Этнопедагогикалық
ой пікірлердің шығу
тарихы және дамуы.
Презентация
Жоспары:
I.Кіріспе
ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ.
II. Негізгі бөлім
1.1. Ерте кезден бастау алған этнопедагогика
1.2. Арабшығыс мәдениетінің қазақ даласына тарауы,, орта ғасыр ғұламалары мен
ойшылдарының тәлімгерлік ой пікірлері.
1.3. XIXII ғасырларда қазақ жерінде түркі тілінде жазылған этикалық педагогикалық
трактаттардың таралуы.
1.4. XIII – XX ғасырда этнопедагогиканың дамуы.
1.5. Соңғы ғалымдар.
III.Қорытынды
Дала даналары мен ғұламаларының ой – пікірлері.
Презентация
ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ.
Қазақ этнопедагогикасының қайнар бұлағы біздің заманымызға
дейінгі дәуірден бастау алады. Ұлттық мәдениеттің тегі сол
ұлттың ұлт болып қалыптаспай тұрған кезінен бастапақ жеке
ұлыстардың ұрпағын тәрбиелеуден туындағаны белгілі. Себебі,
қазақ халқы, жалпы адамзат баласы пайда болған кезден
бастапақ ұрпақ тәрбиесімен айналысқан. Қазақ халқының өте
әрідегі атабабаларының өмір сүрген кезінен (VI ғ., Түрік
қағанаты) бастау алып, күні бүгінге дейін кәдесіне жарап келе
жатқан рухани мұраларының бірі – халықтық педагогика.
Халықтық педагогикамен қатар «этнопедагогика» атауы жиі
қолданылады. Этнопедагогика – халықтық тәлімтәрбиені,
оның тәжірибесін қорытындылап, жүйелейтін теориялық
сипаттағы ғылым саласы. Ол халықтық педагогиканы ғылыми
педагогикамен байланыстырып отыратын өткел іспеттес
ғылым. Этнопедагогиканың негізі ұлттық тәлім – тәрбие.
Презентация
Презентация
Презентация
Ерте кезден бастау алған этнопедагогика.
Қазақтың жазу мәдениеті арқылы белгілі болған ұлттық педагогикалық ойлардың тарихы
ертедегі тастағы жазулардан (Күлтегін, Білге Қаған, Тоныкөк т.б.) басталады. Одан кейінгі
қолжазба, баспа арқылы бізге жетіп, оқужазу үрдісімен этнопедагогиканың арқауы болған –
тәлімдік ойлар тарихы өзектестігімен ұлттық педагогиканың (этнопедагогиканың) дамып, ғылым
болып қалыптасқанын көрсетеді. Қазақстандағы этнопедагогикалық ойлардың даму тарихы
қазақтың жазу мәдениеті негіздерімен байланысты (руна жазуы, араб жазуы, латын жазуы,
кириллица жазуы). Ұлттық (этностық) тәлімтәрбие негіздері ежелгі тас жазуынан көрінеді.
Презентация
Арабшығыс мәдениетінің қазақ даласына тарауы,, орта ғасыр
ғұламалары мен ойшылдарының тәлімгерлік ойпікірлері .
IXX ғасырларда ұлы Түркі қағанаты бірнеше мемлекеттерге (Қарлұқ, Түркеш, Қарахан,
Қыпшақ, Ұйғыр, Хазар, Қимақ т.б.) бөлініп, Араб Халифаты империясының Орта Азия мен
Қазақстан территорияларына үстемдік жүргізулеріне әкеліп соқты. Арабтар ислам дінін
уағыздаумен бірге ғылым мен білім де әкеледі, нәтижесінде түркі халықтарының ұлы
ғалымдары: Фараби, Фердоуси, Авиценна, Бируни, Низами, Науаи, Қашқари, Иассауи,
Баласағұн және басқалары араб тілі мен мәдениетін меңгерді. Оның үлкен прогрессивтік
маңызы болды. Кӛптеген шаһарларда діни медреселер ашылды, ғылым мен білім деңгейі артты.
