Научно-исследовательская работа на тему "Әлейхан Бөкейханов"
Оценка 4.6

Научно-исследовательская работа на тему "Әлейхан Бөкейханов"

Оценка 4.6
Научно-исследовательская работа
docx
история +1
Взрослым
31.05.2017
Научно-исследовательская работа на тему "Әлейхан Бөкейханов"
Ол жиырма жасында Дала генерал губернатор кеңсесінің ұсыныс хаты мен қазақ қауымдастығының 200 сом стипендиясын алып, 1894 жылы Ресей империясының елордасы Санкт-Петербургке барып, Орман шаруашылығы институтының экономика факультетіне түседі. Ол мұнда жүріп күнделікті сабақтарына қоса студенттердің саяси, әдеби, экономикалық және тағы басқа үйірмелердің жұмысына қызу араласып, екі ғасырға жуық Ресей империясының қол астында отырған халқының ауыр тағдыры қатты толғандыра бастайды. Қараңғылық пен надандықтың шырмауында отырған халқына білім мен мәдениет керек екенін ұғады, елдің тұрмысын, мәдениетін, білімін көтеруді өзінің алдына мақсат етіп қояды.
Копия Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан.docx
«Тәуелсіздік жаршысы ­ Әлихан Бөкейханов»  Сәлеметсіздерме құрметті колледж оқытушылары және конференцияға жиналған студент жастар. Біздің бүгінгі «Ұлы дала кемеңгерлері»  үйірмесінің мүшелері, ұлы саясаткер,ғалым,ақын Ә.Бөкейхановтың   өмір   жолына   қызығушылық   танытып,тереңірек   оқып   білу   үшін,   осы тақырыпты   таңдады.  Ә.Бөкейхановтың   өмірі,   саясатқа   деген   көз   қарасы,   еліміздің  ең басты   құндылығы–  Тәуелсіздікке   жетудегі   еңбектеріне,   шығармашылық   құпияларының мағынасын ашуға тырыстық. Әлихан Бөкейхановтың ғылыми жұмыстары келешек ұрпаққа үлгі. Біртуар ғұлама атамыздың өмір жолы мен еңбектері өскелең ұрпақтың ұлтжанды, көреген болып өсуіне өз  септігін тигізері сөзсіз. Біздің   бұл   тақырыпты   зерттеудегі     мақсатымыз:  Алаш   орда   көсемі   Әлихан Бөкехановтың туылғанына 151 жыл толуына орай және Алаш үкіметінің 100 жылдығына арнау ретінде, тоталитарлық кеңестік биліктің құпия ұстап халыққа жариялауға тыйым салған  құжаттары  мен  деректерін ,  оны  зерттеген   тарихшы  ғалым  аға­апаларымыздың еңбектерін жан­жақты біліп, халқын сүюдің үлгісін көрсеткен .Ә. Бөкейхановтың өмірін өзімізге  үлгі ету. Кіріспе Үздіккен арманның, Үзілмес үміттің мекені болған еліміздің ең басты құндылығы ­ Тәуелсіз Қазақстан. Алтыны аспаннан, байлығы балақтан шалған , арманына қол жеткізген елміз. Таңдайы жырға, маңдайы нұрға бөленген шайырлар мекеніміздің Тәуелсіздікке қол жеткізудегі   тарихы   тереңде   жатыр.   Қазақстанды   дүние   дидарындағы   ең   мықты мемлекеттер   танитындай,   сыйлайтындай   деңгейге   жеткізген   тұңғыш   президентіміз Нұрсұлтан   Назарбаевтай   көреген   саясаткердің     еңбегі   ерекше.   Тәуелсіздікті     ата   – бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. Сол армандарға қол жеткізу үшін барлық күшін салған аса бір ардақты Алты Алаштың арысы Әлихан Бөкейхановтың өмір жолына тоқталмай кетуге болмас. Фильм Ол   жиырма   жасында  Дала   генерал   губернатор  кеңсесінің   ұсыныс   хаты   мен   қазақ қауымдастығының   200   сом   стипендиясын   алып,  1894 жылы  Ресей   империясының елордасы  Санкт­Петербургке  барып,   Орман   шаруашылығы   институтының   экономика факультетіне түседі. Ол мұнда жүріп күнделікті сабақтарына қоса студенттердің саяси, әдеби, экономикалық және тағы басқа үйірмелердің жұмысына қызу араласып, студенттік толқуларға Оны екі ғасырға жуық Ресей империясының  қол астында  отырған  халқының ауыр тағдыры қатты толғандыра бастайды. Қараңғылық пен надандықтың шырмауында отырған халқына білім мен мәдениет керек екенін ұғады, елдің тұрмысын, мәдениетін, білімін көтеруді өзінің алдына мақсат етіп қояды. қатысады.     