Нұсқау картасы Дене импульсі

  • docx
  • 01.05.2020
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Иконка файла материала Нұсқау картасы Дене импульсі.docx

Бағыттауыш карта

Сабақ тақырыбы: «Дене импульсі. Дене импульсінің өзгерісі туралы теорема»

 

Сабақ мақсаттары:

- дене импульсі мен күш импульсі анықтамасын білу;

- теңәрекетті күшті дене импульсінің жылдамдығы ретінде анықтау;

- SI негізгі өлшем бірліктерін пайдалана отырып, физикалық теңдеулерді тексере білу.

 

Жетістік критерийлері:

- дене импульсі мен күш импульсі анықтамасын біледі;

-  теңәрекетті күшті дене импульсінің жылдамдығы ретінде анықтайды;

- SI негізгі өлшем бірліктерін пайдалана отырып, физикалық теңдеулерді тексере біледі.

 

(I) 1 тапсырма. (8 мин). Тест тапсырмалары.

1. Күш әрекеті нәтижесінің тәуелділік факторлері.

A.    Түсірілген нүктесі

B.     Оның бағытына

C.     Оның сандық мәніне (модулі)

D.    Әрекет ету бағытына перпендикуляр ауданына тәуелді.

E.     Әрекет ету уақытына.

 

2. Массасы 50 кг адам 20 Н күшпен әрекет етіп массасы 2 кг шарға қандай үдеуберді?

А.  4 м/с2      B. 0,4 м/с2    С. 10 м/с2     D. 0,38 м/с2

3. 0,05 Н күштің әрекетінен 10 см/с2 үдеуге ие болған дененің массасы қандай?

А. 1 кг       B. 0,5 кг        С. 0,1 кг      D. 0,05 кг

4. Дененің жылдамдығы 36 м/с –тен 24 м/с -ке 4 секунд ішінде кемісе, дененің үдеуі неге тең? 

А.  4 м/сB. 3 м/с2       С. - 4 м/с2      D. -3 м/с2

5. Жылдамдықтың уақытқа тәуелділік графигінен дененің үдеуін анықтаңдар.

А. 3 м/с2            B. 1 м/с2

С. 2 м/с2            D 0,2 м/с2

 

 

 

(W) 2 тапсырма. (5 мин). Сайттан видео көру https://www.youtube.com/watch?v=E13h1E_Pc00

Видеода көргенін талдау.

Видеоны көрер алдында сұрақтармен танысыңдар:

1.      Қандай физикалық шама  әрібімен белгіленеді?

2.      Ағылшынша ол қалай аталады?

3.      Дененің импульсі неге тең?

4.      Бұл векторлық шама болады ма, немесе скалярлық шама болады ма?

5.      Дене импульсінің өлшем бірлігі?

6.      Дене импульсі неліктен өзгеруі мүмкін?

7.      Күш импульсінің формуласы және өлшем бірлігі? Ағылшынша ол қалай аталады?

8.      Күш импульсі дененің импульсімен қалай байланысады (impulse-momentum theorem)?

(I) 3 тапсырма (10 мин). Кестені таратылған мәтін арқылы дәптерде толтырыңдар

Дене импульсі векторлық физикалық шама, дене массасының жылдамдығына көбейтіндісіне тең.

Дене импульсінің СИ жүйесіндегі өлшем бірлігі-  1 кг•м/с.

Дене импульсінің бағыты дененің жылдамдығымен бағыттас.

Импульс — салыстырмалы шама, оның мәні таңдалған санақ жүйесіне тәуелді.

Денеге күш әрекет етсе, оның импульсімен не болады?

Олар қандай байланыста екенін анықтайық.

Ньютонның екінші заңы:

Fma.

формулаға үдеудің анықтамасын  a =қоямыз:

F =m, немесеFt =mvmv0.

Сондықтан,күш импульсі дене импульсінің өзгерісіне тең.

Бұл Ньютонның екінші заңының импульс түрінде жазылымы.

