Презентация "Мұнай газ өнеркәсібі және қоршаған орта"
Оценка 4.9

Презентация "Мұнай газ өнеркәсібі және қоршаған орта"

Оценка 4.9
Презентации учебные
pptx
химия
Взрослым
21.11.2018
Презентация "Мұнай газ өнеркәсібі және қоршаған орта"
Қазақстандағы мұнай газ өнеркәсібіне сипаттама жасау. Мұнайдан алынатын өнімдер. Олардың қасиеті. Октан саны деген не? Табиғи газға сипаттама беру. Қашаған мұнай газ кешені. Мұнай мен газдың қоршаған ортаға әсері.Бензин және мазуттың қасиеті және қолданылуы қоршаған ортаға әсері туралы сипаттама беру
Мұнай газ өнеркәсібі және қоршаған орта.pptx

Презентация "Мұнай газ өнеркәсібі және қоршаған орта"

Презентация "Мұнай газ өнеркәсібі және қоршаған орта"
ТАС КӨМІР Тас көмір–– көмірлену дәрежесі орташа болатын қазба көмір. Түсі қара, қара сұр, Тас көмірдің органикалық бөлігіне кіретін элементтер: көміртек 75 – 97, сутек 1,5 – 5,5 , оттек 2 – 18, азот 0,3 – 3  аралығында, олардан басқа зиянды қоспа саналатын күкірт пен фосфор  және кейбір сирек элементтер болады. Тас көмірді техникалық талдау нәтижесінде оны пайдалану үшін қажетті физика-механикалық қасиеттері: күлділігі, ылғалдылығы, күкірт пен  фосфор мөлшері, ұшқыш заттар шығымы, қызу бөлгіштігі, т.б. анықталады. Тас көмірді қолдану ауқымы әр алуан. Ол тұрмыстық, энергетикалық отын, металлургия және химиялық өнеркәсіп үшін шикізат ретінде , сондай-ақ сирек және шашыраңқы элементтерді алу үшін пайдаланады. Тас көмірдің Қазақстандағы қоры 71,6 млрд. т-ға тең, оның ішінде кокстелетіні 17%-ды құрайды.

Презентация "Мұнай газ өнеркәсібі және қоршаған орта"

Презентация "Мұнай газ өнеркәсібі және қоршаған орта"
КОКС  Кокс (нем. koks) – көмірді немесе мұнайлы шикізаттарды кокстеу арқылы алынатын жасанды қатты отын. Тас көмір Коксін пайдалану 18 ғ-дан белгілі. Алғаш рет Кокспен шойын балқыту 1735 жылы Ұлыбританияда іске асырылды, ал алғашқы жабық камералы Кокс пештері 19 ғасырдың 30-жылдарында өндіріске енгізілді. Тас көмірді кокстеудің кең тараған әдісі – 3 мм-ге дейін ұсақталған тас көмір түйірлерін 900 – 1050°С-та ауасыз қыздыру арқылы алу. Ал мұнай қалдықтарынан Коксті ауа қатыстырмай жабық ыдыста 4 – 5 атмосфералық қысымда және 450 – 500°С температурада қыздырып өңдеу арқылы алады. Өндірісте процесс екі тәсілмен жүргізіледі: қыздырылмайтын реакторларда баяу кокстеу және көлденең орнатылған қыздырылған кубты қондырғыларда кокстеу.Кокс алуға жарамды мұнайлы қалдықтарға: айдау қондырғыларынан шыққанмазут пен гудрон, термиялық крекинг қалдықтары, пиролиз шайыры, катализдік крекингтің ауыр газойльдері және мұнай-битумды жыныстар жатады. Кокстің тығыздығы 1,4–1,5 г/см3, оның құрамындағы көміртектің мөлшері 96%-ке жетеді. Коксте сондай-ақ, күкірт және металдар жинақталады. Құрамындағы күкірттің мөлшері бойынша Кокс аз күкіртті (1,5%-ке дейін), күкіртті (1,5 – 4,0%) және көп күкіртті (4%-тен көп) болып бөлінеді. Кокс металлургияда  тотықсыздандырғыш және отын ретінде, электродтар, алюминий, фосфор, кремний, ферроқұймалар, т.б. материалдар өндірісінде, авиация және ракета техникасында, электр және радиотехникада,ядролық энергетикада кең қолданылады. Қазақстанда Кокс Испат-Кармет бірлескен кәсіпорнында (бұрынғы  Қарағанды металлургиялық комбинаты) өндіріледі.

