ПРОФЕССИОНАЛЬНОЕ НАСЛЕДИЕ КУМАША НУРГАЛИЕВА
Оценка 4.9

ПРОФЕССИОНАЛЬНОЕ НАСЛЕДИЕ КУМАША НУРГАЛИЕВА

Оценка 4.9
Исследовательские работы
docx
история
СCУЗ, ВУЗ
29.11.2020
ПРОФЕССИОНАЛЬНОЕ НАСЛЕДИЕ КУМАША НУРГАЛИЕВА
В данной статье сделан исторический анализ профессиональное наследие Народного учителя СССР Кумаша Нургалиева, его вклад в структуру образования Казахстана. Изучение общественно-просветительской, педагогической деятельности К. Нургалиева позволяет определить его роль и место в общественной жизни Казахстана в ХХ веке. Полная картина его мировоззрения и профессиональное наследие остается пока не раскрытой и в этом заключается актуальность предпринятого исторического исследования.
статья 2 Чекетаева Р .docx

Р.С.Чекетаева.

 

ҚҰМАШ НҰРҒАЛИЕВТІҢ КӘСІБИ МҰРАСЫ

 

Аңдатпа

Мақалада КСРО Халық мұғалімі Құмаш Нұрғалиевтің қалдырған кәсіби мұрасына тарихи талдау жасалып, Қазақстанның білім беру саласына қосқан үлесі зерделенген.

Қ. Нұрғалиевтің қоғамдық-ағартушылық, педагогикалық қызметін зерттеу оның ХХ ғасырдағы Қазақстанның қоғамдық өміріндегі рөлі мен орнын анықтауға мүмкіндік береді. Оның дүниетанымы мен кәсіби мұрасының толық бейнесі әлі ашылмаған және бұл тарихи зерттеудің өзектілігі болып табылады.

Тірек сөздер: мұғалім, мектеп, жаңашыл, оқушы, өзін-өзі реттеу.

 

Р.С.Чекетаева.

 

ПРОФЕССИОНАЛЬНОЕ НАСЛЕДИЕ КУМАША НУРГАЛИЕВА

 

Аннотация

В данной статье сделан исторический анализ профессиональное наследие Народного учителя СССР Кумаша Нургалиева, его вклад в структуру образования Казахстана.

Изучение общественно-просветительской, педагогической деятельности К. Нургалиева позволяет определить его роль и место в общественной жизни Казахстана в ХХ веке. Полная картина его мировоззрения и профессиональное наследие остается пока не раскрытой и в этом заключается актуальность предпринятого исторического исследования.

Ключевые слова: учитель, школа, новатор, ученик, саморегуляция.

 

Cheketayeva R.S

 

PROFESSIONAL HERITAGE OF KUMASH NURGALIYEV

 

Annotation

In this articleconsideration focuses on the prominent Public teacher of the USSR K. Nurgaliev and his contribution in the structure of Kazakhstan education.

The scientific study of Kurmash Nurgaliev social and pedagogical creative activity gives us the possibility to define his role and place in the social life of Kazakhstan in the XX-th century. Historical viewpoints of K. Nurgaliev and his world outlook are not explored fully and that is why this subject of search is topical.

 

Key words: teacher, school,innovator, student, self-regulation.

 

 

Тарих кемшіліктер мен қателіктерден ғана тұрмайды, әр кезеңнің өзіне лайықты ілгерілеуі де болады, онсыз даму тежеліп, кері кету басталар еді. Қазақстанның кеңестік білім беру жүйесі негізгі білім беруде кемшіліктер мен қатар өзіндік жетістіктерге де жетті. Біраз болсын мектептердің материалдық-техникалық базасы нығайып, білікті мұғалімдер қатары өскені ақиқат. Осының бір айғағы Қ. Нұрғалиев басқарған Шығыс Қазақстандағы Боран орта мектебі болды. Қарама-қарсы пікірлер арасында шындық жатады, ендеше өткеннің әділ бағасы мен объективті суреттемесін беру, оны бүгінгі ғылым талаптары тұрғысынан шынайы саралау танымдық пен тәжірибелік маңызы биік мәселелердің бірі.

