Научная работа на тему "Полезные свойства Кока-колы в быту"
Оценка 5
Научно-исследовательская работа
docx
биология +2
8 кл—11 кл
09.04.2017
Зерттеу жұмысының міндеттері:
-Кока-кола сусынының нарықтағы түрлерінің құрамын анықтау;
-Қазіргі медицинада болып жатқан жаңалықтарды ұтымды көрсету:
-Сусынды шаруашылыққа қалай тиімді пайдалануға болатынын тәжірибе арқылы көрсету.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Кока-кола сусынының нарықтағы түрлерінің қайсысының құрамында зиянды заттары аз екенін анықтап және оның тұрмыстағы пайдалы жақтарын тәжірибе жүзінде дәлелдеу.
doklat-koka-kola.docx
Аннотация
Зерттеу жұмысының мақсаты: Кокакола сусынының нарықтағы
түрлерінің қайсысының құрамында зиянды заттары аз екенін анықтап және
оның тұрмыстағы пайдалы жақтарын тәжірибе жүзінде дәлелдеу.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
Кокакола сусынының нарықтағы түрлерінің құрамын анықтау;
Қазіргі медицинада болып жатқан жаңалықтарды ұтымды көрсету:
Сусынды шаруашылыққа қалай тиімді пайдалануға болатынын тәжірибе
арқылы көрсету.
Болжамы: Егер, біз кокаколаның зиянды түрлерінен бас тартуға және
оны сусын ретінде емес, тұрмыстағы жуғыш зат ретінде пайдалануға
болатынын дәлелдесек халық ол сусыннан бас тарта ма екен....
Зерттеу жүйесі: Ақпарат көздерін жинақтау, шығу тарихын және
сусынның түрлерінің құрамын білу, тәжірбие жасау, қорытынды шығару.
Зерттеу пәні: Кокакола сусыны
Зерттеу әдістері: іздену, зерттеу, баяндау, талдау, бақылау, жүйелеу,
салыстыру, тәжірбие жасау, ой қорыту.
Зерттеу жаңалығы: Кокакола сусынына құрамында ақуызы бар затты
салсақ, біраз уақыттан кейін бүрісіп немесе іріп, кішірейіп кетеді. Кез келген
таттанған затты немесе көнерген құралды тазартып, айнадай жалтыратып
қоятын қасиеті бар. Тағамның жеңсік түрлерін дайындаудағы пайдаларын
көрсетеді.
1 Пікір
Зерттеу жұмысында орындаушы оқушы өз бойындағы дарындылықты
жүйелі жүзеге асыру жолында өз ізденісін тиянақты жеткізе білген.
Нұрбергенге бұл жұмысты таңдауға себеп болған «Кокаколаның жақсы
жақтары бар ма екен?» деген ойы себеп болған. Ол осы ойын одан әрі
тереңдете білгісі келіп, қандай да бір деректер тауып, тәжірбиелер жасау
арқылы осындай нәтиже мен қорытындылар жасап отыр.
Зерттеу кезінде Нұрбергеннің жасы кішкентай болуы және ақпараттар
іздеу кезінде және интернет жылдамдығының аздығы сияқты қиындықтары
болды. Соған қарамастан, Нұрберген алдына қойған мақсатына жетті деп
ойлаймын. Ол өз пікірін ашық айтуға, еркін ойын жеткізуге, қойылған
сұрақтарға толық, нақты жауап беруге дағдыланды.
Болашақта Нұрберген өзінөзі танытатындығына мен сеніммен қараймын,
өйткені ол барлық сабақтарға қызығушылықпен, ынтасымен қарап қана қоймай,
сыни тұрғысынан ойлай алады.
Ғылыми жетекші: химия пәнінің мұғалімі У.А.Умирзаков
2 МАЗМҰНЫ
Аннотация................................................................................1
Кіріспе......................................................................................4
1.ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
1.1.Кока –кола сусыны. Шығу тарихы..................................5
1.2.Кокакола Ресейде және Қазақстанда.............................6
1.3. Әлемдегі спорт қозғалысын қолдаушы.......................7
1.4. Сусынның құрамы...........................................................8
1.5. Сусынның нарықтағы түрлерінің құрамы....................10
2.Зерттеу материалдары мен әдістері
2.1.Қызықты айғақтар.............................................................13
2.2.Денсаулыққа әсері.............................................................15
3.Зерттеу нәтижелері
3.1 Тұрмыстағы пайдалы жақтары.....................................16
3.2.Менің тәжірбиелерім .....................................................17
3.3.Кокаколаны сусын ретінде тұтынбау............................18
Қорытынды...........................................................................20
Пайдаланылған әдебиеттер................................................21
3 КІРІСПЕ
Кока–кола сергітетін өте қатты газдалған алкогольсіз сусын,
көптеген елдерде кеңінен тараған. The CocaCoIa Company
компаниясының өнімі; 20062010 жылдар арасындағы әлемдегі ең үздік
сусын болып саналады.
Бірақ осы уақытта бұның бәрін теріске шығарып жатырмыз, өйткені
бұл зат организмге түсе отырып, қатерлі ісікке алып келетін формальдегид
канцерогенге айналатын метил спиртін бөледі және ағзадан қажетті
минералдар мен металдарды шайып кетеді.
Өнім адамға қосымша қуат береді деу қате пікір. Кокаколаны сатуға
тыйым салу керек деп сенімді түрде айта аламыз.