Презентация "Мұнай газ өнеркәсібі және қоршаған орта"

Презентация "Мұнай газ өнеркәсібі және қоршаған орта"
ТАБИҒИ ГАЗ   Табиғи газ — Жер қойнауларында  органикалық заттардың анаэробты бөлінуі кезінде пайда болған газдар қоспасы.  Табиғи газ пайдалы қазбалар қатарына жатады. Табиғи газ қабаттарда (жер қойнауларында) орналасқанда газтәрізді күйде - жекелеген шоғырлар (газ кендері) түрінде немесе мұнай-газ кенорындарының беткі бөлігіндегі арнайы газды қабат (шапка) ретінде немесе  мұнайда, кей жағдайда суда ерітілген күйде де болады. Қалыпты жағдайда (101,325 кПа және 15 °C) табиғи газ тек газ тәрізді күйде болады. Сондай-ақ табиғи газ табиғи газ гидраттары түрінде кристалл күйінде де кездесе береді. Таза табиғи газдың иісі мен түсі болмайды.

Презентация "Мұнай газ өнеркәсібі және қоршаған орта"

Презентация "Мұнай газ өнеркәсібі және қоршаған орта"
ГАЗДАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ  Химиялық құрамы мен физикалық қасиеттері тұрғысынан сан түрлі болып келетін, әртүрлі геологиялық және геохимиялықжағдайларда ұшырасатын газ жатындарының жалпылама атауы. Олар бірнеше түрлерге жіктеледі:  табиғатта кездесу жағдайына орай: "атмосфера газдары", "литосфера газдары", " гидросфера газдары" және "органикалық әлем газдары" болып төрт түрге;  көрініс беру пішіндеріне орай: "газогендік газдар", "газтүзілім газдары", "айналым (ауа) газдары" және "аралас газдар" болып төрт түрге;  химиялық құрамына орай: "көмірсутекті газдар", "көмірқышқыл газдары" және "азот газдары" болып үш түрге;  жаралу табиғатына (тегіне) орай: "биохимиялық газдар", "литохимиялық газдар", "радиоактивтілік газдары", "ауа газдары" және "ғарыш газдары" болып бес түрге бөлінеді. Бұл газдар, сайып келгенде, әр түрлі агрегаттық жағдайдағы күрделі табиғи жүйелер құрамынан бөлініп дараланған заттар қоспасы (ерітіндісі) болып табылады, олар қалыпты (атмосфералық) жағдайда газ түріңде ұшырасады. Табиғи газдардың сан түрлілігі олар туындайтын табиғи жүйелер сипатымен және олардың газдарды бөліп шығару жағдайларымен анықталады. Өздері туындайтын табиғи жүйелер сипатына орай табиғи газдар "таужыныс газдары", "газгидраттар газы", "мұнай газы", "табиғи су газдары" және "жерасты газдары" болып бірнеше түрлерге бөлінеді. Табиғи жүйелердің газ бөліп шығару жағдайына орай табиғи газдар "өздігінен бөлініп шыққан" газдар және "әдейілеп өндірілген газдар" болып екі топқа жіктеледі.[1]

Презентация "Мұнай газ өнеркәсібі және қоршаған орта"

Презентация "Мұнай газ өнеркәсібі және қоршаған орта"
ТАБИҒИ ГАЗҒА ЖАТАТЫНДАР  Табиғи газдың негізгі бөлігін метан (CH4) құрайды — 92­ден 98 %­ке дейін.  Табиғи газдың құрамына ауырырақ көмірсутектер ­метанның гомологтары кіре  алады.:  этан (C2H6),  пропан (C3H8),  бутан (C4H10).  Сондай­ақ басқа да көмірсутек емес заттар да кездесіп жатады:  сутек (H2),  күкіртсутек (H2S),  көміртек диоксиді (СО2),  азот (N2),  гелий (Не).

Презентация "Мұнай газ өнеркәсібі және қоршаған орта"

Презентация "Мұнай газ өнеркәсібі және қоршаған орта"

Презентация "Мұнай газ өнеркәсібі және қоршаған орта"

