік, электр жетегіндегі тігін машинасы) қолданғанда;

 электр жүйесіне қоспастан бұрын электр білік-бауының зақымдалмағандығын тексеру қажет;

 электр құралдарын желіге құрғақ қолмен айырдың корпусынан ұстап қосу керек;

 электр құралдарын бақылаусыз қалдыруға болмайды, жүмыс біткенде оларды желіден ажырату қажет;

 үтікпен жүмыс істегенде оның білік-бауының қызған табанға тимеуін қадағалау керек;

 ыстьқ үтікті саусақпен тексеріп көруге тыйым салынады.

 

Жүннен ылғалды киiз басу техникасында дайындалған 

моншағын жасау технологиясы 

 

 

 

Киіз (ағыл. Felt, нем. Filz) (түрікше ajlyk – жамылғы, жапқыш) – қойдың күзем жүнінен басылған, үй тұрмысында пайдаланылатын бұйым. Көшпелі халық өмірінде киіздің алатын орны ерекше. Киіз қазақ жеріндегі көшпелі тайпаларда б.з.б. 1мыңжылдықта белгілі болған. Киіз Басу– дәстүрлі қазақ қоғамында дамыған киіз жасау өнері. Оған жүн талшықтарының бір-бірімен ұйыса байланысатын қасиеті негізге алынған. Қазіргі заманғы шұға басу, байпақ жасау, фетр (қалпақтық биязы киіз) басу процестері де Киіз Басу дәстүрлі технологиясымен бірдей.

Жүн – ұйысуға бейім бірден-бір талшық. Ол ылғал мен температура әсерінен және механиклық әрекет нәтижесінде ширайды да, жасалып жатқан бұйымның көлемі кішірейіп, тығыздығы артады: шұға 30 – 35%, киіз бен байпақ 80%-дай шуиды. Киіз Басудағы ең жоғары тығыздық 0,55 г/см3 (байпақтың табаны 0,42 г/см3), тығыздығын бұдан әрі арттырса, жүн талшықтары үзіліп, материал ыдырай бастайды.

Киіз Басу ісімен қазақ халқы өте ертеден таныс. Ғасырлар бойы көшпелі өмірге ыңғайлы тұрмыстық бұйымдардың бірқатарын киізден жасап келгендіктен, Киіз Басу технологиясын әбден меңгеріп, өнер дәрежесіне көтерген. Дәстүрлі қазақ қоғамында Киіз Басу ісі маусымдық сипатта болған. Ол қойды қырқудан басталады да (күзде), қырқылған күзем жүннің барлығын өңдеп болғанға дейін созылады. Жүні таза болу үшін, қойды қырқар алдында 3 – 4 рет ағынды суға тоғытады. Алдымен жүн жасалатын бұйымдарға ыңғайланып, ақ, қара түстерге бөлініп жиналады да, оны ешкі терісінен жасалған тулаққа салып, сабаумен сабайды. Жүн сабалып болған соң, басылатын киіздің көлеміне қарай, шиді жаяды да, оның үстіне жүнді салып, шабақтайды.

 

Ылғалды киіз басу техникасындағы бұйым үлгілері. 

 

                 

а                                                                                                  б

               

в                                                                                                   г

               

д                                                                                                   е

1-сурет. Ылғалды киіз басу техникасындағы бұйым үлгілері: 

а – қол дорба, б –қолғап,  в – ойыншық; г - панно; д – пима; е - гүл.

 

«Жаз» моншағын жасау технологиясы

 

 

2 сурет. Ылғалды  киіз басу технологиясымен дайындалған моншақ

 

Құрал-жабдықтар:

Жүн (киіз) шар тәрізді киіздерді басу үшін кез келген жүн пайдаланылады, жіңішке, жартылайжіңішке, меринос, ангор және т.б. Жіңішке әрі нәзiк жүннен әдемi және тегiс түйiршiктер пайда болады.

Сабын: кез келген кондиционерсіз және иіс майлы қоспаларсыз сұйық сабынды пайдалануға болады. Ыдыс-аяқты жууға арналған сұйықтықтарды қолданбаңыз, көбіктің көп болуы киіздің басылуына кедергі келтіреді.

Жылы суы бар ыдыс; Таспа; Үлкен тесігі бар ине, таспаға моншақтарды жинау үшін.

