Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығы
Оценка 4.6

Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығы

Оценка 4.6
Лекции +1
docx
классное руководство
10 кл
14.05.2019
Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығы
Сабақтың барысында түрлі әдіс тер мен тәсілдерді, түрлі технологиялардың элементтерін пайдалана отырып, білім алушыларды Оралхан Бөкейдің оның өмірі мен шығармашылығымен таныстыру . Шығармашылығынан үзінді келтіріп, талдау арқылы өткен тақырып бойынша білім алушылардың білімдерін жинақтау және бекіту. тест сұрақтары арқылы сабақты қорытындылау.
Оралхан Бөкей.docx
Сабақтың тақырыбы: Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығы  Сабақатың мақсаты: білімділік: Оралхан Бөкейдің өмірімен,  шығармашылығымен танысып, жазушының қазақ әдебиетінен алатын орнын  меңгерту.  дамытушылық: Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, шығармашылық ойлауын дамыту, шешен сөйлей білуге дағдыландыру.  тәрбиелік: Ақындай өз туған жерін құрметтеуге, адамгершілікке, сыйластық  сезімге тәрбиелеу.  Сабақтың түрі: жаңа оқу материалын меңгерту.  Сабақ барысы:  І. Ұйымдастыру кезеңі.  Сабаққа әзірлік.  ІІ. Үй тапсырмасын тексеру Қабдеш Жұмаділовтің өмірі Шығармашылығы Еңбектері ІІІ.Жаңа сабақ  Оралхан Бөкей өмірі мен шығармашылығы  1. Өмірі, өскен ортасы.  2. Еңбек жолы.  3. Анасының атақты жазушы болуына әсері.  4. Оралхан әңгіме жанрындағы еңбектері  5. Оралхан Бөкей прозасында түс көру және түс жору  6. Жазушының драма саласындағы еңбегі.  7. Қорыту.  Оралхан Бөкей 1943 жылы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы,  Қатонқарағай ауданы, Шыңғыстай ауылында дүниеге келген.  Әкесі Бөкей шап­шағын шахар кісі, көп сөйлемейтін, ал сөйлесе сөзі алтын  жалатқан қорғасындай: әрі сұлу, әрі салмақты адам болған. Ал, анасы Күлия  одан да шешен, көкірегі ояу, көзі ашық адам еді,  Еңбек жолы.  ҚазМУ­ді бітірген (1969). 1965­1968 жылдары Шығыс Қазақстан облысы,  Большенарым ауданынында «Еңбек туы» газетінде корректор, аудармашы,  редактордың орынбасары, «Коммунизм Туы» (қазіргі «Дидар») газетінде  әдеби қызметкер, кейінен «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде  (1968 – 1974), «Жұлдыз» журналында (1974 – 1983) бөлім меңгерушісі,  «Қазақ әдебиеті» газетінде бас редактордың орынбасары, 1991 ­ 1993  жылдары осы газеттің бас редакторы болды.  Оралхан Бөкейдің шығармашылық жолы 1970 жылдан басталды. Қарлығаш  қадамы сонау «Қамшыгер» жинағынан бастап, өз шабытына қамшы салған  дарабоз дарын­ең ақыры «Ұйқым келмейдіге» дейін қаншама дүр­дүниелерді  өмірге әкелді десеңізші. Жазушы драма саласында да өнімді еңбек етті.  1987 жылы «Құлыным менің», «Текетіркес», «Қар қызы», «Зымырайды  поездар», «Мен сізден қорқамын» пьесалары республикалық театрларда  қойылып тиісті бағаларын алды.  IVЖаңа білімді бекіту: О.Бөкеевтің өиірі мен шығармашылығын кезекпен  оқып, аудару, өлеңдерін мәнерлеп оқып, мағынасын ашу.   Сабақты бекіту:  Сендер теледидардан Оралханның қандай драмалық шығармаларын  көрдіңдер?  Оралхан кім?  V. Қорыту: тест сұрақтары VI. Бағалау : қатысу белсенділіктерін ескере отырып, бағалау VIII Үйге тапсырма  1. Оралхан Бөкей туралы ақын­жазушылар пікірін жинақтап дәптерге түсіру.  2. Өмірі мен шығармашылығын мазмұндау.

Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығы

Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығы

Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығы

Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығы
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
14.05.2019