Асқар Алимжановтың «Нашақорлық үрейі»
атты кітабының желісі бойынша қойылған
сахналық көрінісінің сценарийі.
Мақсаты: Оқушыларға ВИЧ/СПИД/ ауруы туралы мағлұмат беріп, олардың алдын алу және сақтану жолдарын әртүрлі әдіс-тәсілдермен мектеп оқушылары арасында насихаттау.
СПИД-тің таралу қаупінің қаншалықты қауіпті екендігі жайлы білімдерін тереңдетіп, дамыту.
Барысы:
Кітапхана меңгерушісі:
- Құрметті оқушылар, ұстаздар. Өздеріңізге белгілі, 1-желтоқсан – Бүкілдүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күні.
Міне, бүгін ВИЧ/СПИД/ тақырыбына байланысты I-II курс оқушылары мен кітапхана ұжымы Асқар Алимжановтың «Нашақорлық үрейі» атты кітабының желісі бойынша дайындаған «Нашақорлық үрейі» атты сахналық қойылымды ұсынғалы отырмыз. Қойылым барысында, өздеріңіз секілді жастардың өмірінде әр түрлі қиыншылықтар кездескенін, біреулері оны жеңіп тура жолға түскенін, біреулері құмарлықтың жетегінде кетіп қандай халге душар болғанын көресіздер. Сахналық қойылымды қоюдағы мақсатымыз: сіздердің бойыңыздағы салауатты өмір салтын берік қалыптастыру, денсаулықтарыңызды сақтай білуге үйрету, зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыру, бүгінгі таңда елімізге қара бұлтын төндіріп отырған қасіретті СПИД кеселіне қарсы тұруды уағыздау.
Сонымен, қабыл алыңыздар!
I көрініс. Каринаның Азаматпен танысуы. Каринаның есірткіге тәуелді болуы.
II көрініс. Азаматтың мафия бастығы Аликпен кездесуі.
III көрініс. Наркодиспансер клиникасы. Дәрігер Қасымхан Мәжітұлының
емделуші Нұрланмен кездесуі.
Қасымхан Мәжітұлы құжат толтырып отыр. Кабинетке медбике Лейла Хамитқызы кірді.
- Қасымхан Мйжітұлы, Нұрланның анализ қорытындылары келді, - деп дәрігерге қағазды ұсынды.
Қасымхан Мәжітұлы қағазды оқып басын шайқады. Шаршаңқы дауыспен:
- Лейла, Нұрланды шақырыңызшы,-деді.
Есік қағылып Нұрлан кабинетке кірді. Қолдары бинттелген.
- Сәлематсыз ба, Қасымхан Мәжітұлы!
- А, Нұрлан, айналайын, кір, отыр.
Қасымхан Мәжітұлы қаламды айналдырып үнсіз отырды. Жұмсақ дауыспен:
- Халің қалай Нұрлан? – деп сұрады.
Нұрлан жымиып:
- Қазір жақсы. Тек қолдарым аздап ауырады,-деді де, қолдарын дәрігерге көрсетті.
Дәрігер үндемеді.
- Бүгін әжем келді,-деді Нұрлан дәрігерге жәутеңдей қарап.
- Нұрлан, сен оқисың ба, әлде жұмыс жасайсың ба?-деп сұрады Қасымхан Мәжітұлы.
- Техникумда оқимын. Мен мұнда кездейсоқ түстім ғой, сіз білесіз ғой, - деді Нұрлан ақталғандай болып.
- Сен алғашқы ине салғаныңда қасыңда кім болды? Есіңе түсірші.
- Біздің техникумнан екі жігіт болды. Кейін тағы жігіттер болды, бірақ мен оларды танымаймын. Айтпақшы, тағы бір жігіт болды, балдар оны «пахан» деп атайтын. Бірақ мен ол жігітті танымаймын.
Нұрлан басын көтеріп:
- Мен енді қайталамаймын. Әжем техникумға барыпты, мені емтиханға жіберетін болыпты.
- Нұрлан,-деді Қасымхан Мәжітұлы оның сөзін бөліп,- бүгін лабораториядан сенің анализ қорытындыларың келді. Сені басқа емханаға ауыстыратын болдық.
Нұрлан дәрігердің сөзін мұқият тыңдау үшін дәрігерге қарай еңкейді.
- Түсінесің бе, -деп жалғастырды Қасымхан Мәжітұлы,-анализ қорытындысы бойынша сенде ВИЧ-инфекция бар екендігі анықталды.
- СПИД дейсіз бе?
- Иә, СПИД. Саған қосымша тексеруден өтуіңе тура келеді.
Нұрлан бұл сөздерге сенгісі келмегендіктен басын шайқады.