 

Киізден моншақ жасаудың технологиялық картасы

 

№ 

Жұмыс атауы

Фотосуреттер

1

2

3

1

Шар тәрізді киіздерді басу үшін кез келген жүн пайдаланылады, жіңішке, жартылайжіңішке, меринос, ангор және т.б. Егер сізде тәжірибеңіз жетіспесе үлкен түйіршктерді жасаудан бастаңыз

 

2

Орамнан біршама жүнді (мысалы 1-2 грамм) үзіп алыңыз. Киіз басу кезінде жүн тығызданып қалуы мүмкін, сондықтан жүнді көбірек алуға тырысыңыз. Жүннің тығызданып қалуы жүннің өзіне және сіздің ынтаңызға байланысты, көбінесе жүн 1,5 – 2 есе тығызданады..

3

Жүнді үстел үстіне қойып тығыз шар тәрізді фигураға айналғанға дейін домалатыңыз. Бүйір жақтарын ортасына қарай, кейін төменгі бөлігін жоғары жиыңыз. 

 

4

Жүнді           домалатып     орауды           тығыз шарға айналғанға           дейін жалғастырыңыз.

 

5

Шар тәрізді жүнді жылы сабынды суға салыңыз. Бұйымды тарқатылып қалмауы үшін саусақтармен ұстап тұрып, түгелдей сабынды суға батырып, содан кейін шығарып домалату керек 

 

6

Әр түрлі бағыттарға қарай домалатып, шардың пішінін келтіру керек. Бұл кезең 1-2 минут алады. Шар тығызданған кезде, екі алақанның арсында домалатып шардың кейпіне келтіреміз. Алғашқы 1-2 минутта шар жұмсақ болады, сондықтан қатты күш түсірмеңіз. Кейін ол тығызданады. 

 

7

Алақанның арсында домалатуды аяқтап, салқын суға малып сабынның ертіндісін шайыңыз. Егер пішінін жоғалтса аздап домалатыңыз. 

8

Кептірілгеннен кейін шар дайын!

Енді олардан моншақ құрауға болады, әрбір шарды инемен тесіп таспаны өткізіңіз. 

 

 

Капроннан лала гүл жасау технологиясы. 

 

Дайын жапырақшалардан лала гүлін құрастырып үйрену, оның ішінде ең тиімді әдісін меңгеру, жақсы әдемі өнер туындыларын жасап шығару. Капроннан  гүл жасау арқылы қол икемділігін дамытып, кәсіпкерлік бейімділігін қалыптасыру, іскерлік өнерге баулу.

Мақсаты

Білімділік:

Оқушыларға қолөнер туралы білім беру. Қолөнердің бір саласы капронмен жұмыс жасау туралы білім, білік дағдыларын қалыптастыру, қолөнер бұйымын жасап шығару;

Дамытушылық:

Теориялық білімдерін іс-жүзінде шығармашылықпен дамыту, алған білімдерін, дағдыларын нығайту, дайын бұйымды көрсету; Тәрбиелік:

Халықтық өнерге деген қызығушылығын, эстетикалық сезімін арттырып, еңбексүйгіштікке, іскерлікке тәрбиелеу.

 

Капроннан лала гүл жасау техникасындағы бұйым үлгілері

 

 

 

Капроннан  гүл жасау үшін құрал - жабдықтар:

Гүлдер түрлері, сым темір, капрон түрлері, капрон жіп, дайын жапырақтар, гүл сабақтары, дәнегі, қайшы, желімді таспа

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Лала гүлдерін жасау үшін алдымен мына әдемі гүлдерді тамашалап  көрейік, қандай әдемі, түстері де әр түрлі.  Міне біз бүгін алдынғы сабақта жасап үйренген жапырақшалардан осындай әдемі әрі әсем лала гүлдерін құрастырамыз.

Бір Лала  гүлін орындау үшін бізге келесі бөлшектер керек.

1.     6 дайын жапырақшалар,

2.     дәнегі,

3.     желімді таспа,

4.     гүлдің сабағы,

5.     капрон жіп,

6.     қайшы

7.     кемпірауз

Дайын күлтелерді сабағымен біріктіріп,  желімді таспамен өңдейміз. Дәнегін қосамыз, бекітеміз.