Презентация "Мұнай газ өнеркәсібі және қоршаған орта"
МҰНАЙҒА ІЛЕСПЕ ГАЗДАР Мұнай өнімдері – көмірсутектер мен олардың туындыларының қоспасы; мұнай мен мұнай газдарынан  алынатын жеке химиялық қосылыстар. Мұнай өнімдері отын, майлар, битумдар, ауыр көмірсутектер  және әр түрлі мұнай өнімдері сияқты негізгі топтарға бөлінеді. Отын негізіндегі мұнай өнімдеріне  көмірсутекті газдар мен бензин, лигроин, керосин, дизель отыны, мазут, т.б. жатады. Мұнайға серік  газдар пайда болуы жөнінен табиғи газдарға жатады. Олардың бұлай ерекше аталуы мұнай кенімен  бірге кездесуіне байланысты – олар мұнайда еріген күйде болады немесе мұнай кенінің үстін  "бүркеп" жатады. Мұнай жоғары көтерілгенде, қысым кенет төмендейді, газдар сұйық мұнайдан  бөлініп шығады. Ертерек кезде мұнайға серік газдар пайдаланылмайтын, мұнай өндіретін жерде оны  жағып жіберетін. Қазір ондай газдарды жинап алады, өйткені олар, табиғи газ сияқты жақсы отын  және бағалы химиялық шикізат болып табылады. Құрамында метанмен бірге басқа да көмірсутектер:  этан, пропан, бутан, пентанның едәуір мөлшері болғандықтан, серік газды пайдалану мүмкіндігі  табиғи газға қарағанда тіпті едәуір кең. Сондықтан табиғи газға қарағанда химиялық өңдеу жолымен  серік газдан заттарды көп мөлшерде алуға болады. Серік газдарды тиімді пайдалану үшін оларды  құрамдары жақын қоспаларға бөледі. Пентан, гексан және басқа көмірсутектердің қалыпты жағдайда  сұйық күйде болатын қоспалары газды бензин түзеді(олар мұнайдан ішінара газбен бірге ұшып  шығады). Одан кейін пропан мен бутанның қоспасы бөлінеді. Газды бензин мен пропанбутан  қоспасын бөліп алғаннан кейін құрғақ газ қалады, оның басым көпшілігі метан мен этан қоспасынан  құралады. Газды бензин құрамында өте ұшқыш сұйық көмірсутектер бар, сондықтан оны  двигательдерді от алдырған кезде тез тұтандыру үшін бензинге қосады. Пропан мен бутан  сұйылтылған газ түрінде, жанармай ретінде тұрмыста пайдаланылады. Құрамы жөнінде табиғи газға  ұқсас құрғақ газ ацетилен, сутегі және басқа да заттар алу үшін, сол сияқты отын ретінде  пайдаланылады. Мұнайға серік газдар химиялық өңдеуге арналған және жеке көмірсутектер – этан,  пропан, н­бутан, т.б. бөлініп алынады. Ал олардын қанықпаған көмірсутектер алады.

Презентация "Мұнай газ өнеркәсібі және қоршаған орта"

Презентация "Мұнай газ өнеркәсібі және қоршаған орта"
МҰНАЙ - ҚОСПА  Мұнай - көмірсутектер қоспасы болатын, жанатын майлы сұйықтық; қызыл-қоңыр, кейде қара түске жақын, немесе әлсіз жасыл-сары, тіпті түссіз түрі де кездеседі; өзіндік иісі бар; жерде тұнбалық қабатында орналасады; пайдалы қазбалардың  ең маңызды түрі.

Презентация "Мұнай газ өнеркәсібі және қоршаған орта"

Презентация "Мұнай газ өнеркәсібі және қоршаған орта"
МҰНАЙ ҚҰРАМЫ  Негізінен алғанда көмірсутектерінен (85 % -ға дейін) тұратын бұл заттар дербес үйірімдер шоғыры  түрінде жекеленеді: метанды, нафтенді   және ароматты (хош иісті) тізбектер. Оның құрамында  оттегі, азот, күкірт,   асфальтты шайыр қосындылары да кездеседі.

Презентация "Мұнай газ өнеркәсібі және қоршаған орта"

Презентация "Мұнай газ өнеркәсібі және қоршаған орта"
МҰНАЙДЫҢ ҚАСИЕТІ  Мұнайдың түсі қызғылт, қоңыр қошқыл, кейде ол ашық сарғыш түсті, ақшыл болып та келеді. Мысалы,  Әзірбайжанның Сурахана алқабында ақшыл түсті мұнай өндіріледі. Мұнай судан жеңіл, оның меншікті салмағы 0,65-0,95 г/см3. Мұнай өз бойынан электр тогын өткізбейді. Сондықтан ол электроникада изолятор (айырушы) ретінде қолданылады. Осы кезеңде мұнай құрамынан екі мыңнан астам халық шаруашылығына керекті заттар алынып отыр: бензин, керосин, лигроин, парафин, көптеген иіссу түрлері,кремдер, парфюмериялық жұмсақ майлар,  дәрі-дәрмектер, пластмасса, машина дөңгелектері тағы басқа. Ол қуатты әрі арзан отын — бір тонна мұнай үш тонна көмірдің, 1,3 тонна антрациттың, 3,3 тонна  шымтезектің қызуына тең.

Презентация "Мұнай газ өнеркәсібі және қоршаған орта"

Презентация "Мұнай газ өнеркәсібі және қоршаған орта"
МҰНАЙДЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ

Презентация "Мұнай газ өнеркәсібі және қоршаған орта"

Презентация "Мұнай газ өнеркәсібі және қоршаған орта"
МҰНАЙ ТАРИХЫНАН  Қазір "Қара алтын" деп бағаланатын мұнайдың  өзіндік мол тарихы бар. 1539 жылы ол тұңғыш  рет Америка құрлығынан Еуропаға тасылатын  тауарлардың тізіміне кіріпті. Сол жылы  Венесуэладан Испанияға жөнелтілген мұнай  тасымалының алғашқы легі бірнеше темір  құтыға ғана құйылған жүк екен. Ол кезде  дәрігерлер оны тек артрит ауруын емдеуге ғана  пайдаланатын болған.

