Презентация "Қазақ хандығына 550 жыл"
Оценка 4.8

Презентация "Қазақ хандығына 550 жыл"

Оценка 4.8
Интерактивная доска
pptx
история
Взрослым
22.02.2017
Презентация "Қазақ хандығына 550 жыл"
Білімділік: Оқушылардың Қазақ хандығының құрылу тарихы туралы , Қазақ елін басқарған хандар туралы баяндау, өз бетінше білімдерін тереңдету. Дамытушылық: Оқушылардың тарихи –танымдық қабілеттерін өз бетінше ізденуге баулу,тіл байлығын дамыту. Тәрбиелік: Тұңғыш Қазақ мемлекетінің құрылуының негізін қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.презентация
Презентация1.pptx

Презентация "Қазақ хандығына 550 жыл"

Презентация "Қазақ хандығына 550 жыл"

Презентация "Қазақ хандығына 550 жыл"

Презентация "Қазақ хандығына 550 жыл"
Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандығына 550 жыл  Білімділік: Оқушылардың Қазақ хандығының құрылу  тарихы туралы білімдерін тереңдету.  Дамытушылық: Оқушылардың тарихи –танымдық  қабілеттерін өз бетінше ізденуге баулу,тіл байлығын  дамыту.  Тәрбиелік: Тұңғыш Қазақ мемлекетінің құрылуының  негізін қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін  бағалай білуге тәрбиелеу.

Презентация "Қазақ хандығына 550 жыл"

Презентация "Қазақ хандығына 550 жыл"
Сабақтың түрі:  Аралас Әдісі: Баяндау  Көрнекілігі: Карта, Абылай, Тәуке портреттері, әр  түрлі кестелер. Пәнаралық байланыс: География, Әдебиет Әдісі: Баяндау  Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі:  2. Үй тапсырмасын тексеру

Презентация "Қазақ хандығына 550 жыл"

Презентация "Қазақ хандығына 550 жыл"

Презентация "Қазақ хандығына 550 жыл"

Презентация "Қазақ хандығына 550 жыл"
Қазақ хандығының негізін салған Керей мен Жәнібек болды.  Қазақ хандығының дербес саяси мемлекеттік бірлестік  ретінде тарих сахнасына шығуына Шыңғысхан ұрпақтары  арасындағы саяси билік үшін күресі қолайлы жағдайлар  туғызған еді. Ақ Орда билеушісі болған Орыс ханның шөбересі, Барақ  ханның баласы Жәнібек өзінің ағайыны Кереймен бірге 1459­ 1460 жылдары Әбілхайыр хандығынан бөлініп шығып,  Моғолстан ханы Есен­Бұғаның (1429­1462) иелігіндегі Шу  мен Талас аймағындағы Қозыбасы деген жерге қоныстанады.  Сөйтіп, Қазақ хандығының құрылу барысы XV ғасырдың  екінші жартысында дағдарысқа ұшырай бастаған Әбілқайыр  хандығы мен Моғолстан мемлекетінің ішкі саяси жағдайымен  байланысты болды. 1457 жылы Әбілқайырдың ойраттардан  жеңіліске ұшыраған сәтінен бастап жағдай шиеленісіп кетті.

Презентация "Қазақ хандығына 550 жыл"

Презентация "Қазақ хандығына 550 жыл"
 Есен — бұға Керей мен Жәнібекті Әбілхайырға қарсы пайдалану үшін құшақ жая қарсы алды. Оларға Шу бойынан қоныс бөліп берді. 1465 — 66 жылдары Қозыбасыда Қазақ хандығын құрды. Жаңадан құрылған Қазақ хандығының тағына Шыңғысханның ұрпағы болғандықтан, Керей мен Жәнібек сұлтандардың екеуінің де отыруға құқы болды. Бірақ тәртіп бойынша жасының үлкендігі де ескерілді, сондықтан хан тағына Керей отырды. Ақылдасар тірегі Жәнібек болды. Қазақ мемлекетінің ХVI — XVII ғғ. әлеуметтік — экономикалық жағдайы бір қалыпты болды. Қазақ хандығының құрылымы 7 сатыдан қаланды: ауыл – ауыл басы, ата — аймақты — ақсақал, руды — рубасы, арысты — би, ұлысты — сұлтан, жүзді — хан, хандықты — қаған басқарды. Қазақ хандығындағы шаруашылықтың негізгі басты саласы көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы болды. Көптеген хандар билік басына келіп өз саясаттарын жүргізді. 1680 — 1715 жж. Хан тағына Тәуке отырды. Ол талас — тартыс пен бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа бағынған Қазақ хандығын құруға күш салды, «Жеті Жарғы» атты заң жинағын құрастырды. Абылай хан 1771 — 1871 жж. Хан тағына отырды. Қоғамдық қайраткер, қолбасшы, дарынды саясаткер ретінде өзін көрсете білді. Барлық мәселені тек дипломатиялық қатынас арқылы шешті. Ұлтының азаттығы үшін күрескен, өз заманының азаматы.

