Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуыКөшпелі мал шаруашылығына көшу себептері: 1. Жауын-шашынның азаюынан табиғатта құрғақшылық бел алып, егіншілікпен айналысу қиындады. 2. Ат-әбзелдерін жетілдіру жылқыны көлік ретінде пайдалануға мүмкіндік берді. 3. Мал басының көбеюі жаңа жайылымдарды қажет етті.Мал шаруашылығының түрлері: көшпелі, жартылай көшпелі, отырықшы мал шаруашылығы. Таза көшпелі тұрмыс Батыс және Орталық Қазақстанда қалыптасты. Жартылай көшпелі мал шаруашылығы Алтай мен Жетісудің таулы аймақтарында дамыды. Отырықшы шаруашылық Оңтүстік аймақта жақсы дамыды. Отырықшы шаруашылық егіншілікпен және мал шаруашылығымен қатар айналысты.Көшпелілертебіндепжайылатын малды көбірек өсірді. Тебіндеп жайылуға жылқы мен қой бейім келеді. Тебіндегі мал қыста тұяғымен қарды аршып, шөбін жейді.
Жыл мезгіліне байланысты жайылымдар
Жайлау – жазғы қоныс. Жайлауды суы мол, шөбі шүйгін, маса-сона, шыбын-шіркейі аз жерлерден таңдайды. Жайлау жаз мезгілінде малды алысқа ұзатып жаятын жайылым. Бұл уақытта ру-тайпалар жиналып,аса маңызды мәселелерді шешкен. Жаз мезгілінде көшпелілерге түрлі ойын-сауық ойнатуға қолайлы болған.
Жыл мезгіліне байланысты жайылымдар
Көшпелілер қысқа азық-түлік әзірлеп қар түскенге дейін күзеуде отырған. Күзеу қыстауға жақын орналасқан жайылым. Күзеуге мал баспаған, оты мол, қыстауға жақындау жайылым таңдап алынады. Қазақстанның әр өңіріндегі рулы ел, бір ата ұрпақтарының өздеріне тиесілі Күзеуі болған. Күзеу мал қоңын сақтауға тиімді, көшпелі тұрмыс ыңғайына орай қолданылатын дәстүрлі шаруашылық түрі.
Жыл мезгіліне байланысты жайылымдар
Мал төлдеген соң малшылар –көктеуге көшкен. Көктеу– 1) көктемгі қоныс; шөптің жаңадан қаулап шыққан кезінде, көктем айларында мал жаятын өріс. Осы кезде қыстан жүдеу шыққан мал қалпына келіп күй жинаған. Кей жерлерде мұны орта жайлау деп те атайды; 2) өсімдіктің алғашқы өніп-өсуі.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.