ОРТА МЕКТЕПТЕ КОМПЬЮТЕРЛІК ГРАФИКАНЫ ОҚЫТУ
Оценка 4.8

ОРТА МЕКТЕПТЕ КОМПЬЮТЕРЛІК ГРАФИКАНЫ ОҚЫТУ

Оценка 4.8
doc
02.10.2020
ОРТА МЕКТЕПТЕ КОМПЬЮТЕРЛІК ГРАФИКАНЫ ОҚЫТУ
Компьютерлік графика.doc

ОРТА МЕКТЕПТЕ КОМПЬЮТЕРЛІК ГРАФИКАНЫ ОҚЫТУ

Оразбаева Ә.А.Абилханова Г.А.

І. Жансүгіров атындағы ЖМУ, Талдықорған, Konf@mail.ru

 

Бүгінгі күнде қоғамның дамуының жетекші бағыттарының бірі білім беру үрдісін ақпараттандыру барынша кең өріс алуда. Осыған орай ақпараттану мен жаңа ақпараттық технологиялар кәсіби қызмет пен адамзат мәдениетінде де, мектептегі білім беру процесінде де ерекше мәнге ие болып отыр. Сондықтан қазіргі кезде егемендік алған елімізде ғылым мен техниканы бүгінгі күн талаптарына сай  дамытатын дарынды, талантты жастар тәрбиелеп шығару бәріміздің міндетіміз.

Компьютерлік графика технологиясының дамуы жаңа ақпараттық технологияны пайдалану саласында жеке бағыт ретінде дамып, ерекше облыс болып отыр.

Мектепте информатиканы оқытудың білім беру мақсаты -  әрбір оқушыға информатика ғылымы негіздерінен  алғашқы фундаментальды білім беру, оқушыларға осы білімді мектепте оқытылатын басқа ғылымдардың негіздерін түпкілікті және сапалы түрде меңгеруге қажетті іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру болып табылады. 

Компьютерлік графика дегеніміз не?

ЭЕМ  қоғамға келгеннен бастап, компьютерлік графика  пайда болды, қазір ол әлемдік технологиялардың бөлінбес бір жартысы ретінде қарастырылады.  Алдымен ол тек қана векторлық графика – кескіндерді экрандағы немесе қағаздағы нүктенің орынын есептеуге мүмкіндік беретін  «векторлар» арқылы тұрғызу  болды. «Векторлардың» қосындысы  векторлық кескін болып саналады.

Компьютерлік техника мен технологиялардың дамуына байланысты графиктік объектілерді құрастырудың көптеген  әдістері пайда болды. «Графиктік объект» деген терминнің мәнін анықтап алайық.  Ол - графиктік кескіннің  өзі немесе оның бір бөлігі. Компьютерлік графиканың түріне байланысты  ол термин арқылы пиксельдерді де, спрайттарды да (растрлық графикада),  және  шеңбер, сызық, қисық, т.с. векторлық объектілерді (векторлық графикада) түсінуге болды.

 Компьютерлік графиканың бағдарламаларымен жұмыс істемес бұрын, оқушыларға векторлық және растрлық графиканың арасындағы  айырмашылықтары туралы мағлұмат беріп кеткен жөн.

1. Векторлық графика

 Векторлық графика   вектор деп аталатын тік және қисық сызықтар арқылы салынатын кескіндерді, олардың түстерін және орналасу  параметрлерін сипаттайды. Мысалы ағаш жапырағының кескіні нүктелер арқылы сипатталады, олар арқылы өтетін  сызықтар жапырақтың контурын құрастырады. Жапырақ түсі  контур және осы контур ішіндегі аумақтың түсімен сипатталады.

Векторлық графиканың элементтерін өзгерткенде осы элементті сипаттайтын тік және қисық сызықтардың параметрлерін өзгертесіз.

Сурет элементтеріні жылжытуға, өлшемін өзгертуге,  пішінін және түсін  өзгертуге болады, оның бәрі де суреттің сапасына әсер етпейді. Векторлық графика  оның айыру  қабілетіне тәуелді емес, яғни ол  әр түрлі шығу құрылғыларында сапасын жоғалтпай, түрлі айыру қабілетімен шығарыла береді.

