Мақсаты
Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру,
қызықтыру арқылы білімін тереңдету, математикалық ой-өрісін кеңейту,
Кезеңдері:
Танысу сәті (аты, ұраны, эмблемасы);
Үй тапсырмасы (қарсылас топтарға
сөзжұмбақ жасыру);
3. «Кім мықты?»;
4. Топ басшылар сайысы;
5. Қорытынды.
Үй тапсырмасы
Айыра біл жақсы менен жаманды,
Айыра біл қарындаш пен қаламды,
Айыра біл соқпақтарын өмірдің,
Кім мықты?
Мықты болсаң, алдағыны басып оз,
Мықты болсаң, арттағыны жеткізбе!Мықты болсаң, тайғанама, құлама,
Мықты болсаң, бөгеттерді бұзып өт!
І топ
Үлкені бөліп нәрсені,
Кішісі алады үлесін.
Айырылмай бірге жүрген соң,
Екеуіне қойылған бір есім.
Бөлетін, алатын екеудің
Есімін сен де білесің.
Алдыңнан шығып күн сайын
Жиі кездесіп жүресің.
Бөлшек. Дұрыс бөлшек.
ІІ топ
Тоғыз тоңқылдақ, бір шіңкілдек.
Шіңкілдек жүр шіңкілдеп.
Сенімен бірге жүрем деп.
Әр тоңқылдаққа діңкілдеп,
Тоңқылдақ жүр күңкілдеп.
Цифрлар.
Мақал-мәтел қазағымның мұрасы,
Мақал білген қазағымның баласы.
Мақал айтып жарысады жеті топ,
Қай топ мақал-мәтелді
Біледі екен өте көп?
Үшып кетті үш құс,
Ұшып келді үш құс.
Қырық үш қызғыш құсқа
Қырық үш қызғыш құс қосса,
Қанша қызғыш құс болады ?
І топ
Қырық құрқылтай
Бір құрдан үркіп ұшты.
Қырық құр
Бір құрқылтайдан үркіп ұшты.
Қырық құр қорқақ па?
Қырық құрқылтай қорқақ па?
ІІІ топ
Арқада алты арқар бар,
Қырда қырық арқар бар.
Бір қарт арқар бар,
Алты арқарға қырық арқарды,
Қырық арқарға қарт арқарды
Қосса, қанша арқар бар?
ІV топ
Сегіз көк өгізіміз де
Өз өгізіміз.
Семіз көк өгізіміз де
Өз өгізіміз.
Егіз көк өгізіміз де
Өз өгізіміз.
Өзге көп өгізіміз де
Өз өгізіміз.
V топ
Бірінші баланың әкесі ұлына 150 теңге, ал екінші әке баласына 50 теңге берді. Екі бала қолдарындағы ақшаны қосса , 150 теңге ғана болып шықты. Неліктен? (ата, әке, немере)
1 - есеп
2-есеп
Бір бай үш жыл малай жалдап, оның ақысына бір бұзау және 12 лақ беруге уәделеседі. Байғұс малай байдың жөн-жосықсыз аямай жұмсағанына шыдамай 2 жылдан кейін кетіп қалады. Бай малайына бір бұзау және 6 лақ береді. Бұзауды қанша лаққа бағалаған? (6 лақ).
Бір қариядан қанша балаңыз бар деп сұрағанда былай деп жауап берді:
«Ұл мен қыздарымның саны бірдей, ал әр ұлымның үш қарындасы бар». Бұл кісінің қанша баласы бар?(үш қыз, үш ұлы)
3-есеп
7-есеп
Екі адам 5 метрлік бөренені ұзындықтары тең 5 бөлікке кесті. Егер бөлікті кесуге 1,5 минут кетсе, бөренені кесуге қанша минут кетеді? (6 минут).
1.Табақтағы жемісті,
Бұлай ғана бөлісті.
Екі анасы,қос баласы,
Әжесімен немере
Бір-бірден тиді алмасы,
Айтшы қанша жан басы.
Ұшып барады бір топ қаз оңтүстікке
Мықты болсаң қанша екенін тез есепте
Алдында екеу,екеуі келеді артында
Екі-екіден келеді қос бүйірде
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары дұрыс шықты?
«Топ басшылар сайысы» кезеңінде
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты!
Сайыстың соңғы сәті таяп қалды,
Демейміз «Өнерлерін аяп қалды»,
Жеңімпаз тобымызды анықтадық,
Осылай сөзіміз де аяқталды.
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.