Презентация по химии на тему "Значение химических элементов в жизни человека"
Оценка 4.8
Презентации учебные
pptx
химия
9 кл
09.04.2018
Оқушыларға химиялық элементтердің тірі және өлі табиғатта таралуы және адам ағзасындағы рөлі жайлы мағлұмат беріледі. Әр бір элементтің адам өміріндегі алатын орны ерекше. Олардың маңызын біле отырып , оқушылар химия пәніне деген қызығушылықтарын арттырады. Әр элементті қолдану барысында оның қасиеттерін біліп отырады.Презентация по химии на тему "Значение химических элементов в жизни человека"
Himialuk elementterdin adam omirinde.pptx
Презентация по химии на тему "Значение химических элементов в жизни человека"
Химиялық элементтердің тірі және өлі
табиғатта таралуы және адам
ағзасындағы рөлі.
Дайындаған: Қызылорда қаласы, №2
Мұрагер мектебінің химия пәні мұғалімі
Аплатинова Күнзияш Шәкімқызы.
Презентация по химии на тему "Значение химических элементов в жизни человека"
Гранат
ГРАНАТ – ЕҢБЕКҚОР АДАМҒА АРНАЛҒАН ТАС, ӨЙТКЕНІ, ОЛ ӨЗІНІҢ ТҮСІНЕ СӘЙКЕС
АДАМҒА ЕРЕКШЕ ШАБЫТ, ІСКЕРЛІК ҚАСИЕТТЕРДІ СЫЙЛАЙДЫ. ГРАНАТ ТАҚҚАН
АДАМ БҰЛ ТАСТЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ӘСЕРІНЕН БҰРЫНҒЫДАН ДА ЖИНАҚЫ,
ЖЫЛДАМЫРАҚ БОЛАДЫ. ОНЫҢ ТАБЫСҚА ЖЕТКІЗЕТІН КІЛТ ЕКЕНІН ТҮСІНЕДІ.
ГРАНАТТЫ ҚАНДАЙ МЕТАЛЛМЕН ДЕ ТАҒУҒА БОЛАДЫ. ГРАНАТ ИЕСІНЕ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАБЫСҚА ЖЕТУГЕ КӨМЕКТЕСЕДІ. ГРАНАТТАР АДАМНЫҢ ЖҮЙКЕ
ЖҮЙЕСІНЕ ҚАЖЕТТІ КҮШҚУАТЫН МОЛАЙТАДЫ. НЕГІЗІНЕН, ГРАНАТЫ БАР
САҚИНА, ЖҮЗІКТЕР АДАМНЫҢ СҰҚ НЕМЕСЕ АТЫ ЖОҚ САУСАҒЫНА ТАҒЫЛАДЫ.
ТӨМЕНГІ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ (ІШЕКҚАРЫН, НЕСЕП ЖОЛДАРЫ ЖҮЙЕСІ)
ЖҰМЫСЫН ЖАҚСАРТАДЫ ДЕП ЕСЕПТЕЛЕТІН ГРАНАТТЫ БІР КҮН (24 САҒАТ) СУҒА
САЛЫП ҚОЙЫП, СОЛ СУДЫ ЕМ РЕТІНДЕ ІШЕТІНДЕР ДЕ БАР. СОНАН СОҢ БІР АПТА
ДЕМАЛУ ҚАЖЕТ. ГРАНАТТЫ ДЕНЕҢДЕГІ ҚЫЗЫЛ ТҮСТІ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ
ОРТАЛЫҚҚА ҚАРАЙТЫН ЖЕРІҢ АУЫРҒАНДА, СОҒАН ҚОЮҒА БОЛАДЫ.
Презентация по химии на тему "Значение химических элементов в жизни человека"
корунд
Корунд – алюминийдің оксиді. Табиғатта бокситті өңдеп
одан бағалы әрі құнды әшекейлер жасайтын
сапфир(қызыл яхонт), рубин(көк яхонт, жасыл түсті
шығыс зүбәржаты(изумруд), шығыс аметисті),
падпараджа алынады. Рубин мен сапфир жүйке жүйесін
тыныштандырып, депрессияны басады. Қорқыныш пен
үрейден арылтып, батылдық пен күш береді. Қан
қысымын төмендетеді, жүрекқан тамырлары ауруларын,
омыртқа мен буын ауруларын емдеуде пайдалы.
Бүйрекке, бауыр мен ас қорыту мүшелеріне жақсы әсер
етеді.