Өйткені күшті газдалған бұл сусынның құрамында қанттың көп екені
анықталған. Қазір, яғни бұлардың зияны анық дәлелденген уақытта ғана
аталған өнімнің отаны Американың кей штатарында оларды сатуға тыйым
салынып жатыр екен. Мен де өз пікірімді, үлесімді қосып,ойыммен бөліскім
келеді.
Мен де өз зерттеуім және тәжірбием арқылы, осы сусынның пайдасы мен
зиянын анықтаймын да, пікірімді жазып , нәтиже шығарамын деген ойдамын.
4 1.ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
1.1.Кокакола сусыны. Шығу тарихы.
«Кокакола» сусынын 1886 жылдың 8 мамыр айында (Джоржия
штаты, АҚШ) Атлантада ойлап тапқан.
Авторы – америка Әскери конфедерациясының офицері
болған, фармацевт Джон Стит Пембертон (Кокаколаны бір
фермер ойлап тауып, рецептін Джон Ститке 250$ сатқан, ол
жайлы Джон Стит өзінің сұхбаттарының бірінде айтыпты
деген аңыз бар).
Сусынның атауын көркем жазуды меңгерген
Пембертонның есепшісі Фрэнк Робисон, осы уақытқа дейін
сусынның логотипі болып табылатын «CocaCola» деген
сөзді әдемі бейнелі әріптермен жазып, ойлап тапқан. Кокаколаның негізгі
ингредиенттері: кок жапырағының үш бөлігі (осы жапырақтардан 1859 жылы
Альберт Ниман (Albert Niemann) ерекше компонентін бөліп алып, кокаин деп
атаған) және кола тропикалық ағашының бір бөлігі. Пайда болған сусын «кез
келген жүйке бұзылуына» емдік дәрі ретінде Атлантадағы Джекоба қалалық
дәріханасында сатыла бастайды. Ол кезде кокаиннің адам денсаулығына зиян
екені анықталмағандықтан, тыйым салынған заттек болып табылмайтын.
Сондықтан кокаин еркін сатылымда болып, оны ләззат алу үшін спирттің
орнына сусынға жиі қосып отыратын болған. Бастапқыда сусынды күнделікті
орташа есеппен 9 адам сатып алатын болған. Алайда кокаколаның
танымалдығы мен
бастады.
1888 жылы Пембертон сусынды шығару құқығын сатып жібереді. 1892
жылы «Кокаколаның» құқығына ие болған кәсіпкер Аса Григгс Кэндлер кока
біртіндеп
кірісі
де
өсе
5 коланы өндірумен айналысатын «The CocaCola Company» компаниясының
негізін қалайды. 1902 жылы кокакола 120$ ақша айналымымен АҚШтағы ең
танымал сусындардың біріне айналды. Ағылшын жазушыфантаст
Герберт Уэлсстің «ТоноБэнге» романы кокаколаның жарнамасы мен
таралуына сатиралық туынды ретінде ұсынылады. 1890 жылдардың соңына
қарай кокаинге деген қоғамның пікірі теріс айналып, 1903 жылы «New York
Tribune» газетінде кокаколаны ішкен қаланың лас шеткері түпкірлеріндегі
негрлер ақ нәсілділерге қарсы шабуыл жасағандығын айтып, кокаколаға кінә
тағады. Содан кейін кокаколаға коканың жас жапырақтарының орнына,
«сығылып», бар кокаині жойылған бөліктерін қосады. 1894 жылдан бастап
шөлмектерде, ал 1955 жылдан бастап қалбыр ыдыста сатылатын болды.
1.2. Кокакола Ресейде және Қазақстанда
1979 жылы «Кокакола» компаниясының сусындары алғаш Мәскеудегі
Олимпиада ойындарына дайындығы барысында пайда болады. Кокакола
1999 және 2010 жылдары «Жыл Өнімі» ұлттық сыйлығының лауреаты болады.
«Кокакола» компаниясы өкілдерінің айтуынша,
сусынның негізгі
құпиясы кошениль құртынан алынатын азықтүлік қоспада екен. Әдетте оның
құрамына қант, кока ағашының жаңғағы, фосфор қышқылы, кофеин, карамель,
көмірқышқылы қосылады деп көрсетілген.
Енді өндірушілер сусынның түсін өзгертетін бояу ретінде қолданылатын
кошениль құртының еш зияны жоқ деп елді сендіруге тырысуда. Дегенмен
«кокаколаның» адам ағзасына келтірер залалы күнненкүнге дәлелденіп отыр.
6 CocaCola Icecek Совет үкіметі құлағаннан кейінгі уақытта, яғни 1994
жылы Қазақстанға келген алғашқы инвестор болып табылады және мемлекет
аумағында салынған алғашқы бірлескен зауыттың иесі «КокаКола Алматы
Боттлерс». Сол жылы бұл компанияның Алматыдағы алғашқы зауыты көп
ұзамай жұмысын тоқтатты. Сондықтан 2005 жылы компания жаңа
мегазауыттың құрылысына инвестиция бөліп, зауытты Алматы облысындағы
Береке елді мекенінен салады. Алғашқы зауыттарында тек 3 өнім шығарушы
өзек болса, жаңа зауытта сондай өзектердің 10 болды. Бұл зауыт Орталық Азия
аймағындағы жалғыз мегазауыт екенін атап кеткім келеді.
Атап айтарлығы, қазір Coca Colaның әлемдік деңгейдегі ахуалы мәз емес.
