Презентация по казахскому языку на тему "Зат есім" (6 класс,казахский язык)
Оценка 4.6

Презентация по казахскому языку на тему "Зат есім" (6 класс,казахский язык)

Оценка 4.6
Игры +5
doc
русский язык
6 кл
16.01.2017
Презентация по казахскому языку на тему "Зат есім" (6 класс,казахский язык)
зат есім.doc

 

Павлодар облысы

Май ауданы

Көктөбе жалпы орта білім беретін мектеп

Солтанова Анар Амиргаликызы.

Пәні: қазақ тілі.

Сынып: 6«Ә»

Сабақтың тақырыбы:  Зат есім.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға сөз таптары, оның ішінде зат есім, зат есімнің жалпы есім, жалқы есім түрлері туралы тереңірек білім беру.

Дамытушылық: Сөз таптары бойынша бастауыш сыныптарда меңгерген білімдеріне сүйене отырып, зат есім туралы түсініктерін дамыту; сауатты жазу, оқу дағдыларын жетілдіру; оқушылардың белсенді ойлау қызметтерін жандандыру.

Тәрбиелік: қазақ тілінің морфологиялық заңдылықтарын түсіндіре отырып, тілдік-эстетикалық семзімдеріне тәрбиелеу, адамдық қасиеттерін дамыту.

Күтілетін нәтиже: оқушылар зат есімнің грамматикалық категориялары туралы толық меңгереді, сөйлем арасындағы зат есімдерді сұрақ қою арқылы бірден таба алады.

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы.

Әдісі: түсіндіру, ізденіс, сұрақ-жауап, талдау.

Көрнекіліктер: слайдтар, сызба- нұсқа, тақырыпқа арналған кесте-плакат, тақта, бор, оқулық

Сабақтың өту барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

*оқушыларды түгендеу;

*оқу құралдарын тексеру;

*оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

(видео)

ІІІ.Жаңа сабақ .Сөзжұмбақ.(Флипчарт 3).

 

  1. Биенің сүті.
  2. Кімге? Неге? Қай септіктің сұрағы.
  3. Тіл білімін зерттейтін сала.
  4. Сан есім.
  5. Сөз табы.
  6. Септік.
  7. Зат есімнің сұрағы.

                                                  Ребус шешу.(Флипчарт 4).

 

ІV.Жаңа тақырып . (Флипчарт 8).

Заттың, ұғымның атын білдіретін сөз табы.

 Сұрақтары: кім?не?кімдер?нелер?

Тұлғасына қарай

Құрамына қарай

Негізгі зат есім

Туынды зат есім

Дара зат есім

Күрделі зат есім

Бөлшектеуге келмейтін түбір зат есім.

 

 

Мысалы:

у, ат, ант, бата, құдық, жапырақ

Түбір зат есімге және басқа сөз таптарына жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есім

Мысалы:біл-ім, дос-тық, бора-н, тарс-ыл, жаман-шылық

Бір ғана түбірден тұрады

 

 

 

Мысалы: от, ара, қант, оқушы, баспалдақ.

Кемінде екі сөзден /біріккен, қосарланған, қысқарған және тіркескен сөздер

Мысалы:кемпірқосақ, ата-ана, ҚазМҰУ, мәдениет үйі

 

 

 

 

Жалпылай немесе жекелей аталуына қарай

Мағынасына қарай

Жалпы есім

Жалқы есім

Деректі зат есім

Дерексіз зат есім

Біртектес заттардың атауы

 

Мысалы:қала, өзен, тау, кісі,кітап

Біртектес заттардың өз ішіндегі жекелеген атаулары

Мысалы:Алматы, Ертіс, Алатау, Абылай

Көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын заттар мен құбылыстардың атаулары

Мысалы:ағаш, қалам, су, домбыра, есік, сия т.б.

Көзбен көріп, қолмен ұстауға келмейтін, тек оймен, ақылмен ғана сезіп білетін ұғымдардың атауы

Мысалы:қайғы, арман, сана, қуаныш, жақсылық, реніш

V. Оқулықпен жұмыс(Флипчарт 9).

118-жаттығу: Өздерің білетін жалқы есімдерді дәптеріңе жазыңдар.

1.      Кісі аттары: Абай, Данабек, Айнагүл, Темірхан, Майра т.б.

2.      Мемлекет, республика, облыс, аудан, қала, ауыл атаулары: Азия, Қазақстан, Қарағанды, Қазыбек би, Жезқазған, Ақтоғай;

3.      Мекеме, зауыт, фабрика, ұжым атаулары: Ақтұмсық, «Қарағанды кәмпиттері» фабрикасы, «Доскей» ұжымы

4.      Жер, су атаулары: Ақтоғай, Тоқырауын өзені

5.      Газет-журнал, кітап, ән, күй, шығарма: «Кәусар» газеті, «Мың бір түн», «Ақ маржан» әні, «Балбырауын» күйі, «Абай жолы»

6.      Жылқыға, сиырға, түйеге, итке қойылатын аттар: Құлагер, Тайбурыл, Манька, Желмая, Ақтөс, Алабай т.б.