Күш импульсі векторлық физикалық шама күштің әрекет ету уақытына көбейтіндісі Ft.

Күш импульсінің СИ жүйесіндегі өлшем бірлігі: [Ft] = 1 Н•с.

Күш импульсінің векторы күштің бағытымен болады.

 

Физикалық шама

Дене импульсі

Күш импульсі

Нені сипаттайды

 

 

Белгіленуі

 

 

СИ жүйесіндегі өлшем бірлігі

 

 

Формуласы

 

 

Векторлық немесе скаляр

 

 

Ағылшын тілінде

 

 

 

(G) 4 тапсырма. (15 минут)

Жаттығу тапсырмаларды жұпта орындау. Есептердің шешімдерін дәптерде жазыңдар.

Төмен деңгелі есептерді толық есептегеннен кейін жоғары деңгейлі есептерге көшіңдер.

Әр деңгейді есептегеннен кейін шешімдермен көрші жұптармен алмасып, төмен берілген дескриптор арқылы бағалаңдар.

 

А деңгей:

1. Массасы 800 кг автомобильдің жылдамдығы 72 -ден 36 км/сағ -қа дейін өзгерсе, импульсінің өзгерісі неге тең? Егер жылдамдық 5 с ішінде өзгерсе, автомобильдің тежелу күші неге тең?

2. Массалары 1 т және 3 т автокөлік түзу жолмен бірдей жылдамдықпен қозғалады. Қандай автокөліктің импульсі артық және қаншаға?

В деңгей:

3. Массасы 160 г хоккей шайбасының имульсі массасы 8 г және жылдамдығы 600 м/с оқтың импульсіне тең болу үшін, шайбаның жылдамдығы қандай болу кажет?

4. Көлемдері бірдей екі дене болат және қорғасын бірдей жылдамдықпен қозғалады.

А) қандай дененің импульсі үлкен?

В) импульсі неше есе үлкен?

С) импульстерін теңестіру үшін импульсі кіші дененің жылдамдығын қалай өзгерту керек?

D) егер болат дененің массасын 3 кг, жылдамдығын 2 м/с деп есептесек, онда 2 Н күш қанша уақыт әрекет етуі тиіс?

5. Массасы 0,5 кг балғаның шегеге соғылу кезіндегі жылдамдығы 2 м/с және соққысы 0,01 с уақытқа созылса, балға шегеге қандай күшпен әрекет етеді?

С деңгей:

6. Материалды нүктенің қозғалысы х = 20 + 2t - t2 теңдеумен сипаттаынады. Дененің массасын 4 кг деп алып, уақытты санау басталуынан 1 с және 4 с -тан кейінгі импульсін анықтаңдар.

7. Массасы 100 г шар горизонталь бетке еркін құлап, соғылу кезінде 10 м/с жылдамдыққа ие болды. Абсолютті серпімді және абсолютті серпімсіз соғылудағы импульстердің өзгерісін анықтаңдар. Серпімді соғылу 0,01 с және серпімсіз соғылу 0,05с уақытқа созылса шардың әрекет ету күштерін есептеңдер.

8. Жердің айналасында жасанды жер серігі шеңбер орбитамен айналады

Барлық дұрыс мәлімдемелерді беріңіз.

A. Жер серігінің импульстік модулі өзгермейді.

B. Жер серігінің импульсі Жердің орталығына бағытталған.

C. Жер серігінің импульсі траекторияға жанамамен бағытталған.

 

Өздеріңді және көрші жұпты дескриптор арқылы бағалаңдар.

Дескриптор:

Бағалау критерийлері

Бағалау

1

Дене импульсінің формуласын қолданады

1

2

Күш импульсінің формуласын қолданады

1

3

Дене импульсінің өзгерісі туралы теореманы қолданады

1

4

Абсолютті серпімді және абсолютті серпімсіз соғылудағы импульстердің өзгерісін анықтайды

1

5

Дене импульсінің бағытын анықтайды

1

 


 

Скачано с www.znanio.ru

Посмотрите также