Әлемдегі ең ірі алкагольсіз сусын өндіруші компанияның сатылымнан түсетін
табысы екінші тоқсанда 3 пайызға төмендеп, сарапшылардың күтілімін
ақтамады. Атап айтарлығы, бірінші тоқсандағы жағдай бұдан да мүшкіл болған
еді – ол кезде табыс 7,5 пайызға құлдырағанды.
Соңғы 15 жылда алғаш рет бүкіл әлем бойынша газдалған CocaCola
сусындарының сатылымы төмендеп отыр. Ресми мәліметтер бойынша, онша көп
азаймаған — баржоғы 1 пайызға кеміген. Алайда бұл жалпы кола өзеніндегі
миллиардтаған литр сусын. Тек Алматы облысы Береке ауылындағы зауыт
жылына 400 млн литр сусын өндіреді.
Кезінде шырындар өндіру бойынша Ресейде төртінші орында болған Coca
Cola Companyдің ООО «Нидан соки» еншілес компаниясы сатылымның 5
пайызға төмендеуі салдарынан жұмыс іңстеуін тоқтатқан еді. Қазақстандағы
сатылым мәселесіне келетін болсақ, … «КокаКола Алматы Боттлерс» ЖШС
7 БКнің баспасөз қызметі түсініктеме беруден және 2014 жылғы екінші
тоқсандағы жұмысын нәтижесін жариялаудан бас тартты.
Осы орайда, бейресми ақпарат көздері танымал CocaCola сусынының
өндірісі 25 пайызға дейін қысқарды дегенді айтады: оны денсаулыққа зиянды
деп есептеген адамдар аталмыш сусыннан бас тартуда.
1.3.Әлемдегі спорт қозғалысын қолдаушы
басып
1960 жылы Токио қаласында өткен олимпиадада «Кокакола» Токио
және Жапониядағы тегін қала карталары, қаланың көрнекті жерлері мен көше
көрсеткіштерін
алады.
1979 жылы «Кокакола» АҚШтың Ұлттық олимпиада комитетінің Америка
олимпиадалық атақ залының құрылуына қаржылық көмек көрсетеді. 1987
жылы «Кокакола» Ұлттық олимпиада комитетімен келісімге қол қойып,
Лозанн қаласындағы олимпиадалық мұражайының алғашқы демеушілерінің бірі
болады. Әлем футбол чемпионатын қолдаушы
шығаруды
мойнына
1992 жылдан бастап «Кокакола» компаниясы олимпиада алауының
эстафетасын ұйымдастырушы және демеушілерінің бірі болып табылады. 1974
жылдан бастап «Кокакола» ФИФАның ресми серіктесі, ал 1978 жылдан
бастап футболдан әлем чемпионатының
ресми демеушісі. 2010 жылы футболдан
әлем чемпионатында Претория қаласында
әлем бойынша 250 жасөспірімдерді жинап,
балаларға арналған лагерь ұйымдастырады.
8 1.4.Сусынның құрамы
Сусынның әр нұсқасының құрамы әртүрлі болып келеді. Ол әсіресе
диеталық нұсқасында аз мөлшерде кездесетін көміртекке байланысты. Мұнда
«классикалық» нұсқадағы жай Кокакола нұсқасы берілген.
Сусынның компонеттері:
Қант
Көміртек диоксиді ( Е 290)
Бояғыштар : қант коллері ( 150) , кармазин ( азорубин) ( Е 122)
Ортофосфор қышқылы ( Е 338)
Кофеин
Табиғи хошиістендіргіштер
Тағам құндылығы:
Энергетикалық құндылығы—42 ккал
Ақуыздар 0
Майлар 0
Көмірсулар10 мг
Натрий «11,0 мг
Калий 1,0 мг
Кальций 4,0 мг
Магний 1, 0 мг
Фосфор шамамен 17мг
Кола – тропиктік Африкада өсетін ағаш түрі;кейбір түрлерінің жемістері
медицинада ,ликер және кокакола сусынын жасауда қолданылады.
9 Коланың калориялылығы өте жоғары, өйткені коланың 0,5 литрлік
құтысында қанттың мөлшері 1012 қасық мөлшерде болады, сол себептен
диетологтар бқл сусынды пайдаланбауды ұсынады. Коланың және басқа да
тәтті сусындардың құрамында лимон және ортофосфор қышқылы бар.
Қышқылдар сілекейлі қабықты құрғатады, сондықтан газдалған сусындармен
шөлді қандыру мүмкін емес, шөлді қандыру мақсатында оны шамадан тыс
пайдалану бүйрекке артық салмақ түсіріледі.
Қышқылдығы өте жоғары сусындарды пайдалану (мысалға, кола немесе
апельсин шырыны) тіс эмаліне зақым келуі және асқазан сөлінің қышқылдығын
арттырады, артынша асқазан қабырғасының тітіркенуіне немесе язвалар пайда
болуы мүмкін. Сондықтан асқазанішек ауруларымен ауыратын адамдарға
қолдануға шектеу қойылған. Сонымен қатар бұл қышқылдар организмге
кальцийдің сіңірілуіне кедергі жасап оны шаяды, осының әсерінен адам
сүйегіне әсерін тигізбей қоймайды. Әрдайым коланы пайдалану даму үстіндегі
организмге кері әсерін тигізеді. Егер тамақты мұз қосылған коламен ішсе, онда
ол тамақтың қорытылу уақыт азайтып, соның әсерінен адамның қарны қайтадан
ашып тамақтанады, бұл семіруге алып келеді. АҚШ және Сингапур
ғалымдарының зерттеуі бойынша үнемі тәтті сусындарды пайдалану асқазан
обырының пайда болуына әкеліп соғуы мүмкін деген қорытындыға келді. Бұл
сусындардың құрамындағы жасанды ароматизаторлар мен бояғыштар адам
организміне зиянын тигізеді.