«Үйретуді жөн көрдім,

Түзетпек едім адамды», - деп Шәкәрім  айтқандай орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытудағы педагогтің рөлі тақырыбын зерделегенде міндетті түрде Қ.Нұрғалиев есіміне тоқталғанымыз жөн болар. Оның қалдырған кәсіби мұрасы бүгінгі күндеде өзектілігін жойған жоқ. Ол бастау салған мектепті ақпараттандыру технологиясы, ғылыми техникалық жаңалықтардан қалдырмау мақсаты бүгінгі күн талабы.

Қазақстанға белгілі ғалым С.С. Қалиев «Өскеменнің әрі Мересьеві, әрі Сухомлинскийі» атты мақаласында «Қ. Нұрғалиев басқарған мектеп ұжымы үнемі жаңалықтың жаршысы бола білді, мектеп Республикада бірінші болып компьютерлік, кабинеттік жүйеге осыдан 31 жылдай бұрын көшті. Ол басқарған мектеп озат тәжірибенің лабораториясы» деп атап көрсетті.

«Біздің мектеп – үлкен мектеп. Мыңға жуық оқушысы бар. Мектеп өзінің территориясы жағынан Ватикан мемлекетінің территориясынан қомақтырақ», – деп мектебін мақтан тұтатын Қ. Нұрғалиев.  «Менің ауылдық балаларымның қалалықтар сияқты техникалық негізде оқуға құқы бар», - деген оның әрбір пән кабинетінде телефон және дыбыстық аппараттар орнатылды. 1983 жылы 1-қыркүйекте теледидарлық орталық пайдалануға берілді, 1988 жылы мамыр айында Құмаш Нұрғалиұлы біздің өлкеде тұңғыш рет мектепке «Ямаха» компьютер сыныптарын жеткізу мәселесімен шұғылданды.

Халық мұғалімі Қ. Нұрғалиевтің қоғамдағы рөлі мен Қазақстанның оқу-ағарту саласына қосқан үлесін былай зерделеп беруімізге болады: Қ. Нұрғалиев жайлы қалам тартқандардың көбісі оны осы күнге дейін тек мұғалім немесе педагог санатында танып келеді. Шын мәнінде оған қайраткелік тән. Ол ұстаздық жолына жан-тәнімен берілген ұлттық сананы тәрбиелеуге өз үлесін қосқан зиялы азамат.

Біріншіден, 1925 жылдан 1946 жылға дейінгі аралықтағы ол тұлға болып қалыптасты және Ұлы Отан соғысына қатысып, екі аяқ, бір қолынан айрылған бірінші топтағы мүгедектікпен туған жеріне оралды. Өйткені, Құмаш Нұрғалиев – ХХ ғасырдың ең аласапыран кезінде, қазақ халқының тағдыры тығырыққа тіреліп, болашаққа даңғыл жол таба алмай күйзелген дәуірінде, қызыл тоталитаризмнің отына күйіп, халқының жартысынан көбі қырылып, ұлттық рухы тапталып, зиялылары жойылып, мейірімсіз отаршылдықтың жан азабын тартқан кезде өмір сүрді. Қай заман, қай жерде де халықтың тағдыры қыспақта, бақылауда болғаны белгілі жай. Дүние халықтың өз күйініші мен мұңын айта алмауынан өткен қасірет жоқ. Ал халықтың тағдыры, болашағы үшін айқасқан, шайқасқан, халқы үшін шаршаған, жәбір көрген өмірлері опат болған ерлеріміз көп болды.

Бұндағы түпкі мақсатымыз халқымыздың Ұлы Отан соғысына жаппай қатысуын көрсету, қол бастаған Б. Момышұлы, И. Панфилов, М. Ғабдуллин, Ғ. Сафиуллин сияқты зиялы азаматтарымыз болғанымен, олар санаулы еді. Ал Құмаш Нұрғалиев тәрізділер есепсіз көп болатын. Бірақ, жалғыз сынар қолмен үлкен биіктерге ұмтылғандар санаулы ғана  [1].