- Қасымхан Мәжітұлы, сіз білесіз ғой, мен наркоман емеспін. Мен тек татып көрдім ғой. Бұл кездейсоқ, бұл қателік. Жоқ...-Нұрлан орнынан атып тұрды.-Жоқ, керегі жоқ, мен қаламаймын, қаламаймын...
Лейла Хамитқызы Нұрланның қолынан ұстап жұбатпақшы болды:
- Бұл қателік болуы да мүмкін,-деді.
Бірақ Нұрлан оны тыңдамастан қолын қағып жіберді де, Қасымхан Мәжітұлы отырған столға ұмтылды.
- Бұлай болуы мүмкін емес, жоқ, өтірік, менің сессиям бар, әжем айтты...-Нұрлан кабинеттің ішінде сенделіп әрі-бері жүрді.-Қайдағы СПИД?! Мен тек қана татып көрдім ғой...
- Өкінішке орай олай болады. Сен лас инені пайдаланғансың
Нұрлан өзін ұстай алмай жылай бастады. Қасымхан Мәжітұлы Лейлаға қарап:
- Психологты шақыршы,-деді.
Нұрлан жарға жабысып дауыстап жылай жөнелді:
- Жоқ, мен өлгім келмейді. Мен жаңа ғана 16-ға толдым ғой. Жоқ,жоқ, мен өлгім келмейді...әже,жоқ,мен өлгім келмейді...
Қасымхан Мәжітұлы Нұрланның қиналған түріне қарай алмады. Теріс айналды. Көзілдірігін шешіп, көзін жұмды. Енді мұның қолынан келер ештеңе жоқ.
IY көрініс. Карина мен Даниярдың туған күні.
Y көрініс. Бір жылдан кейінгі Карина мен Азаматтың өмірінен көрініс. Данияр мен Жаннаның Каринаны құтқаруға тырысуы. Азаматтың милицияға ұсталуы.
Азамат, жалдаған үйінде, теледидар алдында орналасқан креслода шалқайып теледидар қарап отыр. Алшақтау жерде, лас төсеніштің үстінде Карина жатыр. Каринаның халі өте нашар еді: көздерінің асты ісіп кеткен, шаштары шатасқан, жүдеген.
Карина әлсін-әлсін дірілдеп, аяғын бүктеп қолымен құшақтап біраз жатты. Кейін
басын көтеріп Азаматқа қарай еңбектеп, оның алдына тізкерлеп отыра кетті.
- Азик, сүйіктім, өтінем. Тағы бір рет берші.
- Жоқ, ақшаңды әкел.
Карина оның аяғына жабысып:
- Азик, сүйіктім, менің қиналып отырғанымды көріп тұрсың ғой. Тағы бір доза берші, өтінем. Мен ақша табамын. Тек қана берші, өтінем...
Карина Азаматтың бетінен сүймекші болып еді, бірақ Азамат оны итеріп жіберді.
- Өтінем тек бір доза, бір доза,-деп Карина Азаматтың аяғын, кейін қолын сүйе жөнелді.
Азамат жиіркенішпен оны итеріп жіберді де, үстінен аттап өтпекші болды.
- Жоқ, кетпеші! – Карина Азаматтың курткасының етегіне жабысты. – Мені тастап кетпеші.
Азамат Каринаны аяғымен итеріп жіберді.
- Доғар дедім саған! – деп ақырды.-Ақшаңды әкел, сонда ғана дозаңды аласың. Тумаластарыңнан сұра.
Азамат Каринаның үстінен аттап өтіп, сыртқа шығып кетті...
...Карина көзін жұмып ыңсырады. Оның бар ойы бір ған доза еді. Оған қалайда ақша табу керек екендігі бір сәт те есінен кетпеді. Есіне достары түсті. Ұялы телефонын тауып Жаннаның нөмірін терді. Каринаға өмірі осы қоңырауға байланысты көрінді.
- Жанна,жаным,тез келші, маған ақша керек. Естимісің, маған ақша өте қажет...-Карина жарға сүйеніп отыра кетті. Жылады,-маған көмектес,-деп сыбырлады.
- Карина, сен қайдасың?- деген Жаннаның дауысын Карина әрең естіді. Әлі кете бастады. Есін әрең жиып:
- Мекен-жайымды жаз-деді...
Жанна Каринаны көргенде шошып кетті. Бұрынғы сұлу қыз тірі өлікке айналған секілді. Карина диванда аяғын құшақтап отыр екен. Жаннанға біраз тесіліп қарады, бірақ танымады.
- Карина,-Жана оны иығынан сілкіді,-сен мені естимісің? Саған не болған?Сен мында не істеп отырсың? Жүр,үйге кетеміз,-қолынан тартып тұрғызбақшы болды,бірақ Карина оны итеріп жіберді.