Кокакола Лайттың құрамы
Бірнеше жыл бұрын ғаламторда коланың аз калориялы түрі CocaCola
Lightң кофеинсіз құрамы жараияланды, оның құрамына Aqua carbonatada,
E150d, E952, E950, E951, E338, Е330, Аromas, Е211 заттары кірді.
Aqua carbonatada – газдалған су.
Е290 (көміртегі диоксиді) – тағамдық қоспа, тамақ өнеркәсібінде
консервант, қышқылдық тұрақтандырғыш және антиоксидант ретінде
пайдаланылады. Тұрмыста Е290 қосындысы көмірқышқыл газы ретінде таныс.
Физикалық қасиеті жағынан көмірқышқыл газы түссіз, сәл қышқыл дәмі бар
иіссіз газ. Е290 қосындысы суда аздаған мөлшерде көмір қышқылын түзе ери
алады. Өндірісте бұз газды мұржа газдарын калий корбанатымен адсорбциялау
арқылы алады, сонымен қатар көміртегі диоксидін ауа құрамынан бөліп ала
алады. Газдалған сусындар көмір қышқылының әлсіз ерітіндісі секілді болады,
сондықтан Е290 қосындысы бар сусындар асқазан ауруларымен ауыратын
10 адамдарға қолдануға болмайды. Сонымен қатар газдалған сусындардың тағы
басқа жағымсыз жақтары бар, мысалға оларды ішкеннен кейін адамның іші
ауырып кекірік пайда болуы мүмкін.
E150d (бояғыш) – қантты колер (күйдірілген қант). Оны белгілі бір
температураларда қорытылған қанттан алады.
E952 (калориясыз тәттілендіргіш) – циклам қышқылы немесе рның
натрий, калий және кальцийлі тұздары. Цикламат синтетикалық химиялық зат,
жасанды тәттілендіргіш ретінде қолданылады. Өте тәтті дәмі бар, ол қанттан
3050 есе тәттірек. Адам пайдаланатын тағамдарда қолдануға тыйым салынған,
өйткені концероген болып табылады. Жер шарындағы мемлекеттер оны
пайдаланудан бас тартып отыр, оның ішінде АҚШ, Ұлы Британия, Франция
сияқты алпауыт мемлекеттер бас тартқан.
E950 (калий ацесульфамы) сахарозадан 200 есе тәттірек. Құрамында
метил эфирі ол жүрекқан тамырлар жүйесінің дұрыс жұмыс жасауына
кедергі жасайды; аспароген қышқылы – жүйке жүйесін қоздырушы заттары бар.
Құрамында осы заттары бар тағамдар балаларға, аяғы ауыр әйел адамдарға
қолдануға тыйым салынған.
E951 (аспартам) – диабетпен ауыратын адамдарға арналған қантты
алмастырушы зат. Қыздыру кезінде аспартам метанол мен фенилаланинге
ыдырайды. Метанол өте қауіпті зат, 510 мл мөлшері адамды көру мүшесінен
айырылуға, ал 30 мл мөлшері адамды өлтіре алады. Құрамында аспартам бар
сусындар шөлді қандырмайды, керісінше ауыз қуысын кептіреді.
Е330 (лимон қышқылы) көмірсуларды ашыту арқылы алады. Лимон
қышқылының тұздарын (цитраттарды) тамақ өнеркәсібінде (қышқыл,
тұрақтандырғыш, консервант ретінде қолданады) және медицинада қанды
сақтауда қолданады.
Е338 (орто фосфор қышқылы) – өте жақсы антиоксидант, ол
тағамдарды бәз қалпында сақтауға, оның түсінің өңбеуіне септігін тигізеді,
өйткені ол тотықсыздану процестерін тоқтатады. Е338 тағамдарда өте жақсы
дәм береді. Ортофосфор қышқылы күшті қышқыл қатарына жатады.
Аromas – ароматы қоспалар (қандай екені белгісіз).
Е211 (натрий бензоаты немесе C6H5COONa) – тағамдық заттарды
консервілеу үшін пайдаланады. Балық және ет өнімдерін, маргаринді,
11 майонезді, кетчупті, жемісжидектерді, сусындарды консервілеу үшін
пайдаланады. Бензой қышқылын, натрий бензоатын, калий
бензоатын кейбір тағамдық өнімдерге бактериядан және зеңнен
сақтау үшін еңгізеді. Ресейде және кейбір Еуропа елдерінде
қолдануға рұқсат етілген, мөлшері 150 мг/л. Құрамында натрий
және кальций бензоаты бар тағамдарды астма ауыратын
адамдарға қолдануға рұқсат етілмейді. Ол организмдегі С
дәруменімен әрекеттесіп, кейін бензол пайда болады. Бұл өте
күшті концероген, ол ДНКға кері әсерін тигізеді.
