Модель. Модельдер түрі.
Оценка 4.9

Модель. Модельдер түрі.

Оценка 4.9
Разработки уроков
docx
информатика
6 кл
18.12.2018
Модель. Модельдер түрі.
Учащиеся зная,на какие группы можно классифицировать модель научиться создавать математические молдели, будут знать что такое математические молдели.Так же учащиеся научаться ловкости,быстроте, развитие мышления,памяти .Н аучаться строить математические и информационные модели. А также научаться их различать. Познакомятся с различными моделями.Учащиеся на практике будут выполнять задания по этой теме
6б.docx
САБАҚ ЖОСПАРЫ                                                                 «Бекітемін»________________Оқу ісінің меңгерушісі Пән аты:   Информатика           Класы:  6                     «____» ________20       ж Сабақтың тақырыбы:  Модель. Модельдер түрі.   Сабақтың  мақсаты:  Білімділік: Оқушыларға модельді қандай топтарға жіктеуге болатының                       біле отырып,математикалық молдельдерді құрып үйрену. Тәрбиелілік: Оқушыларды тиянақтылыққа,шапшаңдыққа, жылдамдыққа үйрету.             Дамытушылық: Оқушылардың ойлау,есте сақтау қабілетін дамыту. Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Пән  аралық  байланыс:   математика Оқыту формалары:  жеке, топтық және ұжымдық. Сабақта қолданылатын көрнекі­құралдар: компьютер,тапсырмалар, слайдтар,                                                                                 тест парағы                                                   Сабақ өту барысы:  І Ұйымдастыру кезеңі:                                        А) Оқушылармен сәлемдесу.                                       Ә) Оқушыларды түгелдеу.                                       Б) Назарын сабаққа аудару. ІІ Үй тапсырмасын сұрау. 1.Модель дегеніміз не?  Модель дегеніміз – нақты объектіні,процесті немесе құбылысты ықшам әрі шағын  түрде бейнелеп көрсету. Модель – көрнекі түрде жазбаша жоспар, сызба ретінде жасалады. Мұндай модель  барлық уақыттта біздің ойымызда бейнеленетін прототип болғанға дейін жасалады. 2.Модельдеу деп нені айтады?  Модельдеу – объектілерді,процестерді немесе құбылыстарды зерттеу мақсатында  олардың моделін(макетін) құру. 3.Қолдану аймағы бойынша модельді  қандай топтарға жіктеуге болады? Оқу, тәжірибелік, ғылыми­техникалық, ойын, имитациялық.  4. Уақыт факторы бойынша  модельдер   қандай топтарға жіктеуге болады? Модельді уақыт факторына байланысты динамикалық және статистикалық деп екі  топқа жіктеуге болады. Статистикалық модель деп объект жөнінде алынған ақпараттың белгілі бір уақыт  бөлігіндегі үзіндісін айтуға болады. Мысалы тіс емханасында дәл сол уақыт мезетіндегі оқушылардың тістерінің жағдайы туралы мәлімет береді:бастауыш сыныптағылардың  сүт тісі, орта және жоғарғы буындағы оқушылардың емделген, емделуге тиісті  тістерінің саны т.б. Динамикалық модель – уақыт барысындағы объектінің қасиеттерін өзгерісін көрсету  мүмкіндігін береді. Мысалы, жеке оқушының емханадағы түбіртек кітапшасын  динамикалық модель деп айтуға болады. Өйткені осы кітапша бойынша жыл сайын  олардың денсаулығындағы болып жатқан өзгерістерді анықтау мүмкіндігі бар.  5. Білім саласы  бойынша  модельдер   қандай топтарға жіктеуге болады? Медициналық,биологиялық,химиялық. 6. Ұсыну тәсілі  бойынша  модельдер қандай топтарға жіктеуге болады? Материалдық  модельді  басқа сөзбен заттық немесе физикалық деп айтуға болады. Олар түпнұсқаның геометриялық және физикалық қасиеттерін көрсетеді. Материалдық модельдердің қарапайым мысалдарына балалар ойыншықтарын алуға болады.  Ақпараттық модель дегеніміз – объектіні, процестің, құбылыстың қасиеттері мен  күйін сипаттайтын ақпарат жиынтығы және сыртқы әлеммен өзара байланыс болып  табылады. 