Презентация по химии на тему "Значение химических элементов в жизни человека"
АЛТЫ
Н
Алтын күмістің бактерицидтік қасиетін арттырады. Ағзадағы
иммундық процесті қалыпты етеді. Көне Греция мен Римде алтынды
(пластинкаларын) ауызға салып, тамақ ауруларын емдеген екен.
Сондайақ қазіргі медицинада да алтын қоспалары кеңінен
қолданылады.
Презентация по химии на тему "Значение химических элементов в жизни человека"
Күміс әшекей тынышсыз, күйгелек, күмәншіл адамдарды
сабырға шақыруда белгілі бір дәрежеде қызмет атқарады.
Күмістен жасалған алқаның мойында, жүзіктің аты жоқ
саусақта болғаны қан қысымын төмендетсе, сол қолдың
сұқ саусағына салынған жүзік ішек жолдары қызметін
жақсартып, әжімнің алдын алуға көмектеседі. Ал, сол
қолдың шынашақ саусағына салынған жүзік жүрек
ауруларының алдын алады. суға салынған күміс өзінен
иондар бөліп, бұл арқылы ұзақ жылдар бойы жинақталған
токсиндерді ыдыратып, адам ағзасының иммундық жүйесіне
сауықтырарлық күш беретінін бүгінгі медицина толық
дәлелдеді де.
КҮМІС
Презентация по химии на тему "Значение химических элементов в жизни человека"
Сынап
Сынап адам ағзасына теңіз балықтарынан, күріштен түседі. Оның
тәуліктік мөлшері шамамен 0,2 мг/кг. Сынап адамның барлық
ұлпалары мен мүшелерінен табылған. Дегенмен сынаптың
физиологиялық қызметі әлі анықталмаған. Сынаптың адам ағзасында
маңызды роль атқаруы мүмкін. Оның адам ағзасына ең көп қарқынды
түсу мөлшері күніне 15 мкг, алайда теңіз балығы мен теңіз өнімдерін
жиі қолданғанда бұл көрсеткіш күніне 1020 мкгға жетеді. Ол ағзада
мөлшерден 50 мкг –дан асып кетсе улы әсер етуі мүмкін.
Презентация по химии на тему "Значение химических элементов в жизни человека"
Темір
Темірдің рөлі денсаулық үшін өте зор. Темір жетіспесе анемия (қаназдық)
ауруы пайда болады. Бұл элементтің ағзадағы тәуліктік мөлшері — 1130
мг. Адам қанында 3 г жуық темір бар. Оның мөлшері көрсетілген шамадан
азайса, қанның қызыл жасушасының түзілуі бұзылып, тыныс алу қызметі
нашарлайды. Темір ағзаға сырттан түседі, тамақтың құрамындағы темір
ионы он екі елі ішектің жоғарғы бөлігінде қанға сіңеді. Темірдің ағзаға
дұрыс сіңбеуі асқазандағы тұз қышқылының жетіспеуінен немесе темірдің
ақуызбен байланысының нашарлауынан болады. Ал тұз қышқылының
жетіспеуі бауыр мен өт жолдарының дұрыс қызмет атқармауынан болады,
яғни, оларда әр түрлі тұздар тас түрінде жиналады. Тастардың пайда
болуы судың, қоректің сапасына байланысты. Темір жетіспеген кезде тері
бозарады, тырнақ жұмсарады, әрі тез сынады, ауыз қуысы және асқазанның
сілемейлі қабаты бүлінеді. Темір жұмыртқаның сарысында,
қарақұмықта, грек жаңғағында, күнжіт, фасоль, өрікте, мейізде көп
болады. Көкбауырда 24% темір бар, оны жеу пайдалы.
Презентация по химии на тему "Значение химических элементов в жизни человека"
Кальци
й
Адам ағзасында 10001200 грамм кальций болады, соның 99 пайызы сүйекте, тіс кіреу
кесінде. Отандық дәрігерлердің айтуынша, Қазақстандағы әрбір үшінші әйелде және
әрбір бесінші ер адамда кәрі жілік және сан сүйегінің сынығы бар. Нақты айтқанда,
елімізде жарты миллионға жуық адам остеопороз ауруының зардабын тартуда. Ал бұл
тікелей осы кальций элементінің жетіспеуінен туындайды екен. Кальций сүйектің
саулығы мен беріктігін сақтайды. Әйтсе де адамда 35 жастан кейін сүйектен кальций
кеми түседі. Бұл дертке көбіне ақ жаулықты аналар шалдығады. Нақтырақ айтсақ, 60
жастан асқан әрбір төртінші әйел зардап шегеді. Ал ер азаматтарда төрт есе сирек
кездеседі. Остеопороз бүкіл қаңқаны, әсіресе сан, иық, омыртқа сүйектерін зақымдайды.