Жапырақтарды сабағына кигізіп, бекіту. Гүлді жөндеп қалпына келтіру.

Жұмыстың жасалу барысы

Сабағының басын кемпірауызбен иеміз. Иілген басына дәнегін орналастыру Жіппен тартып байлау.

Біртіндеп сабағына дайын жапырақшаларын қосып, түбін капрон жіппен тартып ораймыз.

6 жапырақты орналастырып, түбін бекітіп алған соң, оны желімді таспамен орап, жақсылап бекітеміз.  Дайын гүлдің жапырақшаларын созып бір пішінге келтіру. Сонымен гүл дайын.

 

ЖАПЫРАҚША ЖАСАУДЫҢ ТӘСІЛДЕРІ

І тәсіл

 

ІІ тәсіл

 

ІІІ тәсіл

 

VІ тәсіл

 

 

Жапырақша жасаудың 1 тәсілі

 

Дайын бұралған сымтемірге капрон

тарту

 

Капрон тарту

 

Тартылған капронды  түбінен жіппен орау

 

Дайын капрон  тартылған жапырақша

 

Орындалу реттілігі:

 

 

1 Кусудаманың жасау технологиясы

Кусудама (жапон тілінен аударғанда- «емдік шар») көлемді, бірнеше бірдей пирамидалық модульден құрастырылған, қағаздан жасалған шар. Кейбір жағдайларда әсемдік ретінде астынғы жағына салбыршақтар ілінеді. 1-суретте кусудама үлгілері көрсетілген.

 

 а                                                 б                                                  в 

Сурет 1. Кусудама үлгілері: 

а - «Примула» кусудамасы; б - Daphone odora (Mio Tsugawa) кусудамасы; в - «Ала» кусудамасы.

 

Кусудама өнері бұрынғы Жапон дәстүрінің емдеу тәсілінен туындаған, негізі дәрілік шөптерді арнайы шардың ішіне орналастыру арқылы, ауру адамның төсегінің жоғары жағына ілген. Жалпы қазіргі уақытта кусудаманы әшекей бұйымдар және сыйлық ретінде қолданады.

2-суретте классикалық «Гүл» кусудамасы көрсетілген. Бұл бұйымды орындау үшін 10 данадан қызғылт, сары, ашықжасыл, қызылсары, көгілдір, жасыл шаршылар, жiптер, ПВА желiмi қажет. Барлық шаршылардың саны 60 дана болу керек.

 

 

Сурет 2. Классикалық «Гүл» кусудамасы

1-кестеде классикалық «Гүл» кусудамасының орындау технологиялық картасы көрсетілген.

 

Кесте 1. «Гүл» кусудамасының орындау технологиялық картасы

 

№ 

Операция атаулары

Фотосуреттер 

1

Шаршыны көлденең қойып, төменгі және жоғарғы жағын теңестіру

2

Төменгі екі бұрышын жоғарғы бұрышқа теңестіріп квадрат жасау

3

Оң жағындағы үшбұрышты ортасынан бүктеу

 

4

Жоғарғы ұшбұрышты төменге бүктеу

 

5

Қағазды ашып қалташаға белгіленген сызықтар бойымен бүктеу 

 

6

Шығыңқы үшбұрыштарды қалташаға кіргізу 

 

7

Үшбұрышты        белгіленген         сызық

бойынша бүктеу

 

8

№№3-7 іс-әрекеттерді сол жақтағы орналасқан үшбұрышпен қайталау

 

 

1 кестенің жалғасы

1

2

3

9

Белгіленген нүкте бойынша желім жағу

 

10

Үлгіні желімдеу

 

11

5 модуль орындау

 

 

 

12

Белгіленген нүкте бойынша желім жағу

 

13

5 модульді гүлге желімдеу

 

14

12 гүл орындау

 

 

 

15

Желбіршектері бар бау дайындау

 

16

Бауды салып, 3 гүлді жапырақшалармен желімдеу

 

17

Гүлдерге келесі гүлді желімдеу

 

 

Квиллинг техникасында гүлдің орындау технологиясы

 

Квиллинг – (ағылш. quіll – құс қауырсыны) немесе қағазды ширату – ұзын және жіңішке қағаз таспаларынан оралған шиыршықтардан көлемді және жазықтықты композицияларды жасау өнері. Сонымен қатар, квиллинг «қағазды зер» деп те атайды.

