қосымша тапсырмалар

  • docx
  • 13.05.2020
Публикация в СМИ для учителей

Публикация в СМИ для учителей

Бесплатное участие. Свидетельство СМИ сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Иконка файла материала қосымша тапсырмалар.docx

Қайталау

Тізбектің  түрлері

  1. Анықталу аймағы алғашқы n натурал сандар жиыны болатын функцияны шекті тізбек деп атайды.

Мысалы:      нөлмен аяқталатын бүтін оң екітаңбалы сандар жиыны

              10, 20, 30, 40, 50, 60, 70, 80, 90

    2. Анықталу аймағы  барлық натурал сандар жиыны болатын функцияны  шексіз тізбек  деп атайды.

Мысалы:         натурал сандар тізбегі

                1, 2, 3, 4, 5, ..., n, ...

     3. Бірінші мүшесінен басқа әрбір мүшесі алдыңғы мүшесінен үлкен тізбек өспелі тізбек  деп аталады.

Мысалы,  1,3,5,7,…,2n-1,… өспелі;

Мүшелері  4-ке еселік болатын сандар  тізбегі:  4,8,12,16,20,24, ...

      4. Бірінші мүшесінен басқа әрбір мүшесі алдыңғы мүшесінен кіші тізбек кемімелі тізбек  деп аталады.

 Мысалы:      кемімелі,

Жұп сандарға кері сандар тізбегі:  

Өспелі және кемімелі тізбектер бірсарынды (монотонды )  тізбектер деп аталады.

     

      5. Бір ғана саннан құралған тізбек тұрақты тізбек деп аталады. yn=С  тұрақты.

5,5,5,5,… тұрақты

Жаңа  тақырыпты меңгеру

О.М:9.2.3.1 сандық тізбек анықтамасын және берілу тәсілдерін біледі;

Сұрақ:

«Тізбек»  ұғымын қалай түсінесіңдер?

Тізбек мүшелерінің арасындағы байланыс қандай заңдылықпен орындалады?

«Сіздер өмірде тізбектермен қайда кездестіңіздер?» деп оқушыларға сұрақ қойыңыз, мысалы:

1.     бактериялардың көбеюі: бактериялар бір жасушаны екіге бөлу арқылы көбейеді, сонда 1;2;4;8;16;... тізбегі пайда болады.

2.     Фибоначчи саны (1;1;2;3;5;8;13;21;…): теңіз жұлдыздары; сәулелерінің саны; түрлі күрделі түсті өсімдіктердің гүлшоғырлары: ирис гүлінің 3 күлтесі, бәйшешекте (примула) – 5, жусанжапырақты ойраншөпте (амброзия)  – 13, қарапайым егінекте (нивяник) – 34, ақкекіреде (астра) – 55 және 89 күлте; өсімдіктердің бұтақтары; Паскаль үшбұрышында коэффициенттер қосындысы.

3.     Пирамида түрінде қаланған кірпіштердің әр қатардағы кірпіш саны.

 http://berg.com.ua/wp-content/fibonacci-branches.gif http://hijos.ru/wp-content/uploads/2015/02/Pascal4.png

 

Сандық тізбектің анықтамасы:

у=f(x), x  функциясын натурал аргументті функция немесе сандық тізбек деп атайды және у=f(n) немесе ,  …. деп белгілейді.

Натурал  аргументті  функция  сандар  тізбегі, ал тізбекті  құрайтын  сандарды  тізбектің  мүшелері   деп  атайды.

Топтық жұмыс

Тапсырма 1:

Тізбек берілген: 3;7;11;15;…

1.     Бұл тізбекті басқаша қалай беруге болады?

2.     «Тізбектердің берілуінің түрлері» сұлбасын құруды ұсыныңыз.

 

Сандар  тізбегінің берілу тәсілдері

 

 


  п- ші мүшесінің формуласымен 

Сипаттау арқылы сөзбен берілуі

  Жұп сандар тізбегі

Рекурренттік формуламен

1,1,2,3,5,8,13…..

Тізбекпен берілуі

1; 3; 9;...

Тізбектің  n – ші (жалпы) мүшесінің көмегімен берілуі аналитикалық тәсіл болып табылады

Тізбектің жалпы мүшесінің формуласы оның кез келген нөмірмен берілген мүшесін есептеуге мүмкіндік береді.  Мысалы, егер хn = 3n + 2, онда     х5=3.5+2=17;   х45=3.45+2=137.

Тізбектің кез келген мүшесін (белгілі бір нөмірден бастап) алдыңғы мүшелері арқылы анықтайтын тәсілді рекурренттік тәсіл деп атайды   (латынның  recurro– қайта оралу деген сөзінен).

Мысалы,  а1=1; аn+1= аn +3 ережесімен берілген тізбекті көп нүкте арқылы

1; 4; 7; 10; 13; … деп жазуға болады.