7. Ақпараттық  модельді  қандай топтарға жіктеуге болады? Вербальдық модель дегеніміз – ойша немесе әңгіме түрінде жасалған ақпараттық  модель. Таңбалық модель деп арнайы таңбалармен, яғни кез келген жасанды тіл құралдарымен көрсетілген ақпараттық модельді айтады. Тарату тәсіліне қарай модельдер компьютерлік және компьтерлік емес болып бөлінеді. 8.Көрсету түріне қарай ақпараттық модельді қандай топтарға жүктеуге болады? Көрсету түріне қарай ақпараттық моделді мынадай топтарға жіктеуге болады: Геометриялық  модель ,ауызша модель,математикалық модель,құрылымдық  модельдер,логикалық модель,арнайы модельдер  ІІІ Жаңа сабақ түсіндірмесі: Материалдық және ақпараттық модельдеу  Бір объекті үшін әртүрлі модель жасалуы мүмкін. Модельдің жасалуы зерттеу  мақсатына және прототип жөнінде жинақталған мәліметтердің көлеміне тәуелді  болады.  Тапсырма №1 Модельдеу объектісі: Адам Мақсаты: Берілген объектінің материалдық және ақпараттық модель құру Материалдық модельдер: Манекен, құуыршақ, мүсін  және т.б. Ақпараттық модельдер: фотосурет,видеофильм, медициналық кітапша және т.б. Тапсырма №2 Төмендегі модельдер қандай  модель түріне жататының анықта (материалдық немесе  ақпараттық)? Материалдық модельдер: №2,№5,№6,№8 Ақпараттық модельдер: №1,№3,№4,№7,№9,№10 Объектілер мен процестердің ақпараттық модель түрлері: Ақпараттық модель дегеніміз – объектінің, процесстің, құбылыстың қасиеттері мен  күйін сипаттайтын ақпарат жиынтығын және сыртқы әлеммен өзара байланыс болып  табылады  Ақпараттық модельді құру кезінде ақпараттың ең маңыздысын таңдау мен оның  күрделілігі модельдеудің мақсатымен шартты түрде байланысты болады. Вербальдік ­  Адам  жолдағы жағдайға талдау жасауы,ақының ойындағы өлең  жолдары,сазгердің әуені. Таңбалық­ сурет, мәтін, схема . Құрылымдылық­ кестелер,графиктер және т.б Математикалық­  математикалық формулалар. Вербальдік модель дегеніміз – ойша немесе әңгіме түрінде жасалған ақпараттық  модель.  Вербальдік модельге мысалдар:оқулықтардағы  ақпарат, көркем әдебиеттің  шығармалары, алгоритмді сипаттайтын мәтіндер, объектінің және құбылыстің мәтіндік  сипаттамасы  Математикалық модель ­ объектінің әр түрлі параметрлерінің байланысын  көрсететін математикалық формулалар  Математикалық модельдерге мысалдар: S=a2 Квадрат ауданының  табу формуласы  Ғылымдағы ақпараттық модельдеуді құруда математикалық тіл ­ негізді тіл болып  есептеледі. Математикалық формула  арқылы  объектінің әр түрлі параметрлерінің  байланысын көрсетуге болады, осылай жасалған модель – математикалық модель деп  аталады. Сан ұғымын,геометриялық фигураны және теңдікті математикалық модель  мысалдарына жатқызамыз.   Оқу үрдісінде  кез келген тәжірибелі мазмұны бар есептерді  шығарған  кезде  математикалық  модельдеу әдісін қолданамыз.Осындай есептерді шығару үшін басында есепті математикалық тілге аударамыз (математикалық модельді құрамыз) . Есеп шығару кезінде  математикалық модельді құруды қарастырайық.  Тапсырма №3 Азатта х марка бар, ал  Диаста  Азаттан бір жарым есе көп марка бар. Егер Азат Диасқа 8 марксын берсе,онда Азатқа қарағанда Диаста екі есе көп  марка қалады.  Тексерейік:  Осы есептін математикалық моделінің  шешімі  бастапқы берілген  шарты мен жауабы   арасындағы байланыс төмендегідей  болады : Азатта х марка болған; Диаста  1,5х көп.Азатта қалды х­8, Диаста  1,5х+8.  Есеп шарты бойынша 1,5х+8=2(х­8) болады. Құрылымдық модельдер – схема, графиктер мен кестелер.  Кестелік  ақпараттық модель – бұл модельдегі объектілер немесе олардың қасиеттері тізім түрінде ұсынылады, ал олардың мәндері тіктөртбұрыш кестесінің ұяшығында  орналасады. Таңбалық модель деп арнайы таңбалармен, яғни кез келген жасанды тіл құралдарымен көрсетілген ақпараттық модельді айтады.  