Коланың нарықтағы түрлері
«CocaCola plus Catechin» бұл кокакола түрі Жапонияда 2009 жылы
пайда болған. Бұл сусынның ерекшелігі қарапайым құрамына аспан асты
еліндегі ерекше құрметтелетін КӨК шай қосылған. Бұл қоспа біздерге
ыңғайсыз көрінгенімен Жапонияда ерекше танымалдылыққа ие болған. Бұл
сусын тек шай дәмін ғана қалдырмайды оның құрамында шәйға тиесілі
антиоксидант катехині бар, ол иммунитетті арттырып, қатерлі ісіктердің пайда
болуының алдын алады. Бұл сусын бірден 2040 жас аралығындағы келіншектер
арасында танымалдылыққа ие болды.
12 «CocaCola Raspberry» бұл кокакола түрі Жаңа Зеландияда 2005 жылы
пайда болған, бірақ бір жылдан соң айналымнан алынып тасталған. Бұл
сусынның ерекшелігі оның құрамында таңқурай дәмі қосылған. Сусын ішкі
нарықтың өзінде танымал бола алмағасын көп ұзамай сатылымнан алынып
тасталды. Бірақ оның ашылмаған құтылары қазіргі таңда ерекше бағалы
заттарды жинаушы адамдар арасында сұранысқа ие. Таңқурай дәмді кола
толықтай жоқ болып кетті деп айтуға болмайды, өйткені оны АҚШтағы
компанияның «Freestyle» атты автоматтарынан
тапсырыспен алуға болады.
«CocaCola with Lime» бұл кокакола түрі 2005
жылы АҚШта пайда болды. Ерекшелігі ЛАЙМ
дәмімен болды. АҚШта өте танымал бола қалған бұл
сусын көп ұзамай Сингапурда, Ұлыбританияда,
Нидерландыда, Ирландияда, Жаңа Зеландияда және Жапонияда
танымал болды.
«CocaCola BlāK» бұл кокакола түрі 2006 жылы Францияда алғаш
сатылымға шыққан сусын түрі. Бұл жолы танымал сусынның КОФЕ дәмімен
болды. Көп ұзамайақ өте құнарлы бұл сусын АҚШта, Канада
да және Шығыс Еуропада пайда болды. Ерекшелігі АҚШтағы
бұл сусынның айырмашылығы құрамында қант болған жоқ, оның
орнына қантты алмастырушылар кукуруздыфруктозалы сироп
және тәттілендірушілердің екі түрі пайдаланылған.
2. Зерттеу материалдарымен әдістері
2. 1. Қызықты айғақтар
1.
2011 жылы «Национал географик» телеарнасы Кока
кола сусынының зауытын, оның жұмыс істеуі мен дайындау
құпияларын көрсетті.
2. 1989 жылы Кокакола Мәскеудегі Пушкин алаңына
өзінің сауда маркасын енгізген ең алғашқы шетел
компанияларының бірі болып табылады.
13 3. Джон Стит Пембортон деген фармацевт адамға қуат беретін шәрбат
ойлап тауып,оған адамды сергітетін кока жапырағын қосқан. Бұл өсімдік
көпшілікке «кокаин» деген атпен таныс. Сол уақытта кок жапырағына тыйым
салынбаған екен.Уақыт өтекеле шәрбат саудаға шығарылады.
Есірткіден басқа оның құрамында спирт те болған, бірақ көпшіліктің өтініші
бойынша спирт құрамына алынып тасталып,оның орнына Оңтүстік африкалық
«кола» жаңғағының дәмі қосылды. Бірақ сусын тым тәтті болын кетті,оған су
қосуға тура келді.Ал оның сыртындағы жазуды есепші
Фрэнк
Робинсон ойлап тапты.1886 жылы КокаКола газдалып сатыла бастады.
Пембортонның жаңа кәсібі бірден алға баспады. Ақша аз түсе бастаған соң ,
ғалым шәрбат формуласын Аза Кендлер деген кісіге 2000 долларға сатып
жіберді. Америка Құрама Штаттарына келген кезде қалтасында 1 доллар 75
центі
Ол идеяны жандандырып «CocaCola Company»
компаниясының негізін қалайды. Соңғы статистикаға жүгінсек, Американың
ұлттық сусынына айналған КокаКоланы әлем бойынша бір минуттың ішінде
8000 адам тұтынады делінген. Оның әзірлеу құпиясы жазылған қағаз жеті қабат
жердің астында сақтаулы.
ғана болған.
Бұл сусынды әлемде білмейтін адам жоқ. Зерттеу компанияларының
пікіріне сүйенсек әлем халқының 94 пайыз «Cocacola»мен таныс. Бірақ,
оның құпиялары туралы барлығы біле бермейді.
4. Өзгермейтін логотип. Көптеген компаниялар өз логотиптерін
өзгерту үшін көптеген қаражат бөліп жатса, кокакола оған басын
ауыртпады. Танымал жазу 1886 жылы буxгалтер Фрэнк Робинсонның
тырысуымен пайда болды. Робинсон ойлап тапқан логотип қазір де
пайдаланылып келеді. Компания дизайнерлері тек шамалы ғана өзгерістер
енгізгені болмаса, өз тариxында кокакола ешқашан белгішесін өзгерткен
емес.
5. Жүйкені тыныштандыратын сусын. 1886 жылы Кола алғаш
сатылымға салқындатылған сусын ретінде емес,
жүйкені
тыныштандыратын сусын ретінде шыққан. Сонымен қатар, Джон
Пербентон өз сусынын импотенциядан қорғайтынын да айтқан.