Медреселер діни ілімдермен ғана шектеліп қалмай, арифметика, медицина, жақаннама
(философия), дінтану, астрология сияқты әлемдік маңызы зор дәріснама беруді басты мақсат
етті. Бұл жерде қазақ топырағындағы Отырар қаласында дүниеге келген, Шығыстың екінші
Аристотелі атанған ғұлама ғалым Әбу Насыр әлФарабидің (870950) еңбегіне ерекше тоқтала
кетуге тура келеді. Бірнеше ұлттың тілін білген, ғылымбілім іздеп, бар өмірін сол жолға сарп
етіп, артында қыруар еңбек жазып қалдырған әл Фараби бабамыздың тәлімдікұстаздық еңбегі
ұшан теңіз. Оның сан салалы трактаттарында («Мемлекет қайраткерлерінің нақыл сӛздері»,
«Азаматтық саясат», «Бақытқа жету жолында», «Риторика» («Шешендік өнер негіздері»),
«Қайырлы қала тұрғындарының кезқарастары туралы трактат» т.б.) педагогикалық,
психологиялық, философиялық, дидактикалық және әдіснамалық ойпікірлері баяндалған.
Презентация
Бұл еңбектерінде оқыту әдістерінің ұғынықты, дәйекті, жүйелі, көрнекі
болуына, сондайақ дағды, әдет, қабілет, икем, мінез, бақыт т.б. тәлім
тәрбиелік ұғымдарға түсінік береді. Көз жеткізу, иландыру, мойынұсындыру
тәрізді әдіс тәсілдерге талдау жасайды.
Презентация
Қожа Ахмет Иассауи
Презентация
Мәдени тарихымыздан ерекше орын алатын «Диуани Хикмет» атты кітап жетпіс жыл
бойы дінимистикалық еңбек деп біржақты бағаланып, беті ашылмай келген, ал
шындығында ӛзінің ақылпарасат, өсиеттілігімен бүкіл Шығыс елдерінің ғалымдарын
таңдандырған, XI ғасырда ӛмір сүрген әрі ақын, әрі ғалымфилософ, тарихшы Қожа
Ахмет Иассауи бабамыздың ғылыми еңбегін бүгінде ыстық ілтипатпен ауызға аламыз.
Иассауидің еңбектерін белгілі шығыстанушылар А.Вамбери, П.Ахмеров, В.Бартольд,
М.Массон т.б. бұдан әлденеше жыл бұрын зерттеп, өз пікірлерін ортаға салып келсе, бұл
бағытта оның туған топырағы Қазақстанда арнайы зерттеу еңбектерінің шықпауы
ӛкініштіақ. Иассауи еңбектерінде баса айтылатын, адамды тура жолға бастаушы
жаратушы күшке табыну, оның хақтығына тағзым ете отырып, қиянатсыз, бейкүнә, адал
жандарды тәрбиелеу жайлы тұжырымдар ғылыми зерттей түсуді қажет етеді. Бұл жерде
Иассауидің софылық еңбектері ӛзінен кейінгі ақынжазушылардың дүниетану
көзқарастарына, қала берді жазба әдебиеттеріміздің шырқау биігі атанған Абайға да
аздыкӛпті әсерін тигізгенін айта кету қажет. Иассауи айтқандай, Абай да «құдай – хақ,
иман – парыз» дей отырып, «жақсылықжамандықты жаратқан құдай, бірақ қылдырған
құдай емес. Ауруды жаратқан құдай, ауыртқан құдай емес. Байлықты, кедейлікті
жаратқан құдай. Бай қылған, кедей қылған құдай емес... құдайдан қорық, пендеден ұял,
балаң бала болсын десең, оқыт... Иман, обал, сауап бар жерде әділет бар... Хақтың жолы
осы», деп, халықты имандылыққа, мейірімділікке, әділеттілікке, оқуағарту ісіне
үндеген.
Презентация
XIXII ғасырларда қазақ жерінде түркі тілінде жазылған этикалық
педагогикалық трактаттардың таралуы.