ІІ. Қазақ көсемі. Қоғамдық­саяси әрекеттері Оқуын бітіріп,  Омбыға  оралғанда Ә. Бөкейхан  Ресей империясының  қазақ даласына жүргізген   отаршылдық   саясатына   деген   өзіндік   көзқарасы   қалыптасқан,   марксизмнің экономикалық қағидаларымен қаруланған, саяси астыртын күрестің түрлері мен әдістерін үйреніп, білген, күрес тартыстан біршама тәжірибесі бар саяси күрескер болатын. Ол Омбыға келісімен қаланың саяси әлеуметтік, қоғамдық жұмысына белсене араласады. «Народная   свобода»   (  Халық   бостандығы      )   партиясының  қатарына   өтіп,   өзі   қазақ зиялылары   мен   саяси   белсенділерінің   арасында   осы   партияның   шағын   тобын ұйымдастырады.  1905 жылдан бастап кадеттер мүшесі, оның қазақ бөлімшесін құру мақсатында Оралда, Семейде жиындар өткізген. Қарқаралыда патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы өткен   қозғалысқа   қатысып,   14 500   адам   қол   қойған  Қарқаралы   петициясын ұйымдастырушылардың бірі болған. 1905 жылы Әлихан Бөкейхан  Семей облысы  қазақтарының атынан 1­ші  Мемлекеттік думаға  депутат болып сайланды. Бірақ соттың тергеуінсіз, 3 ай  Павлодар  абақтысына қамалғандықтан қатыса алмады.  1906  жылы Омбыдан шығатын кадеттік «Голос степи», «Омичъ» және «Иртышъ»  1908  жылы  Санкт­Петербургте  жарық   көрген   меньшевиктік газеттерінде; «Товарищъ», кадеттік «Речь», «Слово» газеттерінде редакторлық қызмет атқарды.  1909­17 жж. «Дон егіншілік банкі» бөлімшесінде жұмыс істеді.  1911­14  жж.  «Қазақ» газетін  ұйымдастыруда  және оның жалпы  ұлттық деңгейге көтерілуіне зор еңбек сіңірді.  20 ғасырдың басында қазақ даласында екі ағымның болғаны белгілі. Бірі Бұқар мен Түркістан   өлкесіне  бет   бұрған   дәстүршіл,  панисламшыл   ағым,  екіншісі   негізінен Батыс өркениетін үлгі тұтқан жаңашыл, пантүркішіл ағым. Осы екінші ағымның басында Әлихан бастаған орыс мектептерінен тәлім­тәрбие алған озық ойлы қазақ зиялылары тұрады. Бұл топ саяси ұстамдылық танытып, Ресей империясына қарсы ашық күреске шығудың әлі ерте екенін анық түсінеді. Сондықтан олар, ең алдымен, халықтың сана сезімін оятатын жағдай жасау керек деп білді. Бар   күш­қуаттарын   осы   мақсатқа   жұмылдырады.   Бірақ   олардың   ойдағыдай   жұмыс істеуіне   жандармерия   басқармасының   жансыздары   мүмкіндік   бермейді.   Солардың көрсетуімен   қуғынға   түседі,   түрмеге   қамалады.   Алдымен,   Семей   түрмесіне   қамалып, кейін  Самар  қаласына   жер   аударылып,   онда   тек   ғылыми­шығармашылық   қызметпен айналысуға ғана мәжбүр болды. (А.Бөкейхановтың атқарған қызметтерін слайдтардан көре аласыздар) ІІІ. Алаш Орда мемлекетінің негізін құрушы. Ол  Ресейдегі Ақпан төңкерісінен үлкен үміт күтеді. Бірақ ол үміті ақталмайды. Уақытша үкімет,   оның   ішінде   өзі   мүшесі   болып   жүрген   кадет   партиясының   көсемдері   қазаққа автономия беруге қарсы болады. Оның үстіне олармен жер мәселесі жөнінде де ымыраға келе алмайды да, ол бұл партиядан шығып, қазақтан сайланған тоғыз өкілді бастап барып, Томск қаласында Сібір автономистерінің құрылтайына қатысады. Осында болашақ Сібір республикасының құрамында Қазақ автономиясын құрмақ болады.  