- Карина, саған көмек қажет пе? – дед Жанна.
- Маған ба?- деді Карина, - жоқ.
Басын шайқады. Өзінен өзі күлді. Жаннаның бетіне тесіле қарап үнсіз отырды да, кенет:
- Жоғал, - деп айқай салды.- Жоғал, бұл жерден. Жоғал! – құлағын жауып шыңғырып жата кетті.
Есіктен Азамат кіріп келді.
- Эй,сен! Саған не керек?! – Жаннаға қарай беттеді,-қараңды батыр. Тез.
Жанна Каринаға қарады, бірақ ол ес-түссіз жатқан секілді. Сыртқа жүгіріп шықты. Асыққанда сумкасын ұмытып кетіпті, бірақ қайтып баруға Азаматтан қорықты.Даниярға телефон шалып, Каринаның мекен-жайын айтты. Оның ендігі мақсаты, қалайда Каринаны бұл жауыздың қолынан құтқару еді...
... –Азик, сүйіктім. Мені тастап кетпейтініңді білдім. Маған доза әкелдің бе?
Карина Азаматтың аяғын сүйді. Мойнына асылмақшы болды, бірақ Азамат оны итеріп жіберді.
- Әуелі ақша тап. Ақша болмаса доза да жоқ.
- Ақша? - Каринанынң есіне Жаннаның ұмытылып кеткен сумкасы түсті. – Қазір, міне,міне...- сумканы ақтарып ішінен әмиянды шығарды. – Мен үшін бір доза берші, өтінем.
- Мұның аз. Сен жұмыс жасайсың- Азаматтың даусы өзгерді.
- Қайдағы жұмыс?
- Қазір мұнда бір клиент келеді. Тілімді алсаң, дозаңды аласың.
- Сен не деп тұрсың? Мен сенің қызыңмын, мен сенің сүйіктің емеспін бе? – деп Карина Азаматқа қолын созды.
- Ақылды болсаң, олар ақшаны аямайды, ал саған ақша қажет-деп Азамат шығып кетті.
Есіктен мас екі жігіт кірді. Каринаның «Жоқ,жоқ! Азик,Аза!» деген ащы дауысы естілді...
...Данияр Каринаны ес-тұссіз жатқан күйінде тапты. Данияр оны иығынан ұстап, басын көтерді.
- Карина, көзіңді аш! Сен мені көріп тұрмысың?
Карина көзін бір ашып, қайта жұмды. Данияр оны қолымен тіреп отырғызбақшы болды.
- Өтінем, көзіңді ашшы, Бұл менмін.
- Даник?
- Иә,мен. Тұр, кетеміз. Мен сені бұл жерде қалдырмаймын... Мен сені сүйемін. Бәрі жақсы болады, сен емделесің, біз бірге тұрамыз.
Данияр Каринаны көтеріп алды. Бұрыла бергенде желкесіне ауыр соққы тиді. Данияр тұңғиық қараңғыға еніп кете барды...
... Азамат Даниярды аяғымен түртті, ол қозғалмады.
- Сүмелек. Маған қарсы шыққың келді ғой сірә... Это мы правим миром, а вы со своей любовью к жизни ничего не стоите.
- Артына бұрылып,-Сашка,-деп шақырды.
Сырттан Азаматтың досы кірді.
- Бар, екі доза алып кел. Бұрынғысынан екі есе көбірек,-деп бұйырды.
Сашка екі доза әкеліп, Азаматқа ұсынды.
- Сал мыналарға,- деп әлгі бұйырды.
- Аза,бұл доза өте көп, бұдан өліп кетуі мүмкін.
- Мыналардың көзңн құрту керек, әйтпесе мынау,- Даниярдың бүйірінен тепті,-біздің түбімізге жетеді.
- Жоқ, мен салмаймын,-Сашка бас тартты.
Азамат жанқалтасынан қару шығарып, Сашканың басына тақады.
- Сал дедім саған,-деп ақырды, - екеуіне де сал.
Сашка амалсыздан салды. Каринаға салып бола бергенде, көзінің қиығымен Азаматтың Даниярға қаруын тақағанын байқады. Азаматтың қолын қағып үлгерді. Оқ еденге тиді. Есік айқара ашылып, бөлмеге форма киген адамдар жүгіріп кірді. Сашка екпетінен жата кетті... Азамат қарсылық көрсетіп үлгермеді
Сахна жабылады
Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі
Асқар Алимжановтың «Нашақорлық үрейі»
атты кітабының желісі бойынша қойылған
сахналық қойылым сценарийі
Дайындаған: Жайбергенова Б.А., кітапхана меңгерушісі
2016/2017 оқу жылы
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.