Презентация "Мемлекеттік Рәміздер"

  • Презентации учебные
  • ppt
  • 19.01.2017
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Бұл презентация жұмысын Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай жасадым. Бұл жерде Елтаңба,Әнұран,Тудың авторлары туралы мәліметтер жинақталды. Презентацияны Рәміздер күнінде де қолдануға болады. Тәуелсіздіктің 25 жылдығында 25 жұлдызды күннің бір күні,осы рәміздер күніне арналды. Сынып сағатында оқушылармен Еліміздің осы күнге дейінгі тарихын парақтап,видеоролик тамашаладық. Кейін осы презентация жұмысын көрді.
Иконка файла материала Мемлекеттік Рәміздер.ppt
Мемлекеттік Рәміздер­ Тұрақтылық пен  Тәуелсіздіктің негізі “Академик Е.А.Бөкетов атындағы мектеп гимназиясы”КММ   Мухамеджанова Сымбат Сайлауовна Бастауыш сынып мұғалімі
Қазақстан Республикасының Әнұраны
Гректің «гимн» сөзі қазақша «ұран», «ұран  салу» деген ұғымды білдіреді. Басқа  ұлттар секілді қазақ елінің де әрбір ру ­  тайпасының таңба белгілері, жалауымен  қатар, Әнұраны да болған. Елді жау  шапқанда жер ­ жердегі сарбаздарды  жинауға ат шаптырып, ұран салады, хабар  береді. Кезінде сарбаздарға рух берген,  жауға қарсы ерлікпен күресе білуге  жұмылдырған.
Сұрақ: ­ Балалар, қазақ халқының «Бізді  таныдыңдар ма?» деп, әлемге жар  салған Әнұранның әнін жазған,  сөзін жазғандар кімдер?
1991 жылы 1­желтоқсандағы жалпыхалықтық  сайлауда Н.Ә.Назарбаев Қазақстан  Республикасының Президенті болып сайланды. Н.Ә.Назарбаев 1940 жылы 6­шілдеде  Алматы облысы Қаскелең  ауданындағы Шамалған ауылында  туған.Орта мектепті бітіре салысымен  сол жылдары Кеңес Одағындағы аса  ірі Қарағанды металлургия  комбинатының құрылысына аттанды.  Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44  жаста еді.
Ту бейбіт кезде құрметпен сақталып, ол тек  жаугершілік кезде ғана шығарылып отырған.  Тудан айырылу ­ өліммен тең болған.  Өздерімізге белгілі қазақ жеріне көз тігушілер аз  болмаған. Сондай бір қиын ­ қыстау кезеңде ұлы дана  бабаларымыз Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би  ордабасында кездескеннен кейін, Әбілхайыр хан  үш жүздің басын қосып, Бөгенбай батырға  қазақтың туын ұстатқан екен.
1992 жыл 4 ­ маусым ­ тарихи күн. Сол кезде  Республика Жоғары Кеңесі тәуелсіз ҚР ­ ның  мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын бекітті.  1992 жылы маусым айында тұңғыш  президент Н. Ә. Назарбаев ұлт Туына тағзым  етті. Ту ортасында күн, оның астында қалықтап  ұшқан қыран, Тудың сабының тұсында  ұлттық өрнек нақышталған тік жолақ көктеп  өтеді. Күн шұғыла, қыран, өрнек бейнесі  алтын түстес.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы  көгілдір түсті.          Тудың көгілдір түсі ашық аспанды еске  түсіреді.Ашық аспан бейбітшіліктің,  аманшылықтың,белгісі болған.    Күннің нұр шұғылалы алтын бейнесі­байлық пен  берекенің, тыныштықтың нышаны.    Қазақстан Республикасының Мемлекеттік  туындағы дала қыранының бейнесі – қазақстандықтардың еркіндігінің,тәуелсіздігінің,  бостандығының,жомарттығы мен қырағылығының  нышаны.   Өрнек­белгілі дәуірдің өзіне тән қолтаңбасы,ол  халықтың көркемдік талғамының көрсеткіші.
Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков  12 қазан 1938 жылы Тараз қаласында  дүниеге келген. Суретші, Қазақстанның Мемлекеттік  туының авторы. Кеңестер Одағының  Батыры Б.Момышұлына туысы болып  келеді. Бабасы — дана Төле би. Он жасқа  келген кезде,бір жыл ішінде әке­шешесі  өліп, кенеттен тұлдыр жетім қалады. 16 тамыз 2014  жылы дүниеден озды.
Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік Елтаңбасы Елтаңбаның негізгі арқауы болып тұрған­ шаңырақ.  Шаңырақ­киіз үйдің күмбезі.Ол күн  бейнесін, уықтары одан тарап жатқан алтын  сәулелерді елесте­теді.Елтаңбадағы тұлпар  бейнесі­дала Пырағы, оның ғажайып  шапшаңдығы ер жігітті жеңіске, тәуелсіздік­ ке,бостандыққа жетелейді. Елтаңбаның маңдайшасына бебұрышты  жұлдыз –таңмен бірге туатын Шолпан  жұлды­зының белгісі. Халқымыздың  “Бағымыз ашылып, жұлдызы мыз жарқырай берсін”деген асыл арманынан  туған.     Елтаңбаның төменгі бөлі­гінде­ел аты  “Қазақстан” деген жазу бар.
Малибек Жандарбеков  24 наурыз 1942 жылы Қызылорда облысы  Жаңақорған ауданы Екпінді ауылында  туған.
Шотаман Уәлиханов  4 сәуір 1932 жылы Солтүстік Қазақстан  облысы Айыртау ауданы Сырымбет  ауылында туған. Сәулетші,профессор.
Өзіміздің жерімізді, Рәміздерімізді,  Отанымызды құрметтеуге және патриоттық  сезімімізді нығайта түсуге тырысайық!  Туған жер киелі ұғымды әр Қазақстандық  құрмет тұтуға,оны қастерлеуге міндетті екенін  ұмытпайық.  «Ел ерімен мақтанар, жер кенімен  мақтанар» деген, елімізді қорғар ер ­  азаматтар, асыл ұрпақтар, тәрбиелі ұл ­ қыздар  молая берсін!
Тест тапсырмасы ҚР Рәміздері туралы не білдің? Біліміңді тексеріп көр.
Тілектер тілейік...