6. Құрамында кокаин бар. 1903 жылға дейін коланың құрамында
кокаин бар болған. Кейбіреулер мұны тек аңыз, деп ойлайды. Бірақ, ол кезде
кокаин тыйым салынған зат болмағандықтан газ жасау үшін кокаиннің
жапырақтары пайдаланылған.
14 7. Кокакола әлемде ішілетін сусындардың 3 пайызын құрайды.
Компания басшылығы 2014 жылғы баяндамасында қызықты мәліметпен
бөлісті. Олардың айтуынша, кокакола әлемде күн сайын ішілетін
сусындардың 3 пайызын құрайды (ауызсуды есептемегенде).
8. Қай елдерде кока коланы таба алмайсыз. Әлемде бұл газдалған
сусынды сатпайтын екі ғана мемлекет бар: Куба мен Солтүстік Корея.
2012 жылға дейін бұл тізімде Мьянма да болған. Тәтті сусынды, оны ең
алғаш пайдаланған шетелдің бірі Кубаға кіргізу 1960 жылдары
тоқтатылды. Ал, Солтүстік Кореяның дүкендерінде бұл сусын ешқашан
болған емес.
9. Кокаколаның барлық өнімін пайдаланып көру үшін қанша уақыт
керек. Компания үлкен мөлшерде әртүрлі сусындар шығарады. Егер күн
сайын жаңа біреуінің дәмін татып отыратын болса, барлығын бітіру үшін
кем дегенде 9 жыл уақыт керек. Қазіргі уақытта компанияда 3500 сусын
мен 500 брэнд бар. Ресей сауда орындары сусынның тек 20 түрімен ғана
таныс.
10. Кокакола және айға дейінгі жол. Егер осыған дейін компания
шығарған кокаколаның 200 млден сәл көп сусындарынан жол жасаса оның
ұзындығы Ай мен Жердің арақашықтығынан 2000 есе ұзын жол шығады.
11. Кока кола брэнді қанша тұрады? Қазіргі таңда кокакола 83,8 млд
долларға бағаланып отыр. Бұл «KFC», «Subway», «Рepsi», «Вudweiser»
компанияларын қосқандағы бағадан көп.
12. Барлығына түсінікті сөз. Компанияның айтуынша, кокакола
әлемдегі «ок» сөзінен кейінгі ең түсінікті сөз екен.
13. Коланы барлығы жақсы көретін жер. Көбісі коланы АҚШта көп
пайдаланады, деп ойлайды. Бірақ, олай емес. Коланы пайдалану бойынша
көш бастап тұрған – Мексика. Орта есеппен жылына бір мексикандық
коланың 745 құтысын ішеді екен. Құрама штаттыкі орталау, 400
шамасында.
14. Купон концепциясы. Компания өздерінің арқасында купон
концепциясы пайда болғанын айтады (тегін тауар алу үшін купон). Алғаш
1887 жылы шыққан купондарды кока коланың тегін газдалған сусынына
айырбастауға болатын еді. Мұндай купондарды xалық почта арқылы
15 немесе журналдан қиып алатын. Компания басшылығының айтуынша, осы
тәсіл компанияға үлкен танымалдылық алып келіп, шетел саудасына
шығуға жол ашты.
15. Санта Клаустың пайда болуы. Аяз ататын әріптесі Санта өзінің
қазіргі келбетіне кокаколаның дизайнері Хэддон Сандбломға «қарыз». Ол
1931 жылы қызыл костюмдегі ақ сақалды көңілді сиқыршы шалдың
суретін салған. Жаңа жылдық жарқын кейіпкер пайда болғаннан кейін,
1921 жылы құрылған кокаколаның жаңа жылдық компаниясының
танымалдылығы арта түсті.
16. Байкот және Олимпиада. 1980 жылы АҚШ үкіметі КСРОдағы
Олимпиада ойындарына байкот жариялағанда,
тәтті сусынның
басшылығы оған қосылмай, спорттық ойындардың серіктесі болған. Дәл
сол жылы Одақтас мемлекеттер алғаш рет коланың дәмін татып көрді.
17. Алғаш космоста. 1985 жылы кола космосқа ұшқан алғашқы
алкогольсіз сусын болды. Газды сусынды шығарушылар астронавтарға
арнап ерекше сорғышы бар сусын құтысын шығарды.
18. Сусынға арналған температура. Танымал сусынды шығарушының
пікірінше сусынға арналған температура Цельсий шкаласы бойынша 1,1 мен
3,3 градус арасында.
ойлау қабілеттеріне орасан зор зиян келтіреді.
2.2. Денсаулыққа әсері
Дәрігерлердің пайымдауы бойынша Кокакола әсіресе балалардың баc
сүйегіне,
Жалпы газдалған
сусынды мөлшерден тыс пайдалану адам ағзасына кальций, темір секілді ең
маңызды элементтерді жойып есесіне құрамындағы
есірткі зат өміріңізді
екі есеге қысқартады.
