3-сынып оқушылар арасындағы сайыс
Оқушылардың пәнге қызығу шылығын арттыру;
Алған білімдерін орынды пай далануға мүмкіндік жасау;
Ой – өрісін, логикалық ойлау қабілеттерін шыңдау.
Сайыстың шарты:
І кезең. «Ширату»
ІІ кезең. «Шыңдау»
ІІІ кезең. «Шарықтау» кезеңдері сұрақтары мен тапсырмалары .Әр кезеңі 20 сұрақтан тұрады.Қорытындыда 85-100 ұпай алған оқушылар «Шыңдау» кезеңіне өтеді. Сол кезде жеңімпаз болады-сынып оқушылар арасындағы сайыс
Оқушылардың пәнге қызығу шылығын арттыру;
Алған білімдерін орынды пай далануға мүмкіндік жасау;
Ой – өрісін, логикалық ойлау қабілеттерін шыңдау.
Сайыстың шарты:
І кезең. «Ширату»
ІІ кезең. «Шыңдау»
ІІІ кезең. «Шарықтау» кезеңдері сұрақтары мен тапсырмалары .Әр кезеңі 20 сұрақтан тұрады.
“Озық ойлы оқушы” сайысы
Математика толған тәртіп, мағына мен мән
Математика толған қиын заңдылық пен сан
Математика толып жатқан терең, құпия сыр
Шетсіз, шексіз толқынды дариядай бейне бір
Сайыстың мақсаты:
Оқушылардың пәнге қызығу
шылығын арттыру;
Алған білімдерін орынды пай
далануға мүмкіндік жасау;
Ой – өрісін, логикалық ойлау
қабілеттерін шыңдау.
Сайыстың шарты:
І кезең. «Ширату»
ІІ кезең. «Шыңдау»
ІІІ кезең. «Шарықтау»
Тілесең досқа сәттілік,
Өзіңе келер бақ күліп.
Бүгінгі қиын сайыста
Ешкімнен сен де қалыспа
Білімі кімнің көп болса,
Озып шықсын сайыста
«Ширату» кезеңі
Барлық қатысушыларға 20 сұрақ
Белгіленгін уақытта орындау
“Ширату” кезеңінің сұрақтары:
1. Үшбұрыштың барлық қабырғаларының қосындысы не?_______________
2.Ауладағы 5 ешкінің аяғы қанша? __________________________________
3. Құрамында әрпі бар өрнек?_______________________________________
4. 90оС тан кем бұрыш қалай аталады? ______________________________
5. Дәу 9 қабатты үйдің екінші қабатында тұрады. Ол жоғары тұрғысы келіп, үйді төңкеріп қойды. Қазір
ол нешінші қабатта тұрады ? _______________ 6. Ауданы 25см 2
шаршының қабырғасы неше см?_____________________
7. Ұзындығы 6см, периметрі 18см тік төртбұрыштың ені неше см, ауданы ше?
8. Ең кіші үш таңбалы санмен ең кіші екі таңбалы санның бөліндісі неше?
9. Тауықтар мен қояндардың басы 10, аяғы 30, тауық нешеу, қоян нешеу?__
10. Екі сабақтың арасындағы бос уақыт не?________________________
11. Қосылғыштардың орнын ауыстырғанда өзгермейтін не?_____________
12. 6дан кем, 4тен артық төбесі,сонша қабырғасы, бұрышы бар көпбұрыш 13. Сиыр 4 аяғымен тұрса
200 кг,2 аяғымен тұрса неше кг болады?_______
14. Метрдің екіден бір бөлігі мен төрттен бір бөлігінің қайсысы артық? _____
15. Үстел беті төрт бұрыш, бір бұрышын кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? _
16. 5 жыл бұрын Ержан 3 жаста болған. Қазір Ержан
неше жаста?_________
17. Қуат 1 күнде кітаптың 5 бет оқыды. 1 аптада неше бетін оқиды. ________ 18. Жетіден бір
бөлігі 4см кесіндінің ұзындығы неше см? 19. Ғасырдың ширегі қанша
жыл? ____________________________________
20. Арифметика математиканың, математика ғалымдар патшасы деген кім?
