Құт мекені. М.Мақатаев
Ақ жарқын қауым,Бірінің қамын бірі ойлап.Жарандар,Неткен ынтымақты еді бұл аймақ!Тамаша ауыл,Тап-таза көңіл, таза аспанТұрса екен өстіп,Кетпесе екен лайлап.Құтты мекенге қанатын көктен жайған күн,Осынау жерге кіндігімменен байландым.Байырғы қазақ бастарыңа кеп бақ қонған,Мерекелеріңнен, берекелеріңнен айналдым.Қарттарын сыйлап, жастарын баулып түлеткен,Қаласын сүйген, даласын сүйген жүрекпен.Айналдым сенен, аяулы мекен, дарқан ел!Туған елінің тасына-дағы гүл еккен.
Оқушылардың өз елі, құт мекені – Қазақстан туралы ойларын тыңдау.
Тапсырма: (үш қатарға) «Бірлігі жарасқан....» деп аталады. Балалар, сендер бұл жерде бірлігі жарасқан кез-келген дүниені көрсетулеріңе болады. Мысалы, бірлігі жарасқан мемлекет, бірлігі жарасқан отбасы, бірлігі жарасқан сынып деген сияқты тағы да басқа «бірлігі жарасқан....» дүниелерді сахналап көрсетулерің керек.
Түйіндеме: Бірлігі берік, ынтымақтығы жарасқан елдің болашағы баянды.
Ой-толғау:
Қазақ халқы - ежелден татулық пен бірлікті жақсы көрген, сүйген халық. Ру мен рудың, ағайын мен туыстың, көрші-қолаң мен жақын-жаранның бір-бірімен тату, сыйлы, бауырмал болғанын қалаған.
Қазақ би-шешендері, бай-батырлары саналы ғұмырын халқын бірлікке, татулық пен ынтамақтастыққа шақырумен болды. Халқымыз өзінің ынтымақтастықты барлығынан жоғары қоя білгендігінің арқасында ғана үлкен жеңістерге жеткен, жоңғардың шапқыншылығына төтеп бергенін ұмытпағанымыз жөн. Осындай ірі тарихи оқиғалар, яғни, ауызбіршіліктің арқасында жеңіске жетуі тәрізді халық басынан өткен тарихи мысалдар қазақ халқының жадында үлкен құбылыс болып қалды. Ал бұл өз кезегінде халық танымында «ауызбіршілікке жетсең ғана жауыңды жеңе аласың, бейбіт өмірге қол жеткізе аласың» деген тарихи сана қалыптасып, ұлттың сананың өшпес жадына айналған
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 11 қаңтар 2022 жылы халыққа Жаңа Қазақстанды қалыптастыру жөніндегі Үндеуін мектеп ұжымы, ата-аналар бірауыздан қолдайды. Қастерлі Отанымыз –Қазақстан әлем картасындағы егемен ел-қуатты мемлекетке айналды, экономикамыз анағұрлым қарқынды дамиды, азаматтарымыздың әлеуметтік жағдайы жақсара түседі. Мен мұны сеніммен айтып т ұрмын- деген Мемлекет басшысының сөзін әрбір қазақстандықтың жақсы күндерінің басталғанын айтып тұр. Мектепте білім алып жатқан Жаңа Қазақстанның болашағы , патритот жастар – ел экономикасының өркендеуі мен бірлігі үшін өз үлестерін қосатыны сөзсіз. Тәуелсіздік , бабамыздың қанымен , анамыздың жасымен жеткен мынау құндылықтың бағасын парықтай білу, бүгінгі біздің мерейлі міндетіміз.
Күшіміз-Бірлікте!
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.