Тізбек сипаттау арқылы сөзбен де беріледі

  3 – ке еселі сан тізбегі 3,6,9,12,…3п,…

 

Тапсырма 2:

Тізбектердің берілуінің әрбір түріне мысалдар келтіріңіз

Сөзбен келтіру арқылы

 

Тізбектеп шығумен

 

Реккурентті формуламен

 

n-мүшенің формуласымен

 

 

2-сабақ.

9.2.3.2  қарапайым жағдайларда сандық тізбектің n-ші мүшесін табады және заңдылығын анықтайды, мысалы: ()

Жұптық жұмыс

 

Тапсырма 3: Жұпты тап.

 

Тапсырма 4:

Тізбектің бесінші, оныншы және n-ші мүшесінің формуласын табыңыз.

1.     -2;-2;0;4;10;…

2.     -10;10;-10;10;…

3.     1;3;9;27;…

4. 

5. 

Тапсырма 5:

№1. тізбегінің өспелі тізбек екендігін зертте.

№ 2.  1, 4, 9, 16, 25, 36, … тізбегінің п-ші мүшесінің жалпы формуласын анықтаңдар.

№3.  Тізбек   формуласымен берілген.  Тізбектің  алғашқы бес мүшесін жазыңдар.

№4. 1, , , , , … тізбектің жалпы  мүшесінің формуласын табыңдар:

 

Қосымша есептер.    

Жеке жұмыс

Деңгейлік тапсырмалар орындау

А деңгей тапсырмалары.

1.Тізбектің бірінші мүшесі  8–ге, ал әрбір келесі мүшесі алдыңғысының жартысына тең, тізбектің бес мүшесін анықтаңдар.

2. Жалпы  мүшесінің формуласы бойынша  тізбегінің алғашқы үш мүшесін табыңдар.

В деңгей тапсырмалары.

1.     Өсу ретімен алынған 6–ға бөлгенде 1 қалдық қалатын натурал сандар тізбегін жалпы мүшесінің формуласымен жазыңдар.

2.     Алғашқы берілген мүшелері бойынша тізбектің жалпы  мүшесінің формуласын табыңдар.

1, , -, , , … ;

 

 

С деңгей тапсырмалары.

1.     Суретпен берілген тізбектердің алғашқы бес мүшесін анықтаңдар:        

 

Тізбектің рекурренттік формуласын  (немесе жалпы мүшесінің формуласын)  анықтаңдар. 

 

Қосымша есептер.

 

1 тапсырма. Дем алушы, дәрігер кеңесі бойынша, бірінші күні 5 минут күнге қыздырынды. Келесі әрбір күндері күнге қыздырыну уақытын 5 минутқа көбейтіп отырды.  Егер ол  күнге қыздыруын сәрсенбі күні бастаған болса, онда аптаның қай күні оның күн астында болу ұзақтығы 40 минут болар еді?

 

№2 тапсырма. Ашытқы жасушасы екіге бөлініп көбейеді. Он рет бөлінгеннен кейін жасушалардың саны қанша болады?

 

№3 тапсырма.  Төмендегі тізбектердің жалпы мүшесінің формуласын жазыңыз.

a) 7-ге еселік натурал сандар тізбегі;

b) 4-ке бөлгенде қалдығы 1-ге тең болатын натурал сандар тізбегі;

c) бірінші натурал саннан  3-ке арттыру арқылы пайда болған тізбек;

№4 тапсырма. Төмендегі тізбектердің заңдылығын анықтап,  жалпы мүшесінің формуласын жазыңыз.

a) 3; 6; 12; 24; 48; ...                        c) 2; -2; 2; -2; ...

b)  ;...                                d) ... .

 

№5 тапсырма.  Рекуренттік формуламен берілген тізбектің алғашқы бес мүшесін табыңдар:    а1=-4 ; 

Үй тапсырмасы:

№ 1. Тізбекті беретін қандай да бір формуланы (п – ші мүшесінің) көрсетіңіздер:

А) 8; -8; 8; -8; …;                                    Б) 3; 5; 7; 9; …;

В) 1; ; ;;…;                                Г) ; ; ; ;…;

№ 2. Ауа ваннасының курсын  бірінші күні  15 минуттан бастап, осы ем – шараның уақытын әрбір келесі күні  10 минутқа арттырып отырады.   Көрсетілген ережемен осы  ем – шараның ұзақтығын 1 сағат 45 минутқа жеткізу үшін неше күн қажет?

№ 3.  Әрбір қарапайым бір жасушалы жәндік екі бөлікке бөліну арқылы көбейеді.   Егер алты рет бөлінгенде жәндіктер саны 320 болса, алғашқыда қанша қарапайым бір жасушалы жәндік болған?