Нұр-Сұлтан - таза қала
Оценка 4.8

Нұр-Сұлтан - таза қала

Оценка 4.8
docx
29.11.2020
Нұр-Сұлтан - таза қала
Нұр-Сұлтан - таза қала.docx

Тақырыбы:

Нұр-Сұлтан - таза қала

Күні :

Мұғалімнің аты-жөні: Рысбекова Салтанат Кинаятовна

Сынып 2

Қатысып отырғандары:

Келмегендер саны:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

2.1.2.1.күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздерден құралған қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсіну.

2.1.3.1.тыңдаған мәтінге мұғалімнің көмегімен иллюстрация/суреттер/ сызбалар таңдау және қарапайым сұрақтарға жауап беру

2.3.5.1.мұғалімнің көмегімен сөздік, анықтамалардан қажетті ақпаратты табу.

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздерден құралған қарапайым сөйлемдердің мағынасын түсінеді

Көбі: иллюстрация/суреттер/ сызбалар таңдайды және қарапайым сұрақтарға жауап береді

Кейбірі: сөздік, анықтамалардан Астана жайлы қажетті ақпаратты табады

Күтілетін нәтиже

Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсінеді, қазақша Елорда туралы ақпарат бере алады, Астананың көрікті жерлерін таныстыра алады.

Жаңа сөздер

Тазала, тазаламау, тазалық сақта, күнде, аялдама, астана, саяхат, көше, лас

Қолданған материал

Слайдтар, Астана туралы бейнежазба, түрлі түсті суреттер, стикерлер,

Оқыту әдістері

Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу, сипаттау, талдау, диалог, «Тірек сөздер» стратегиясы, «Сен жалғастыр» ойыны, сергіту жаттығуы,

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1.Ұйымдастыру кезеңі

-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін бізде ерекше сабақ болады, өйткені сабаққа қонақтар келіп отыр. Қонақтарымызға біліміміз бен өнерімізді көрсетейік.

-Бүгін қай күн?

-Қазір орындарынан тұрып, шеңбер құрыңдар.

Шеңбер құрып тренинг өткіземін.

Амансың ба, алтын күн! (қолдарымызды жоғары көтереміз)

Амансың ба, көк аспан! (қолдарымызды одан жоғары көтереміз)

Амансың ба, достарым! (қолдарымызды жаямыз)

Көргеніме баршаны, (күлімдейміз)

Қуанышты мен бүгін. (алақанды соғамыз)

-Өте жақсы.

Амандасады.



Қыс мезгілі, желтоқсанның 10, бейсенбі

Шеңберге тұрады.

Қайталайды.

Өткен сабақты тексеру

1. Суреттер бойынша сөздік жұмысы

а) Тақтадан «Аула» тақырыбына суреттерді көрсетемін: сырғанақ, орындық, әткеншек, құм, ағаш.

-Бұл не? Аулада нелер бар? Мына сөздермен сөз тіркестер құрастырыңдар. Сен аулада не істейсің? Қандай ойындар ойнайсың?

ә) «Таза» деген сөзбен жұмыс

-Бұл сөзбен қандай сөз құрастыруға болады? (тазалық) Аулада тазалықты кім сақтайды? Сенің аулаң қандай? Сен аулада қоқысты қайда тастайсың? Біз қай қалада тұрамыз? Біздің қала қандай?

Сөздерді қайталайды, сөз тіркестер құрастырады. Сұрақтарға жауап береді.

Қызығушылықты ояту

«Али мен Айя. Нұр-Сұлтанға саяхат» слайдтарын көрсетемін.

-Бұл кімдер? Олар қайда барады? (Нұр-Сұлтанға)

-Біз де бүгін Нұр-Сұлтан қаласына саяхат жасаймыз.

-Осы карта бойынша бес аялдамаға тоқтаймыз. (картаны көрсетемін)

-Балалар, қандай қалаға саяхат жасаймыз?

-Әр аялдамада сендер жауапқа осындай жетон аласындар (көрсетемін)

Ассоциаграмма  құрады.

 

Слайдтарды көреді, сұрақтарға жауап береді



 

 

Нұр-Сұлтан қаласына

Мағынаны тану

1 аялдама Бейбітшілік сарайы - «Пирамида»

Сөздік жұмысы. Тң. О. А. Тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырамын, оқимын, аударма-сын айтамын, қайталау жұмыстарын жүргіземін:

 тазалау, тазаламау, тазалық сақта, күнде

-Жаңа сөздермен сөйлем құрастырайық (жауаптарға жетон беремін)

 

2 аялдама «Бәйтерек»

Мәтінмен жұмыс. Тң. О. 127-бет

Мәтінді тыңдатқызамын, екі-үш оқушы мәтінді мәнерлеп оқиды.

-Мен қайда тұрамын? Астана қандай қала? Нені күнде тазалайды? Көшеге нені тастауға болмайды? Біз нені сақтаймыз?

 

Сергіту сәті

«Жасырылған сөз» ойыны. Жасырылған сөздерді қазақ тіліне аударыңдар.

 

3 аялдама «Хан Шатыр»

Дәптермен жұмыс. Ж. 128-бет

2-тапсырманы орындатамын. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қойып жаз.

 

4 аялдама «Цирк»

А. -Балалар, әр қатардағы артық сөзді тауып, себебін түсіндіріңдер

Күнделік, жасыл, қызыл, сары

Биік, үлкен, кішкентай, қоян

Әпке, іні, тазалау, қарындас

Қаламсауыт, сырғанақ, әткеншек, құм

Тң. О. А. Жаңа сөздерді тыңдайды, қайталайды.

Мен көшені тазалай-мын. Ағам көшені тазаламайды. Балалар, тазалық сақтаңдар. Біз көшені күнде тазалаймыз.

 

Мәтінді тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.





 

 

Сергіту жаттығуын орындайды.

 

 

Дәптерде тапсырманы орындайды.





Оқу құрал, аң, отбасы, аула

Ой толғаныс

5 аялдама «ЭКСПО»

А. Сөзжұмбақты шеш.   

 

Сөзжұмбақты шешеді.

Бекіту

А. -Қандай қалаға саяхат жасадық? Астана қандай қала? Астанада не бар? Қалада қоқыс тастауға болады ма? Қалада не сақтау керек?

Сұрақтарға жауап береді.

Бағалау

Жетондарды санап, оқушыларды бағалаймын:

5 жетон-керемет

4 жетон-жақсы

2-3 жетон-қанағаттанарлық

Үйге тапсырма

127-129 бет, оқу, сөздерді жаттау

Рефлексия

Смайликтер таратамын.

Смайликтер арқылы сабақтан алған әсерлерін көрсетеді



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

Тақырыбы: Н ұр-Сұлтан - таза қала

Тақырыбы: Н ұр-Сұлтан - таза қала

Сен аулада қоқысты қайда тастайсың?

Сен аулада қоқысты қайда тастайсың?

Бекіту А. -Қандай қалаға саяхат жасадық?

Бекіту А. -Қандай қалаға саяхат жасадық?
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
29.11.2020