Құрылтайдан   оралысымен  Әлихан  қазақ  тарихындағы   тұңғыш  саяси  ұйым  Алаш  1917 ж.   желтоқсанында  Екінші партиясын  ұйымдастыруға   кіріседі.   Артынша, жалпықазақ съезі  Алаш а  в  тономиясын  жариялап, Ә. Бөкейхан сол алғашқы Қазақ Автономиялық   Кеңестік   Социалистік   Республикасының   тұңғыш   төрағасы (президенті) болып сайланады.   ІV. Ғылыми еңбектері Ғалым Ә.Бөкейхан XX ғасырдың алғашқы жартысында қазақ эпосы мен фольклорын ғылыми   тұрғыдан   зерттеген   ғалымдарымыздың   бірі   болды.   Ол   қарастырған   негізгі аспектілер: эпостың тарихилығы, қазақ фольклорының түрлері, шығу мезгілі, жыршы мен оның шеберлігі, қоғамдық ой­сананың жырда көрініс табуы, бейнелер, олардың атқарған идеялық   қызметі,   үлгінің   көркемдік   ерекшеліктері   т.с.с.­   әлі   де   қазақ   фольклортану ғылымында өз маңызын жойған жоқ  және сол дәуірдің жетістігі болып саналатыны сөзсіз.  Ол 1896 ж. көрнекті ғалымдардың кепілдемесімен Орыс географиялық қоғамы Батыс­ Сібір бөлімшесінің толық мүшесі болып сайланды. Әлихан «Ресей. Жалпы географиялық сипаттама»   атты   көп   томдық   еңбектің   қазақ   даласына   арналған   18­ші   томына   автор ретінде қатынасқан. Ол ғылыми жұмыспен қатар қоғамдық­әлеуметтік саяси қызметтерге де белсене араласа бастайды. 1911­14 жж. Әлихан Бөкейханов «Жаңа энциклопедиялық сөздіктің» 4­21 томдарына автор ретінде қатысты. Әлихан Бөкейханов — ғұлама ғалым ормантанушы, экономист, мал шаруашылығын зерттеуді   ғылыми   жолға   қоюшы,   тарихшы,   этнограф,   әдебиеттанушы,   аудармашы,   әрі публицист ретінде қазақ халқының саяси әлеуметтік, мәдени рухани тарихында өшпестей із қалдырған ұлы тұлға.   Әлихан Бөкейханға қатысты жаңа деректер Әлихан Бөкейханов қоғамдық істерге белсене араласуы Омбы қаласында шығатын бірнеше газеттерде мақала жазудан бастау алады. Нақтырақ айтсақ 23 жастағы автордың бір жылдың ішінде 20 ­ ға жуық мақаласы жарық көрді.  Біз бүгінде Ә.Бөкейхановтың қызмет еткен редакциялық орталықтарына әлеуметтік желілден   және   кітапханада   жүргізген   зерттеулерімде   айтыла   бермейтін   көптеген газеттерде   өз   фамилиясымен   емес,   өзге   бүркеме   атпен   мақалаларын   жариялап тұрған,көбіне орысша фамилиялармен.  Әлейханның Тәуелсіздік үшін жасаған еңбектері Тәңірі   талабынан   айырмаған   Әлихан   30   жасында   Шербина   экспидициясының жұмысына қатысады . Әлиханның айтуынша экспедиция жұмысына қатысу қазақ халқы үшін   ең   зәру   мәселеге   айналған.   Ол   экспедицияға   қатысу   барысында,   қазақ   даласына байланысты Ресей империясының көздеген мақсатына бұрын өзі байқай білмеген жаңа қырларын көрді. Сондай – ақ, тайау жылдары отарлау саясатын іске асыруға патша билігі дайарлық   жасап   жатқандығын   аңғарады.   Сол   себепті   Әлиханның   көзқарасы   Шарбина экспедитциясына   қатысқан   1896   жылы   1903   жылдары   өзгергені   анық.   Қазақ қайраткерлерінің   1905   –   1920   жылдардағы   іс   ­   қимылдары   тәуелсіз   мемлекет   құруға ұмтылған ұлттық күрестің алғашқы баспалдағы болды. Империяның аяусыз саясатынан именбей, ұлттық мәселе көтере білген алаш арыстарынан жиналған он екі азамат Ресей Мемелекеттік Думасына депутат болып сайланды. Өкінішке қарай 1907 жылы патша әкімшілігі қабылдаған 3 – дивизияны Ресейдің қол астындағы қазақ секілді ұлттарды бұратана ретінде танып думаға депутат болу құқығынан мүлдем айырып тастады. Осы кезеңдерде Алаш зиялыларының «Алаш партиясын» құрып   алаш идеясын   ұсынады.   