Қағаз шиыршықтарынан өрнек пен гүлдерді жасайды, оларды ашық хат, альбом, сыйлықтар, фотосуреттерге арналған жиектерді безендіру үшін қолданылады. 3суретте квиллинг техникасында орындалған үлгілері көрсетілген.

 

 а                                                 б                                                  в 

Сурет 3. Квиллинг техникасында орындалған үлгілері:  а - панно; б - топиарий; в - сандықша.

 

4-суретте квиллинг техникасында орындалған гүл көрсетілген. Гүлді орындау үшін ені 4 мм тең алты қызыл қағаз таспалар, ені 4 мм тең алты сары қағаз таспалар, ені 8 мм тең бір сары қағаз таспа, ПВА желімі, шаблон, екі тіс тазартқыш, сызғыш, қарындаш, қайшы қажет. 

 

Сурет 4. Квиллинг техникасында орындалған гүл

2-кестеде квиллинг техникасында орындалған гүлдің технологиялық картасы

көрсетілген.

 

Кесте 2. Квиллинг техникасында орындалған гүлдің технологиялық картасы

 

                                            Операция атаулары

Фотосуреттер

1

2

3

1

Қызыл қағаз таспаның бiр жағынан 5 см өлшеу және қарындашпен белгілеу.

 

2

Қызыл қағаз таспаны тіс тазартқыш көмегімен орау (орауды белгiден қарсы жақтан бастайды) және оны сосын бос жіберу.

 

3

Белгiге қызыл қағаз таспаның бос жағын желiмдеу. 

 

4

Шиыршықтың қарама-қарсы жақтарын қысу (бiр бүктеуді белгiде орналастырыңыз).

 

5

Жапырақшаға енi 4 мм тең сары қағаз таспаны желiмдеу, жапырақшаны таспамен қатты айналдырып орау және таспаның аяғын жапырақшаға желiмдеу.

 

6

Осы әдiсiмен тағы бес жапырақшаны орындау

 

 

7

Енi 10 мм тең сары қағаз таспаға 3 мм қашықтығында сызықты сызу Салынған сызыққа дейiн шашақты қию. 

 

8

9

Роллды қатты айналдырып орау, таспаның аяғын роллға желiмдеу және шашақты ашу.

 

1

0

Шаблон көмегімен алты жапырақшаларды өзара желiмдеу. 

 

11

 Гүлге ортасын желiмдеу.

 

 

Модульдік оригами орындау технологиясы

 

Оригами – бұл ежелгі жапон өнерi, ол әр түрлi үлгiлердiң қағаз парағының майыстыруы арқылы дамыған. Оригамиді қай уақытта және кім ойлап тапқаны белгісіз. Дегенмен бұл өнердің тарихын қағаздың ойлап табу жолынан бастап қарастыру керек. 

XX ғасырда оригами дүние жүзіне белгілі болды. Егер классикалық оригамида қағаздарды бір түсті төртбұрышты формада бүктеу керек болса, барлық процесс клей мен қайшыны қолданусыз өтсе,ал қазіргі заманда оригами түрлі техникалар мен материалдарға бай. Дәстүрлі үлгіде құралған оригамилер квадрат қағаз парақтарынан құралады. Осы формадағы оригамилер техникалық жағынан күрделенуі тез жүрді.Қазіргі шеберлердің үлгілері дәстүрлі Жапон шеберлерінің үлгілерінен әлде қайда күрделі болып келеді.

Қағаз парақтан құралған оригамидің басқаша пішіні: ұшбұрышты,тік төртбұрышты,бес,алты,сегіз бұрышты және тағы басқалар.

Модульдік оригами.Дайын бұйым бір қағаздан ғана емес,екі,үш,төрт, және т.б біркелкі бөліктерден құралатын – модуль. Модульдерді квадрат қағаз парағынан немесе кез-келген басқа пішінді формадан құрастыруға болады. 5-суретте оригами техникасындағы үшбұрышты модульден жасалған бұйымдардың мысалдары келтiрiлген.

