порфолио преподавателя

  • Библиография
  • docx
  • 11.02.2017
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Шебер-сынып жоспары.

Публикация является частью публикации:

Иконка файла материала Берсиева Медколледж Жоспары.docx
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДІҢ ОҚУ­ӘДІСТЕМЕЛІК КАБИНЕТІ «Білім беру мазмұнын жаңарту: болашаққа  бағдарлану» тақырыбында өтетін облыстық тамыз педагогикалық кеңесінің техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары секциялық жұмыстары III секция Техникалық және кәсіптік білім  ұйымдарының жалпы білім беретін  пәндері  секциясы Шебер­сынып жоспары                                   Өткізуші педагог: Берсиева М.Е Ақтау ­ 2015Шебер­сынып жоспары Тақырыбы:« Физика пәнінде Симпсон доменін қолдану арқылы құзыреттілікті дамыту» Педагог­Шебер: Берсиева М.Е Болатын күні:     21 .08.2015 Болатын жері:   Ұзақтығы: 30 минут Шебер сынып мақсаты: Физика пәнінде психо­моторлы Симпсон доменін  қолдану арқылы құзыреттілікті дамыту жолдарын көрсету    Міндеттері Білімділік: құзыреттілікке бағытталған әдіс­тәсілдерді (Блум, Симпсон,  Кратуохл домендерін) таныстыру. Дамытушылық: іскерлікке, шығармашылыққа баулу Тәрбиелілік: мамандыққа сәйкес икемділік пен құзыреттіліктерді дамыту Жабдықтар: проектор, интерактивті тақта, үлестірмелі материалдар Шебер­сынып жүрісі: Кіріспе бөлім:  Қатысушылармен сәлемдесу, танысу Қатысушыларға қағаздар  беріледі,   әр қатысушы өз маркермен есімін  жазып, алдарына үшбұрыштар тұрғызып қояды. Барлығы есімдерін жазып  болған соң атысушылар орнынан тұрып өздерін таныстырады.  Қатысушыларға мотивациялық сұрақ қойылады:  Құзырет дегеніміз не?  Құзыреттілік деген не? Қатысушылар ойларын білдіреді. Қысқаша теориялық түсіндірмелерҚұзыреттілік –   бұл   алынған   білімдер   мен   біліктерді іс­   өмірде   қандай   да   бір   практикалық   және   жүзінде, күнделікті теориялық мәселелерді шешуге қолдана алу қабілеттілігі . Негізгі бөлім:  Практикалық тапсырмалар Презентация   бойынша   әзірлемелер   арқылы   жүргізіледі.   Құзыреттілікке бағытталған   әдіс   түсіндіріліп,   қатысушыларға     Блум   когнитивті   домені арқылы меңгертуден басқа Симпсон психо­моторлы домені айтылады. Оның етістіктеріне   негізделген іс­қимылдар арқылы дағды мен икемділікті нақты бағалау әдістері көрсетіледі.  Құзыреттілікке бағытталған тапсырмалардың ерекшелігі:  Өмірлік жағдаятты тудыру, қайталау; шығармашылық құрамның болуы;  Студенттердің жас деңгейі мен мамандығына сәйкес үйретуші сипаттың болуы;  Пәндік дағдылар мен икемділіктердің қатар жүруі;   Қарапайым тапсырмалармен салыстырғанда көптеген ақпараттың, яғни Бір білім саласы мазмұнының шегінен шығуы; жанама, қосымша ақпараттың көптігі;  Қажетті ақпараттың бір бөлігі көрсетілмеуі, өйткені студент өз бетімен анықтамалық әдебиеттерден табуы тиіс. 1 тапсырма. Қатысушыларды топтастырып оларға физика пәніне  құзыреттілікке негізделген тапсырмалар беріледі. Топтан бір адам тапсырманы талдайды, өз ойын айтады. 2 тапсырма. Өз беттерімен суретте берілген денеге, затқа қатысты  физика /өз пәндері/ бойынша құзыреттілікке негіздерген Симпсон домені  шеңберінде тапсырма құрастыру. Қатысушылар ішінен ерікті түрде құрастырған тапсырмасын оқып ол  тапсырманы ортаға салады.  Тапсырманың құрылымының Симпсон доменінің етістіктеріне  толық жауап беретіндігін дәлелдейді. 3 тапсырма. Физика пәнінен қарапайым тапсырмаларды құзыреттілікке  бағытталған тапсырмаларға айналдырады. Өз пәнінің тапсырмаларын алса да  болады.Әр топтан бір қатысушы тапсырманы оқиды. Шешімін айтады. Қортынды бөлім: Рефлексия жүргізіледі. 1. Windows терезесі бейнесінің ішіне жазылған тұжырымдардың қасына  стикер жапсырады. /Шебер­сыныптағы әрекетіңіз, студенттерге  маңыздылығы, өз пәнінізде қолдануыңыз, жұмыспен қанағаттануыңыз/ 2. Шебер­сыныптан алған әсерлерін стикерлерге жазып, ағаш бейнесіне  жапсырады.  Шебер­сыныптың жабылуы:  Ұстаз – мектептің жүрегі, жүрек толық қанды айналымға түскенде ғана  «білім» ағзасының барлық «мүшелері» әрекетке келеді! Назарларыңызға рахмет!   Әдебиеттер: 1. Ларичев О.И. Теория и методы принятия решений. М., "Логос", 2000 г 2. Пахомова Е.М. Изучение и обобщение педагогического опыта. //  Методист. – 2005. ­ № 2. 3. Пахомова Е.М., Дуганова Л.П. Учитель в профессиональном конкурсе :  учебно­методическое пособие. – М. :АПКиППРО, 2006. – 168 с. 4. Селевко Г.К. Альтернативные педагогические технологии. ­ М. : НИИ  школьных технологий, 2005. ­ 224 с. 5. Селевко Г.К. Педагогические технологии на основе дидактического и  методического усовершенствования УВП. ­ М. : НИИ школьных  технологий, 2005. ­ 288 с.Шебер­сынып атауы:  Педагог­шебердің ты­жөні: Берсиева М.Е Мерзімі: :« Физика пәнінде Симпсон доменін қолдану арқылы құзыреттілікті дамыту» Уақыты:      .08.2015 Аты­жөні №қ/ с Жұмыс  орны Лауазымы Байланыс  телефондар ы Жұмыс  өтілі