Таңбалық ақпараттық  модельге мысалдар:карта, диаграмма,схема. Есеп шығару кезінде  математикалық модельді  құруды  қарастырайық.  Тапсырма №4 Шешімі: 7 ∙ 20000000 =  140000000  см = 1400 км Жауабы: 1400  км.  Тапсырма №5 120 100 80 60 40 20 0 І ІІ ІІІ Саяхатшы екінші күні бірінші күнге қарағанда неше кирлометр артық жүрді?  Саяхатшы екінші күні үшінші күнге қарағанда неше километрге кем жүрді?  Тапсырма №6 Өрнектің мәнін тап. -12-(24) -36 12 -12 Практикалық жұмыс. Тапсырма №1.  1.Paint графикалық редакторын  іске қос. 2.Құрал­саймандар тақтасын пайдаланып  квадрат пен үшбұрыш фигурасын сал. 3.Қүю құралын пайдаланып квадрат пен үшбұрыш фигурасын боя. 4. Жазу құралын пайдаланып салған фигуралардың атын енгізу керек.                          квадрат                                                үшбұрыш Тапсырма №2.  +22-7 :3 +(-3) 1. Үлгі бойынша блок­схеманы құр. 2. Блок­схема арқылы есепті шеш.  3. Бұл қандай  алгоритм түрінің блок­схемасы?   Жауабы: (7+8) :3+3=8   Тапсырма №3.  Тапсырма №3.   Жұмыс үстелдегі “Тапсырма” деген құжатты аш. 1. Объектіге   қарап вербальдік модель құр.  Тапсырма №4.  Кестені толтырыңдар  ­13,5 ­16  Х  ­15,5 У  Х+У ­31,5 ­12,5 ­26 ­8,5 ­0,3 ­8,8 процесті немесе құбылысты ықшам әрі шағын  сұрақтары не?                                                                    процестерді зерттеу мақсатында олардың  Сабақты бекіту:Тест 1. Модель дегеніміз а) объектілерді, моделін құру                ә) нақты объектіні, түрде бейнелеп көрсету                                                                                      б) Кезкелген объектіні бейнелеу  2. Модельдеу деп нені айтамыз?                                                                       а) объектілерді, процестерді немесе құбылыстарды зерттеу мақсатында олардың  моделін құру.                                                                 ә) нақты объектіні, процесті немесе құбылысты ықшам әрі шағын түрде бейнелеп  көрсету                                                                                       б) Әртүрлі суреттермен жұмыс істеу.  3. Модельдерді қасиеттеріне қарай неше топқа жіктейміз?                                             +22-7:3+(-3) а) 3                                       ә) 4                                       б) 5                                                     4 Модельдерді көрсету әдісіне қарай қандай екі топқа жіктейміз?                                а) таңбалық және вербальдық ә)динамикалық және статистикалық     б) материалдық және ақпараттық  5. Ойша немесе әңгіме түрінде жасалған ақпараттық модель деп нені айтамыз?  а) материалдық                 ә) таңбалық модель        б) вербальдік модель        Тест жауабы  1. ә)                     2. а)                       3. ә)                     4. б)                      5. б)                          Рефлексия Әр оқушының алдында жасыл,сары,қызыл түсті смайлик  бар. Сабақ біткен кезде үшеуінің біреуін мұғалімге қалдыру керек.  Жасыл ­ Маған сабақ ұнады, сабақ пайдалы болды.Мен тақырыпты түсіндім.  Сабақта белсенді қатысып, тиісті бағамды алдым.  Сары  ­ Жалпы сабақ маған пайдалы болды.  Қызыл  ­ Мен сабақты толығымен түсінген жоқпын, сондықтан сабақтың  пайдасы аз болды. Сабақты қорытындылау. Белсенді  қатысқан оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма беру:   Мазмұндау: Модель.Модель түрлері. Информатика пәніне байланысты материалдық модель құрып келу.

Модель. Модельдер түрі.

Модель. Модельдер түрі.

Модель. Модельдер түрі.

Модель. Модельдер түрі.

Модель. Модельдер түрі.

Модель. Модельдер түрі.

Модель. Модельдер түрі.

Модель. Модельдер түрі.

Модель. Модельдер түрі.

Модель. Модельдер түрі.

Модель. Модельдер түрі.

Модель. Модельдер түрі.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
18.12.2018