Үшбұрышты модуль түрлi түстi немесе ақ қағаздың тiк төртбұрышынан бүктелінеді. Тiк төртбұрыштың тараптарының байланысы 1:1,5 болуы керек.

Үшбұрышты модульде екi бұрыш пен екі қалташық болады.

Керек тiк төртбұрыштарды  А4  форматты  парақтан  тең  бөлiктерге  бөлу

 

 

Сурет 1. Оригами техникасындағы үшбұрышты модульден жасалған бұйымдар

арқылы алуға болады. Егер А4 форматының ұзын және қысқа жақтарын тең 4 бөлікке бөліп, болжалды сызықтар бойынша кессе, онда тік төртбұрыштар шамамен 53×74 мм шығады. Егер А4 форматының ұзын жағын 8 бөлікке, ал қысқа жағын 4 бөлікке бөлсе, онда тік төртбұрыштар 37×53 мм шығады. Сонымен бiрге кеңсе тауарлардағы жазуларға арналған блоктарды қолданып, шаршының жартысынан модульдерді қалауға болады. Оригамиде қолданатын үшбұрыштық модульді орындау технологиялық картасы 3-кестеде келтiрiлген. 

Кесте 3. Үшбұрыштық модульдің орындау технологиялық картасы  

№ 

Операциялардың атауы

Фотосуреттер

1

Тік төртбұрышты тең ортақ бүктеу

 

2

Орта сызығын белгілеу үшін

Жазықтықпен бүгіп, қайта ашу. Таумен өзіне бұру.

 

3

Шеттерін ортаға ию

 

4

Аудару 

 

5

Белгіленген сызықтар бойынша кішкентай үшбұрыштарды бүктеу

 

6

Шеттерді үшбұрышқа қарай бүктеу

 

7

Үшбұрышты тең ию

 

 

Аққуды модульдік оригами технологиясымен орындау  технологиялық картасы

Түрлі-түсті аққуды орындау үшін 1 қызыл, 136 қызғылт, 90 сарғылт, 60 сары, 78 жасыл, 39 көгілдір, 36 көк, 19 күлгін үшбұрышты модульдер қажет. Егер бір түсті аққуды жасағыңыз келсе, онда 458 ақ және 1 қызыл төртбұрыш дайындаңыз. 4-кестеде модульдік оригами техникасында орындалған түрлі-түсті аққудың технологиялық картасы (Т.Проснякова материалдары арқылы құрастырылған) көрсетілген.

 

Кесте 4. Түрлі-түсті аққудың орындау технологиялық картасы

№ 

Операциялардың атауы

Суреттері

1

2

3

1

Үш қызғылт үшбұрыштық модульді алып оларды фотосуретегідей орналастыру.

 

 

2

Бірінші модульдің екi қалташасына қалған екi модульдердің бұрыштарын кіргізу.

 

 

 

3

Тағы екі модульді алып дәл оларды осы әдіспен бірінші топқа біріктіру. Осылай бiрiншi дөңгелек орындалады. Ол екi қатардан тұрады: iшкi қатарда модульдер қысқа қабырғасында орналасқан, ал сыртқы қатарда модульдер ұзын қабырғасында орналасқан.

 

4

Әрбiр қатарда 30 модуль. Қолыңызбен ұстап дөңгелекті жинау. Соңғы модульмен тізбектің шеттерін жалғастыру.

 

 

5

30 сарғылт модульдерді алып үшiншi қатарды орындау. Модульдер шахматтық ретінде кигiзілгеніне көңiліңізді аударыңыз.

 

 

6

Дәл солай отыз сарғылт модульдерден тұратын төртiншi және бесiншi қатарларды орындау.

 

 

 

7

Орындалған затты шетінен саусақтарыңызбен алып барлық дөңгелекті терiс айналдырып бұрап шығару.

Фотосуреттегідей форма шығу керек. Үстiнен қарағанда, ол стадионға ұқсайды.

 

 

 

Басқа жағынан түрі.

 

 

 

8

30 сары модульден тұратын алтыншы қатарды орындау. Ендi оларды үстiнен кигiзу керек. Тексеріңіз: модульдердің орналастырылуы алдыңғы қатарлардағыдай болу керек.

