Кітапханалық жоспарда мектеп сабақтарынан тыс оқушыларға 5-8 сынып аралығыныда еңбексүйгіштікке үйрету.Сабақ жоспары Кітап – арабша жазба, түрікше дәптер. Кітаптың қалыптасып, даму тарихы жазу өнерінің шығуымен және қажетті материалдардың табылуымен тығыз байланысты. Кітапты ежелгі заманда Мысырда, Шығыс елдерінде көрсетіп тамашаған дұрыс көзделеді.
Библиография Библиотека Доп. образование детейПоэт реферат
АААА.docx
Қалмұқан Исабаев (1925 ж )
Қалмұқан Исабаев1925 жылы 25 тамызда Павлодар облысы Баянауыл
ауданында туған. Ұлы Отан соғысының ардагері. 1954 жылға дейін КСРО
Қарулы күштерінің Германиядағы батыс тобында қала коменданты болып
қызмет атқарған.
1961 жылы ҚазМУді бітірген, 19551985 жылдары «Социалистік Қазақстан»
газетінде әдеби қызметкер, «Жұлдыз» журналының бөлім меңгерушісі,
Қазақстан Жазушылар Одағы жанындағы әдебиетті насихаттау бөлімінің
директоры болды.
Қ.Исабаевтың әңгіме, очерктері баспасөзде 1954 жылдан жариялана бастады.
Алғашқы «Баян» әңгімелер жинағы 1959 жылы жарық көрді. Кейін «Ажал
құрсауында» (1961), «Жұмбақ үй» (1962), «Бетпебет» (1963), «Соңғы тәулік»
(1966) повесть, әңгіме, очерктер жинақтады. «Сұңқар самғауы» (1966),
«Айқыз» (1967), «Жолдас комендант» (1975), «Көгілдір қазына» (1978),
«Серт» (1982), «Арна» (1984) т.б. романдары басылды.
Жазушы ЕртісҚарағанды каналының жобасымен танысып, оның бойын жаяу
аралады. Он бес жыл өмірін канал құрылысшылары арасында өткізіп, ол
туралы кітап жазды. Әр түрлі өзекті тақырыпқа арналған 300дей көркем
очерк, ғылыми және мәселелік мақалалары жарияланды. Кітаптары орыс,
неміс және басқа тілдерде жазылған. «Қызыл жұлдыз», Еңбек Қызыл Ту, 1
дәрежелі Отан соғысы ордендері және медальдарымен марапатталған. 2003
жылы Президент Жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталды.
Әбу Сәрсенбаев (1905 ж – 1995 ж)
Әбу Сәрсенбаев (15.10.1905, Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ботақан а.
— 25.11. 1995, Алматы қ.) — ақын. ҚРның халық жазушысы (1996).
Астрахандағы кеңеспартия (1929), Алматыдағы жоғары коммунистік ауыл
шаруашылығы (1934) мектептерін бітірген. 194247 ж. Кеңес Армиясы
қатарында болып, Ұлы Отан соғысына қатыскан. «Темір жолшы» газетінде
(193436) редактор, Қазақтың мемлекеттік біріккен баспаларында (193642)
директор, бөлім меңгерушісі, Қазақ мемлекеттік оқу педагогикалық
баспасының (1947—53) директоры, Жазушылар одағында кеңесші (1953—58)
болды.
Ә.Сарсенбаев әдебиетке 30жылдардың орта тұсында араласа бастады.
«Жүрек сыйы» (1938), «Ант» (1939) жыр жинақтары оның ақындық карымын
танытса, «Туған өлке» (1948), «Махаббат жыры» (1949), «Отан таңы» атты
кітаптары Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы еңбек каһармандарының
бейнесін жасауға арналған. Оның шығармашылығында Отан қорғау,
патриоттық тақырыбы ерекше орын алады. «Ақша бұлт» (1947) жыр жинағына ақын майданда жазған жырларын топтаса, әр жылдарда жарық көрген «Сенің
бақытыңды қорғағандар» (1950), «Офицер күнделігі» (1960), «Жауынгер
монологі» (1972), «Батырлардың ізімен» (1974) прозалык кітаптарында ¥лы
Отан соғысы тақырыбына, кеңес адамдарының ерлігін, патриоттық тұлғасын
бейнеледі. Оның «Ақмаралдың жүрегі» (1940) атты алғашқы поэмасына Қазан
революциясына дейінгі қазақ әйелінің қиын тағдыры арқау болса, «Намыс
ұлы» (1943), «Шие ағашы» (1943) поэмаларында кеңес адамдарының ерліп,
патриоттығы жырланды. Ал «Ұлым туралы ой» (1948), «Миллиардтың ізімен»
(1957), «Жас коммунист туралы жыр» (1959), «Жазылмаған дастан» (1961),
«Отыз үшінші көктем» (1975) атты поэмалары сол кездегі замандастар өміріне
арналған.
