Орталык Казакстан
Оценка 4.8

Орталык Казакстан

Оценка 4.8
Интерактивная доска +3
история
6 кл
17.02.2017
Орталык Казакстан
Сабақтың тақырыбы: Орталық Қазақстан Сабақтың мақсаты: Ерте темір дәуіріндегі адамдардың антропологиялық типі туралы түсініктер беру. Жалпы мақсат: Тақырыпты түсініп оқи білуге баулу. Тілін, сөздік қорларын дамыту арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Кім жылдам, Кім алғыр,Жигсо,Салыстыру кестесі Қолданылатын ресурстар: карта, слайд,суреттер, портреттер, тақта, ноутбук Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру: Сәлемдесемін. Сыныптағы оқушылардың келген-келмегендерін түгелдеймін. Топқа бөлдіремін. Қалай отыратындықтарын түсіндіремін. Алтын ереже құрудың жолдарын айтып түсіндіремін. 2. Үй тапсырмасын тексеру. “Кім жылдам” ойыны Сұрақтар: 1. Темір дәуірі нешінші мыңжылдықты қамтиды? 2. Қазақстан аумағында сақтар нешінші ғасырларда мекендеді? 3. Грек тарихшысы Герадот сақтарды өз жазбаларында қалай атаған? 4. Сақтар қай жерлерді мекендеген? 5. Сақтар нешеге бөлді? 6. Сақ қоғамы нешеге бөлінді? 7. Сақтардың негізгі шаруашылығы? 8. Парсылардың патшасын ата? 9. Кир патша нешінші жылы сақтарға жорық жасады? 10. І Дарий нешінші жылы жорық жасады? Ежелгі грек тарихшысы Полиэн былай деп суреттейді: Шырақ есімді сақ сарбазы туралы көрініс. Жаңа сабақ жоспары: 1. Сарыарқа-ұлы дала 2. Сарыарқаның тұрғындары 3. Шаруашылығы 4. Ерте темір дәуірі ескерткіштері Сарыарқаны Шығыста Тарбағатай тау сілемдері, Батыста Торғай ойпаты қоршап тұр. Солтүстікке қарай Өлеуті, Сілеті, Есіл, Нұра ҚҰлақөтпес өзендері Оңтүстікте Аягөз, Қаратал, Жәмші, Мойынты, Сарысу, Сарыкеңгір, Қаракеңгір өзендері ағып жатыр. Сарыарқа тұрғындары солтүстік батысында аргиппейлері орталығында исседондар, шығысында аримаспылар мекендеген. Сарыарқаның ерте темір дәуірі емкерткіші Тасмола мәдениеті деген атпен белгілі болған. Павлодар облысының, Екібастұз ауданындағы Тасмола деген өңірден табылған. Мұртты обалар бағдаршам рөлін атқарған. Мұртты обалардың 4түрі кездеседі. Орталық Қазақстанда зерттеу 1946 жылдан басталды. Ә. Марғұлан мен шәкірті М. Қыдырбаев “Мұртты обалар” жүзден саналады. Зерттеулерге қарағанда мұндай құрылыстар беделді адамдар рухымен қоштасу, еске алу кезінде жасалады. 4 кезеңнен тұрды: 1. 1946 ж- 1959 ж 2. 1959 ж- 1963 ж 3. 1970 ж- 1999 ж 4. 1999 ж –қазіргі дәуірге дейін Сабақты пысықтау: Өрмекші ойыны арқылы сабақты қорытындылаймын.
Публикация состоит из частей:
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
17.02.2017