“Ширату” кезеңінің сұрақтарының жауабы:
1. Үшбұрыштың қабырғаларының қосындысыпериметр
2.Ауладағы 5 ешкінің аяғы 20
3. Құрамында әрпі бар өрнек әріпті өрнек
4. 90оС тан кем бұрыш сүйір бұрыш деп аталады
5. Дәу 9 қабатты үйдің екінші қабатында тұрады. Ол жоғары
тұрғысы келіп, үйді төңкеріп қойды. Сегізінші қабатта
6. Ауданы 25см2 шаршының қабырғасы 5 см
7. а 6см, P 18см тік төртбұрыштың ені 3см, S 18см2
8. 100: 10 бөліндісі10
9. Тауықпен қоянның басы 10, аяғы 30, тауық 5, қоян5
10. Екі сабақтың арасындағы бос уақыт – үзіліс
11. Қосылғыштардың орнын ауыстырғанда өзгермейтін
қосындының мәні
12. 6дан кем, 4тен артық төбесі, бұрышы бар бесбұрыш
13. Сиыр 4 аяғымен тұрса 200 кг,2 аяғымен тұрса да 200 кг
14. Метрдің екіден бір бөлігі төрттен бір бөлігінен артық
15. Үстел беті төрт бұрыш, бір бұрышын кессе 5 бұрыш қалады
16. 5 жыл бұрын Ержан 3 жаста болса қазір Ержан
8 жаста
17. Қуат 1 күнде кітаптың 5 бет оқыды. 1 аптада 35 бетін оқиды.
18. Жетіден бір бөлігі 4см кесіндінің ұзындығы 28 см
19. Ғасырдың ширегі 25 жыл
20. “Арифметика математиканың, ал математика ғалымдардың
патшасы” деген ғалым Карл Гаусс
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың,
Қиындықтан өткізер – деп
сайыскерлерді
“Шыңдау ” кезеңіне шақырамыз
“Шыңдау” кезеңінің сұрақтары:
1. Спортшылар жолмен жүгіріп келе жатыр. Бір спортшы алдынан санағанда
да, артынан санағанда төртінші жүгіріп келеді. Жолмен неше спортшы жүгіріп
келе жатыр?
2. Қамар, Ғалия және Орынша үш қыздың әрқайсысы аю, қоян, пілдерін ойнап
тықты. Қамар қоянды тыққан жоқ. Орынша қоянды да, аюды да тыққан жоқ.
Кім қандай ойыншықты тықты?
3. ХІІ санын екі таяқшаның көмегімен қалай он шығаруға болады?
4. Марат пен Батыр жазда демалуға барды: біреуі – ауылға, екіншісі – теңізге
барды. Егер Батыр теңізге бармаса, Марат қайда демалды?
5. Лифт 150 кг көтереді. Салмақтары 60кг, 80кг, 80кг, 80кг.Төрт адам жоғары
қабатқа көтерілу үшін лифт неше рет көтерілуі керек?
6. Отбасында 10 бала бар. Ең үлкені 20 жаста, әр келесі баланың жасы 2 жасқа
кіші. Ең кіші бала неше жаста?
7. Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатқанда жолдан өзіне қарсы ұш жеңіл
машина және бір камазды кездестірді. Ауылға неше машина бара жатыр?
8. Әкесі 27 жаста болғанда баласы 3 жаста болды. Ал казір баласының жасы
әкесінің жасынан 3 есе кем. әрқайсының жасы нешеде?
9. Сыныптағы оқушылар саны 24. Оның 3/ 4 і ұлдар. Сыныпта неше ұл бар?
10.Оқушы 19 тиындық дәптер сатып алғысы келді. Оның тек 3 тиындық
монеталары, ал дүкенде тек 5 тиындық монеталар ғана бар. Оқушы дәптерді
сатып ала ма?
“Ширату” кезеңінің сұрақтарының жауаптары:
1. Спортшылар жолмен жүгіріп келе жатыр. Бір спортшы
алдынан санағанда да, артынан санағанда төртінші жүгіріп
келеді. Жолмен неше спортшы жүгіріп келе жатыр? Жеті
2. Қамар, Ғалия және Орынша үш қыздың әрқайсысы аю, қоян,
пілдерін ойнап тықты. Қамар қоянды, Орынша қоянды да, аюды
да тыққан жоқ. Қамар аюды, Орынша пілді, ал Ғалия қоянды тықты
3. ХІІ санын екі таяқшаның көмегімен қалай он шығаруға
болады? Х І
4. Марат пен Батыр жазда демалуға барды: біреуі – ауылға,
екіншісі – теңізге барды. Егер Батыр теңізге бармаса, Марат
теңізде, ал Батыр ауылда демалды.