Екіншіден, ол өзінің атақ даңқы үшін еңбек қылған емес, ол бейбітшілік түрдегі Отаны үшін еңбек етті, қаншама қуғын мен жаза төніп тұрған кезде ол ерліктің, өрліктің теңдесі жоқ үлгісін көрсеткен азамат. Қандай қиындықтарға мойымастан өз еліне адал қызмет еткеннің нәтиежесінде туған халқына деген шексіз сүйіспеншілік пен мейірбандық туындайды. Ол ұлт намысын, оның мүддесін бәрінен де жоғары қойды. Әлеуметтік саясаттың ең маңызды буыны білім беру мәселесі десек артық айтқандық емес. Сол білім беру кез-келген дербес мемлекеттің аясында мақсат-мүддесіз болмайды. Өйткені ол белгілі елдегі халықтардың, ұлттардың мүддесі. Сонымен бірге ол кез-келген елдің болашағын тәрбиелейтін мектептен бастап мемлекеттік құрылымдардың да мүддесі. Мәдени өмірдің сүбелі саласы болып есептелетін халыққа білім беру жүйесі қоғамдық өмірдің де жанды нүктесі ретінде тарихта өзінің орынын ешқашан жоғалтпайтының білген ол ұрпағын төрге сүйреп, ұлт болашағын ойлады.

Үшіншіден, әкімшіл-әміршіл жүйе үстемдік құрған кезде ұлттық мектептердің дамуына толыққанды жағдай жасалмады. Сол жылдардағы тіл саясатына сай қазақ тіліндегі мектептер қысқартылып, қазақ тілі өзінің қоғамда атқаратын функцияларынан айрылып қалды. Соған қарамастан ұстаздың ең басты мақсаты мектептің өмір ағымынан, сол кезде көп айтылатын «ғылыми-техникалық прогесс» талаптарынан артта қалмауын қамтамасыз ету болды.

Сөйтсе де, Құмаш Нұрғалиев ең алдымен мұғалім еді, сондықтан да ол оқу-тәрбие үрдісін де қадағалап басшылық жасады. Оның ойынша мектептегі басты тұлға – оқушы мен мұғалім еді. Әрине, оның оқушылардың білім сапасы, мектеп ісіне қалың қауымды тарту, политехникалық оқу, оқу құралдарының сапасы, мектеп кітапханасы, материалдық базасы туралы айтқан ойлары бүгінгі таңда да өз өзектілігін жоғалтқан жоқ.

Төртіншіден, Қ. Нұрғалиев 1957-1988 жылдар аралығында авторлық мектеп қалыптастырып, Қазақстанның білім беру жүйесінің өрлеуіне өзіндік үлес қосты. Қ. Нұрғалиевтің мектепті сол заманның озық техникасымен жабдықтауы оқу-ағарту және мектеп тарихындағы тарихи қызметі болып табылады (тұңғыш рет орта білімді ақпараттандыру технологиясын еңгізді, оқу үдерісін ақпараттандыру мәселесімен айналысты). Республикамыздың мектеп тарихында алғашқылардың бірі болып МТТО (мектептік-теледидарлық техникалық орталық), компьютерлік сыныпты, оқушылардың өзін-өзі басқаруды еңгізді, бірінші рет ауыл мектебінің базасында жалпы және жоғары мектеп қарым-қатынасының ерекше формасы болып табылатын Абай атындағы педагогикалық институттың педагогика кафедрасының ғылыми-оқу әдістемелік кешенің ашуға жағдай туғызды [2].

Бесіншіден,оның таза мұғалімдік еңбегінен өзге – мехнат-машахаты мол, күллі күш-қайратынды беруді талап ететін басшылық-ұйымдастырушылық қызметі де болды. Көптеген кәсіби және қоғамдық ұйымдардың мүшесі ретінде белсенді жұмыс атқарды. Бірінші топтағы мүгедек, денсаулығы керемет мықты бола қоймаған бұл адамның осыншама қыруар жүкті қалай көтергеніне, бәріне үлгергендігіне, әрі бәрін өзіне тән ыждақаттылықпен, тамаша талантпен атқарғанына еріксіз қайран қаласыз. Осындай озық еңбегінің арқасында Халық мұғалімі, көрнекті ұстаз, ірі тәрбиеші Құмаш Нұрғалиев біртуар тұлға ретінде халықтың қадір-құрметіне бөленді, ұстаздардың ұстасы атанды.