сусындарын
дайындау кезінде пайдаланылатын карамельдердің құрамындағы бояулар
қатерлі ісіктің дамуына әкеліп соғады»деп жазады газет. Кокаколаны сатуға
тыйым салу керек деп сенімді түрде айта аламыз. Өйткені күшті газдалған бұл
сусынның құрамында қанттың мөлшерден көп екені анықталған.Дәрігер
мамандар мен ғалымдар сараптамасына назар аударсақ, ішектің созылмалы
ауруымен, асқазан, өт жолдарының және несеп жолдары ауратындарға
тұтынбауға кеңес береді. Адам денесіндегі гармондардың түзілуіне кері әсерін
тигізіп, жиі қолданғандық шамадан тыс семіруге әкеледі. Жас адамдардың
ағзасына әсері күшті. Қан қысымын көтеріп, жүйке жүйесінің ауытқушылығын
«Кокакола» және
«Пепси»
16 және ойлау қабілеттерін отырғызып тастайтын да қасиеті бар екен.Орал
қаласының ғалымдары Кокаколаны сынақтан өткізген болатын.Тіс үлгісінің
қалыбына 5 литр сокты құйып, тәулік бойына қалдырып кеткен , нәтижесінде
тіс орнына ақ ұнтақты ғана көреді.
Сусынның құрамында қан айналымын баяулатып , аққан ауруына әкелетін
жасанды бояғыштары бар.
3.1. Кокаколаның тұрмыстағы пайдалы жақтары:
Кокаколаның ауруды уақытша тоқтататын қасиеті бар. Осы
сусынның химиялық құрамында кәдімгі дәрілерде кездесетін қоспа бар. Бірақ
осы дәрілік заттардың мөлшері өте аз сондықтан оны кәдімгі дәрілік зат
ретінде қолдануға болмайды.
Кокаколаны жаз кезінде шыбыншіркей шаққанда, сол шаққан
орынға құйып немесе сүртіп жіберсе, бірден әсер етеді, яғни оның
құрамындағы ортофосфор қышқылы әсер етеді.
Кокакола темірдегі татты керемет кетіреді. Таты бар затты кока
коланың белгілі бір мөлшеріне біраз уақыт салып қойса, татты мүлдем жойып
жібереді. Осы қасиетін тұрмыста пайдалануға болады. Таттанған тұрмыстық
заттарды коланың белгілі бір мөлшеріне салып қойса, жаңа зат сияқты
жалтырап шыға келеді.
Кокакола терезені, автокөлікті жақсы жуады. Түсі өңіп немесе
сарғайып кеткен автокөлік терезесін немесе айналарын коламен жуу арқылы
оны таза қалпына түсіруге болады. Жуып болған соң шүберекпен бір сүртіп
алса, ешқандай дақ қалмайды.
Кокаколаны тамақ дайындағанда кезкелген соусқа (тұздыққа)
араластырып қосып жіберсе, маринадталған тағам сияқты керемет дәм береді.
Осы қасиетін жазда табиғат аясына шыққан кезде кәуап жасау кезінде, уксусы
бар маринадтың орнына коланы пайдалануға болады. Әрине бұл тұздықтың
дәмі өте жақсы болады.
Кокакола үйдегі жағымсыз иісті кетіреді. Ол үшін суға кокаколаны
құйып, еденді бір сүртіп шықса, үйдегі жағымсыз иістің орнына ароматты иіс
пайда болады.
Кокакола ыдыстардың бастапқы қалпын келтіреді. Мысалы,
сыртында сызылған, қарайған дақтар болса, оны кокаколаның белгілі бір
17 мөлшеріне салып, біраз уақыттан соң ысып жуса, ыдыс бастапқы қалыпқа
келеді.
Киімдегі түрлі дақтарды да кокаколаның көмегімен кетіруге
болады. Киімге сіңген қанды да кола тез ерітіп жойып жібереді.
Кокаколаны көп адамдар тамақты сіңдіру үшін де қолданады.
Кокаколаның тағы бір пайдасы, осы сусынның құтылары таптырмас зат
болып табылады. Ауылдық жерде бұл құтылар ең қажетті заттар болып
табылады. Сүт, сары май, қаймақты дәл құйып сақтауға болады. Құтыдан бөтен
иіс шықпайды.
3.1.Менің тәжірбиелерім
Мен осы ғылыми жұмыспен айналысқаннан бері бірнеше тәжірбиелер
жасап көрдім. Осы тәжірибиелер нәтижесін сыныптас достарыма көрсеткім
келді, мына суретте мен достарыма «Кокакола» сусыны қаншалықты
денсаулыққа зиян екенін баяндап, түсіндіріп тұрмын.
Даттанған шегені, көнерген тиындарды, сақиналарды алып оны колаға
салып бірнеше сағат күттім, сол уақыт ішінде барлық заттар жаңа бұйым
сияқты жалтырап шыға келді.
Келесі тәжірибе үшін еттің бір екі бөлігін колаға салып қойдым, бірнеше
сағат күттім. Сол кезде еттің бөліктері борпылдақ қалыпқа түсіп, қорытылған
тамақ сияқты қалыпқа түсті.
Келесі тәжірибеге сиыр сүтін алдым, оған коланы құйдым сол кезде ақ
тұнбалы зат ыдыстың түбіне түсті. Сүтті алуымның себебі оның құрамында
ақуыздар бар. Осы тәжірибе арқылы коланың адам ағзасындағы ақыздарға әсер
етуін көрсеткім келді.
18 Нұрберген
таттанған
шегелерді колаға
салып қойды. 1
сағаттан соң ақ
мынадай жақсы
көрсеткішке ие
болдық
Кірлеген
тиындарды колаға
бір сағат уақытқа
салу арқылы
тиындарды жаңа
қалпына
келтірдік
Нұрберген ет, сүт және жұмыртқаға кола құю үстінде. Нәтижесінде ет
ірімтіктеліп, сүт іріп, ал жұмыртқаның қабығы жұқарып, қабықсыз
қалды.
