Разработка на тему "Өмиринди сактау колында, жол тартибин орында!"
Оценка 4.7
Работа в классе
doc
классное руководство +1
Взрослым
05.11.2017
Это внекласная разработка по пдд. в этой разработке говарится о правилах дорожного движения. здесь разные вопросы по пдд, также практические занятии, разные зогадки, решение пазлов, также творческая работа. нужно написать стихотворение о пдд. по указонным окончанием. это состезание меж двух команд.
№6 жоспар.doc
А.Құнанбаев атындағы №6 жалпы орта білім беретін мектеп
Тақырыбы:
Өміріңді сақтау қолыңда, жол
тәртібін орында!
Өткізген: Кикбаева Алтын Токтасыновна
Лауазымы: ағылшын тілі пән мұғалімі, ЖЖИ «Жас қыран» үйірмесінің
жетекшісі Арқалық 20172018 оқу жылы
Ісшараның тақырыбы:Өміріңді сақтау қолыңда, жол тәртібін
орында!
Мақсаты: Оқушылардың
жұмыстарын жандандырып, олардың
жолкөлік жарақаттануының алдын алу
жол қауіпсіздігі ережелерін
насихаттауға деген қызығушылықтарын арттыру.
Міндеттері:
балалар жолкөлік жарақаттануының алдын алу;
жас инспекторлар жасағының қызметін белсендіру;
жолда жүру ережесін мемлекеттік автоинспектордың түсіндіруін қамтамасыз
ету;
жасақ мүшелерінің білімін арттыру;
танымдық көзқарастарын дамыту.
Түрі: сайыс сабақ
Барысы:
1.Ұйымдастыру.
2.Кіріспе сөз. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Балалар, бүгінгі сабақта біздер жолда жүру ережелер қаласына барамыз. Жол
ережелер қаласындағы сендерге дайындап отырған тапсырмалары бар.
Сендерді жол тәртібі бойынша білімдеріңді сынамақшы. Сыннан өтуге
дайынбыз ба?
Жол ережелер қаласының тапсырмаларын 2топқа бөлініп, сайысқа түсеміз.
Бағдаршам аты,
Көп көзі бар батыр.
Тоқ болғанмен заты,
Өзінде көп ақыл,
Тұрады ол дәйім. Бұрышында жолдың
Қиып өткен сайын
Қарайтұғын балғын.
Сонымен балалар, біздер бағдаршамды «көп көзі бар батыр» екен дедік. Кім
айтады бағдаршамның неше көзі бар?
Ендеше, біздің топтарымыз осы бағдаршамның көздеріне байланысты
атауларын алып отыр. Қай топтың мүшелері тапсырмаларын дұрыс орындаса,
«Үздік жүргіншілер» атағына ие болады.
Сайысты бастамас бұрын әділқазылар алқасын сайлап алайық.
1. Мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Аскарова Лағыл
3. Мектеп инспекторы Бекенов Қайрат Ақанұлы.
Арманға алда күткен асығармыз,
Біз талай толқын атпай басылармыз.
Жолда жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз.
Жалғайтын достастырып бар елменен,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген,деп сайыстың кезеңдерімен таныстырып
өтейін.
1.Реттеуші инспектор қызметкерінің сауалы
2. Қала әліппесі (топ басшыларымен жарыс)
3. МАИ емтиханы
4. Үйренейік, білейік (практикалық жұмыс)
5. Сен білесің бе?
6.Тапқыр болсаң, тауып көр! (жұмбақтар сайысы)
7. Шығармашылық жұмыс (өлең құрастыру)
Таңдап алған бағдаршамның көздерінің белгілеріне лайықты ма екенін білейік
. Мұғалім: Бағдаршамнан басқа жолда кім тұрады? Реттеуші инспектор
қызметкері ала таяғымен тұрады. Келесі сайысымыздың бөлімі «Реттеуші
инспектор қызметкерінің сауалы» деп аталады. Өздерің қалап алған ұпай
бойынша сұрақтарға жауап бересіңдер.
1
2.
. Мына белгі нені білдіреді? (Абайла, балалар!) 5 ұпай
Мына белгі нені білдіреді? (қозғалысқа тыйым салынады) 5 ұпай
3. Көліктің оңға бұрылатындығын қалай білуге болады?
(оңға бұрылатын көлік жолдың оң жағындағы бірінші қатарда тұрады және
оның оң жақ бұрылысты білдіретін жарығын жағады) 10 ұпай
4. Мына көліктер қалай аталады, көлік оқиғасына тап болған адамдар қандай
телефондарға қоңырау шалады?
МАИ102 ) 10 ұпай
(Өрт сөндіру101, жедел жәрдем103,
5. Автобусқа қай есіктен мініп, қай есіктен түседі? (алдан түсіп, арттан
мінеді) 15 ұпай
6. Жол белгілерін атқаратын қызметіне қарай неше топқа бөлінеді? (7 топқа)
15ұпай
Балалар, жол ережелер қаласында да қала әліппесі бар. «Жол белгілерді»
қала әліппесі дейміз.