Әлихан   Бөкейханов   ақырғы   сөзінде   өтініп   өзіне   кешірім   жасауды өтінген жоқ, бар болғаны «Мен Кеңес үкіметін жақтырмадым, бірақ мойындадым» ­ деген екен. 1919 жылы   большевиктер   өкіметінің   бұрынғы   алашордашыларға   жасаған кешірімінен кейін Ә. Бөкейханов қалған өмірін ғылыми зерттеушілікке арнады. Бірақ,   ұлттық   намыстан   жұрдай,   жалған  интернационалист,   жадағай   белсенділердің көрсетуімен ол 1926 жылы екі рет тұтқындалып, түрме азабын тартты. Әлихан Бөкейхан Мәскеуге  жер   аударылады,   зор   беделінен   қорыққан   большевиктер   өкіметі   оны Қазақстанға  жолатпады.  Онда   он  жыл  үй   қамауында  отырған   Әлиханды  1937 жылдың тамызында қайыра тұтқындалып, бір айдан кейін жалған жаламен 71 жасында Мәскеуде ату   жазасына   кесіледі.   Әлихан   Бөкейхановтың   күлі   Дон   шіркеуіндегі   бауырластар зиратына жерленген. Әлихан Бөкейханов  1989 жылы 14­ші    мамырда   КСРО   Жоғарғы сотының қаулы­ сы бойынша әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болғандықтан, ақталды. Қорытынды Ел   басымыз  Н.Назарбаев    айтқандай   Алаш   зиялылары   біз   үшін   ұлы   есімдер, тұлғалар, ұлт мәселелерін биіктете беретін мәңгілік құндылықтарымыз. Әлихан Алаштың шын көсемі болды және болашақ ұлт көсемдеріміздің тұлғалық үлгісі һәм кісілік бейнесінің өлшемі келбетімен Алашпен бірге мәңгі жасай бермек. Алаш мемлекеттігі Әлиханмен басталады. Алаш мемлекеті мен халқы гүлденген сайын Әлиханның жарқын бейнесі тіптен жарқырай бермек. Әлиханды туған Алаш халқы Алаш мұратын жүзеге асыруды әсте тоқтатпақ емес. Әлихан   Бөкейхан   –   қазақтың   басын   бiрiктiрiп,   ерiктi   ел   болуын   көксеп,   сол мақсатқа   жету   жолына   өз   бойындағы   бар   қасиетiн:   ақыл­ойын,   өнер­бiлiмiн,   жiгер­ қайратын, бар саналы өмiрiн арнаған адам.    тұңғыш     кеңесінің Әлихан – қазақ тарихында демократиялы баламалы түрде сайланған Алаш Орда – Ұлт төрағасы» «Хан баласында  қазақтың хақы бар еді, тірі болсам қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» – деген асыл ердің тектілік, намысшыл, ұлтжандылық секілді қасиеттері әр қазаққа үлгі болуы тиіс!   Біздің айтар ұсынысымыз Өзін тәуелсіз Қазақстанның   азаматымын деп есептейтін, елін мақтан ететін әрбір жас   Әлейхан   Бөкейхановтың   өмірі   мен   шығармашылығы   жайлы   кеңірек   оқып,   білуге шақырамыз және интернеттен мына сайттарды қарап, оқып шығуды ұсынамыз!!! және осы материалдардың барлығы  оқу залындағы компьютерлерге енгізілген.  Тыңдағандарыңызға рахмет!

Научно-исследовательская работа на тему "Әлейхан Бөкейханов"

Научно-исследовательская работа на тему "Әлейхан Бөкейханов"

Научно-исследовательская работа на тему "Әлейхан Бөкейханов"

Научно-исследовательская работа на тему "Әлейхан Бөкейханов"

Научно-исследовательская работа на тему "Әлейхан Бөкейханов"

Научно-исследовательская работа на тему "Әлейхан Бөкейханов"

Научно-исследовательская работа на тему "Әлейхан Бөкейханов"

Научно-исследовательская работа на тему "Әлейхан Бөкейханов"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
31.05.2017