Жүсіп Баласағұнидің «Құдатғу білік» («Құтты білік») атты кітабы сол кездегі түркі
тілдес халықтардың дүнияуи тақырыпта алғаш жазылған ескерткіші еді. Мұнда адамға
білімнің қажеттігі, оның тірліктегі мәні, бақыт туралы адамның іс әрекетінің оң мен
терісі, тілден келетін пайда мен зиян, ел билеуші ӛкімдерге қажетті асыл қасиеттер,
әртекті жұртшылық ӛкілдерінің тілін таба білу т.б. хақындағы ойтолғамдар, сондайақ
отбасы мен неке, ұл мен 19 қыздың өнегелі тәрбиесі, баламен атаананың қарым
қатынасына байланысты мәселелер жанжақты сөз болған.
Презентация
Орта ғасырдан бізге жеткен тағы бір жазба ескерткіш – түркі тілдерінің сөздігі,
халықтың сөз қолданыс үлгілерінің топтамасы іспетті Махмұт Қашғаридың «Диуани
лұғааттүрік» атты еңбегі болды. Бұл сөздікте этнопедагогикалық және моральдық
психологиялық мазмұндағы қызықты топшылаулар аз емес.
Презентация
Осы өңірден шыққан екінші бір ойшыл – Ахмет Жүйнекидің (XII ғ.) «Хибатул
хикайқ» («Ақиқат сыйы») атты шығармасында ілімбілімді игеру ісінің халық үшін
пайдасы, оның көзқарасының бұқарашылық сипаты, гуманистік ойпікірлері айқын
сипатталады. Ол сол замандағы адамдардың бойындағы ұнамды, ұнамсыз моральдық
этикалық қасиеттерін атап қана қоймай, сонымен бірге бірсыпыра пайдалы кеңестерін де
ұсынды. Мысалы, «Егер билікке қолың жетсе, мақтанба, асыптаспа», «Бастық болсаң,
жайсаң бол», «Кәріге де, жасқа да құрмет кӛрсет», «Айтар лебізінді алдымен ойланып
ал» т.б. ұлағатты өсиетнамаларын айтады.
Тілді тыю әдептілік пен
тәртіптіліктің шарты
Білімді не айтады тыңдап
көріңіз!
Әдептің басы аузын бағу.
Өшіктірме жанды, білгін бұл
тіл,
Жараласа жазылмас, бітер оқ
жарасы.
Презентация
XIII XX ғасырда этнопедагогиканың дамуы
Қазақстан мен Орта Азия жеріне XIII ғасырдың басында Шыңғыс ханның жаулап алушылары
басып кірді. Көп ұзамай, бұл аймақ моңғолдардың ұланасыр империясының құрамына енді. Орыс
жылнамаларында мұны Алтын Орда дәуірі деп атайды. Шыңғыс хан шапқыншылығына ұшыраған
қазақ даласы алаулаған өрт құшағында қалды. Көне мәдениет көздері – Отырар, Сығанақ, Исфиджаб
қалаларын жалын жалмады. Моңғол шапқыншылығы Қазақстанның мәдени жағынан дамуын бірнеше
ғасырға кешеуілдетті, оның дербес мемлекет болып, егемендік алу өрісін барынша шектеді. Алтын
Орда ыдырап, қазақ даласы Ресей қол астына қарағанға дейін (1731 ж.) қазақ жері кескілескен
шайқастардың, қанды майданның үлкен арнасына айналды. Жат жерлік басқыншылар ондаған
қалалар мен елді мекендерді жерменжексен етті. Осы өлкеде тұратын халықтардың экономикасы
да, рухани өмірі де қатты күйзеліске ұшырады. ӘлФараби дүниеге келген Отырар қаласы, ондағы
атақты кітапхана, медресе, керуен сарайлары т.б. мәдениет ошақтары жойылып кетті. Атақты
астроном Ұлықбектің әлемде теңдесі жоқ обсерваториясы – ортағасырлық үлкен ғылыми жетістік
болып саналды. Алтын Орда мемлекетінің кезеңдерінде пайда болған «Бабырнама» («Бабыр
дастаны»), ал Хорезмидің «Мухаббатнама», Саиф Сарайдың «Қырық бір батыр жыры», «Гүлстан
бит турки», Құтыптың «Хұсрау Шырын» сияқты туындылары сӛзсіз жас ұрпақтарға тәлімтәрбиелік
ықпалын тигізді. Бұл кезеңдердегі тәлімтәрбие кӛріністері негізінен әскерижауынгерлік бағытта
өрбіді. Ел қорғау мәселелері ұлы ойшылдар мен ақындар шығармаларының өзегі болды. Атааналар
ұрпақтарының ең алдымен қайратты, епті және намысқой, өнерлі болып өсулерін талап етіп отырған.