 

9

Жетiншi қатардан бастап қанаттарды орындау. Ол үшiн аққудың басы болатын жағын таңдау. Екi көршi модульдердің бiр бұрыштан таңдау. Бұл мойынның бекiту орны болады. Таңдаған бұрыштардан солға және оңға қарай 12 сары модульдерден тұратын қатарды жасау. Демек жетiншi қатарда 24 модуль және екi аралығы болады.

 

10

Қанаттар iстеуін жалғастыру, әрбiр келесi қатарда модульдердің саны бiр модульге азайтылады.  8 қатар: 22 жасыл модуль (екi рет 11 модульден), 

9      қатар: 20 жасыл модуль (екi рет 10 модульден), 

10  қатар: 18 жасыл  модуль (екi рет 9 модульден).

 

11

11 қатар: 16 көгілдір модуль,  12 қатар: 18 көгілдір модуль.

 

 

 

12

13                қатар: 12 көк модуль, 

14                қатар: 10 көк модуль,  15 қатар: 8 көк модуль.

 

 

 

13

16                қатар: 6 күлгін модуль, 

17                қатар: 4 күлгін модуль,  18 қатар: 2 күлгін модуль.

Қанаттар дайын. Олардың формасын дұрыстау: астында аздап дүмпиiп тұру, ал үстiнде кішкене ию керек.

 

14

Бес қатардан тұратын құйрықты орындау. Оны дәл үстіндегідей әрбiр қатарда бір модульге азайтып отыру керек. Ол 12 жасыл және 3 көгiлдiр модульден орындалады.

 

 

15

Мойынды жасау үшiн модульдерді басқа әдiспен жалғастыру керек: бiр модульдің екi қалташасына басқа модульдің екi бұрышын кіргізу керек.

 

16

Қызыл модульге 7 күлгiн модуль қосу. Мойынды бiрден иіп жасау керек. Қызыл модульдің бұрыштарын алдын ала желiмдеу керек.

 

17

Бұдан әрi 6 көк, 6 көгiлдiр, 6 жасыл және 6 сары модульді қосу. Мойынға керектi форманы беру.

 

18

Қанаттардың арасындағы қалдырылған екi бұрыштарға мойынды орналастыру. Егер өзіңіз тiлесеңiз, түрлі бөлшектерді – көз, бантик қосуға болады.

 

19

36 және 40 модульден тұратын екi дөңгелек түрiндегi тығыршықты жасау. Модульдерін мойын жасағандай жалғастыру. Дөңгелектерді желiмдеу.

 

20

Аққуды тығыршыққа желiмдеу. 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тiзiмі

Пайдаланылған әдебиеттер: (Оқушларға)

1.     Аруана баспасы «Сен білесің бе?» атты тарихи этнографиялық кітаптар топтамасы.

2.     Салт-дәстүрлер

3.     «Асыл сөз аталары» Автор: З. Сейітжанов. Автор: К. Матажанов. Автор: Ж.Ш.

Барымбеков.

4.     Балаларға арналған «Бала би» танымдық журналы.

5.     Бас редакторы: Гүлсім Мұқышева.

6.     Ай сайын шығатын Республикалық әдістемелік журналы. 2007 №3, 2007 №7, 8.

7.     Бас редакторы: Әбиева Фарида Бейбітқызы.

Пайдаланылған әдебиеттер: (Мұғалімдерге)

1.     Ай сайын шығатын  «Технология» Республикалық әдістемелік журналы.

2.     Бас редактор Әбиева Фарида Бейбітқызы 2006, 2007, 2008, 2009.

3.     Ай сайын шығатын қоғамдық-саяси, әдеби- көркем және суретті «Қазақстан әйелдері» журналы. 2004, 2005, 2008, 2009 ж

4.     Бас редактор: Баққожа Мұқағали.

5.     Маргулан А.Х. Казахское народное  Прикладное искусство- Алма-Ата: Өнер 1986,256 бет.

6.     Шоқпарұлы .Д. Тері өңдеу өнері, Мектептегі технология

7.     Афонькин С., Афонькина Е. Волшебные шары кусудамы. – М.: «Кристалл»,

2001. 169 с.

