«Павлодар cервис және тамақтандыру колледжі» КМқк
КГкп «Павлодарский колледж сервиса и питания »
«ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУ» ПӘНІ БОЙЫНША
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ШЕБЕРХАНАНЫҢ
ТАҚЫРЫБЫ:
«Алмалы ғажайып»
Дайындаған: ө/о шебері Арынова А.К.
Аұ-2-82 тобы
Павлодар қаласы
«Алмалы ғажайып» тақырыбындағы шығармашылық шеберхана
Тақырыбы |
Алмалы ғажайып
|
Мақсаты |
Оқушыларды алма кесу өнеріне үйрету
|
Міндеті |
- Алмадан пішін кесу кезінде карвинг-пышақтарын қолдануды үйрету - Алма кесудің әртүрлілігі - Болашақ аспаздардың шығармашылық қабілеттерін дамыту |
Сабақ түрі |
Шығармашылық шеберхана бойынша ашық сабақ
|
Сабақ өткізу түрі |
Презентациялық, тәжірибелік
|
Жабдықтар |
Мультимедийный проектор, Power Point бағдарламасында презентация, « Алманы көркемді кесу» бейнебаяны
|
Тәжірибелік бөлім үшін шикізат |
Алма, лимон, су
|
Жұмыс формасы |
Жеке дара
|
«Алмалы ғажайып» тақырыбы
Өткізілген күні: 30 қаңтар 2018 ж.
Өткізілген орны: «Павлодар сервис және тамақтандыру коллдежі» КМҚК
Қатысушылар:
- Арынова Акмарал Кадыровна – өндірістік оқыту шебері.
- «Аспаз» біліктілігі бойынша Аұ 2-82 тобының оқушылары.
Мақсаты:
- Алмадан пішін кесу кезінде карвинг-пышақтарын қолдануды үйрету
- Алма кесудің әртүрлілігі
- Болашақ аспаздардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Оқытушы: Карвинг - ағылшынның carving «кескіндеу» көкөніс және жемістерді көркемді кесу өнері. Карвингтің шығу тарихымен Маххабат таныстырады:
Махаббат:
Карвинг – ағылшын тілінен аударғанда – мүсіндеу немесе кескіндеу деген мағынаны береді. Аспаз мамандығында – көркем өнер деп саналады. Бұл көкөніс пен жемістерді кесу өнері. Жемісті шоқ – бұл кескінделген жемістердің байланысы. Бұл жұмыс көркемдікті, шығармашылықты және шыдамдылықты талап етеді. Карвинг өнері үстел әсемдігін, сәнділігін келтіреді, тәбет ашады.
Карвинг «ойып жасау» деген мағынаны білдіреді. Яғни, жемістер мен көкөністерден мүсін жасау. Бұл да өнердің бір түрі. Шеберлікті, шыдамдылықты, қырағылықты қажет етеді. Карвингтің шығу тарихын шығыс өнерімен байланыстырады. Ертеде жапон халқы тағамды қыш ыдысқа салып, жасыл желектермен ұсынады екен. Аспаздар ыдысқа көкөністі сəндеп қойса, тағам одан əрі тартымды, тəбет ашатындай болатынын біліпті. Бірде мереке кезінде жапон қызы патшаға жеміс-жидектен гүл мен құс жасап, сыйға ұсыныпты. Əлгі қыздың өнері патшаға қатты ұнағаны соншалық, бүкіл əйел осы өнерді игерсін деген бұйрық шығарыпты. Карвингтің қысқаша тарихы осылай басталған.
ФОТО ЕСЕП
Тәжірибелік бөлім
Аұ-2-82 топ оқушылары
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.