Векторлық ұсыным кескіннің элементтерін математикалық қисықтармен олардың түстерін көрсете отырып сипатталады. Векторлық графиканың артықшылығы – кез келген өлшемге сапасын жоғалтпай масштабтау.

2. Растрлық графика

Растрлық графика – кескіндерді пиксель деп аталатын түрлі түсті нүктелер арқылы  бейнелейді. Мысалы, ағаш жапырағының кескінін бейнелеу үшін   әрбір нақты нүктенің  орналасуын және әрбір нүктенің түсін анықтау керек.

Растрлық графиканы өзгерткенде біз сызықтарды емес пикселдарды өзгертеміз. Растрлық графика оның  айыру қабілетіне тәуелді, яғни оны өзгерткенде, ол сапасын жоғалтып алуы мүмкін. Негізінен, растрлық графиканың өлшемдерін өзгерткенде, оның  шетінің бейнесінің анықтылығыны жоғалып кетеді. Егер шығару құрылғысының айыру қабілеті кескіннің айыру қабілетінен төмен болса, онда  суреттің сапасын төмендейді.

Растрлық графиканың негізі  түсі көрсетілген пиксель (нүкте) болып табылады.  Мысалы, ақ фонда қызыл эллипсті сипаттағанда, фонның да, эллипстің да  әрбір нүктесінің түсін көрсетуге тура келеді.  Кескін өте көп нүктелер  санымен анықталады, нүктелер саны көп болған сайын суреттің сапасы арта түседі, бірақ суреттің көлемі де  ұлғаяды. Яғни  бір суреттің өзі айыру қасиетіне ( дюймдағы нүктелер саны - dpi, дюймдағы пикселдар саны - ppi) байланысты  жақсы және жаман сапамен көрсетілуі мүмкін.

Растрлық көрсетілім  көбінесе  фотосуреттерге қолданылады. Графиктік файлдардың форматтары мен танысу үшін төмендегі кестеге назар аударуымыз қажет.

 

 

 

 

 

Графиктік редакторларға сипаттама, олармен жұмыс істеу тәсілдері

1. Paint графиктік редакторы

Графиктік кескіндермен жұмыс істеуге арналған көптеген программалар мен пакеттер қолданылады, оларды графиктік редактор деп атайды.

Меню жолы

 

Тақырып жолы

 

Құралдар тақтасы

 

Түстер палитрасы

 
Растрлық кескіндердің графиктік Paint редакторы  WINDOWS операциялық жүйесінің стандартты программасына жатады және ол келесі команда арқылы жүктеледі: Программы\Стандартные\Графический редактор Paint\ (Programs\Accessories\Paint). Осы команда орындалғаннан кейін  редактордың төмендегідей терезесі пайда болады:

 

 

Бұл редактор операциялық жүйені орнатқан кезде орнатылады немесе қолданушының қалауы бойынша Пуск\Панель управления\Установка (удаление) программ\Установка Windows\Настройка Windows\ Стандартные\Paint командасын орындау арқылы орнатылады.

 Paint  графиктік редаторы (BMP форматындағы файлдармен жұмыс істейді), Windows-қа арналған, сондықтан осы жүйеде жұмыс істейтін барлық қосымшалармен қолдана алады. BMP форматы тек индекстелген түстермен жұмыс істейді (яғни 4-пен кодталатын түстер (16 түс) немес  8 –бен кодталатын түстер(256түс)), сондықтан да кәсіби жұмыстарға ол көбінесе жарамайды.

Редакторда сурет салу.

         Paint редакторында сурет салуға BMP форматындағы документ ашылғаннан кейін кірісе беруге болады.