Презентация "Қазақ хандығына 550 жыл"

Презентация "Қазақ хандығына 550 жыл"
Картамен жұмыс  1. Қазақ хандығының қай жерде және қашан  құрылғанын көрсету.  2. Жәнібек пен Керей сұлтандар Қазақ  хандығының шекарасын қай жерге дейін  кеңейтуге ұмтылды.

Презентация "Қазақ хандығына 550 жыл"

Презентация "Қазақ хандығына 550 жыл"
Сандар сөйлейді 1711  1465 ж— 1466 ж 32 1718   1771  жыл   XVII —  XVIII ғ.ғ  1445—1518  жж 1 млн

Презентация "Қазақ хандығына 550 жыл"

Презентация "Қазақ хандығына 550 жыл"
 1711жыл ­ Абылайдың туған жылы.   1718 жыл  ­ Тәуке хан қаза тапты.   XVII — XVIII ғ ғ.  ­ Жеті жарғы заңы  шығарылды.  1465 — 1466 жылдары Қозыбасыда Қазақ  хандығы құрылды.  1771 жыл Абылайдың хан болуы.  1445—1518жж Қасым хан Жәнібекұлының билік  құрған жылдары   32 ­ Тәуке хан тұсында Сыр бойында Қазақтың 32  қаласы болған.   1 млн – Қасым ханның тұсында халық саны 1 млн­ ға жетті.

Презентация "Қазақ хандығына 550 жыл"

Презентация "Қазақ хандығына 550 жыл"
Қазақ хандарына  саяхат

Презентация "Қазақ хандығына 550 жыл"

Презентация "Қазақ хандығына 550 жыл"
 ӘЗ – ЖӘНІБЕК ХАН

Презентация "Қазақ хандығына 550 жыл"

Презентация "Қазақ хандығына 550 жыл"
 Әз­Жәнібек хан (Жәнібек Әбусаид)  (туған жылы белгісіз ­ 1480) — Қазақ  хандығы мен қазақ хандары  әулетінің негізін қалаушы, Барақ  ханның ұлы, Ұрыс ханныңшөбересі.  15 ғасырда өмір сүрген. 1450 жылға  дейінгі өмірі мен қызметі туралы  нақты деректер жоқ.

Презентация "Қазақ хандығына 550 жыл"

Презентация "Қазақ хандығына 550 жыл"
ҚАСЫМ ХАН

Презентация "Қазақ хандығына 550 жыл"

Презентация "Қазақ хандығына 550 жыл"
 Қасым хан Жәнібекұлы (1445—1518) — қазақтың ұлы хандарынын бірі, Қазақ хандығының  негізін қалаушылардың бірі — Әз­Жәнібек ханның ортаншы баласы. Шешесі Жаған­бегім  Шайбани әулетінің атақты ханы Мұхаммед Шайбанидің інісі Махмұд сұлтанның шешесінің  туған сіңілісі. 16­17 ғғ. қазақ хандығы нығайып, оның шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз  тұсында «жерді біріктіру» процесін жедел жүзеге асырып, көзге түскен хандардың бірі  Жәнібектің ұлы Қасым.. Қасым ханның (1511­1523 жж.) тұсында қазақ хандығының саяси  және экономикалық жағдайы нығая түсті. Ол билік құрған жылдары қазақ халқының қазіргі  мекен тұрағы қалыптасты.Бірсыпыра қалалар қосылды, солтүстікте Қасым ханның қол  астындағы қазақтардың жайлауы Ұлытаудан асты. Оңтүстік­шығыста оған Жетісудың көп  бөлігі (Шу, Талас, Қаратал, Іле өлкелері) қарады. Қасым ханның тұсында Орта Азия,Еділ  бойы, Сібірмен сауда және елшілік байланыс жасалды. Орыс мемлекетімен байланыс  болды. Ұлы князь 3 Василий (1505­1533) билік құрған кездегі Мәскеу мемлекеті еді. Батыс  Еуропа да қазақ хандығын осы кезде танып білді. «Қасым ханның қасқа жолы» деген әдет­ғұрып ережелері негізінде қазақ заңдары  жасалынды.   Дегенмен Қасым хан тұсында Қазақ хандығы бір орталыққа бағынған мемлекет болмады.  Ол Қасым өлгеннен кейін бірден байқалды. Өзара қырқыс, таққа талас басталды. Моғол  және өзбек хандарының қазақ билеушілеріне қарсы одағы қалыптасты.  Өзара тартыс кезінде Қасым ханның ұлы және мұрагері Мамаш қаза тапты. Қасым ханның  немере інісі Таһир (1523­1532) хан болды. Оның айырықша елшілік әне әскери қабілеті  болмады. Маңғыт және Монғол хандарымен әскери қақтығыстар басталды. Бұл соғыстар  қазақтар үшін сәтті болмады. Қазақ хандығы оңтүстіктегі және солтүстік­батыстағы  жерінің бір бөлігінен айрылып, оның ықпалы тек Жетісуда сақталып қалды. ТаҺир ханның  інісі Бұйдаштың (1533­1534) тұсында да феодалдық қырқысулар мен соғыстар тоқталған  жоқ.