Презентация "Мұнай газ өнеркәсібі және қоршаған орта"

Презентация "Мұнай газ өнеркәсібі және қоршаған орта"
МҰНАЙ ТАРИХЫ  Қазақстандағы ең бірінші мұнай 1899 жылы  Орал­Ембі алабындағы Қарашүңгілден  игерілді. Ол жердегі тереңдігі 40 метрлік  ұңғыдан мұнай фонтаны атқылап, тәулігіне 25  тонна мұнай береді. Алғашқы кезде мұнайды  арнайы қазылған шұңқырға жинаған. Мұнайды  Самарадағы мұнай өңдеу зауытына жеткізу  үшін алғашқы кезде түйені пайдаланған. 1915  жылы Қазақстандағы ең бірінші мұнай құбыры  Ракушечная айлағына дейін салынды. Ол  жерден мұнай баржаға жүктеліп, Каспий теңізі  одан ары Еділ өзені арқылы тасымалданды.

Презентация "Мұнай газ өнеркәсібі және қоршаған орта"

Презентация "Мұнай газ өнеркәсібі және қоршаған орта"
МҰНАЙ ҚҰРАМЫ  Қаражамбастың мұнайы өте ауыр, құрамында  темір көп. Ал Ембі мұнайы керісінше жеңіл,  майлы болып келеді, көбінесе зымырандардың  отыны және майлағыш май ретінде  қолданылады. Өзен мен Жетібай мұнайының  құрамында парафин көп. Ол бөлме  температурасында қатады. Сондықтан оны  тасымалдауда арнайы жылытып тұратын құбыр  орнатылды. Оны күкірттісутектен және  күкірттен айырады. Қарашығанақ пен  Жаңажолдағы табиғи газдан күкірттісутекті  алғанда ­ конденсат ­ бағалы химиялық шикізат  алынады.

Презентация "Мұнай газ өнеркәсібі және қоршаған орта"

Презентация "Мұнай газ өнеркәсібі және қоршаған орта"
МҰНАЙ КЕН ОРНЫ  Теңіз мұнай кен орны дүние жүзіндегі ең үлкен мұнай қоры бар  ауданға жатады. Кен орнының ұзындығы 19 км, ені 21 құрамында  мұнайы бар тау жыныстарының қалыңдығы 1,6 км. Теңіз мұнай кен  орны 1979 жылы ашылды. Зерттелген қоры 3 млрд тоннадан артық,  оның ішінде өндірілетін мұнай 1,1 млрд т, ұңғының орташа тереңдігі  5500­6000 метр. 2008 жылында 17,5 млн т мұнай өндірді.  Қашаған мұнай кенішінің геологиялық қоры 4,8 млрд т. Кен  орнындағы қабаттың қысымы (820 бар) өте жоғары. Сонымен бірге  құрамында ілеспе газ және күкірттісутек бар. Мұнайды игеру 2010  жылы басталмақ. Кенішті игеру 40 жылға жоспарланды. 136 млрд  АҚШ доллары жұмсалатыны жөніндегі шартқа қол қойылды. Оны  «Солтүстік Каспий басқарушы компаниясы» (СКБК) консорциумы  игереді. Бұл консорциумға: Қазмұнайгаз (Қазақстан), «Эксон­Мобил»,  «Шелл», «Эксон­Мобил», «Конокофиллипс» (АҚШ), «ЭНИ» (Италия),  «Тоталь» (Франция), «Инпекс» (Жапония). * «Қазмұнайгаз»  компаниясының үлесі ­ 16,81%.

Презентация "Мұнай газ өнеркәсібі және қоршаған орта"

Презентация "Мұнай газ өнеркәсібі және қоршаған орта"

Презентация "Мұнай газ өнеркәсібі және қоршаған орта"

Презентация "Мұнай газ өнеркәсібі және қоршаған орта"
МҰНАЙ ГАЗ ӨНЕРКӘСІБІ ЖӘНЕ  ҚОРШАҒАН ОРТА Мұнай мен газ улы заттар болғандықтан қоршаған ортаға түскенде табиғатқа  және адам денсаулығына орасан зор зиян келтіреді. Топырақ, атмосфера, су қоймалары ластануға ұшырауда. Жер қойнауынан  шамадан тыс көмірсутектерін игерудің нәтижесінде жасанды жер сілкінісінің  пайда болған кездері де болды. Мұнай газ өнеркәсібінің табиғатқа және адам  денсаулығына қолайсыз әсер етуін азайту мақсатында табиғатты сақтау  технологиясын қолданып отыруды қажет етеді. Өндіруші компанияларға  ілеспе газды жағуға тыйым салынды. Мұнайды бұрғылау орындарын су басып  кетпеу үшін арнайы дамбалар тұрғызылуы керек. Мұнай және газды өндіретін  және өңдейтін аудандарға жақын орналасқан елді мекендердегі адамдарды  басқа жаққа, яғни қолайлы жерлерге көшіреді. Сонымен, Қазақстандағы ірі салааралық кешендердің біріне отын­энергетикасы  жатады. Оның ішінде мұнай өнеркәсібі жетекші рөлді атқарады. Газ өнеркәсібі  де жылдам дамуда. Бұл салаларды дамытуда табиғи ресурстарды тиімді  пайдалана және қоршаған ортаны қорғай отырып игеру қажет.