Жұмыс істеу реті:

1.                Егер автоматты түрде қойылған параметрлер ұнамаса, суреттің параметрін береміз. Ол үшін  Рисунок (Image) менюінен Атрибуты (Attributes) командасын орындаймыз. Нәтижесінде Атрибуты (Attributes) диалогтік терезесі ашылады, онда мынандай  жұмыс атқаруға болады:

·                   өлшем бірліктерін таңдауға - Единицы (Units), олар суреттің өлшемін таңдағанда пайдаланылады. Ол үшін Дюймы (Inches), См (Cm) немесе Пикселі (Pixels) белгілерінің біреуін таңдауға болады. Пиксел дегеніміз растрлық кескіннің нүктесі.

·                   Суреттің өлшемін таңдалған өлшем бірліктерімен қою, ол үшін Ширина (Widht) және Высота (Height) алаңдарында сандық мәндерді қоямыз.

·                   Палитра (Colors) белгісін екеуінің біреуін  - Черно-белая (Black and White) – түстер палитрасын сұр түстің әртүрлі градациясынан құру немесе Цветная (Colors)- түстер палитрасын түрлі-түсті түстерден құрау керек болса.

·                   Мөлдірлік маскасы үшін таңдауға болады, ол үшін Использовать прозрачный цвет фона (Use transparent background color) белгісін таңдап, түсті анықтау үшін Выбор цвета (Select Color) кнопкасын басамыз.

Суреттің параметрлерін таңдау  Атрибуты (Attributes)  диалогтық терезесінде  OK кнопкасын басумен аяқталады.

 

Графиктік редактор – компьютерде графикалық кескіндерді құру және оларды редактілеу үшін пайдаланылатын бағдарлама. Paint графиктік редакторын жүктейміз. Бағдарлама жүктелген кезде оның интерфейсі шығады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әрбір құралды баптауға болады: сызықтардың жалпақтығын орнату, қылқаламның формасы мен өлшемін, қарындаштың, өшіргіштің және т.б.

Графиктік редактор соңғы үш әрекетті есіне сақтап қалады, ол әрекеттерді кері қайтаруға болады, ол үшін «Правка – Отменить» командасын пайдаланамыз немесе  Ctrl+Z клавишаларын  пайдалану қажет.

 ФАЙЛ менюінде  редактор  4 соңғы  ашылған графикалық файлдарды есіне сақтайды.


Палитрадан түсті  қалай таңдауға болады?

Палитрадан негізгі түс тышқанның сол кнопкасын басу арқылы ,ал фондық түс оң кнопкасын басу арқылы таңдалынады.

Практикалық тапсырмалар.

"Сабақ" бумасынан келесі файлдарды жүктеу керек.  

 

 

 

 

    

     «Мухоморлар»                                   «Гүл»                         «Микки Маус»

Жаттығуларды орындау үшін  «Бояу»  құралын пайдаланамыз. Орындау барысында бояу төгіліп кетпеу үшін  суретті масштаб «ВИД-Масштаб-Крупный» командасы арқылы қарастыру, одан кейін "Карандаш"  құралы арқылы суреттің сызықтарын саламыз. Содан кейін суреттерді аяғына дейін  бояуымыз керек.

Практикалық жұмыстың нәтижелері төмендегідей болуы керек. Оларды мысал ретінде тақтаға іліп қоюға болады.

 

 

 

2. CorelDRAW редакторы

CorelDRAW  бағдарламасының терезесі басқа графиктік редактордың терезелерінен аса айырмашылығы жоқ.  Бағдарламаны жүктегеннен кейін  экранда бағдарламаның алғашқы диалогы шығады, жаңа документ ашу үшін New Graphic (Создать)  нұсқасын таңдаймыз. Төмендегідей терезе пайда болады:

 

 

Бағдарламаның терезесінің ортасында парақтың суреті орналасқан, ол жұмыс алаңы деп аталады. Суретті осы жұмыс алаңына  да оның сыртына да салуға болады. Бірақ баспаға шығарғанда жұмыс алаңындағы ғана сурет қағаз бетіне шығады. Өлшем линейкалары сурет элементтерін нақты орналастыруға, олардың   өлшемдерін нақты білуге көмектеседі. Түстермен жұмыс істеу үшін терезенің оң жағында түстер палитрасы орналасқан.  Жұмыс істеудің негізгі құралдары - құралдар тақталарында орналасқан.