5. Лифт 150 кг көтереді. Салмақтары 60кг, 80кг, 80кг, 80кг.Төрт
адам жоғары қабатқа көтерілу үшін лифт неше рет көтерілуі
керек? 3 рет
6. Отбасында 10 бала бар. Ең үлкені 20 жаста, әр келесі
баланың жасы 2 жасқа кіші. Ең кіші бала 2 жаста
7. Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатқанда жолдан өзіне
қарсы ұш жеңіл машина және бір камазды кездестірді. Ауылға
тек мотоцикл бара жатыр
8. Әкесі 27 жаста болғанда баласы 3 жаста болды. Ал казір
баласының жасы әкесінің жасынан 3 есе кем. әрқайсының
жасы нешеде? 36;12
9. Сыныптағы оқушылар саны 24. Оның 3/ 4 і ұлдар.
Сыныпта 18 ұл бар
10.Оқушы 19 тиындық дәптер сатып алғысы келді. Оның тек 3
тиындық монеталары, ал дүкенде тек 5 тиындық монеталар
ғана бар. Оқушы дәптерді сатып алады
Ғылымның сырын ұғына
Шығыңдар білім шыңына.
Алғырлық пен зеректік
Жеткізер жеңіс шыңына
Келесі “Шарықтау ” кезеңіне
сәттілік
«Шарықтау» кезеңінің сұрақтары
1.Қағаз бетіндегі шаршылар мен дөңгелектердің саны 4ке тең. Егер
біріншісі екіншісінен 2уі артық болса, онда қағаз бетінде неше
шаршы, неше дөңгелек бар?
2.Екі бөлмеде 76 адам бар. Бірінші бөлмеден 30 адам, ал екінші бөлмеден
40 адам шыққан кезде, бөлмедегі адамдардың саны бірдей болды.
Алғашқыда әр бөлмеде неше адамнан болған?
3.Үстел үстінде үш түсті шарлар жатыр. Егер қызыл мен көк шарларды
санасақ – 3 шар болады, егер қызыл мен жасыл шарларды санасақ
– 4 шар болады, егер көк және жасыл шарларды санасақ – 5 шар болады.
Үстел үстінде әр түсті шардан қанша жатыр?
4.Ерзат саяжайдан алма жинады. Барлық жиналған алманың үштен бір
бөлігін, яғни 12 алманы Айгүлге, ал қалғанының үштен бір бөлігін
және 1 алманы Әйгерімге берді. Ерзаттың өзінде 15 алма қалды.
Ерзат қанша алма жинаған еді?
5. Жұлдызқұрт күндіз ағаштың басына 6м көтеріледі ле, түнде 4м
төмен түседі. Егер ағаш 14 метр болса жұлдызқұрт неше күнде көтеріледі?
«Шарықтау» кезеңінің жауаптары
1.Қағаз бетіндегі шаршылар мен дөңгелектердің саны
4ке тең. Егер біріншісі екіншісінен 2уі артық болса,
онда қағаз бетінде неше шаршы, неше дөңгелек бар?
3 шаршы және 1 дөңгелек.
2.Екі бөлмеде 76 адам бар. Бірінші бөлмеден 30 адам, ал
екінші бөлмеден 40 адам шыққан кезде, бөлмедегі
адамдардың саны бірдей болды. Алғашқыда әр
бөлмеде неше адамнан болған?
.(76 (40+30)): 2=3, әр бөлмеде 3 адам қалған, бірінші
бөлмеде 33 адам, ал екінші бөлмеде 43 адам болған
3.Үстел үстінде үш түсті шарлар жатыр. Егер қызыл мен көк
шарларды санасақ – 3 шар болады, егер қызыл мен жасыл
шарларды санасақ – 4 шар болады, егер көк және жасыл
шарларды санасақ – 5 шар болады. Үстел үстінде әр түсті
шардан қанша жатыр? 1 қызыл, 2 көк, 3 жасыл шарлар бар.
4.Ерзат саяжайдан алма жинады. Барлық жиналған алманың
үштен бір бөлігін, яғни 12 алманы Айгүлге, ал қалғанының
үштен бір бөлігін және 1 алманы Әйгерімге берді. Ерзаттың
өзінде 15 алма қалды. Ерзат қанша алма жинаған еді?
Ерзат 36 алма жинады.
5. Жұлдызқұрт күндіз ағаштың басына 6м көтеріледі ле,
түнде 4м төмен түседі. Егер ағаш 14 метр болса жұлдызқұрт
неше күнде көтеріледі? 7 күнде
Жиналған ылғи бізде дарындылар
Көзінде –от, жүрегінде жалын нұр бар
Қол соғып қолпаштайық қошаметпен!
Сайысымда озып шығар жалындылар!
Жүлдегерлерді марапаттау