Презентация "Мұнай газ өнеркәсібі және қоршаған орта"

Презентация "Мұнай газ өнеркәсібі және қоршаған орта"
СОЛТҰСТІК КАСПИЙ ЖОБАСЫ  Каспий теңізінің солтүстігінде   Қазақстанның тарихында бұрын­соңды  болмаған Солтүстік Каспий жобасы іске  асырылуда.  Негізгі мақсаты мұнай және газ  кеніштерін барлау және Қашағанды игеру.  Теңіз акваториясының барланатын ауданы  5600 км2. Ұңғыны бұрғылау жасанды  аралдар арқылы іске аспақ. Мұнай және  газ қабаты орналасқан тереңдік 4300 м.

Презентация "Мұнай газ өнеркәсібі және қоршаған орта"

Презентация "Мұнай газ өнеркәсібі және қоршаған орта"
ҚАШАҒАНДА МҰНАЙ ӨНДІРУ ЖҮМЫСТАРЫ ТАҒЫ ДА БЕЛГІСІЗ МЕРЗІМГЕ ТОҚТАТЫЛДЫ        Қашағанда мұнай өндіру жүмыстары тағы да белгісіз мерзімге тоқтатылды. Бұл  туралы кеше "Норт Каспиан Оперейтинг" компаниясының баспасөз қызметі  хабарлады.  Айтуларынша, 9 қазанда күндізгі уақыта Д аралынан "Болашақ" зауытына  тартылған газ құбырын жоспарлы тексеру барысында зауыттан екі шақырым  қашықтықта құбырдағы газ көлемі азайғаны байқалған. Сол сәттен­ақ,  құбырдың тиісті бөлігінде қысымды түсіру және азотпен тазалау жұмыстары  басталған.  Ал кеше таңертеңнен жер астынан құбыр қазылып, жөндеу жұмыстары  жүргізілуде. Ресми ақпаратқа сүйенсек, бұл жағдай адам денсаулығы мен  қоршаған ортаға қауіпті емес. Алайда, апатты жағдайдың араға екі күн салып  жария болуы белгісіз.  Айта кетейік, бұл кеніште орын алған үшінші апатты жағдай. Алдымен, әлем көз  тіккен алып кеніш уәделі уақытында іске қосылмады. Мұнан соң қыркүйектің он  бірі ашылып, мұнай баррелі алынған соң қазанның 24­і күні зауыт аумағында  күкіртті сутектің ауаға таралуы тіркелген еді. Осыдан кейін араға тек екі апта  уақыт салып, жұмыс қайта жанданған.

Презентация "Мұнай газ өнеркәсібі және қоршаған орта"

Презентация "Мұнай газ өнеркәсібі және қоршаған орта"
МҰНАЙДЫҢ ПАЙДАСЫ  Мұнай дүние жүзілік жанар­жағар май­энергетикалық балансында орасан  зор үлеске ие: оның адамзат пайдаланатын қуат көздері ішінде 48%  алады. Болашақта бұл көрсеткіш мұнай өндірудің қиындай беруінен,  және атом және басқа қуат көздерін пайдалануының өсуінен кеми береді.  Химия мен мұнай­химия талшықтар, пластмасс, жуу құралдарын,  пластификатор, бояғыштар т.б. (әлемдік өндірістің 8%­нан астамы)  өндіру шикізат көздері үшін өсуде. Осыларды шығаруға бастапқы заттар  ретінде көп қолданылатындар: парафиндік көміртектер  метан, этан, пропан, бутан, пентан өнеркәсіптерінің қарқынды дамуына  байланысты мұнайға деген сұраныс жанар­жағар майлар үшін ғана емес,  синтетикалық каучук, синтетикалық  гексан, және жоғары  молекулярлықтар (10­20 атомды молекулалы көміртектер), циклогексан;  ароматты көміртектер – этилен, пропилен, бутадиен; ацетилен.

Презентация "Мұнай газ өнеркәсібі және қоршаған орта"

