презентацияда сабақтын мақсаты жаңа сабақ бар. Сабақ — бір пәнді оқытуға арналған оқу сағаты; мектептегі оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі.
Сабақ арнаулы бөлмелерде, оқу кабинеттері мен зертханаларда, оқу шеберханалары мен мектептің оқу тәжірибе үлескілерінде өтеді. Тұрақты оқушылар құрамы, кесімді уақыт көлемі (45 мин) және оқу кестесі бойынша жүреді. Оқыту әдістері, ұжымдық және жеке-дара жұмыстар сабақтың негізгі белгілері болып табылады. Сабақтың негізгі міндеті — мұғалімнің басшылығымен оқушыларға ғылым негіздерінен берілетін мағлұматтарды саналы түрде игерту, алған білімді іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру, іскерлікке үйрету, адамға қажетті қасиеттер қалыптастыру. Мазмұны мен дидактикалық мақсатына орай сабақ мынандай түрлерге бөлінеді: оқу жылы басындағы кіріспе сабақтар; бағдарламаның күрделі тақырыптарын оқып-үйренудегі кіріспе сабақтар; аралас сабақтар; жаңа білімді меңгеру сабақтары; білімді іс жүзінде қолдану сабақтары; қайталау-қорытындылау сабақтары; есепке алу-тексеру сабақтары; оқу жылын аяқтайтын қорытынды сабақтар.
поурочка.docx
САБАҚ ЖОСПАРЫ
Пән оқытушысы: Берлибекова Анар Ергалиевна
Алданазарова Арайлым Мұханмеджанқызы
Пәні: Жолаушылар тасымалын ұйымдастыру
Автоматтандырлаған жүйені басқару
Топ: ОПУ 304С
Мерзімі: 29. 11. 2017
Сабақтың тақырыбы: АСУ «ЭКПРЕСС3» жүйесімен билет алу әдісі
Сабақтың типі: Кіріктірілген сабақ
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Студенттерге жаңа технология бойынша билеттерді сатып алу
тәртібін үйрету. Өз мамандықтарына қажеттілігін түсіндіру.
Тәрбиелілігі:
Есте сақтауды жаттықтыру, ойды жинақтау арқылы
студенттердің өзіндік ойлау деңгейін дамыту, логикалық ойлауды дамытуға
ықпал ету. Пәнге қызығушылықтарын арттыру.
Дамытушылығы: ойлау белсенділігін, таңдау, салыстыра білу қабілетін
дамыту, өз ой – қорытындысын жасай білуге дағдыландыру, пәнге
қызығушылығын арттыру.
Оқыту технологиясы: ақпараттық технологиясы, модульдік технологиясы,
ойын технологиясы.
Пәнаралық байланыс: ОПП, АСУ, информатика
Көрнекілігі: ноутбук, үлестірме қағаздар, плакаттар, ұялы телефон, POWER
POINT бағдарламасы негізінде презентациялық слайдтар т.б.
САБАҚ БАРЫСЫ
І.Ұйымдастыру кезеңі:
1) Тақырыпты ашу мақсатында кішігірім көрініс: студенттер жол серік, поезд
бастығы, жолаушы болып ойнап шығады.
2) 2 оқытушы вагоннан шығып, диалог:
3) Студенттерді топқа бөлу:
Студенттерге 3 түс таңдауға берілді:
роза түс таңдаған студенттер Ана туралы жыр
сары түс таңдағандар Арыс жағасында сәбіз түс таңдағандар Кешікпей келем деп ең әнін орындап бересіздер.
Слайдтан Шәмші Қалдаяқовтың әндері берілген, студенттерге ұяшықтан
карточка таңдай отырып, үш топқа бөлінеді. Таңдағаннан кейін, әр студент
топ болып бір шумағын орындайды.
1 топ Ана туралы жыр
2 топ Арыс жағасында
3 топ Кешікпей келем деп ең
ІІ.Білімді бақылау кезеңі: (ОПП)
«Қарлы жол» ойыны көрсетіледі. 3 топқа Арай рет нөмірмен бөліп береді.
Студенттер берілген тапсырманы орын орнына қояды. Әр жауапқа 10 ұпайдан
беріледі.
Жолаушылар билеті. Жолаушлар билеті көрсетіледі, сол билеттің ішіндегі
бөлімдерді атап шығу керек. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан беріледі (топқа).
ІІІ. Жаңа тақырып: (АСУ):
Арай интернетті пайдалана отыра, билетті рәсімдеуді үйретеді.
IV. Бекіту кезеңі (АСУ)
Әр топтың алдарында интернетке қосулы ноутбук болады. Студенттер Арай
үйреткен ақпарат бойынша өздері рәсімдеп үйренеді. Арай оларға 3 бағытты
береді:
Жезқазған – Астана
Жезқазған – Қызылорда
Жезқазған – Алматы
9.01.2018 ж купе
Әр топ проектор арқылы өзінің тапсырмасын почта арқылы көрсетіп,
қорғайды.
Анар слайд арқылы билеттерді рәсімдеу технологиялардың басқада
түрлерімен таныстырып кетеді: интернет жүйесі, касса, электрондық билеттер
т.б.
VІ.Қорытындылау/рефлекция:
Студенттер стикерге:
Не үйренді?
Не жаңалық болды?
Не ұнады?
Не ұнамады?, – деген сұрақтарға жауап жазып, ватманға жабыстырады.
VІI. Білімді бағалау:
Топ басшыларды топтарындағы бағалау парағына қойылған бағаларын
айтып шығады. Жалпы топтың қорытындысы апталықтың жабылуында айтылып,
марапатталады.
VIІІ. Үй тапсырмасы: Азия мемлекеттеінің теміржол кодын табу.
Бекітемін_________________
Оқытушы_________________
Разработка комбинированный урока
Разработка комбинированный урока
Разработка комбинированный урока
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.