Ә.Сарсенбаевтың прозалык шығармаларының ішінде байырғы қазақ балықшы
жұмысшыларының ауыр тіршілігін шыншылдықпен бейнелейтін «Толқында
туғандар» (1953), Каспий теңізшілерінің еңбегіне, өміріне арналған «Теңіз
әуендері» (1969) романдарының орны ерекше. Ақынның 5 томдық шығармалар
жинағы (1980—85), «Ұстаздар мен тұстастар» (1986) дастандар топтамасы,
«Қасиетті махаббат» (1987) кітаптары жарық көрді. Ол «Арбасу» (Қ.
Жұмалиевпен бірігіп, 1948), «Теңіз махаббаты» (1975) пьесаларының, сондай
ақ мектеп оқулықтарының авторы. А. Пушкин, М. Лермонтов, Ш. Петефи т. б.
көптеген жырларын қазақ тіліне аударды. Октябрь Революциясы, 1дәрежелі
Отан соғысы, Еңбек Қызыл Ту, Халықтар достығы, «Қызыл Жұлдыз»,
«Құрмет», «Парасат» ордендерімен марапатталған.
М. Әлімбаев (1923 ж –)
Мұзафар Әлімбаев — Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік
сыйлығының лауреаты, қазақ әдебиетінде соғыс сұрапылын бастан кешіп
келген қаламгер шоғырының бірі. Туған жері Маралды атырабында —
Павлодар облысы, Шарбақты ауданындағы Маралды ауылы. Әнші
күйшілердің, ақынжыраулардың думан құрған өнер төрінде, солардың тәтті
сазын, татымды сөзін қаршадайынан құлағына құйып өскен. Мұзағаң 5
жасында әріпті әліп деп біліп, кітап оқи бастаған. 6 сыныпта ауыл
кітапханасының бір қыста 150ден аса кітабын тауысып, «Бауырсақтан»
бастап», «Батырлар жырын» ортаға ала, А. С. Пушкиннің 4 томдығын
тауысады.
Жетімдік
Әкеден 8 жаста, шешеден 13 жасында айырылып, «Туартумастан тоналған
ұрпақтың өкілі…». Сол тұста жетімектің кім екенін, жетімдіктің зіл мен мұң
екенін анық та толық сезді. 193233 жылғы алапат аштықты көлденең көзбен
көріп емес, өз басынан өткерген. 1937 жылдың сталиндік сойқанында
халықтың зиялы ұлқыздарын зорлықзомбылықпен оққа байланғанын өз
көзімен көріп, үрейі ұшқан ұрпақ. Осы тұста тырнақалды өлеңін жазды. Өкінемін ерте өмірдің өткеніне,
Көре алмай қызығымды кеткеніңе.
Өзгелер өз баласын еркелетсе,
Жетімдік сүйегіме жетпеді ме?!