Презентация "Мұнай газ өнеркәсібі және қоршаған орта"
МҰНАЙ ГАЗ КЕНДЕРІ  Мұнай­газ кендері– бірыңғай құрылымдық элементтермен сипатталатын жеке алаң қойнауында  орналасқан мұнай мен газ иірімдері шоғырларының жиынтығы. Мұнай­газ кендері мұнай  немесе газ түрінде және аралас мұнайлы­газды, газды­мұнайлы кендер түрінде ұшырасады.  Оқшауланған жеке кендер өте сирек, көбінесе топталған иірімдердің жиынтығы түрінде  жатады. Қазақстанның мұнай­газ  кендері геологиялық құрылысы мен геотектоникалық дамуы  әр түрлі болатын үш мұнайлы­газды аймақта орналасқан.   Ең көне мұнайлы­газды аймақтың кендері   1.Солтүстік Каспий синеклизасымен байланысты. Мұнда өндіруге тұрарлық мұнай мен газ 100  м­ден 5000 м­ге дейінгі тереңдікте жатқан жоғарғы палеозойдан төменгі борға дейінгі  шөгінділерде орналасқан.  2.Эпигерциндік платформа құрамына кіретін Маңғыстау мұнайлы­газды облысының қабатты  кендері — 300 метрден 3000 метрге дейін тереңдіктегі құнарлы горизонттар төменгі бордан  төменгі юраға дейінгі шөгінділерде орналасқан.   3.мұнайлы­газды аймақ герцин және каледон қатпарлы құрылымдарының арасынан орын алған  Шу – Сарысу синеклизасында. Мұнда жанғыш және азот­гелий газдарының қоры шағын кендері  ашылған.

Презентация "Мұнай газ өнеркәсібі және қоршаған орта"

Презентация "Мұнай газ өнеркәсібі және қоршаған орта"
МҰНАЙ ӨНІМДЕРІ   Мұнай – молекулалық массалары әр түрлі, қайнау температуралары да бірдей емес  көмірсутектердің қоспасы болғандықтан, айдау арқылы оны жеке фракцияларға  дистиляттарға бөледі, мұнайдың құрамында С5 – Сn көмірсутектері бар және 40­ 200°С аралығында қайнайтын бензин құрамында С8­С14 көмірсутектері болатын  150­200°С аралығында қайнайтын лигроин, құрамында С12­С18 көмірсутектері  болатын және 180­300°С аралығында қайнайтын керосин алады, бұлардан кейін  газойль алынады. Бұның бәрі – ашық түсті мұнай өнімдері. Бензин ұшақ пен  көліктердің поршенді двигательдері үшін жанармай ретінде қолданылады. Сол  сияқты бензин майды, каучукты еріткіш ретінде, матаны тазартуға, т.б.  қолданылады. Лигроин трактор үшін жанармай болады. Керосин – трактор,  реактивті ұшақтар мен зымырандардың жанармайы. Ал газойльден дизель  жанармайы өндіріледі. Мұнайдан ашық түсті өнімдерді бөліп алғаннан кейін қара  түсті тұтқыр да қоймалжың сұйықтық қалады, ол – мазут. Қосымша айдау арқылы  мазуттан автотрактор майы, авиация майы, дизель майы, т.б. жағармайлар алады.  Мазутты өңдеп жағармай алумен қатар оны химиялық әдіспен өңдеу арқылы  бензинге айналдыруға болады, бу қазаны қондырғыларында сұйық отын ретінде  пайдаланылады. Мұнайдың кейбір сорттарынан қатты көмірсутектер қоспасы –  парафиндер алынады; Қатты және сұйық көмірсутектерді араластырып вазелин  алады. Табиғи газ – жер қойнауында анаэробты органикалық заттардың ыдырауынан  пайда болған газдар қоспасы.

Презентация "Мұнай газ өнеркәсібі және қоршаған орта"

Презентация "Мұнай газ өнеркәсібі және қоршаған орта"
 Жердің шөгінді қабатында таралған, жанғыш майлы сұйықтық; маңызды пайдалы қазынды. Мұнай 1.2-2,0 км-ден астам тереңдікте газ тәрізді көмірсутектермен бірге түзіледі. Түсі ашық-қоңырдан қою қоңырға, қараға дейін өзгереді, тығыздығы 0,65-1.05 грамм/см3 аралығында. Мұнай жеңіл (тығыздығы 0.83г/см3-ке дейін), орташа(0,831- 0,860 г/см3), ауыр (0,860г/см3-тен жоғары) болып бөлінеді. 28С градустан жоғары температурада қайнайды, қату температурасы 26-дан-60'С-қа дейін, меншікті жылу сыйымдылығы 1,7-2,1 кДж/(кг*К), меншікті жану жылуы 43,7-46,2 МДж/кг, диэл.өтімділігі2-2,5; Электр өткізгіштігі 2*10*10(дәрежесі)-0,3*10*-18(дәрежесі) Ом- 1*см-1(дәрежесі), тұтану температурасы 35-120*С, органикалық еріткіштерде ериді, суда ерімейді. Мұнай-көмірсутектердің күрделі (негізінен парафинді және нафтенді, аз дәрежеде-ароматты) қоспасы. Әр түрлі кен орындарында мұнайдың көмірсутектік құрамы түрліше өзгеріп отырады. Негізгі қоспалары (4-5%):нафтен қышқылдары, асфальтты-шайырлы заттар, меркаптандар, моно-және дисульфидтер, тиофендер және тиофандар, күкіртсутек, пиридин және пиперидин гомоглогтар, т.б. Элементтік құрамы: С 82,5-87%; H 11.5-14.5%; O 0.05-0.35%; S 0.001-5.5%; N 0.02-1.5%. Өнеркәсіптік зерттеулерде негізінен мұнайдың тығыздылығын, оның фракциялы құрамын, тұтқырлығын, құрамындағы күкірт, шайыр асфальтен, парафиндердің мөлшерін және олардың балқу температураларын анықтайды. Құрамындағы күкіртке байланысты аз күкіртті , күкіртті, жоғары күкіртті болып үш топқа бөлінеді. Әдетте мұнай құрамындағы азот пен оттек 10%-дан аспайды, тек кейбір жағдайларда 1,8 және 1,2%- ға азаяды. Мұнайдың негізгі пайда болу көзі – құрамындағы сутектің мөлшері жоғары болатын планктон, сапропельді органикалық зат және өсімдік қалдықтарынан түзілетін гумосты зат. Мұнайда 20-дан астам әр түрлі элемент (V, Ni, Ca, Mg, Fe, Al, Si, Na, т.б) бар. Мұнай түзуші жыныстар – саз балшықтар, олар мезокатагенез белдемесіне жеткенде мұнай түзілетін басты фактор – органикалық заттар 50*С-тан жоғары температурада ұзақ уақыт қызады. Бұл белдемнің жоғ арғы шекарасы 1,3-1,7-ден 2,7-3 км-ге дейін тереңдікте жатады. Төмен шекарасы -3,5-5 км. Мезокатагенез белдемінде көп мөлшерде мұнай көмірсутектері түзіледі, олар бензин және керосин фракцияларын беріп, микромұнайдың қозғалғыштығын жоғарылатады.[3]