Презентация
Қазақтың жазу мәдениетінде Қорқыт атаның тәрбиелік мәні зор
жырлары мен мақалмәтелдері, әлемнің екінші ұстазы атанған әл
Фарабидің еңбектерінде әр қырынан баяндалатын, кӛркемдік мәнді
білдіретін ұлағатты сөз ретінде әдептілік пен имандылық, мейірімділікті
білдіретін ісәрекеттердің, ізгі мінезқұлықтардың кӛркем көріністерінде,
ұлттық мәдениет пен ғылым, білім, поэзия, музыка жөніндегі
тұжырымдары, Ахмет Иассауидің діни тәрбиенің мәні туралы ойлары,
Жүсіп Баласағұнидің кемелді ел болу жолдарын көрсетуі, Мұхаммед
Хайдар Дулатидің ұлы тәлімгерлік ойлары, Абайдың өсиеттері,
Ыбырайдың педагогикалық ойлары, Шоқанның ел мәдениетін арттыру
үшін істеген әрекеттер, Ахмет Байтұрсыновтың ұлттық білім беру
жүйесі, Мағжан Жұмабаевтың қазақ педагогикасын түзуі, Жүсіпбек
Аймауытовтың қазақ психологиясы ғылымын зерлей бастауы, кейінгі
ғалымдардың қазақ этнопедагогикасын ғылым ретінде қалыптастырып,
пән ретінде оқытуға ұсынуы ұлттық педагогиканың (халық педагогикасы
мен педагогикалық ойлардың), яғни қазақ этнопедагогикасының дамып,
қалыптасу жолдарын көрсетеді.
Презентация
Соңғы ғалымдар
Әдібай Табылдиев
Презентация
Қ. Ж. Қожахметова
Қ. Жарықбаев
Презентация
С.Қалиев «Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен
тарихы» атты еңбегінде XVXIV ғасырларда өмір сүрген қазақ ақын
жырауларының поэзиясынан халықтың салтдәстүрін, ойарманы мен
тілек мақсатын айқындап берген. Себебі, жыраулар толғауларынан
халқымыздың небір тағылымдарға толы ойлары, мұңмұқтажын, ой
толғаныстары, қуанышсүйініші, болашақ ұрпаққа айтар өнегелі өсиеті
берілген. Ғалымның ойынша, олар халықтың тәлімтәрбие мектебінің,
ұлағатты ұстаздарының ролін атқарады. Тәуке ханның «Жеті жарғысы»
бүгінгі Қазақстан Республикасы қабылдаған Ата Заңымыздың негізгі
іргетасы болып саналады. Сондайақ сол кезеңдерде дүниеге келген
Мұхаммед Хайдар Дулатидың «ТарихиРашиди», «Жаханнама»,
Қадырғали Жалайырдың «Жамиғат тауарих», халық тағылымы:
«Қазақтар шежіресі» ұрпақ үшін зор тәлімтәрбиелік мәні бар
шығармалар екенін баяндаған.
Ғалымның бұл дәуірді сипаттай келе мал шаруашылығы, оюөрнек пен
зергерлік бұйымдар жасау, кілем, алаша тоқу, ертұрман, құмған, ыдыс
аяқ жасау, музыкалық аспаптар жасау сияқты қасиеттер жедел дамып,
жастарға еңбек және эстетикалық тәлімтәрбие берудің негізгі құралына
айналғаны туралы ойын білдіреді. Жоғарыда аталған еңбекте С.Қалиев
қазақ этнопедагогикасының ғылымитеориялық мәселелеріне кеңінен
тоқталып, этнопедагогикалық ұғымдарға ғылыми анықтама берген.