Сұрапыл соғыс
Соғыс басталғанда он сегізге толартолмаста болған М. Әлімбаевтың
педучилищені енді бітірген кезі еді. Соғыс комиссарына арыз берді, бірақ
оларды маңайына жолатпады. Сөйтсе, үкімет арнайы ұлттық құрамалар
даярлап жатыр екен, сол үшін оларды сәл күттіріпті. Әйтеуір 1941 жылдың
желтоқсанында соғысқа шақырылып, Павлодардан Семейге, Семейден
Талғарға келіп, бір ай саяси жауынгерлер бригадасының 120 мм миномет
дивизионына барды. Үш жарым айдай қатардағы жауынгер, сосын саяси
жұмыстар жөніндегі жетекшінің орынбасары болды. (замполитрук) Калинин
майданында Ржевтің түбінде 1942 жылдың қарашасынан ұрысқа кірісіпті,
1943тің шілдесіне дейін соғысты. Сол кезде саяси қызметкерлер институтын
жойып, жауынгер командир етіп даярланып, танк батареясының командирі
болды. Соғыс біткесін Мұзафар Әлімбаевты Шығыс Германия жерінде әскери
қызметке алып қалып, одан елге … 1948 жылы оралады. Майданда туған көп
ақынның бірі — Мұзафар Әлімбаевтың «Батырға» деген бірінші өлеңі 1944
жылы 17 сәуірде Балтық майданының «Жауға қарсы аттан» газетінде
жарияланған. Кеңес Одағының батыры Мәлік Ғабдуллинге арналған осы
өлеңінде:
Баста алға батысқа,
Ініңнің күші өскелең, — деген артиллерист, лейтенант Мұзафар
«өскелеңдігін» тек соғыс майданында ғана емес, әдебиет майданында да
көрсеткен. М.Әлімбаев комсомолец кезінде ауылдан аттанып, арада жеті
жарым жыл өткенде коммунист, жауынгер командир, офицертанкист атанып,
үйге оралды. Уақытты бағалауды, өмірді қадірлеуді, Отанды қастерлеуді
үйреніп қайтты.
Ақынның «Ту тіккен» дастанында Рейхстагқа алғаш ту қадағандардың бірі
Рахымжан Қошқарбаевтың жандүниесін, қаһарман ерлігін шабытпен
жырлайды. Бұл дастанда Советтік Қазақстанның саңлақ перзентінің сүйкімді
бейнесі нанымды мүсінделген. Ал «Жүрек лүпілі» атты кітабында қазақ
жерінің, кешегі Отан соғысының отты күндері жырланады. Мұзағаңның
соғыстан кейін туған «Қарағанды жырлары», «Менің Қазақстаным», «Естай
Қорлан» секілді туындылары сол кезеңдегі қазақ поэзиясының да шынайы
табыстары болып саналады.
Ақындық бақыты
Мұзафар Әлімбаев ақындық бақыты туралы айтқанда оның қазақ балалар
әдебиетіне сіңірген еңбегіне тоқталу шарт. Ұзына тарихы қырық жылға
жуықтаған «Балдырған» журналын Мұзафар Әлімбаев қолымен құрып, 25
жыл бас редактор ретінде басқаруы қазақ балалар әдебиеті үшін ырысқұт
болды. «Балдырған» журналы арқылы дүниежүзі балалар әдебиетіндегі бар дәстүрлер мен эксперименттер қазақ топырағына ағытылды. Қазақ
топырағында бойындағы бар жұпарын балаларға арнайтын шын мәніндегі
балалар қаламгері «Балдырған» арқылы қалыптасты.
М. Әлімбаев қазақ балалар әдебиетінің қатардағы қаламгері ғана емес. Ақын,
прозашы, аудармашы, сыншы, жинақшы, ұйымдастырушы. Әдебиетте талант
бейімі болмай, ештеңе де өнбейді, әдебиет зорлықпен жасалмайды.
Мұзағаңның да балалар поэзиясына туа бітті бейімі болғаны анық.
М.Әлімбаев қазақ балалар әдебиетін дамытуға көп еңбек сіңірді. «Менің
ойыншығым», «Отпен ойнама», «Орақ олақ», «Шынықсаң шымыр
боларсың» тағы басқа кітаптары қазақ балалар әдебиетіне қосылған елеулі
үлес болды. «Аспандағы әпке» жинағы үшін Қазақстанның Мемлекеттік
сыйлығы берілген. М.Әлімбаев мақал мәтелдерді жинау, зерттеу, басқа
халықтар мақалдарын қазақ тіліне аудару жұмыстарымен де айналысып
келеді. «666 мақал мен мәтел», «Мақал сөздің мәйегі», «Өрнекті сөз ортақ
қазына», т.б. жинақтар мен зерттеу еңбектері бар. Сын зерттеу саласында
еңбектері жарық көрді. Әлем әдебиетінің кейбір үздік шығармаларын қазақ
тіліне аударды. Жазушының өлеңдері 38 тілге аударылған.
Поэт
Поэт
Поэт
Поэт
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.