Презентация "Мұнай газ өнеркәсібі және қоршаған орта"

Презентация "Мұнай газ өнеркәсібі және қоршаған орта"
 Жердің шөгінді қабатында таралған, жанғыш майлы сұйықтық; маңызды пайдалы қазынды. Мұнай 1.2-2,0 км-ден астам тереңдікте газ тәрізді көмірсутектермен бірге түзіледі. Түсі ашық-қоңырдан қою қоңырға, қараға дейін өзгереді, тығыздығы 0,65-1.05 грамм/см3 аралығында. Мұнай жеңіл (тығыздығы 0.83г/см3-ке дейін), орташа(0,831-0,860 г/см3), ауыр (0,860г/см3- тен жоғары) болып бөлінеді. 28С градустан жоғары температурада қайнайды, қату температурасы 26-дан-60'С-қа дейін, меншікті жылу сыйымдылығы 1,7-2,1 кДж/(кг*К), меншікті жану жылуы 43,7-46,2 МДж/кг, диэл.өтімділігі2-2,5; Электр өткізгіштігі 2*10*10(дәрежесі)-0,3*10*-18(дәрежесі) Ом-1*см-1(дәрежесі), тұтану температурасы 35-120*С, органикалық еріткіштерде ериді, суда ерімейді. Мұнай-көмірсутектердің күрделі (негізінен парафинді және нафтенді, аз дәрежеде-ароматты) қоспасы. Әр түрлі кен орындарында мұнайдың көмірсутектік құрамы түрліше өзгеріп отырады. Негізгі қоспалары (4- 5%):нафтен қышқылдары, асфальтты-шайырлы заттар, меркаптандар, моно- және дисульфидтер, тиофендер және тиофандар, күкіртсутек, пиридин және пиперидин гомоглогтар, т.б. Элементтік құрамы: С 82,5-87%; H 11.5-14.5%; O 0.05-0.35%; S 0.001-5.5%; N 0.02-1.5%. Өнеркәсіптік зерттеулерде негізінен мұнайдың тығыздылығын, оның фракциялы құрамын, тұтқырлығын, құрамындағы күкірт, шайыр асфальтен, парафиндердің мөлшерін және олардың балқу температураларын анықтайды. Құрамындағы күкіртке байланысты аз күкіртті , күкіртті, жоғары күкіртті болып үш топқа бөлінеді. Әдетте мұнай құрамындағы азот пен оттек 10%-дан аспайды, тек кейбір жағдайларда 1,8 және 1,2%-ға азаяды. Мұнайдың негізгі пайда болу көзі – құрамындағы сутектің мөлшері жоғары болатын планктон, сапропельді органикалық зат және өсімдік қалдықтарынан түзілетін гумосты зат. Мұнайда 20-дан астам әр түрлі элемент (V, Ni, Ca, Mg, Fe, Al, Si, Na, т.б) бар. Мұнай түзуші жыныстар – саз балшықтар, олар мезокатагенез белдемесіне жеткенде мұнай түзілетін басты фактор – органикалық заттар 50*С-тан жоғары температурада ұзақ уақыт қызады. Бұл белдемнің жоғ арғы шекарасы 1,3-1,7-ден 2,7-3 км-ге дейін тереңдікте жатады. Төмен шекарасы -3,5-5 км. Мезокатагенез белдемінде

