Мақсаты: Оқушылардың құқықтық білімін тексере отырып, өз мүдделерін
қорғай алатын, өзіндік ұсыныс-пікірлері мен көзқарастарын, ойларын ашық
айтатын, сөзге шешен, кемел ойлы , елжанды азамат ретінде тәрбиелеу.
Конституцияның мәні сипаты, маңызы туралы білім беру. Құқығымыздың
қалыптасу тарихының кезеңдері, әр кезеңдегі ерекшеліктері туралы
оқушылардың білімін жетілдіру. Ұлттық болмысымызды бейнелеген заңдық
қағидалар мен өркениеттік заңдық ережелерді бойына сіңіру. Ата Заңымыз
халқымызға адал қызмет ететіндігін оқушыларға ұғындыру. Ата Заңға сый-
құрметпен қарауға тәрбиелеу. Тарихи танымын кеңейту.
Құқық – мемлекет тарапынан, болмаса тиісті қаулы, заңмен
әрбір адамға берілген ерік, бостандық.
Конституция – бұл Қазақстан Республикасында тұратын барлық азаматтардың құқықтары мен міндеттері белгіленген құжат.
Конвенция – арнайы бір мәселе жөніндегі мемлекеттердің өзара келісімі.
Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) – жер бетіндегі халықтардың мүддесін қорғайтын халықаралық ұйым.
Туу туралы куәлік – баланың қашан туғанын анықтайтын негізгі құжат. Мұнда баланың туған күні, айы, жылы жазылады, сондай-ақ ата-анасының аты-жөні, ұлты, туған жері жазылады. Бұл баланың ең бірінші құжаты.
Азамат – жеке тұлға, ол мемлекеттің тұрақты тұрғыны және оның құқығы мен міндетінің иесі.
Бала құқығы
Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы заңы 10 тарау, 53 баптан тұрады1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 2-тарау. БАЛАЛАР МҮДДЕСIН КӨЗДЕЙТIН МЕМЛЕКЕТТIК САЯСАТ3-тарау. БАЛАНЫҢ НЕГIЗГI ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI 4-тарау. БАЛА ЖӘНЕ ОТБАСЫ5-тарау. АТА-АНАСЫНЫҢ ҚАМҚОРЛЫҒЫНСЫЗ ҚАЛҒАН БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ 6-тарау. МҮГЕДЕК БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ7-тарау. БАЛА ЖӘНЕ ҚОҒАМ 8-тарау. БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ЖӘНЕ ЗАҢМЕН ҚОРҒАЛАТЫН МYДДЕЛЕРIН ҚОРҒАУ9-тарау. БАЛА ЖАУАПКЕРШIЛIГIНIҢ ЖӘНЕ ОНЫҢ МIНЕЗ-ҚҰЛҚЫНА ӘСЕР ЕТУДЕН ЕРЕКШЕЛIКТЕРI 10-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Конвенция – арнайы бір мәселе жөніндегі мемлекеттердің өзара келісімі.
Бұл Конвенцияда Біріккен Ұлттар Ұйымына қатысатын бірнеше елдің өкілдері бірлесе отырып, осындай халықаралық шарт 1989 жылы 20-қарашада қабылданды.
Ол «Бала құқықтары туралы» Конвенция деп аталады. Ол Конвенция
54-баптан тұрады. Конвенцияның басты міндеті – 18 жасқа дейінгі тұлғалардың құқығын қорғау.
Бұл БҰҰ дүниежүзілік балаларына арналған Конвенцияны басшылыққа ала отырып, біздің елімізде де «Бала құқықтары туралы» заң бар.
Ол 2002 жылы 8 тамызда елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасындағы «Бала құқықтары туралы» заңына қол қойды.
Ең бастысы әр азаматтың негізгі құқығы – ол өмір сүру құқығы.