Алтыншыдан, Қ. Нұрғалиевтің жазған мақалаларын, қолжазбаларын терең зерттеп, ол туралы айтылған, жазылған мақалаларды талдауда аңғарғанымыз ұлттың болашағы мектептен басталатынына терең мән берген. Ол үшін ең бастысы ұлтына білім беруең жоғары құндылық, өмірінің мән-мағынасы, халыққа қызмет ету жолындағы шығар биігі болып қалды.Бірі ұлт бостандығы үшін «Аттан, қазақ» деп жар салып атқа мінді, қолына қару алып күресті, екіншілер қалам алып «Оян қазақ!», - деді, үшіншілер саясатпен андасып түйін түйді. Ал, Құмаш Нұрғалиев тәуелсіздік тұтқасын ұстар болашақ жас ұрпақты тәрбиеледі.

Ол туралы Д.А. Қонаевтың 1980 жылы шыққан «Советский Казахcтан» еңбегінде «Бұл ғажап адамның өзінің өмірі – ерлік, шәкірттерді рухани адамгершілікке тәрбиелеуге, олардың азаматтық сапасын, саяси санасын қалыптастыруда ғибаратты өнеге болып табылады» [3] – деп оның бала тәрбиесіндегі орының жоғары бағалаған еді.

Сонымен қатар Құмаш Нұрғалиев қазіргі ағарту ісінің проблемасы мектептің өмірден алшақтығы, оқушылардың әлеуметтілігін қамтамасыз ете алмайтын, оқудың ағартушылық сипатының жетімсіздігі деп есептеді. Сондықтан да Құмаш Нұрғалиев мектепті кең әлеуметтік қатынастар жүйесі ретінде қарап, жеке тұлғаның дамуы оның байланыстарының дамуы, ал тәрбие – осы қатынастарды мақсатты басқару, оның негізі патриотизм деп білді. Ұлттың болашағы мектептен басталатынына терең мән берген. Алғаш оқушылардың өзін-өзі басқарулары енгізілді [4, 5 б.].

1988 жылы 30 сәуірде Алматыдағы республикалық пионерлер сарайында әріптестер КСРО Халық мұғалімдерінің кездесуі болады. Олар Шығыс Қазақстан облысындағы Боран орта мектебінің директоры Қ.Нұрғалиев және Солтүстік Қазақстан облысындағы Мамлют санаторий мектеп-интернатының директоры       Г.М.Кубраков еді. Олардың арасында болған әңгіме-диалогта белгілі ұстаз Құмаш Нұрғалиев былай дейді: Өзін-өзі басқаруды енгізгенімізге жиырма жылдан асты. Біздегі оқу сыныптары тура мағынасында оқытумен айналысады. Білім берумен байланыссыз нәрсенің бәрін сынып өзгелерге берген, сабақтан басқа ешқандай жұмыс жүргізілмейді. Жиырма жылдан бері бізде сынып жетекші деген жоқ дейді [5, 4 б.].  Оқушылар тобына тәрбиешілер бекітілмеген, балалар өзін-өзі басқарды. Бұл басты ерекшелік болды. Оқу, саяси, дене шынықтыру, техникалық, тұрмыстық мәселелер бойынша 13 комиссия мүшесі жұмыс істеді. Соған сай 13 тараудан тұратын мектепішілік жоспар жасалған. Әр комиссияға балалар өкілдері қоса болды. Мектеп комсомол ұйымының хатшылығына бірде мұғалім, бірде оқушы сайланды.  Әр жастағы балаларға педагог бекітілмесе, оларды кім тәрбиелейді деген сұрақ туындайды. Бізде ешкім еш адамды күштеп тәрбиелемейді. Біз жай ғана еңбек етеміз. Оқушылар өздерін-өздері тәрбиелейді деген [5, 2 б.]. Педагог-тәрбиешілер немен шұғылданады? Әркім өзінің сүйікті ісімен айналысады. Мектептегі оқу үрдісін, педагогикалық кадрларды дайындауды ұйымдастыруға іскерлік көзқарас керек, өйткені бүгінгі күнгі біліктілікті арттыру үрдісінде ассоциятивтік-рефлекторлық көзқарас оның тиімділігін арттыруға ықпал етеді деді [5, 3 б.]. Құмаш Нұрғалиевтің авторлық мектебінің тұжырымдамасы біртіндеп жасалды және тәжірибедегі шынайы қарама-қайшылыққа талдау жасаудың нәтижесі болып табылады.

