Изучить свойства и особенности щелочных металлов на примере натрия и калия; совершенствовать практические умения и навыки проведения эксперимента с использованием электронного оборудования; продолжить работу по умению написания уравнений реакций и схем электролиза расплавов и растворов электролитов, и решению задач.
Изложение нового материала
Натрий Na - IА группа, 3 период, 3 ряд, связь – ковалентная неполярная.
№ 11 Ar(Na) = 23 (_11^23)Na (11p, 12n)11ℯ
+11 Na )2 )8)1 1s2 2s2 p6 3s1 p0
Валентность – I степень окисления = 0, +1.
Высший оксид – Na2O гидроксид – NaOHнатрий и калий открытый урок
Қазалы аграрлы – техникалық колледжінің
химия және биология пәні оқытушысы
Кененбаева Жадыра Жұманқұлқызы
Сабақтың тақырыбы: Натрий және калий
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Периодты жүйенің заңдылықтарынан, атом құрылысы мен металдың жалпы
қасиеттері және sэлементтер туралы білімдеріне сүйене отырып, студенттерді натрийдің,
калийдің өздеріне тән қасиеттерімен таныстыру.
Дамытушылық: студенттердің өзара белсенділігін, ой өрісін, зейінін дамыта отырып,
бірінбірін тыңдай білуге, өзара ауызбіршілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, Д.И.Менделеевтің периодтық кестесі, маркер
тақтасы, стикерлер.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Семинар сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақжауап, жеке, топтық жұмыстар,
Пән аралық байланыс: география, физика, биология
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру
Студенттермен сәлемдесіп, оларды түгелдеу. Топқа бөлу. Білім алуға деген
құштарлығын арттырып, назарларын сабаққа аударту.
ІІ. Кіріспе бөлім:
1 кезең «Ой шақыру»
1) Жұмбақты шешу
Біз ағайынды 5 жігітпіз, бесеуіміз де өткір, кез келген адаммен оңай араласатын
ашықжарқын жігіттерміз. Кейбір көре алмаған жігіттер бізді жүрген жерін сілтейді,
тындырады деп өсек айтады. Мінезі тастай онша маңызды жұмыс істемейтін Латиф деген
ағам азулы қызға үйленді. Ал ағам Нартай істемеген жұмысы жоқ: аспаз да болды, шыны да
жасады, қазір тұрмыстық қызмет көрсету комбинатында директор. Менің өзім ауыл
шаруашылығында, оның ішінде егін жағында істеймін. Екі інім Рәнтай мен Сартай «жігітім»
дей берсең тұтана кетеді, қызбалы. Бағына қарай жақсы қыз кездессе, жақсы болар еді.
өздері автоматты сигнал беру жағында жұмыс істейді. Мен және 5 ағайындыларым кім?
Жауабы: Сілтілік металдар.
2) “Менен – саған, сенен – маған”
І топ
1. Сілтілік металдар деп неге аталған? (Себебі олар сумен әрекеттесіп, сілті түзеді)
2. Сілтілік металдарды неге қолмен ұстауға болмайды? (Себебі, күйдіреді)
3. Сілтілік металдар жұмсақ па, қатты ма? (Жұмсақ, сондықтан оларды пышақпен кесуге
болады)
ІІ топ1. Сілтілік металдарды неліктен керосинде сақтайды? (Себебі, олар белсенді
болғандықтан ауада қосылыстар түзе бастайды)
2. Сілтілік металдарға неге I топта орналасқан Au, Ag, Cu элементтері жатпайды? (Себебі,
олар I Б тобы, яғни қосымша топшада орналасқан)
3. Хлормен, броммен жасалатын тәжірибелер неліктен тартпа шкафта жасалуы қажет?
(Себебі, галогендер өткір иісті, улы. Олармен демалғанда адам уланады)
ІІІ топ
1. Сілтілік металдардың валенттілігі нешеге тең? (Тұрақты I)
2. Қарын сөліндегі HClдың мөлшері? (0,3 %)
3. Тірі ағзада Na иондары қайда кездеседі? (Қан плазмасында, жасуша құрамында)
3) «Ең, ең, ең ...» ойыны
Ең жеңіл металл – “Li”
Ең жұмсақ металл – “Na”
Ең сұйық металл – “Hg”
Ең қатты металл – “Cr”
Ең ауыр металл – “Os”
Ең түсті металдар – “Au,Ag”
Ең электртерістігі төмен металл Cs
Ең қиын балқитын металл – “W” (+3410 C)
Ең белсенді металл – “ Cs”
ІІІ. Негізгі бөлім: «Натрий және калий»
2 кезең «Мағынаны ашу» (жаңа ақпаратпен таныстыру)
Демек, бүгінгі сабағымызда сілтілік металдардың ішінде кең тараған натрий және калий
ұғымымен танысамыз. Ендеше дәптерлеріңізге бүгінгі күн мен жаңа тақырыпты жазып
қойыңыздар. Бұл элементтермен күнделікті сабақтарымызда жиі естіп жүрміз. Қазір әр топтың
дайндаған жаңалықтарын дәптерлеріңе түсіріп отырыңдар.