Оқушылардың міндеттері
Отан алдындағы міндеті
Қоғам және тұлға алдындағы міндеті
Мектеп алдындағы міндеті
Отан алдындағы міндеті
- Отанға лайықты қызмет етуге өзін-өзі дайындауға;- Қазақстан Республикасының Елтаңбасы, Туы, Жалауы мен Әнұраны, мектебінің символикасын білуге және сыйлауға;- қоршаған адамдарға қандай да бір қауіп тудыратын әрекет жасауға;
-мектеп қызметкерлері, мұғалімдер мен басқа да оқушылардың абыройы мен ар-намысын сыйлауға;- өзінің және басқа оқушылардың денсаулығы мен қауіпсіздігін сақтауға, мектептің техникалық қауіпсіздігін және мектеп пен жеке гигиеналық талаптарды сақтауға;
- мектептен тыс жерлерде өзін лайықты ұстауға, айтар сөздерін бақылауға, ұрсу және қоғамға жат лексиканы қолданбауға;- мұғалімдердің ескертулерін дұрыс қабылдап және сынға оң әрекет етуге;- қарым-қатынаста болған кикілжіңдерді шешуге;
Мектеп алдындағы міндеті
мектеп Жарғысы, мектептің ішкі тәртібін және осы оқушы Кодексі талаптарын білу және сақтауға;- сапалы білім алуға, өзінің білім, білік, дағдыларын кеңейтуге, сабақтарға жүйелі түрде дайындалуға;- мектептің жұмыс режимін қатаң сақтауға, сабақ кестесіне сай сабақтарға қатысуға, қандай да бір себептер болмаса сабақтан кешікпеуге;- мектеп абыройын сақтауға, дәстүрлері мен имиджін қолдауға; - мұғалім еңбегін бағалауға;- себепсіз сабақтан қалмауға;
- сабаққа, сыныптан тыс және мектептен тыс шараларға қатысуға; - сабақта, мектеп қабырғасында, сабақтан тыс дайындықтарда, шараларда, тәртіп бұзбауға;
Оқушылардың міндеттері
Отан алдындағы міндеті
Қоғам және тұлға алдындағы міндеті
Мектеп алдындағы міндеті
сапалы білім алуға;- өмірі мен денсаулық қауіпсіздігіне;-оқу сабақтарының арасында демалу үшін үзіліс алуға;- бақылау жұмыстары мерзімі мен олардың көлемі туралы уақытылы ақпарат алуға;- білім алуға мұғалім тарапынан қосымша көмек; өзіндік тілегі бойынша пәнді игеруде қиындық туындаған сәтте, денсаулығына байланысты сабақтарға қатыспаған немесе өздігінен материалды игере алмаған жағдайда;- білім саласында және мектептегі оқытуда қажетті және қолжетімді ақпараттар алуға; - мектептің кітапханалық қорын ақысыз пайдалануға;- оқу пәндері бойынша тек қана өз білімі мен дағдыларының сәйкестігін бағалауға;- оқудағы ғылыми және шығармашылық әрекетіндегі жетістігі үшін марапатталу және сыйақы алуға;
сыныптың және мектептің қоғамдық өміріне белсенді араласқаны үшін марапатталуға;- қоғамдық және азаматтық ықылас көрсетуге;- өзінің абыройын сыйлауға, әр түрлі дене және психикалық зорлықзомбылық, жеке тұлға ретінде жәбірленудің әр түрлі формаларынан сақтануға;- өзінің мүмкіндіктері мен қабілеттеріне сәйкес кез келген қоғамдық тапсырмаларды өз ықыласымен таңдауға;- білім бағдарламасында қарастырылмаған еңбекке өз еркімен тартылуға;- өз пікірін еркін айтуға; - мектепті басқаруға қатысуға –мектепті басқару органдарына сайлауға және сайлануға қатысуға;- мектептің дамуына мүмкіндік беретін шығармашылық идеялар мен креативті ұсыныстар енгізуге.
"Өз құқығынды білесін бе?"
«Біліп жүрейік»
1. Құқық деген не?
2. Құқық немен қорғалады?
3. Адам құқығының қорғалуы қай елде бастау алған?
4. Адам құқықтары мен бостандықтары туралы Декларацияны қандай ұйым қабылдады?
5. БҰҰ-ның мақсаты не?
6. Қазақстан БҰҰ-на қашан мүше болды?
7. БҰҰ адам құқығына байланысты қандай халықаралық шарттар қабылдады?
8. Бала болып кімдер саналады?
9. Бала құқығы туралы Конвенцияға Қазақстан Президенті қай жылы қол қойды?
10. Декларация деген не?
11. Құқық туралы заңдарды қандай орган шығарады?
12. Адам құқығы қандай жағдайда бұзылады?
13. Адам құқығы жат елдерде жүрсе қалай қорғалады?
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.