Тіпті әлсіз соққының өзі (мәселен, көшеде құлап қалу) сыныққа алып келуі мүмкін. Осы
ретте кальций мен магний — қаңқаның беріктігін сақтайтын негізгі ағза жанашыры. Қан
құрамындағы холестеринді төмендетеді. Кальций ағзаға сіңімді болуы үшін D витамині,
фосфат, магний, мырыш, марганец, аскорбин қышқылы ауадай қажет. Кальций сүтте,
жалпы ағарғанда, балықта, теңіз өнімдерінде көп болады.
Презентация по химии на тему "Значение химических элементов в жизни человека"
Йод Қалқанша безі мен гипофиздің жұмысын жақсартады. Радиация әрекетінен
қорғап, радиоактивті йодтың жиналуын ескертеді. Йод селенге тәуелді, ол
ағзада селенсіз әрекет етпейді. Бұл элементтің жетіспеуі негізгі зат алмасу
процесін төмендетеді. Ағзадағы йодтың аз болуы ең әуелі орталық жүйке
жүйесіне әсер етеді. Бала қажетті мөлшердегі йодты ана құрсағында
жатқан кезден бастап алуға тиіс. Балалардағы гипотиреоз ауруы жүйке
қызметінің ерекше бұзылуына, адамдағы интеллектуалдық мүмкіндіктің
тежеліп дамуына, кретинизмге әкеліп соқтырады. Ал ересек адамдарда
ойлау қабілетінің төмендеуі, жүректің соғу жиілігі азаюы байқалады. Йод
жетіспеушілігі иммундық жүйені әлсіретеді, ісік дамуының қатерлілігін
арттырады, ең алғашқы кезекте қалқанша безінің ауруын қоздырады.
Йод ас тұзында болады. Соңғы уақытта ұнды да йодпен байытып
жүр.
Презентация по химии на тему "Значение химических элементов в жизни человека"
Мыс
. Егер ағзада мыс жетіспесе, бауырда қорланған темір гемоглобинмен
байланысқа түсе алмайды. Мыстың мөлшерінің аз немесе көп екендігінің
көрсеткіші — адамның шашы. Мыстың мөлшері төмендеген кезде немесе
жетіспеген жағдайда шаш тез ағарады. Мыс қанға оттегінің өтуін қамтамасыз
етеді. Мыс көптеген ферменттердің құрамына кіреді, ұлпалардағы тотығу
реакциясын жылдамдатады. Мыс ағзаға тағам арқылы түседі. Әсіресе, теңіз
тағамдарында, қырыққабатта, картопта, қалақайда, жүгеріде, сәбізде,
алмада көбірек кездеседі.
Презентация по химии на тему "Значение химических элементов в жизни человека"
Көмірте
кКөміртек тірі организмдердің негізгі құрам бқлігі, себебі ол барлық
органикалық заттардың құрамында болады: көмірсу, нәруыз, майлар мен
нуклеин қышқылдары. Дегенмен оның адам ағзасына зиянды да қосылыстары
бар. Иіс газы (СО) иісі, түсі жоқ, адам оны сезбейді. Иіс газының қауіпті
шамасы – 2%, ол қанның гемоглобинімен мықтап байланысып алғанда өлім
қаупі туады. Адам терісі тыныс алуға да қатысады, тәулігіне тері арқылы 79
г көмірқышқыл газын бөліп, 34 г оттегін сіңіреді. Сондықтан теріні таза
ұстау керек. Шолпан ғаламшарының атмосферасының 95%ы көмірқышқыл
газынан тұрады. Адам дем шығарғанда бөлінетін газдың құрамында 4%
көмірқышқыл газы бар. Сонымен бірге көмірқышқыл газынан құрғақ мұз
алады(балмұздақтарға).
Презентация по химии на тему "Значение химических элементов в жизни человека"
Алюминий
Алюминий адам ағзасында маңызды физиологиялық қызмет
атқарады. Ол фосфатты негіздер мен нәруыздың түзілуіне қатысады.
Дәнекер, эпителий ұлпаларының қалпына келуіне әсер етеді.