«Ұcтaз борышы», «Сұңқар бол сен де жас ұрпақ», «Оқу мен еңбекті ұштастырып, «Растим детей для счастья», «Наш семидесятый учебный год» , «Мы тверды за мир!»  деген мақалалары тек оқу-ағарту ісіне ғана арналған жоқ, онда сол кездегі қоғамдық өмір, саясат, көкейкесті мәселелер де қаралған.

Біздің санамызға сініп қалған ескі тұжырымдамалар бойынша «тарихи тұлға» болу үшін тек мемлекет қайраткері немесе саясаткер, әлде мемлекеттік қызметкер болуы шарт. Бұндай қағидалардан бас тартар кез келді.

Қ. Нұрғалиевтің тұлғалылығы мойындалғаның ол кісі туралы көзі тірісінде «Өлімді жеңген өмір», «Құмаштың мектебі» атты кітаптар жазылып, бірнеше деректі фильмдер түсірілгендігі дәлел.

Біз қашанда жақсылығымызды әйгілеуге сараңбыз. Өткенге ой жіберсек, жақсы істер мен жаңалық ашқандарын өз замандастары күндеп өтеді, одан кейінгілер білмей өтеді, одан кейінгі ұрпақтар мұндай мағұлматтарды іздеп өтеді екен. Берлинге ту тіккен Рақымжан Қошқарбаевтың қайталанбас ерлігін қазақ басылымдары (1945-1958 жылдары) 13 жыл бойы жазбапты [6].

Біздің талай ақын жазушылармыз бен сазгерлеріміздің, тағы басқа қайталанбас шығармашылығымен елді тәнті еткендердің еңбегі кезінде іс басындағыларға еленбей, ол аз десеңіз олардың істеріне кедергі жасап, қорлық көрсеткендері аз болған жоқ. Тіпті кезінде мақтауға ілігіп жүргендері де өзіне лайықты марапатталмады да.

Осындай жанның бірі – Құмаш Нұрғалиев соғыстан екі аяқ, бір қолы жоқ болып оралды. Ол мүгедек күйіне қарамастан қайсарлықпен «қайтсем қазақ жастарына сапалы білім, саналы тәрбие беріп, басқа елдің азаматтарынан кем болмас үшін күрессем, еңбек етсем» деген арманы жанына тыныштық бермей, оны бір істен кейін екінші іспен шұғылдануға, ізденуге әрекеттендіреді.

КСРО мемлекеті кезінде орденмен де марапатталды. Бірақ осының бәрі Құмаш Нұрғалиевтің екі балдақпен талай есікті қаққанына, ондағы отырған шенеуніктердің интеллектуалдық деңгейіне, «тар жол, тайғақ кешудегі» көрген қиыншылықтарына, қазақ балаларының келешегі үшін жұмсаған ауыр мехнатты еңбегіне жетпейді. Біз бүгінгі ұрпаққа Құмаш Нұрғалиевтей тұлғаның еңбегін күшпен таңғымыз келіп отырған жоқпыз, тек әрбір жас өскелең ел мен жер, халық деген еш нәрсеге сатылмайтын қастерлі ұғымның бар екенін естерінен шығармаса екен дейміз.

Оның өмір жолы жастарға сөзсіз патриоттық тәрбие алуға үлгі болары анық. Олай болса, бұл патриоттық тәрбиені бірер облыста ғана емес, жаппай қазақ жастарына жеткізіп, үлгі етуді көздедік. Құмаш Нұрғалиевтің өнегелі ісі тек біздің республикамызда ғана емес, қазақтың әлемге айтар батырлықтың бірі болары анық. Отансүйгіштік рух – қазақ елінің әлемдік өркениетті елдер көшіне қосылып, дүниежүзілік қауымдастықтан лайықты орын алуына мүмкіндік беретін бірден- бір күш.

Қ. Нұрғалиевтің оқу-ағарту, ұлттық мәдениетке қосқан еңбектерін тарих ғылымы тұрғысынан зерттеп келер ұрпаққа қалдырсақ, бұл олардың өзіндік ұлттық қасиеттерін сақтап қалуына әсерін тигізетіні сөзсіз. Осы мақсатпен бірнеше шаралар іске асырылды. Айталық ұстаздың 1995 жылы 70 жылдық және 2005 жылы 80 жылдық мерейтойын республикалық көлемде өткізіп, «Халық мұғалімі Қ. Нұрғалиевтің жаңашыл шығармашылығының педагогикалық ойға әсері» атты ғылыми-практикалық конференция өткізілді. 2015 жылы ШҚО-да «Нұрғалиев оқулары» өткізілді.