Техника қауіпсіздік ережелері
Натрий және калиймен жұмыс істегенде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет.
Оларды қолмен ұстауға болмайды, теріні күйдіреді. Қалдықтарын су құбырларына немесе
қоқыс салатын кәрзеңкеге тастауға болмайды, өйткені тұтанып жанып, тіпті қопарылуы
мүмкін.
І – топ. Зерттеушілер тобы:
Натрий және калий элементерінің ашылу тарихы, жер қыртысында таралу
аймақтары, қосылыстары.
Дэви Гемфри
(17781829)
1807 жылы ағылшын химигі Дэви қатты күйдіргіш калийді электролиздеу арқылы калийді
бөліп алды және оны «потассий» (лат. potassium; бұл атау әлі күнге ағылшын, француз,испан, португал тілдерінде қолданылады). 1809 жылы Л. В. Гильберт «калий» (лат. kalium,
араб. алькали —ПОТАШ)
Калий
Калий бос күйінде кездеспейді. Ол сильвинит KCl•NaCl, карналлит
KCl•MgCl2•6H2O,
сондайақ кейбір өсімдіктердің күлдерінде
K2CO3 (поташ) кездеседі. Калий барлық өсімдіктердің құрамында
кездеседі.
Натрий
Біздің планетамызда таралу бойынша натрий
барлық элементтердің ішінен алтыншы орынды
алады. Оның үлесіне жер қыртысы массасының
2,64 %ы тиесілі. Мұхит суларында шамамен 2,8
% натрий хлориді бар, ішкі теңіздерде оның
мөлшері одан да жоғары. Біздің елімізде
көптеген тұзды көлдер мен тас тұздарының (галит) шөгінділері бар. Олар
натрий хлоридін өндірудің көзі болып табылады. Оның ең мол қоры – Каспий ойпатынды,
Арал маңында, Ертіс өзенінің жағалауында. Қазақстанда Алматы, Қызылорда
облыстарында мирабалитті Na2SO4 * 10H2O ірі кен орындары бар. Іле ойпатында және
Балқаш маңында содалық көлдер бар, оларда (судың құрамында) натрий карбонаты
Na2CO3 болады.
ІІ топ. Физиктер мен химиктер тобы:
Натрий және калий элементтерінің Х.Э.П.Ж орны, атом құрылысы, тотығу
дәрежелері, валенттілігі және физикалық қасиеттері жайлы мәлімет дайындау.
Физикалық қасиеті:
Натрий және калий – күмістей ақ түсті металдар, жаңадан кескенде жылтырайды,
осы кезде калий күлгіндеу түсті рең береді. Ауада олар оңай тотығады және күңгірттенеді.
Натрий және калий – кристалданғанда басқа типті торларға қарағанда тығыздығы аздау
кубтық көлемді орталықтанған тор түзеді. Сондықтан пышақпен оңай кесіледі, иілгіш,
жұмсақ, созылғыш келеді. Натрий және калий судан жеңіл, олар оңай балқиды. Сұйық
күйінде жылу және электр тоғын өте жақсы өткізеді. Натрийге жарық түссе электрондар
ұшып шығады. Натрий және калиймен жұмыс істегенде техникалық қауіпсіздікті қатаң
сақтау керек. Оларды қолмен ұстауға болмайды, теріні күйдіреді. Қалдықтарын су
құбырына немесе қоқыс салатын кәрзеңкеге тастауға болмайды, өйткені тұтанып жанып,
тіпті қопарылуы мүмкін.
Натрийды парафин мен трансформатор май қоспасында, ылғал және оттектен
тазартылған бензин немесе керосинде, аргон немесе азот атмосферасында, сондайақ,
дәнекерленген шыны ампулада сақтайды.
Қосылыстардың атауы
Натрий хлориді
Олардың қолданылуы
Тағамға салынатын, консервіленуші зат
қызметін атқарады, себебі шірітетін
бактериялар мен көгергіш
саңырауқұлақтарды өлтіреді. Химия
өнеркәсібінде: натрий хлор, натрий
гидроксиді, сода алуға қажетті заттар
ретінде көп мөлшерде қолданылады.Натрий сульфаты
Глаубер тұзы
Натрий карбонаты
Натрий гидрокарбанаты
Натрий нитраты
Шыны, сода өндіруге жұмсалады.