19 3.2.Кока –Коланы сусын ретінде тұтынбау
Осындай дәлелді айғақтардан кейін бұл сусынның денсаулыққа кері
әсері бар деп ойладым, оған менің тәжірбиелерім дәлел бола алады. Кока –
Коланың былығын еліміздің тұрғындарының 80 пайызы көруде. Себебі ,
сусынның құрамында қан айналымын баяулататын және аққан ауруына әкелетін
жасанды бояғыштар жетерлік.
Сусынды ішсек – денсаулыққа өте зиянды екенін білдік. Елімізде
денсаулық сақтау Министірлігі жалпы газдалған сусынды мөлшерден көп ішсе,
кері әсері де артығымен болады делінген. Оның көзге көрінетін
дәлелі,балаларды толықтырады. Өйткені газдалған сусындарға балалардың бәрі
де құмар, күнде мектептен шыққан соң жолшыбай дүкенге кіріп,бірбір
газдалған сусын алады. Бірде бір бала айран немесе сүт алып ішпейді, менің
ойым егер кем дегенде он баладай сүт өнімін күнделікті алса, басқалары да 23
күннен кейін ала бастар еді деп.
КокаКола, Пепси сусындарын мектеп асханаларында сатуға тыйым
салынуда, өйткені менің мектебімде мұндай өнім сатылмайды. Күшті газдалған
бұл сусынның құрамында қанттың мөлшерден көп екені әбден анықталған.
Адамның сүйектері әлсіреп , сусамыр дертіне шалдықтыратыны да белгілі
болған. Осындай айғақтардан кейін бұл сусынды мүлдем тұтынбау керек дер
едім.
Осы Кокаколаның сырын ұғып, біраз мағұлтат алдым. Оның адам
денсаулығына әкелетін әсерін де білдік, бірақ бұл сусын барлық дүкендердің
сөрелерінде толып тұрады, оны көрген біздер, әрине алып ішкіміз келіп тұрады.
Өйткені, сөредегі заттарды үлкендер сатады ғой...
20 Қорытынды
«Кокакола» (ағылш. CocaCola)
сергітетін алкогольсіз сусын, көптеген
елдерде кеңінен тараған; The CocaCola Company компаниясының өнімі; 2006
2010 жылдар арасындағы әлемдегі ең үздік бренд болып саналады.
─
Түркияда оның жасалу жолын білгеннен ақ коланың әкелуіне мүлде
тыйым салынды. Бұл сусынды АҚШ тың солтүстік штаттарында жол
полициясы авариядан кейінгі асфальттағы қанды жуып кетіру үшін қолданады
екен. Коланың құрамына фосфор қышқылы кіреді, ал ол тырнақты түгелімен
ерітіп жібере алады. Егер бұл сусынға бір тілім етті салып жіберсе, 2 күннен
кейін ол тіпті жоқ болып кетеді. Егер кола адам тырнағын, шикі етті, киімдегі,
тіпті асфальттағы дақтарды кетіре алатындай күші бар болса (бәріміз де жақсы
білеміз, керемет мықты химикат қоспаларсыз ол мүмкін емес), ендеше ол
адам ағзасына енгеннен кейін не қылмақ?!
Қорыта келе, біз бұл сусынды өз мақсатына сай емес, яғни тұрмыста
тазалаушы, зарарсыздандырушы және ауруды басушы зат ретінде қолдануға
болатынын анықтадық. Бұл сусын организмге барынша зияны болса да
тұрмыста соншалықты пайдасы бар екен.
21 Пайдаланылған әдебиеттер
1.Қазақ тілінің сөздігі. А.Дайк Пресс 1999.
2.ТОО «СП» «КокаКола Алматы Боттлерс» 2009.
3.Қызықты айғақтар 2011ж.
4.Ғаламтордағы ақпараттар
5.Коланың жаңғағы 11.08.2012
22 23
Научная работа на тему "Полезные свойства Кока-колы в быту"
Научная работа на тему "Полезные свойства Кока-колы в быту"
Научная работа на тему "Полезные свойства Кока-колы в быту"
Научная работа на тему "Полезные свойства Кока-колы в быту"
Научная работа на тему "Полезные свойства Кока-колы в быту"
Научная работа на тему "Полезные свойства Кока-колы в быту"
Научная работа на тему "Полезные свойства Кока-колы в быту"
Научная работа на тему "Полезные свойства Кока-колы в быту"
Научная работа на тему "Полезные свойства Кока-колы в быту"
Научная работа на тему "Полезные свойства Кока-колы в быту"
Научная работа на тему "Полезные свойства Кока-колы в быту"
Научная работа на тему "Полезные свойства Кока-колы в быту"
Научная работа на тему "Полезные свойства Кока-колы в быту"
Научная работа на тему "Полезные свойства Кока-колы в быту"
Научная работа на тему "Полезные свойства Кока-колы в быту"
Научная работа на тему "Полезные свойства Кока-колы в быту"
Научная работа на тему "Полезные свойства Кока-колы в быту"
Научная работа на тему "Полезные свойства Кока-колы в быту"
Научная работа на тему "Полезные свойства Кока-колы в быту"
Научная работа на тему "Полезные свойства Кока-колы в быту"
Научная работа на тему "Полезные свойства Кока-колы в быту"
Научная работа на тему "Полезные свойства Кока-колы в быту"
Научная работа на тему "Полезные свойства Кока-колы в быту"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.