Ендеше, «Жол белгілер» атты бөлімде топ басшылары сайысқа түседі. «Жол
ережелері» қаласындағы жол белгілер бойынша білімдерін сыналады. Өздерін
таңдап алған cурет қиындылары бойынша белгілерді тауып жинақтап МАИ
бастығына тапсырасыздар. Жол белгілерін тапқандарын тексеріп жіберейік:
Тыйым салу белгісі
Қызылмен боялған шеңберім аумақты,
Тыйымшыл белгімін, қаталмын, салмақты.
Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,
Қауіп бар бағдарла, көз салып жанжақта.
Көрсеткіш белгісі :
Баратын жерінің бағыты тұрағын Үнтүнсіз жол сілтеп, жол нұсқап тұрамын.
Күндіз де, түнде де от болып жанады,
Көк түске боялған төртбұрыш шырағым.
Адамға машинаны жүргізуге қандай құжат керек? Жүргізуші куәлігі. Ендеше,
келесі 4кезеңіміз МАИ емтиханы. МАИ етиханын сәтті тапсырсаңдар, МАИ
бастығы жүргізуші куәлігін табыс етеді.
3кезең МАИ емтиханы. Сауалнама
1.Жүргіншілер деген кім?
А) машина жүргізетін адамдар В) көшеде жаяу жүрген адамдар
С) белгілер
2.
Мына белгі нені білдіреді?
А) кіруге тыйым салынады В) басты жол С) жол беріңіз!
3. Көлік жүріп келе жатқанда жолаушыға жүргізушімен сөйлесуге болады ма?
А) болады В) болмайды С) білмеймін
4.Жолаушылар таситын қоғамдық көлікті қай жерден күтіп, міну керек?
А) аялдамалардан В) кезкелген жерден С) дүкен алдарынан
5. Қала көшелерінде жаяу адамдар қандай жолмен жүруге тиіс?
А) кезкелген жолмен В) тротуармен С) автомобиль жолдарымен
6. Қала көшелерінде велосипедпен жүруге неше жастан бастап рұқсат етіледі?
А) 10 В) 12 С) 14
7. Дөңгелек шеңбер түрінде қызыл түспен белгіленген белгілер қандай ұғымды
білдіреді?
А) ескерту белгілері В) көрсеткіш белгілер С) тыйым салу белгілері
8. Мына жол неше қозғалысты?
А) 4 В) 2 С)1
9. Қай түс жанғанда машиналар жүреді?
А) сары В) жасыл С) қызыл
4кезең «Үйренейік, білейік» Әр топқа түрлітүсті қағаз, қайшы, желім таратылып береді. Олардың өздері
білетін жол белгілерін жасауларын талап етеді, белгі 4дана болу керек.
Жасаған жол белгілеріне анықтама береді.
5кезең «Сен білесің бе?».
Бұл кезеңде оқушылар берілген 4 түстен біреуін таңдайды, сол түстің астынан
шыққан суреттің жарты бөлігіне қарай отырып, қандай сурет бейнеленгенін
табу керк. Әр дұрыс жауап 5 балдық жүйемен бағаланады
6 кезең «Тапқыр болсаң, тауып көр!» Бұл кезеңде оқушылар алдына
берілген конверттердің біреуін таңдап алады. Ішінде берілген жұмбақтың
шешуін табу керек.
Арқаным бар тым ұзын,
Ала алмайсың бір үзім
Тапшы мұны оқушым (жол)
Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырығы күзеткен (миллиционер) Көше бойын аяңдайды,
Адам тасып аяңдайды. (Автобус)
Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (бағдаршам)
Көліктің қаншасын жанынан өткізген,
Іргеден басталып, алысқа жеткізген. (жол)
Жапанда бір жолаушы аузын ашып,
Аяғын келе жатыр жылдам басып,
Жарқырап маңдайында екі көзі,
Ілезде жеткізеді жерге қашық. (автомобиль)
Келесі соңғы 7 кезең «Шығармашылық жұмыс»
Жол ережесіне байланысты тірек сөздермен өлең құрастыру
балалар,
тротуар.
ұмытпа,
сақта!
Жол тәртібі кімге керек, бірге ойланып көрелік,
Әрқайсысын қылығына әділ баға берелік.
Ережені жақсы білген ортаға шық жас ұлан,
Әділқазы алқасында келесі сөз кезегі деп сөзді әділқазыларға береміз.
«Үздік жүргіншілерді» анықтап, марапатталады
Қорытынды:
Қай көше, қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да.
Жол жүру ережесі Заңды тәртіп,
Ол ортақ үлкенкіші, баршамызға! дей отыра әрқашанда жол ережесін
сақтап жүріңіздер дегім келеді.
Разработка на тему "Өмиринди сактау колында, жол тартибин орында!"
Разработка на тему "Өмиринди сактау колында, жол тартибин орында!"
Разработка на тему "Өмиринди сактау колында, жол тартибин орында!"
Разработка на тему "Өмиринди сактау колында, жол тартибин орында!"
Разработка на тему "Өмиринди сактау колында, жол тартибин орында!"
Разработка на тему "Өмиринди сактау колында, жол тартибин орында!"
Разработка на тему "Өмиринди сактау колында, жол тартибин орында!"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.