Медицинада
Сабын шылау, мата, былғары,
фармацевтика өнеркәсібінде, шыны,
тағы басқа өндіру үшін қажет
Медицинада және түрлі нан өнімдерін
пісіргенде қолданылады
Азот тыңайтқышы ретінде
пайдаланылады.
Химиялық қасиеттері: Натрий, калий, өзге сілтілік
металдар сияқты типтік металдық қасиеттер
көрсетеді. Өте белсенді, электрондарын оңай береді.
Күшті тотықсыздандырғыш болып табылады.
Na→ +
Күшті тотықсыздандырғыш
Na0 1e
O2 Na2O2
Na + S Na2S
H2 NaH
H2O NaOH
K→ +
Күшті тотықсыздандырғыш
K0 1e
O2 K2O2
K + S K2S
H2 KH
H2O KOH
ІІІ топ. Биологтар тобы:
Натрий және калий элементтерінің тірі ағзадағы рөлі, маңызы жайлы деректер
әзірлеу.
Натрий және калий тіршілікке қажетті элементтер. Олар адам ағзасында үнемі болады
және ферменттер, гармонда, дәрумендер құрамына кіреді: H, O, Ca, K, Na, Mg, Cu, Fe, Zn.
Олардың жетіспеушілігі адамның қалыпты өмір сүруін бұзады. Адам ағзасында орташа
есеппен 140г калий және 100 г натрий кездеседі. Тамақпен бірге біз күнделікті 1,5 гнан 7
гға дейін калий және 2 гнан 15 гға дейін натрий иондарын қабылдаймыз. Na+ иондарына
деген қажеттіліктің жоғарылығы сондай оларды тамаққа арнайы салу керек (ас тұзы
түрінде).
Натрийдің биологиялық рөлі
Натрий оны адам ас тұзына қабылдайды. Ас тұзы пайдалы екен деп қалай болса,
солай пайдалана бергеннің жөні жоқ. Тұз кейбір жағдайда дос болудың орнына қас бола
кетуі мүмкін. Сондықтан да тұзды аз мөлшерде пайдаланған дұрыс. Тұзсыз тамақты яғни,
диетаны тек дәрігерлердің ұйғаруымен пайдалануы керек. Натрий ағзадагы осмос қысымын
реттеп тұрады.
Калийдің биологиялық рөліКалий — маңызды биогенді элемент, әсіресе өсімдіктер әлемінде. Топырақта калий
жетіспесе өсімдік өте нашар дамиды. Өнім түсімі азаяды, сондықтан 90 % өндірілген калий
тыңайтқыштар
тұздары
түрінде қолданылады.
3 кезең
«Сәйкесін анықта»
Формулаға
1)
сәйкес
атауларын
тап
NaCl NaHCO3 KOH Na2SО4 KNO3
А. Натрий сульфаты Б. Күйдіргіш калий В. Ас содасы
Г. Калий силитрасы Д. Ас тұзы
2) Формулаға сәкес молекулаларының орналасуы.
молекулаларыдың пішінін жасап құрастыру)
(ермек сазбен
ІV. Сабақты бекіту:
4 – кезең. Формуласы берілген заттардың аты қалай аталады?
NaCl — Ас тұзы
KCl — Калий хлориді
NaNO3 — Натрий нитраты
NaНNO3 — Натрий гидрокарбанаты
KNO3 — Калий немесе чили силитрасы
NaOH — Натрий гидроксиді
KOH — Калий гидроксиді (каустикалық калий)
К2SO4 — Калий сульфаты
Na2SO4 * 10H2O — Кристалгидрат
Na2SO4 — Натрий сульфаты
Na2CO3 — натрий карбонаты
KCLО3 — Бертолле тұзы
KMnО4— Калий перманганаты
Зерттеушілер тобы Физиктер мен
химиктер тобы
Биологтар тобы
V. Бағалау:
1) Топты бағалау.
2) Жеке студентті
бағалау.Бүгінгі сабақта қандай әсер алдыңдар? (Сабақ туралы өз ойларын, жеке топ жайлы
ойларын қорытып “смайлик” немесе қысқаша сөйлем арқылы көрсету)
VІ. Үйге тапсырма §6.3 6,7жаттығу, СӨЖ.
Химия пәнінің оқытушысы: Ж. Кененбаева