Концентрациясына байланысты ас қорыту мүшелерінің
ферменттеріне қызметін тежеуі не қоздыруы мүмкін; қалқанша маңы
бездері жұмысын реттеуге қатысады. Оның мөлшері асып кетсе де
ағзаға зиянды әсер етеді. Негізінен алюминийді улы, зиянды
(иммундыулы) элементтер қатарына жатқызады.
Презентация по химии на тему "Значение химических элементов в жизни человека"
Кремний
Кремнийдің коллогенді фибрилдің негізгі элементі екені
анықталды. Ол шеміршектің, қантамырлары қабырғаларының ,
жүректің қақпақшаларының және ішектің дәнекер ұлпаларының
иілгішітігі мен серпімділігіне жауап беретіндігі анықталды. Егер
кремний жетіспесе терінің , шаш пен тырнақтың аурулары пайда
болады. Кремний – негізгі құрылымдық элемент. Ол жүйке
жүйесінің өзге мүшелер жүйесі жұмыстарын реттеп отыруына
әсер етеді. Оның мөлшері азайса, онда қантамырларының
серпімділігі төмендеп, мидың қантамырларын тарылту не
кеңейтуге берген ьұйрықтарын орындай алмайды. Оның орнын
кальций басып, тамырларды қатайтып, оған холестерин
жинақталып, жүрек ауруларының пайда болуына жол ашады.
Кремний 70тей минералды тұздар мен витаминдердің
метаболизміне қатысады. Ол жетіспесе кальций, темір, кобальт,
марганец, фтор т.б. заттардың сіңірілуі төмендеп, зат алмасу
бұзылады.
Презентация по химии на тему "Значение химических элементов в жизни человека"
Магний
Магний жүйке ұлпаларының жұмысын жақсартады, сүйек түзуге
қатысады. Адамға күніне шамамен 400 мг магний керек. Магний
жетіспеген кезде көңілкүй құбылады. Адам ашуланшақ,
жылауық болады, ұйқысы нашарлайды. Ал магний —
күйзеліске қарсы макроэлемент. Жүрек соғысының ырғағын
қалыпқа келтіреді, тамыр кеңейтуге қатысып, оттегімен
қамтамасыз етуге көмектеседі, сондықтан да магнийді жүрек
ауруына шалдыққан науқастарға қолданады. Ғалымдар қант
диабеті және бронхит ауруларында да магнийді мырыш, хром,
селенмен бірге қолдану да оң нәтиже беретінін айтып жүр.
Магний жасыл жапырақты көкөністерде, авокадо,
балықта және кептірілген цитрусты жемістерде, нанда,
сұлының жармасында, сүт тағамдарында, жаңғақтарда
көп болады.
Презентация по химии на тему "Значение химических элементов в жизни человека"
Натрий
Адам ағзасында (қанда және ұлпаларда) 250300 г NaCl болады, тамақпен 1015
г күнделікті толықтырылып отырады. Тұзды артық қолдану ағзаға зиянды,
әсіресе бүйрегі ауыратын адамдар аздап тұздалған диетаны сақтау керек. Ас
тұзының зиянды мөлшері 5г/кг. Қанда 0,9% NaCl бар, физиологиялық ертіндінің
концентрациясы да дәл осындай, ол қанның плазмасын уақытша ауыстыру үшін
қолданылады. Көздің жасында 1,5% NaCl бар. Na+ ионы қанның плазмасында
және лимфада болады, жасушаның сыртында орналасады. Сонымен қатар натрий
өкпеде, мида, бүйректе, жұлын сұйықтығында, сүйек ұлпасында болады.
Презентация по химии на тему "Значение химических элементов в жизни человека"
Фосфор
Фосфор — күшқуат көзі. Қаңқаның мықтылығы құрамындағы фосфор мен
кальцийдің мөлшеріне тығыз байланысты. Фосфордың мөлшері кальцийден бір
жарым есе көп болуы керек. Ондай болмаған жағдайда тепетеңдік мөлшерін
белгілі бір деңгейде ұстап тұру үшін жеткіліксіз мөлшерін сүйектегі қордан
алады. Бірақ D витамині оның арақатынасын реттеп отырады. Фосфор жүйке
жасушаларының қызметі үшін де керек. Сондықтан оның мөлшері барлық
уақытта біркелкі болуы керек. Фосфор ақуызы мол ет, сүт өнімдерінде
кездеседі.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.