Презентация "Мұнай газ өнеркәсібі және қоршаған орта"

Презентация "Мұнай газ өнеркәсібі және қоршаған орта"
БЕНЗИН  Бензин[1](французша: benzіne) – 30 – 205°С аралығында қайнайтын, құрамы әр түрлі жеңіл көмірсутек тердің қоспасы; түссіз не арнайы боялған сұйық. Судан жеңіл, тығыздығы 0,70 – 0,78 г/см3, өзіне тән иісі бар, 60°С-та қатады. Бензин тез буланғыш, оңай тұтанғыш зат, буының ауамен қоспасы қопарылғыш келеді. Бензин алудың негізгі кең тараған әдістері: мұнайды тікелей айдау, мұнайдың ауыр фракцияларын крекингілеу, көмірсутек газдарынан бөліп алу, тас көмірді гидрогендеу  және көмірсутекгаздарын (изобутан, бутан, пропан) алкилдеу, т.б. Бензинді іштен жанатын қозғалтқыштарда отын, майды, шайырды, каучукті еріткіш ретінде, т.б. қолданады.  Отын ретінде қолданылуына қарай авиация Бензині және автомобиль  Бензині болып бөлінеді. Бензиннің негізгі қасиеті – детонацияға тұрақтылығы, яғни қозғалтқыштарда бірқалыпты жану қабілеті. Оның детонацияға тұрақтылық қасиеті октан санымен сипатталады. Октан саны неғұрлым көп болса, детонацияға тұрақтылық қасиеті соғұрлым жақсы болады. Бензиннің маркалары (А-80, А-93, А-95, т.б.) осы қасиетке негізделген. Автомобиль санының күрт өсуіне байланысты Бензин үлкен қалалар ауасын ластаушы негізгі факторға айналып отыр. Ауадағы Бензин буының қойыртпалығы 100 – 300 мг/м3-ден көп болса, адам организміне қауіпті, сондықтан онымен жұмыс істегенде және оны пайдаланғанда барлық сақтық шаралары қадағалануы тиіс. Қазақстанда Бензин Атырау, Павлодар, Шымкент қалаларындағымұнай өңдеу зaттарында өндіріледі. [2]

Презентация "Мұнай газ өнеркәсібі және қоршаған орта"

Презентация "Мұнай газ өнеркәсібі және қоршаған орта"
МАЗУТ  Мазут — мұнайдан бензин, лигроин, керосин және жанар майды бөліп алғаннан кейінгі қалған қалдық өнім. Қара қоңыр түсті қою сұйықтық. Мазуттың физикалық қасиеттері мен химиялық құрамы бастапқы мұнай құрамына (парафинді , күкіртті, шайырлы, т.б.) және жеңіл фракцияларды бөлу әдістеріне байланысты болып келеді. Тығыздығы 0,89 — 1,00 г/см3, жану жылуы 39,4 — 40,7 МДж/кг. Құрамында 0,8 — 3,5% күкірт, 60%-ға дейін шайыр, 0,1 — 0,5% күл бар. Мазут моторлық отын мен жағар май,битум, кокс өндірісінде, сондай-ақ, сұйық қазандық отын ретінде қолданылады. [1]  Мазут - қарамай, шөкпе, мұнайдан пайда болатын тұнбалар, бензин, керосин алу процестерінен кейін; майлау майларын алу үшін және қазандар жанармайларын қолданады.[2]

Презентация "Мұнай газ өнеркәсібі және қоршаған орта"

Презентация "Мұнай газ өнеркәсібі және қоршаған орта"
ОКТАН САНЫ  Октан саны – карбюраторлық іштен жану қозғалтқыштарында жанармайлардың детонацияға төзімділігін сипаттайтын шартты көрсеткіш.[1]Октан санын анықтау үшін тексерілетін жанармай оның эталонды үлгісімен салыстырылады. Эталон ретінде детонацияға төзімді изооктан (төзімділік шкаласы бойынша октан саны 100) мен детонацияға оңай ұшырайтын н-гептан (төзімділік шкаласы бойынша октан саны 0) пайдаланылады. Жанармайдың октан саны осы екеуінің қоспасындағы изооктанның %-дық мөлшеріне тең (мысалы, АИ-93-те 93% изооктан бар). Октан санын арттыру үшін бензинге антидетонаторлар қосады.

Презентация "Мұнай газ өнеркәсібі және қоршаған орта"

Презентация "Мұнай газ өнеркәсібі және қоршаған орта"
ОКТАНДАР САНЫНЫН ТҮРЛІ ЖАНАРМАЙ  МЕН КӨМІРСУТЕКТЕРДЕ КЕЗДЕСУІ Метан110, Пентан(2-Метилбутан)90 2,2,3-Триметилбутан101, Изооктан (2,2,4-триметилпентан) 100 Пентен 77,1 2-Метил-1-бутен 81,9 Пропан100,0 Бутан91,0 Изобутан99,0 Пентан61,7
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
21.11.2018