1988 жылы 27-28 мамырда Алматыда өткен Республикалық шығармашылықпен жұмыс істеуші мұғалімдердің слетынының делегаттары           Қ. Нұрғалиев есімін республика мектептерінің біріне беруге ұсыныс жасады [7]. Үкіметтің шешімімен Өскемен қаласында КСРО Халық мұғалімі Құмаш Нұрғалиевтің есімі Шығыс гуманитарлық колледжді және № 43 мектеп-лицейіне  берілген. Өзі негізін қалаған Шығыс Қазақстанда Халық мұғалімі Құмаш Нұрғалиұлының көпсалалы орта мектебіндегі оның атымен аталатын 1997 жылы ашылған мұражай ұстаздың өміріне, шығармашылығына байланысты мұрағат материалдары, әртүрлі құжаттармен толықтырылды. Ал, оның көзі тірі кезінде Латыш мемлекетінде Слямпе селосындағы мектеп фашистермен күресте көрсеткен ерлігі үшін қазақ жауынгері Қ. Нұрғалиевтің есімімен тығыз байланыста.

Оның бақыты ұстаздығында. Бір адам жаққан отқа мың адам жылыну ол да ұлылық. Біздің көзіміздің анық жеткені Қ. Нұрғалиев туралы зерттелгеннен гөрі әлі де болса зерттелмеген тұстарының көптігі. Бұл әсіресе тарихшыларға қатысты мәселе. Қ. Нұрғалиевтің өмірін, қызметін, кәсіби мұрасын, оның патриотизмін жан-жақты саралауға құлшына кіріскен педагогтар мен тілшілердің тарихшылардан көш ілгері кеткендігі дәлелсіз көрініп тұр. Тарихшы ғалымдар болашақта мақсатты түрде түпсіз қазына іспетті Қ. Нұрғалиевтің күрделі өмірі мен білім беру саласындағы қайраткерлік, қоғамдық қызметтерін зерттей түсуі қажет.

«Қазақтың тәлімдік ойлар антологиясы 6-томында ұлттық тәлім-тәрбиелік ғылымдардың дамып, қалыптасу тарихы берілген. 1920-2000 жылдар аралығында туған халқына мектеп, оқу-ағарту саласында аянбай еңбек еткен, жүрегі халқым деп соққан, тіпті сол үшін шыбын жанын да құрбан еткен, бүгінде арамызда жоқ зиялыларымыздың ұрпақ тәрбиесіне, ұлттық мәдениетті насихаттауға арналған еңбектерінің іріктелген үзінділері енгізілді [8, 17 б]. Бұл кітапта А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, М. Шоқай, Е. Бекмаханов, Ә. Сембаев сияқты тұғырлы тұлғалармен Қ. Нұрғалиевтің қатар тұруы оның тарихи орнын көрсетеді. Оның білім беруге қатысты ойлары өте сүбелі деп айтсақ артық емес, мысалы Қ. Нұрғалиев әуелі, мектептегі мұғалімдердің басым көпшілігінің ер адамдар болуын жақтады. «Бұл әйел мұғалімдердің намысына тиетін талап демес дер едім, - дей отыра, отбасында әке тәлімін көрмеген ұл қандай болмақ? Әкесі қасында өскен ұлдың айырмасына ой жұгіртіңізші. Айырма көп. Бұны ескергісі келмейтін, елегісі келмейтін ағайындар әлеумет мүддесі тұрғысынан мәселе шешпейтіндігін ғана дәлелдейді» деген пікірде болды. Осындай ұлағаты мол сөздерді 30 жыл бұрын айтса да қазіргі таңда өзектілігі еш кемімеген [9, 367 б.].

