Берсиева ҚҰЗЫРЕТТІЛІККЕ БАҒЫТТАЛҒАН БІЛІМ БЕРУ.doc
ҚҰЗЫРЕТТІЛІККЕ БАҒЫТТАЛҒАН БІЛІМ БЕРУ – БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫ
ДАЙЫНДАУ НЕГІЗДЕРІНІҢ БІРІ
Берсиева Мейрим Ерболысовна, физика пәнінің оқытушысы,
Маңғыстау облыстық медицина колледжі
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты
міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері
негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіпік шыңдауға бағытталған сапалы
білім үшін қажетті жағдайлар жасау; жеке адамның шығармашылық, рухани және күшқуат
мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін
қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ойөрісін байыту» деп атап
көрсетілген. Аталған міндеттерді жүзеге асыру үшін оқытудың жаңа технологияларын енгізу
және тиімді пайдалану секілді мәселелерді анықтап алу, білім беру жүйесіндегі басты
ұстаным ретінде әркімнің өзінің білім алуға деген жеке әлеуетін қоғамда барынша
пайдалануға көмектесетін оқыту жүйесін дамытуды қамтамасыз етуді көздейді.
Қоғамдық дамудың қазіргі үрдісі өзінің ісәрекетін тиімді жоспарлай алатын,
танымдық қызметінде алынған білімді орынды пайдалана білетін, түпкі нәтижеге жету үшін әр
түрлі топтардағы адамдармен тиімді қарымқатынас диалогіне түсе алатын білімді тұлғаны
тәрбелеу мәселесін қойып отыр.
Сонымен қатар, компьютерлік технологиялар тұтас білім беру процесінің оның
тиімділігін,
сонымен қатар студенттердің маңызды және пәндік құзыреттілігін
қалыптастырудың нәтижелігін едәуір арттыратын ажырамас бөлігі болуы тиіс. Білім беру
сферасында компьютерлік технологияларды кеңінен қолданудың аспектілері ресейлік және
шетелдік ғалымдардың еңбектерінде жарық көрген еді: В.Ф.Шолохович, О.И.Агапова,
С.Пейперт, Г.Клейман, Б.Сендов, Б.Хантер және басқалары. Оқытуды компьютерлендірудің
әртүрлі дидактикалық мәселелері А.П.Ершов, А.А.Кузнецов, Т.А.Сергеева, И.В.Роберт,
әдістемелік мәселелері Б.С.Гершунский, Е.И.Машбиц, Н.Ф.Талызина, психологиялық
мәселелері В.В.Рубцов, В.В.Тихомиров және тағы басқа еңбектерінде көрініс тапты.
Құзырет – білім беру жүйесіне әлеуметтік тапсырыс құрайтын жекелеген және
қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында сәтті қызметке қол жеткізу үшін ішкі
және сыртқы ресурстарды тиімді топтастыруға дайындық. Құзыреттілік – нақты өмірлік
жағдайларда тиімді қызмет ету үшін адамның өз білімін, біліктілігін мен дағдыларын және
сыртқы ресурстарды жұмылдыруға дайындығы, айқын емес жағдайларда әрекет етуге
дайындығы.
Сапалы білім алған, танымдылығы жоғары, құзыретті, бәсекелестіктің қайсыбір мықты
тегеурініне төтеп бере алатын оқушылар ғана болашақтың кілтін аша алады. Еліміздің
жаһандық дүниеде даралануы білімді, жігерлі, ұлттық санасы рухани бай жас ұрпақ арқылы
іске асады.
Осындай ұрпақ тәрбиелеуде физика пәнін оқытудың мақсаты:
физика ғылымының негіздері болып табылатын негізгі ұғымдарды, заңдарды және
теорияларды меңгерген – физикалық сауатты тұлға
физиканың қазіргі қоғам өміріндегі және жалпы адамзат мәдениетін дамытуда қолдана
білетін коммуникативтік тұлға;
ізденімпаздық, шығармашылық жобаларды дамыта, жүргізе алатын – ғылыми тұлға
тәрбиелеу.