Презентация "Қазақ хандығына 550 жыл"

Презентация "Қазақ хандығына 550 жыл"
ЕСІМ ХАН

Презентация "Қазақ хандығына 550 жыл"

Презентация "Қазақ хандығына 550 жыл"
Есім хан (1598­1628 (1645) ж.ж. билік құрған) Шығайұлы Есім хан (1628­1645) – Қазақ хандығының  ханы, Шығай ханның баласы, атақты Тәуекел ханның туған інісі. Есім хан туралы халық жадында  сақталған аңыз ­әңгімелер, дастан­жырлар көп. Оны халқы «Еңсегей бойлы ер Есім» деп ардақтайды. Есім ханның билігі тұсында (1598­1645) халық жадында «Есім салған ескі жол» деген атпен қалған  әдет­ғұрып нормаларын қалыптастырған конституциялық құжат болғаны белгілі. Мұны «Есімнің  заңы» деп ұққан жөн. Бірақ оның көктен алынбағанын, өз заманының орайы мен талабына қарай Есім  хан мен оның кеңесшілері өңдеп, толықтырған баяғы «Қасым салған қасқа жолдың» бір нұсқасы  екенін де естен шығармаған абзал. Түтпет келгенде, «Есім салған ескі жол» деген сөздің мәні де Есім  ханның тұсында жасалған даналық заңдарға байланысты айтылған. Қоныс­тұраққа, мал­мүлікке,  адамдар арасындағы қарым­қатынасқа қатысты туындайтын дау­шардың шешімдері осы кезде  сараланды. Мұның өзі кейін Тәукенің әйгілі «Жеті жарғысына» негіз болып, қазақ халқының мәдени­рухани және  салт­дәстүр қалыптарының төлтумалығын шыңдай түсуге ықпал етті. Жалпы көшпелілер мемлекетінің  хандары сияқты, Есім хан да тақ үсті мен ат үстінде бірдей танылған біртуар тұлға. Оны халқының  «Еңсегей бойлы Ер Есім» атанған атақты ханның қайтыс болған жылы – 1645 жыл деген шындыққа  келетін сияқты. Есім хан қазақ тарихында «Еңсегей бойлы ер Есім» деген атпен әйгілі болды, оған бұл атақ 1598­жылы  ағасы Тәуекел ханмен бірге Мауреннахрға жасаған жорықта ерекше көзге түскені үшін берілген екен.  Есім хан ­ Шығай ханның баласы, ол бұрын қазақ хандығының Түркістан қаласындағы хан ордасында  тұрған. Хан тағына отырған соң Бұхарамен бітім­шартын жасасып, Орта Азия қалаларымен бейбіт,  экономикалық байланыс орнатуға ұмтылды. Қазақ хандығын бір орталыққа бағынған мемлекет етіп  құруды көздеді. «Есім ханның ескі жолы» деп аталған заңды құрастырды. Есім ханның қазақтарды бір  орталыққа бағындыру саясатына қарсы болған сұлтандар қазақ хандығын бөлшектеуге тырысты.

