Открытый урок "Создание таблицы в MS Access в режиме Конструктор"
Оценка 4.9
Домашняя работа +6
docx
информатика
Взрослым
16.01.2017
Урок проводился в виде открытого урока по информатике. Для урока использовался филипчарт, программа АктивСтудио. Сначала проверяется домашнее задание. Потом преподаватель проводит лекцию. В конце урока студенты выполняют практическое задание на компьютере. Таким образом теоретическая часть закрепляется практикой. В конце преподаватель подводит итоги и ставит оценки.
Ашық сабақ.docx
Камелхан Имашхан
Қарағанды теміржол колледжінің
информатика пәнінің оқытушысы
Пән: Информатика – 2 курс
Ашық сабақ
Тараудың атауы : MS Access мәліметтер базасы
Сабақтың тақырыбы: MS Access бағдарламасында Конструктор режимінде кесте
құру
Сабақтың мақсаты: MS Access бағдарламасында Конструктор
режимінде кесте құруды меңгерту, «орынға отырғызу матрицасы» жаңа
технологиясын қолдану
Міндеттері:
Білімділік: MS Access бағдарламасы туралы білім қалыптастыру
Дамытушылық: Жаңа мәліметтер арқылы білім қорын көбейту, ойөрісін дамыту,
пәнге қызығушылығын арттыру
Тәрбиелік: Теорияны практикамен ұштастыра білуге, жылдамдыққа және жеке
жұмыс жасауға баулу
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту
Сабақтың әдісі: Лекция және практика жұмысы
Оқу материалын жабдықтау: ДК, MS Office бағдарламасы, плакаттар, проектор,
экран, АктивСтудио бағдарламасы
Пән аралық байланыс: Информатика, математика және қазақ тілі
Сабақ барысы:
1 Ұйымдастыру кезеңі
1 Оқушыларды түгендеу және үй тапсырмасын тексеру
2 Тақтаға күнді және сабақтың тақырыбын жазып қою
3 Жаңа сабақты түсіндіру
4 Жаңа сабақты практикалық жұмыспен ұштастырып, сабақты бекіту
5 Сабақты қортындылау және оқушыларды бағалау
6 Үй тапсырмасын беру 1 Үй тапсырмасын тексеру
1. MS Access дегеніміз не? Бұл мәліметтер базасы
бағдарламасы.
2 Мәліметтер базасы (МБ) деген не? Бұл ақпаратты жинақтайтын
және
сақтайтын құрылым.
3 МБда кестелер деген не? МБ – да жазулар жиынтығын кесте
деп
атайды.
4 МБ да өрістер деген не? МБ – да кестедегі тік бағандар өрістер
деп
аталады.
5 МБ да жазулар дегеніміз не? МБ – да кестедегі жолдарды жазулар
деп атайды.
6 МБын құрудың қандай және неше қадамы бар?
7 МБын құрудың әдістері қандай? 1. Бос МБ – ын құру
2 Шебер көмегімен МБ –ын құру
1 Кестенің құрылымын құру
2 Кестені ақпаратпен толтыру
8 МБда қандай нысандар бар? Кестелер, формалар, сұраныстар,
есептер,
беттер, макростар, модульдер
9 МБна өзгерістер енгізуге болам ма? Иә
10 МБда кесте құруды неден бастайды? Өрістерін енгізуден бастайды
2. Жаңа сабақты түсіндіру
Кестені конструктор көмегімен құру
Өткен сабақта құрған АдресТелефон атты МБсы терезесінде Кесте (Таблицы)
нысанында тұрып Конструктор деген сөзді шертеміз. Немесе Конструктор режимінде
кесте құру (Создание таблицы в режиме Конструктора) жапсырмасын екі рет басамыз. Сол кезде төмендегі суреттегідей кесте терезесі шығады.
Құрылатын кестенің мынадай атрибуттары болады:
Өріс атауы, мәліметтер типі (түрі), сипаттама.
бос орыннан басталмауы тиіс. Бір кестедегі екі өріс бір атаумен аталмайды.
Өріс атауы (Имя поле) – кестенің өріс атаулары бағанында енгізіледі. Өріс атауы
Мәліметтер типі (Типы данных) – мәліметтер типін айқындауға деректер типі
пайдаланылады.
Сипаттама – өріс қызметіне түсініктеме беру.
Кестеде келесі өрістер бар:
Мәтіндік (Текстовый) – мәтіндік ақпаратты сақтау үшін қажет. МЕМО өрісі (поле МЕМО) – үлкен көлемдегі мәтіндерді сақтай алады.
Сандық (Числовой) – сандық мәліметтерді сақтау үшін қажет.
Дата/уақыт (Дата/время) күн/ ай/ жыл форматында мерзімді және сағат/
минут/секунд форматында уақыт мөлшерін сақтау үшін қажет.