«Әскери-патриоттық тәрбиенің, жалпы патриоттық тәрбиенің еркек мұғалімдерсіз көздеген мақсатына толық жеткенің көргеніміз жоқ. Жігерлі, тұлғалы, шыныққан шымыр азамат, Отанды жан-тәнімен сүйе білетін ойлы азамат, халқымыздың ертедегі, бүгінгі қаһармандар, өмір жолынан қызғылықты хикаялар шертетін азамат мұғалімдер, мейлі қай пәннен сабақ берсе де, жас ұландарды еліктіре біледі, бұл сезімді ояту үлкен жеңіс. Шын еркекке тән мәрттік, айбын, бағландық, нарлық, керек десеңіз арыстандық, ол аз болса көкжалдық «нәзік жыныстан» табыла қоймайтынын неге тура айтпасқа» дейді Қ. Нұрғалиев [9, 368 б.]. Оның ойларының тереңдігі, айшықталып айтылуы қазіргі біздерді ойландырмай қоймайды. Әйел теңдігін алға тартқан кеңестік тоталитарлық жүйеде оның бұл мақаласы сынға ұшырамай қоймады. Ол қазақ халқының рухани өміріне қатысты оқиғалардың бәріне өз көзқарасын білдіруге тырысты. Құмаш Нұрғңалиевтің саналы ғұмырындағы кәсіби шығармашылық жолында өзінің ұлттық ұстанымы берік болды.

Еліне паналы қорған болғандардың өнегелі өмірлерін еске алу, оларды болашақ ұрпаққа жарқырата үлгі ету біздің парызымыз. Сондықтан КСРО Халық мұғалімі       Қ. Нұрғалиевтің есімі мәңгі жадымызда.

 

Әдебиеттер

1  Жұмаханұлы Ж. Құмаш Нұрғалиев-қазақтың ғажап қаһарман азаматтарының бірі // Республика ұстаздары.– 2007. – 22 қаңтар. –№ 1. –7 б.

2  Халық мұғалімі Құмаш Нұрғалиұлы. Педагогикалық әулеті. – Алматы: «МерСал», 2005. – 336 б.

3  Кунаев Д.А. Советский Казахcтан. – Алма-Ата: Казахстан, 1980. – 239 с.

4  Районный отдел народного образования Маркакольского района  // ШҚОММ Зайсан бөлімі 64-қ., 2-т., 4-іс, 4-п.

5  Боранғалиев Т. Ұстаздық дастан жалғасы // Социалистік Қазақстан. – 1988. – 30 сәуір.

6  Алдажаров С. Құмаш Нұрғалиев-қазақтың ғажап қаһарман азаматтарының бірі // Республика ұстаздары. – 2007. – шілде. – № 9/10. – 6-7 бб.

7  Журавлев В. Слет завершился, слет продолжается // Учитель Казахстана. – 1988. – 2 июня.

8  Қазақтың тәлімдік ойлар антологиясы. – Алматы: Сөздік-словарь баспасы, 2009. – 6 т. – 400 б.

9  Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы. – Алматы: Рауан, 1998. – 2 т.

 

 


 

Р.С.Чекетаева. ҚҰМАШ НҰРҒАЛИЕВТІҢ

Р.С.Чекетаева. ҚҰМАШ НҰРҒАЛИЕВТІҢ

Түзетпек едім адамды», - деп Шәкәрім айтқандай орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытудағы педагогтің рөлі тақырыбын зерделегенде міндетті түрде Қ

Түзетпек едім адамды», - деп Шәкәрім айтқандай орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытудағы педагогтің рөлі тақырыбын зерделегенде міндетті түрде Қ

Ал Құмаш Нұрғалиев тәрізділер есепсіз көп болатын

Ал Құмаш Нұрғалиев тәрізділер есепсіз көп болатын

Осындай озық еңбегінің арқасында

Осындай озық еңбегінің арқасында

Біз жай ғана еңбек етеміз. Оқушылар өздерін-өздері тәрбиелейді деген [5, 2 б

Біз жай ғана еңбек етеміз. Оқушылар өздерін-өздері тәрбиелейді деген [5, 2 б

Оның өмір жолы жастарға сөзсіз патриоттық тәрбие алуға үлгі болары анық

Оның өмір жолы жастарға сөзсіз патриоттық тәрбие алуға үлгі болары анық

Бекмаханов, Ә. Сембаев сияқты тұғырлы тұлғалармен Қ

Бекмаханов, Ә. Сембаев сияқты тұғырлы тұлғалармен Қ

Алматы: Сөздік-словарь баспасы, 2009

Алматы: Сөздік-словарь баспасы, 2009
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
29.11.2020