Қазіргі кезде этнопедагогика мен халық педагогикасы ұғымдары туралы
әртүрлі анықтамалар бар екені бергілі. Сондықтан жоғарыда аталған
еңбегінде бұл ұғымдарға арнайы тоқталған.
Презентация
Дала даналары
мен
ғұламалары
Күлтегін (684
731)
Қорқыт ата
Әл Фараби
Ахмет Яссауи
Олардың этнопедагогикалық ой мақсаттары
Ұрпақты ерлікке, бірлікке тәрбиелеу
Әйел ананы, ер азаматты тәрбиелеу, жауыздықпен, опасыздықпен
күресу т.б.
Ғылымдар негіздерін жасау, этика, эстетика, музыка, поэзия
сәулеттерін ашу, тәрбие мен білім бірлестігінің мәнін ашу т.б.
Дін тәрбиесінің құдіретін уағыздау, ардың биіктігін, жан мен тәннің
тазалығын, тақуалық пен білімдарлықтың мәнін ашып көрсету т.б.
Жүсіп Баласағұн Елді кемелдендіру, елді басқару жолдарын көрсету, ақыл, парасат,
М.Х. Дулати
М. Қашғари
Өтейбойдақ
қанағат, әділдік бейнелерін ашу т.б.
Ел басқарушының қасиеттерін айқындау, ұрпақты күнәлардан
сақтандыру, имандылық пен кісіліктің мәнін ашып көрсету т.б.
Жас ұрпаққа халықтың асыл қасиеттерін үйрету, түркі тілдес
халықтардың бірлігін уағыздау, тіл құдіретін ашып көрсету.
Ұлттық тәрбие мен психологияның, медицинаның негіздерін ашу.
Презентация
Абай Құнанбаев
Ыбырай Алтынсарин
Шоқан Уалиханов
Ахмет Байтұрсынов
Мағжан Жұмабаев
Өнер, білім, тіл, мәдениет келешегіне сәуле беру, ұлттық тәрбиенің
ұрықтарын шашу.
Халыққа білім беру, ұлттық педагогиканың, балалар әдебиетінің негізін қалау.
Ұлттық ғалымдардың негіздерін жасау, ұлттық мәдениеттің тарихан жасап,
болашаққа жол ашу.
Ұлттық ғылымдардың негіздерін жасау қазақ тілі ғылымы мен
журналистикасының керегесін қалау.
Ұлттық педагогиканың, қазақ поэзиясының негіздерін жасау.
Жүсіпбек Аймауытов
Ұлттық психологияның қазақ романының бастау бұлағын ашу.
Міржақып Дулатов
Шәкәрім Құдайберді ұлы
Ұлттық тәрбиенің, ұлттық журналистиканың, балалар әдебиетінің қайнар
бастауларын ашу.
Қазақ поэзиясы, ұлттық тәрбие мәселелері туралы ойларды іске асыру.
Сұлтанмахмұт Торайғыров Ұлттық тәрбие мәселелерін, қазақ поэзиясын, ұлттық мәдениетті көтеру.
Мұхтар Әуезов
Төлеген Тәжібаев
Құлжанова Нәзипа
Соңғы ғалымдар
Қазақ әдебиетін дамыту, филология ғылымының негіздерін қалау, ұлттық
тәрбиенің шаңырағын көтеру.
Ұлттық психология ғылымын дамыту, ұлттық мәдениетті өркендету.
Мектепке дейінгі тәрбиенің негіздерін қалау, қазақ әйелдеріне білім беру
мәселесін қозғау.
Қазақ этнопедагогикасының теориясын жасау ( С. Қалиев), ғұламалардың
этнопедагогикалық ойларын сараптау ( Қ. Жарықбаев) , қазақ
этнопедагогикасының методологиясын түзу (С.Ұзақбаева, К. Ж. Қожахметова),
қазақ этнопедагогикасының оқу бағдарламасын, оқу құралын, әдістемесін түзу (Ә.
Табылдиев) т.б.
Презентация
Назарларыңызға
Рақмет!
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.