Бүгінгі таңда кәсіби орта білім беруді жетілдірудің негізінде құзыреттілік тәсілді алу
жылға дейінгі білім беруді дамыту
ұсынылып жүр. Қазақстан Республикасы 2015 тұжырымдамасында да білімге бағытталған мазмұнды құзыретттілік, яғни нәтижеге
бағдарланған білім мазмұнына алмастыру қажеттілігі көрсетілген.
Құзыреттілік ұғымы «білім», «білік» және «дағды» (ББД) сияқты ұғымдарды қамтиды.
Бірақ бұл ББДның жаңаша жай ғана жиынтығы емес. Құзыреттілік оқыту нәтижесін (білім
және білік) ғана емес, сонымен бірге ол оқушылырдың шығармашылық ісәрекет тәжірибесі
мен құндылық бағдарларының жүйесін де көрсетеді. Құзыреттілік – бұл алынған білімдер мен
біліктерді ісжүзінде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық
мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігі. Оқытудағы құзіреттілік тәсіл білім беру
нәтижесі ретіндегі оқыту сапасын қамтамасыз етеді, ал ол өз кезегінде кешенді әдістәсілдерді
жүзеге асыруды, колледждегі оқыту сапасын бағалаудың біртұтас жүйесін құруды талап етеді.
Демек «құзырет» және «құзыреттілік» ұғымдарын мектептегі педагогикалық тәрибеге енгізу
білім берудің мазмұны мен әдістерін өзгертуді, ісәрекет түрлерін нақтылауды талап етеді.
Құзыреттілік тәсіл бірінші орынға оқушының хабардарлығын емес, нақты құбылыстарды
танып білу мен түсіндіруде; қазіргі заманғы техника мен технологияны игеруде; практикалық
өмірде; мамандық таңдау кезінде өзінің кәсіби білім алуға дайындығын бағалауда; еңбек
нарығын бағдарлау қажет болғанда; өмірден өз орнын анықтауға; өмір салтын, кикілжіңдерді
шешу тәсілдерін таңдауға байланысты мәселелерді шешу қажет болғанда туындайтын өмірлік
мәні бар мәселелерді шешу біліктілігін шығарады.
Б.Тұрғанбаева: «Құзырлыққа бағытталған оқыту үрдісінде тәжірибелік жолмен мәселені
шешу мүмкіндігі молаяды. Осы жағдай біліктілікті арттырудағы екінші үлгіге көшірудің негізі
бола алады.»
К. Құдайбергенова: Тұлға құзырлылығын қалыптастыру жолдары:
білім беру жүйесіндегі жүйеге кіретін бала жүйеден шыққанда түлек болады;
тұлғаның ұжымға енуі арқылы әлеуметікпсихологиялық сипаты көрінеді, деп
тұжырымдайды.
Құзыреттілік тәсіл білімдік парадигмадан біртіндеп мектеп бітірушінің қазіргі
көпфакторлы әлеуметтіксаяси,
коммуникациялық және
ақпараттық қаныққан кеңістік жағдайында тіршілік ету қабілетін көрсететін құзыреттер
кешенін игеруге жағдай жасау дағдыларын қалыптастыруға қарай бет бұруды білдіреді.
Ғалымдар білім берудегі құзыреттілік тәсілді жүзеге асырудың төрт аспектісін ажыратады:
нарықтықэкономикалық,
түйінді құзыреттер;
жалпыланған пәндік біліктіліктер;
қолданбалы пәндік біліктіліктер;
өмірлік дағдылар;
Бұл төрт бағыттың бәрі біздің колледждер үшін қажет. Бұлардың әрқайсысын орындау
колледж түлектерінің құзыреттіліктерін, олардың колледж бітіргеннен кейін жұмысқа
дайындығын арттыруға себеп болады.