8.     Хелен Уолтер. Узоры из бумажных лент. - М.: Изд-во Ниола-пресс, 2005. 112 с. 9. http://stranamasterov.ru

Методическое пособие для проведения уроков декоративно-прикладного искусства (по технологии для 5—9 классов)

Методическое пособие для проведения уроков декоративно-прикладного искусства (по технологии для 5—9 классов)

1 Павлодар қаласы, 2018 жыл

1 Павлодар қаласы, 2018 жыл

Мазмұны 1

Мазмұны 1

Түсінік хат Мақсаты: Балаларға қосымша білім беруде оқушының білімін, шеберлігін көрсету

Түсінік хат Мақсаты: Балаларға қосымша білім беруде оқушының білімін, шеберлігін көрсету

Жұмыс алдында әр оқушы қауіпсіз жұмыс тәсілін үйренуі қажет

Жұмыс алдында әр оқушы қауіпсіз жұмыс тәсілін үйренуі қажет

Киіз Басу – дәстүрлі қазақ қоғамында дамыған киіз жасау өнері

Киіз Басу – дәстүрлі қазақ қоғамында дамыған киіз жасау өнері

Жаз» моншағын жасау технологиясы 2 сурет

Жаз» моншағын жасау технологиясы 2 сурет

Жүнді домалатып орауды тығыз шарға айналғанға дейін жалғастырыңыз

Жүнді домалатып орауды тығыз шарға айналғанға дейін жалғастырыңыз

Капроннан лала гүл жасау техникасындағы бұйым үлгілері

Капроннан лала гүл жасау техникасындағы бұйым үлгілері

Лала гүлдерін жасау үшін алдымен мына әдемі гүлдерді тамашалап көрейік, қандай әдемі, түстері де әр түрлі

Лала гүлдерін жасау үшін алдымен мына әдемі гүлдерді тамашалап көрейік, қандай әдемі, түстері де әр түрлі

Дайын гүлдің жапырақшаларын созып бір пішінге келтіру

Дайын гүлдің жапырақшаларын созып бір пішінге келтіру

Дайын бұралған сымтемірге капрон тарту

Дайын бұралған сымтемірге капрон тарту

Сурет 1. Кусудама үлгілері: а - «Примула» кусудамасы; б -

Сурет 1. Кусудама үлгілері: а - «Примула» кусудамасы; б -

Шаршыны көлденең қойып, төменгі және жоғарғы жағын теңестіру 2

Шаршыны көлденең қойып, төменгі және жоғарғы жағын теңестіру 2

Белгіленген нүкте бойынша желім жағу 10 Үлгіні желімдеу 11 5 модуль орындау 12

Белгіленген нүкте бойынша желім жағу 10 Үлгіні желімдеу 11 5 модуль орындау 12

Бауды салып, 3 гүлді жапырақшалармен желімдеу 17

Бауды салып, 3 гүлді жапырақшалармен желімдеу 17

Сурет 4. Квиллинг техникасында орындалған гүл 2-кестеде квиллинг техникасында орындалған гүлдің технологиялық картасы көрсетілген

Сурет 4. Квиллинг техникасында орындалған гүл 2-кестеде квиллинг техникасында орындалған гүлдің технологиялық картасы көрсетілген

Роллды қатты айналдырып орау, таспаның аяғын роллға желiмдеу және шашақты ашу

Роллды қатты айналдырып орау, таспаның аяғын роллға желiмдеу және шашақты ашу

Сурет 1. Оригами техникасындағы үшбұрышты модульден жасалған бұйымдар арқылы алуға болады

Сурет 1. Оригами техникасындағы үшбұрышты модульден жасалған бұйымдар арқылы алуға болады

Аудару 5

Аудару 5

Тағы екі модульді алып дәл оларды осы әдіспен бірінші топқа біріктіру

Тағы екі модульді алып дәл оларды осы әдіспен бірінші топқа біріктіру

Олардың формасын дұрыстау: астында аздап дүмпиiп тұру, ал үстiнде кішкене ию керек

Олардың формасын дұрыстау: астында аздап дүмпиiп тұру, ал үстiнде кішкене ию керек

Егер өзіңіз тiлесеңiз, түрлі бөлшектерді – көз, бантик қосуға болады

Егер өзіңіз тiлесеңiз, түрлі бөлшектерді – көз, бантик қосуға болады

Маргулан А.Х. Казахское народное

Маргулан А.Х. Казахское народное
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
07.02.2018