.«Сыңарын тап» ойыны.(Флипчарт 10).

VІI.Мақалдың жалғасын тап. Көп нүктенің орнына зат есімдерді жаз. Зат есімдерге сұрақ қой. (Флипчарт 11).

1)......... елдің анасы, Ел ердің анасы.

2)........... оттан да ыстық,
жалыны бар шоқтан да ыстық.

3)........... соққан пышағынан танисың.

............ ептілікті сүйеді.

4) ........... мыңды жығады,

білекті бірді жығады.

VIIІ. Негізгі және туынды зат есімдерді топтап жазу.(Флипчарт 12).

ІХ.Сергіту сәті. «Кыдырып қайтайық» (Флипчарт 13 видео көрсету.).

Х.Сұрақтарға дұрыс жауапты қою.(Флипчарт 14).

 

ХІ.Мәтін құрастыру. (Флипчарт 15).

 

ХІІ. Ой қозғау.(Флипчарт 16).

ХІІІ.  Семантикалық карта толтыру /оқушылардың бәріне таратылады/ (Флипчарт 17).

 

Мысалдар

Жалпы есім

Жалқы есім

Деректі зат есім

Дерексіз зат есім

1.

Әке

+

 

+

 

2.

Мұхтар Әуезов

 

+

+

 

3.

Құлагер

 

+

+

 

4.

Қайғы

+

 

 

+

5.

Достық

+

 

 

+

6.

Домбыра

+

 

+

 

7.

Саудагер

+

 

+

 

8.

Өнер

+

 

 

+

9.

Қарағанды

 

+

+

 

10

Жігіттер

+

 

+

 

11

Қызылордалық

 

+

+

 

12

Дәріхана

+

 

+

 

13

Әке-шеше

+

 

+

 

14

Арман

+

 

 

+

15

Шекарашы

+

 

+

 

Тест(Флипчарт 18).

1.Жалқы зат есімнің анықтамасын көрсетіңіз.

  1. Біркелкі заттардың жалпы атауы.
  2. Заттардың ішіндегі бір түрінің өзіне ғана қойылған аты.
  3. Заттың сынын білдіреді.

2. Деректі зат есімі бар қатарды көрсетіңіз.

A.     Мектеп, қағаз, гүл.

B.     Адамгершілік, ақыл, ағаш.

C.    Қуаныш, реніш, дәптер.

3.Негізгі зат есімді белгілеңіз.

A.     Әнші.

B.     Кітапхана.

C.    Үй.

ХІV. Сабақты бекіту: (Флипчарт 19).

Кері байланыс

 "Бес саусақ " әдісі

 

Зат есім заттың, ұғымның, құбылыстың атын білдіретін сөз табы.

Құрамына қарай:дара күрделі,

Тұлғасына қарай:негізгі, туынды

Мағынасына қарай:деректі, дерексіз

Жалпылай немесе жекелей аталуына қарай:жалпы есім, жалқы есім

ХV.Үйге тапсырма:  Жалпы есімдер мен жалқы есімдерді қатыстырып

«Ауылым — алтын бесігім» тақырыбында шағын шығарма жазып келу.

ХVІ. Бағалау

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1. С.Исаев, Ж.Дәулетбекова қазақ тілі 6-сынып Алматы "Атамұра"2015 ж.

2. Қазақ тілі мен әдебиеті журналы 10/2015ж.

3. Ә.Ишмұхамедов "Қызықты грамматика" Алматы "Рауан" 1995ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Павлодар облысы Май ауданы

Павлодар облысы Май ауданы

V . Жаңа тақырып . (Флипчарт 8)

V . Жаңа тақырып . (Флипчарт 8)

Газет-журнал, кітап, ән, күй, шығарма: «Кәусар» газеті, «Мың бір түн», «Ақ маржан» әні, «Балбырауын» күйі, «Абай жолы» 2

Газет-журнал, кітап, ән, күй, шығарма: «Кәусар» газеті, «Мың бір түн», «Ақ маржан» әні, «Балбырауын» күйі, «Абай жолы» 2

ХІІ. Ой қозғау.( Флипчарт 16)

ХІІ. Ой қозғау.( Флипчарт 16)

A. Үй. ХІV. Сабақты бекіту: (Флипчарт 1 9)

A. Үй. ХІV. Сабақты бекіту: (Флипчарт 1 9)
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
16.01.2017