Презентация "Қазақ хандығына 550 жыл"

Презентация "Қазақ хандығына 550 жыл"

Презентация "Қазақ хандығына 550 жыл"

Презентация "Қазақ хандығына 550 жыл"
 Әз­Тәуке хан немесе Мұхаммед Батырхан (1626­ 1718 жж.) деп те аталады, Есім ханның немересі,  Салқам Жәңгір атанған Жәңгір ханның ұлы. Тәуке  хан тұсында Қазақ хандығы саяси жағынан нығайған  және бір орталыққа бағынған үлкен мемлекет болды.   Тәуке ханның үш жүзге және Қырғыз бен  Қарақалпаққа да билігі жүрген. Тәуке хан тұсында  Сыр бойында Қазақтың 32 қаласы болған. Қысқы  Ордасын Тәуке Хан Түркістан қаласына  орналастырды. Жазғы Ордасы  қазіргі Астана қаласына таяу жерде болған. Халық  зердесінде қалған аңыздар бойынша да Тәуке хан  билік жүргізген заман ең бір өркендеген «алтын  ғасыр» ретінде қалды. Тәуке ханның билік құру  кезеңі    1680­1718 жылдар. Яғни, қазақ даласында  отыз жылға жуық хандық  билік құрған. «Жеті  жарғы» заңдар жинағын жасаған.

Презентация "Қазақ хандығына 550 жыл"

Презентация "Қазақ хандығына 550 жыл"

Презентация "Қазақ хандығына 550 жыл"

Презентация "Қазақ хандығына 550 жыл"
«Анаграмма» анх, баыалй, әуект,  натсул, кейер,  кылса,  ғсыыш.

Презентация "Қазақ хандығына 550 жыл"

Презентация "Қазақ хандығына 550 жыл"
Тарихи сынақ хат  Қазақ хандығының құрылуына себеп болған басты  шарттарының бірі — хандығындағы ру — тайпалардың саяси  жағдайы, олардың шаруашылық өмірлеріндегі дағдарыстар,  ұрпақтарының билік үшін таласы. …………………..сұлтандар қазақ тайпаларын бастап, қазақ  хандығының болашақ негізін салуға Батыс көш бастады.  Моғолстан ханы Керей мен Жәнібекке ……өзенІнің бойынан  қоныс бөліп берді…………. жылдары Қазақ хандығын құрды.  Хан тағына………….. отырды. Қазақ хандығының  құрылымы……….. сатыдан қаланды. Қазақ хандығындағы  шаруашылықтың негізгі басты саласы ………..шаруашылығы  болды.

Презентация "Қазақ хандығына 550 жыл"

Презентация "Қазақ хандығына 550 жыл"
  Қазақ хандығының құрылуына 550 жыл және жазба деректерде  «қазақ» сөзінің алғаш рет қолданғанына 770 жыл». «Қазақ  хандығының құрылуына 550 жыл толды дегеніміз қазақ тарихына  жарты ғасыр болды деген сөз емес. Қазақ халқының тамыры  бұдан 2500 жыл бұрын өмір сүрген сақтарда жатыр».  «Өткенімізге (тарихымызға) көз жүгіртпей, болашақты болжау  қиын. Қазақ хандығына 550 жылдығы – ол біздің тарихымыз,  біздің өткеніміз. «Қазақ Хандығы белгілі бір жүйесі бар орнықты  мемлекет болды. Жәнібек пен Керейдің құрған мемлекетінің  Ақсақ Темір құрған мемлекеттен айырмашылығы осы да еді.  Ақсақ Темір құрған мемлекет өзі дүниеден өткен соң ыдырап  кетті. Ал, Жәнібек пен Керей құрған мемлекет жүйелі түрде  атадан балаға мирас болып келді. Қазақ Хандығының  мемлекеттік құрылымы жағынан тағы бір айырмашылығы –  орталықтандырылған мемлекет болды.  Біздің Қазақ Хандығының  жүйесіндегі тағы бір ерекшелік, елдің билеушісі хан болса, оның  бақылаушысы билер мен батырлар болды. Ал, таптық тұрғысынан  Қазақ Хандығында басыбайлылық деген болған жоқ.

Презентация "Қазақ хандығына 550 жыл"

Презентация "Қазақ хандығына 550 жыл"
Қорытынды: Бағалау.  Үй тапсырмасы: «Егер мен хан  болсам» тақырыбында эссе жазу

Презентация "Қазақ хандығына 550 жыл"

Презентация "Қазақ хандығына 550 жыл"
Назарларыңызға рахмет
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
22.02.2017