Қорыта келгенде, мектепте информатика курсында өте көп көңіл бөліп оқытуды талап ететін  пәннің бір саласы– компьютерлік графика.

Компьютерлік графика – өмірде, тұрмыста өте кең қолданатын ұғым. Өйткені қазіргі кезде кез келген жарнамалық бет, буклеттер, билбордттар, баннерлер осы компьютерлік графика арқылы жасалынады.  Яғни компьютерлік графиканы оқыту, информатиканы оқытудың практикалық мақсатын – оқушыларды практикалық қызметке, еңбекке, басқа пәндерді оқыту процесінде практикалық есептер шешуге және оны информациялық қоғамда өмір суруге дайындауға бағыттала жүзеге асырылады. Тереңдетіп оқытылатын мектептерде «Компьютерлік дизайнер» сабақтары өткізіледі. Дизайн сабағы өте  қиын және қызықты, өйткені оқушының логикалық   қабілетін жан - жақты дамытады.

Оқушы графиктік редакторда жұмыс істеуді үйрене отырып, әсемдікке құштарланып, өзімен және қоршаған ортамен үйлесімді  бола алады. Сонымен қатар, жеке адамның табандылық, алдына мақсат қоя білу, жұмысына жауапкершілікпен қарау, бар мүкіншілікті қолдана білу сияқты қасиеттерін дамытады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған  әдебиеттер:

 

 

1.          Ермеков Н.Т., Информатика- 8, Информатика -7.- Алматы: Атамұра, 2004.

2.          Кузнецов А.А., Апатова Н.В. Основы информатики.8 –9 классы: Учебник для общеобразовательных учебных заведений. М.: Дрофа, 1999.

3.          Газета «Информатика» Издательский дом «1 сентября», № 34, 36, 38, 40.

4.          Гребнев А.В. Сайт международной конференции «ИТО-2001», «Асинхронное обучение в общеобразовательной школе»

5.          Серия «Угадайка», «С нами не соскучишься», «Игры и развлечения» 1999 г. стр. 44.

6.          PC Magazine (Russian Edition) от 22.04.97, р.185. «Пакеты иллюстративной графики»

7.          Руководство пользователя "Corel Draw 8" (русская версия)

8.          Богумирский Б. Энциклопедия Windows 98. – СПб.: Питер. 1998. – 816с.,


ОРТА МЕКТЕПТЕ КОМПЬЮТЕРЛІК ГРАФИКАНЫ

ОРТА МЕКТЕПТЕ КОМПЬЮТЕРЛІК ГРАФИКАНЫ

Жапырақ түсі контур және осы контур ішіндегі аумақтың түсімен сипатталады

Жапырақ түсі контур және осы контур ішіндегі аумақтың түсімен сипатталады

Графиктік кескіндермен жұмыс істеуге арналған көптеген программалар мен пакеттер қолданылады, оларды графиктік редактор деп атайды

Графиктік кескіндермен жұмыс істеуге арналған көптеген программалар мен пакеттер қолданылады, оларды графиктік редактор деп атайды

Пикселі (Pixels) белгілерінің біреуін таңдауға болады

Пикселі (Pixels) белгілерінің біреуін таңдауға болады

Палитрадан түсті қалай таңдауға болады?

Палитрадан түсті қалай таңдауға болады?

CorelDRAW редакторы CorelDRAW бағдарламасының терезесі басқа графиктік редактордың терезелерінен аса айырмашылығы жоқ

CorelDRAW редакторы CorelDRAW бағдарламасының терезесі басқа графиктік редактордың терезелерінен аса айырмашылығы жоқ

Жұмыс істеудің негізгі құралдары - құралдар тақталарында орналасқан

Жұмыс істеудің негізгі құралдары - құралдар тақталарында орналасқан

Пайдаланылған әдебиеттер: 1

Пайдаланылған әдебиеттер: 1
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
02.10.2020