Құзыреттілікті Коуенховен (2003ж) ұсынған финдік медициналық білім беру жүйесі
бойынша үш доменге бөлуге болады. Біріншісі, Блум домені (когнитивті домен), Симпсон
домені (психомоторлы домен), Кратуохл домені (аффектітілік домен). Мұның ішінде Блум
домені көп жағдайда СТО (сын тұрғысынан ойлау) технологиясында 60 стратегияның бірі
ретінде пайдаланылады. Ал Симпсон доменінің бір элементі – кейс стади, ол функционалды
сауаттылықты арттыру құралы ретінде мектеп оқушыларына да қолданылып жүр. Ол PISA
талаптарына сәйкес келеді. Яғни көрсетілген әдістер бойынша оқушының болашақ маман
ретіндегі сапалық, тұлғалық қасиеттерін бағалауға бағытталған ісәрекеттер жүйесін
нақтылауға болды. Коуенховен жүйесі бойынша орта буынды медициналық мамандарды
дайындау негізінен құзыреттілікті бағалау арқылы құзырлылықты талап ету болып саналады.
Финдік бұл білім беру жүйесінде тәжірибе арқылы оқыту көзделген, бұл медицина мамандары
үшін негізі фактор болып саналады. Медициналық білім берудің финдік жүйесі дуалды оқыту
технологиясы деп аталып жүр. Маңғыстау облыстық медицина колледжінде де дуалды оқыту жүйесі енгізілді. Теорияға бөлінген сағаттарды азайтып, тәжірибелік сағаттарды көбейту
арқылы Симпсон домені талап ететін етістіктердің орындалуын қамтамасыз етуге болады.
Теориялық сағаттар мұнымен маңызын жоймайды, өйткені білім алушылар теорияны
тәжірибеде ұштастыра отырып қолдана білу дағдысына ие болады.
Баумгартер (2004ж) педагогикалық стратегиясы бойынша білім берушінің де
функциясы жіктеліп көрсетілген. Ол үш түрге бөлінеді трансфер, тъютор, коучер. Осыған
сәйкес когнитивті білім беру (ноузат), бихевиористік білім беру (ноухау), әлеуметті
конструктивті білім беру (ноу ин акшн) болып жіктеледі. Орта буынды мамандады дайындау
үшін сараптау бойынша когнитивті доменіне қарағанда психомоторлы, аффектілік домендер
негізі шешуші роль атқарады. Өйткені, адам өмірі –
Қазақстан Республикасының
конституциясының негізі құндылығы болып есептеледі.
«Құзырлылық», «құзыр» ұғымдарының қолданыстағы білім, білік, дағдыдан айырмасы
төмендегідей ажыратылады:
А) білімнен айырмасы – қызмет жөніндегі ақпараттық сипатта емес, өнімді қызмет формасы
түрінде байқалады.
Ә) дағдыдан айырмасы – оқыған материалды топтастыра, құбылыстарды, заңдылықтарды
шығармашылықпен пайдалана отырып өзгерте алатын саналы қызмет.
Б) біліктіліктен айырмасы – дағдыға автоматты түрде жету немесе алмастыру емес, керісінше
бірнеше пән дағдыларын кіріктіру, жалпы қызмет негіздерін сезіну.
Орта буынды медицина маманының кәсіби құзыреттілігі білім алу кезінде
қалыптасады. Колледждегі білім беруді жеке тұлғалық құндылықтардың дамуымен біртұтас
жүретін субъектінің шығармашылық бағыты негізінде кәсіби құзыреттіліктің сапалық
негіздердің қалыптасу үрдісі деп санауға болады.
Оқушылардың пәндік құзыреттіліктері білім берудің жаңа нәтижесі ретінде
қазақстандық білім беру жүйесін модернизациялауда жетекші парадигма болып саналады.
Педагогикалық әдебиетте құзырет, құзыреттілік терминдері жиі қолданылады және «орнығып
алды». Олардың кеңінен қолданылуы толығымен аяқталған, бұл әсіресе Қазақстан
Республикасындағы білім берудің мазмұнын модернизациялаудың (жаңғыртудың)
қажеттілігімен байланысты. Біз А.В.Хуторскийдің құзырет білім берудегі тұлғалық
бағытталған жолмен келудің жүйелік сипаттамасы деген пікірімен келісеміз.Ал
Г.Г.Скоробогатова, В.В.Гузеев, Н.В.Агапова сияқты белгілі педагогтар «білім беру құзыреті»
терминологиялық құрылымын білім алушының білім мазмұнын сапалы меңгеруімен
байланысты тұлғалық дамуының деңгейі ретінде анықтайды. Осыған ұқсас «білім берудің
құзыреттілігі» оқушының күрделі қызмет түрлерін жүзеге асыра алу қабілеті ретінде
қарастырылады.