Ақшалай (Денежный) ақшалай көрсетілген ақпаратты енгізу үшін қажет.
Жалпы оларды сандық типтегі өріске де енгізуге болады, дегенмен осы типте
жұмыс істеу ыңғайлы.
Санауыш (Счетчик) – жазбалар реттік нөмерін анықтау үшін қолданылады.
Автоматты түрде бірден басталып, жазбаларды қайталанбайтын осы өріс мәні
арқылы анықтап отыру үшін қажет.
Логикалық (Логический) логикалық мәліметтерді (Иә/жоқ, 0/1,
Ақиқат/Жалған, т.с.с) сақтау үшін керек.
OLE объектісі – OLE технологиясын сүйемелдейтін құжатарды, кестелерді,
графиктерді және басқа объектілерді сақтау үшін қолданылады.
Өріс аты деген бағанға өз керегімізше кестенің бағандары аттарын жазамыз.
«Мәліметтер типі» өзі автоматты түрде толтырылып отырылады. Егер типі сәйкес
келмесе сол өрістің типі тұрған жерге барып түртсек үшбұрыш тәрізді белгі пайда болады.
Сол белгіге шертсек тип түрлері шығады, сәйкесін аламыз. Нәтижесінде төмендегідей
кесте құрылымы алынады.
Осы терезені жауып, сұхбат терезесінде сұрау бойынша АдресТелефон кітабы деген ат
береміз де сақтаймыз. Сіз кестенің Конструктор режимінде құрылғанын көресіз!
МБ дағы кесте нысанында АдресТелефон кітабы деген атауға екі рет бассаңыз кесте
ашылады. Кестенің түрі келесідей болады: Енді сіз кестені толтыруға дайынсыз!
3. Жаңа сабақты бекіту
Оқушылар мұғалім таратып берген парақтағы «MS Access бағдарламасында кестені
Конструктор режимінде құру» деген практикалық жұмысты орындайды.
Практикалық жұмыс
Тақырыбы: «MS Access бағдарламасында Конструктор режимінде кесте құру»
Мақсаттар:
MS Access бағдарламасында Конструктор режимінде кесте құруды үйрету
MS Access бағдарламасында жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру
Оқушыларды жылдамдыққа, жеке жұмыс жасауға баулу
Жұмыс барысы:
1 Өздеріңіз құрған АдресТелефон атты жаңа мәліметтер базасын ашыңыздар.
2 Кестенің Конструктор режиміне көшу үшін Таблицы нысанында Конструктор
батырмасын басыңыз. Немесе Создать батырмасын бассаңыз Новая таблица деген
кішкентай терезе ашылады да, сол терезеде Конструктор режимін таңдап ОК
батырмасын басыңыз, немесе Создание таблицы в режиме конструктора
жапсырмасына екі рет бассаңыз Таблица1 деген конструктор кестесі ашылады.
3 Конструктор режимі терезесінде кестенің Имя поля бағанасына Фамилиясы деген
сөзді енгізіңіз.
4 Тип данных бағанасында Текстовый мәнін қойыңыз. 5 Осылайша келесі өрістердің барлығын толтырыңыз: Аты, Әкесінің аты, Телефоны,
Тұратын елі, Облысы, Қаласы, Мекенжайы, Туған күні, Оқу орыны, Тобы
және де олардың барлығының Тип данных бағанасын толтырыңыздар.
6 Кестенің құрылысын толықтырып болғаннан кейін келесі әмірді орындап, оны
сақтаңыз: Файл/Сохранить батырмасын басып, Сохранение терезесінде Имя
таблицы жолына Телефонадрес кітабы атауын беріңдер.
Алғашқы кілтті құру сұрағына Иә деп жауап беріңіз. Сіздің кестеңіз сақталынды.
Енді Конструктор терезесін жабыңыз да құрған кестеңізді ашып көріңіз.
7 Егер сіз барлығын дұрыс орындаған болсаңыз «Телефонадрес кітабы» атты кесте
құрылуы тиіс.
8 Нәтижені мұғалімге көрсетіңіз.
Сәттілік тілеймін!
4. Сабақтың аяқталуы және бағалау
Сабақтың соңында оқушылар 5 балдық жүйемен бағаланады және оларға үй
тапсырмасы беріледі
5. Үй тапсырмасы
МS Access бағдарламасы бойынша бақылау жұмысына дайындалу
Қарағанды қаласы
Открытый урок "Создание таблицы в MS Access в режиме Конструктор"
Открытый урок "Создание таблицы в MS Access в режиме Конструктор"
Открытый урок "Создание таблицы в MS Access в режиме Конструктор"
Открытый урок "Создание таблицы в MS Access в режиме Конструктор"
Открытый урок "Создание таблицы в MS Access в режиме Конструктор"
Открытый урок "Создание таблицы в MS Access в режиме Конструктор"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.