Оқутанымдық құзыреттілікті қалыптастыру — бұл оқу ісәрекеті мен өз қызметін
талдау біліктілік дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Жүйелілік дағдылары, мысалы,
сұлбалар, алгоритмдер құрастыру арқылы қалыптасады. Осы құзыреттілікті қалыптастыру
үшін сабақтарда өзінөзі бақылау және өзара бақылау белсенді түрде қолданылады.
Жалпы «физика» пәнін арнайы кәсіптік білім беру орындарында беру кезінде бірнеше
қиыншылықтарға тап боламыз.
1. Мамандардың негізі пәндерінің бірқарағанда физика курсынан алшақтығы.
(бастауаш сынып, дене шынықтыру мұғалімдерін, банк ісі, экономист, модельер
дизайнер т.б )
2. Аталған мамандықтардың құзыреттілігіне негізделген оқулықтың болмауы
Бірінші аталған мәселені шешу мақсатында мен құзыреттілікке негізделген МЖМСқа
сәйкес медициналық құзыреттілікке бағытталған «Физика курсы» бойынша авторлық
бағдарлама жасақтап, колледжде өз тәжірибемде қолдандым. Осы арқылы физика курсының
әр тарауын мамандыққа қажетті теориямен қамтамасыз етуге болатынына көзім жетті. Екінші
мәселе де шешім тапты, бағдарламаға сәйкес оқулық жасақталды.
Медициналық мамандықтардың студенттері мен оқытушыларына арналған «Физика» пәнінен
тірексызбалар көмекші құралы облыс көлемінде бекітіліп шығарылды. Ол теорияны
мейлінше түсінікті және нақты, уақыт үнемдей меңгертуге мүмкіндік береді. Оқулық
модификациялық инновациялық технология бойынша жинақталған.
Модификациялық инновациялық технология – бұл бұрын қолданылған технологияны
жетілдіру, өзгерту арқылы пайдалану. Бұған В.Ф. Шаталовтың тірек сызбаларды пайдалану
арқылы оқытуы, А.Е Маронның жетілдірілген тірексызбалары мысал бола алады.
Коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру ойын технологиялары, пікірталастар,
кейсстади технологиялары көмегімен сатылай жүргізіледі. Негізгі
біліктілікті
қалыптастыруда оқуәдістемелік кешендер мен оқу құралдары маңызды рөл атқарады. Сабақ
өткізу кезінде оқытушылар электрондық оқулықтар мен оқу құралдарының бірнеше түрлерін,
оқытудың көзбен шолып байқау құралдарын, мультимедиялық технологияларды пайдаланады.
Нәтиженің өзгеруі: бітіруші тек «білімді» ғана емес, сондайақ «білікті» де болуы білім беруді
жаңартудың барынша маңызды буыны болып табылады, сондықтан құзыреттілікті қолдану
қажеттігі еш күмән тудырмайды.
Бәсекеге қабілетті, білімді, сауатты, яғни құзыретті маман дайындаудың негізгі
технологиялық құралы құзыреттілікке бағытталған білім беру болып табылады. Медицина
саласында орта буынды қызметкердің құзыреттілігі мен құзырлылығы адам өмірі, ұлт саулығы
мен болашағының ажырамас бір тетігі болып саналады. Сондықтан медицина мамандарын
дайындауды құзыреттілікке бағытталған білім берудің маңызы зор.
Әдебиеттер
1. Хуторской А.В. Негізгі біліктілік жекебағдарлы компонент ретінде//Халықтық білім,
2003.
2. Скоробогатова Г.Г.
Консультации:
Профессиональные качества учителя и
профессиональные конкурсы педагогов//Педагогические технологии,2008, №1.с.92101.
3. Агапова Н.В. Перспективы развития новых технологий обучения.М.:ТК Велги, 2005.247с.
4. Никифорова М.А.
Преподавание математики и новые информационные
технологии//Математика в школе, 2005 №67.
Порфолио преподавателя
Порфолио преподавателя
Порфолио преподавателя
Порфолио преподавателя
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.