Разработка Вечер памяти "Оралхан" деп ән салады шағылдар..." (5-11 классы)
Оценка 5
Библиография +6
docx
Междисциплинарный 3
5 кл—11 кл
05.11.2018
ШҚО Катонқарағай ауданының тумасы жазушы драмматург Оралхан Бөкейді еске алу кешіне арналған материал. Жазушы өмірімен таныстыру, оқушыларды патриотизмге, сүйіспеншілікке тәрбиелеу мақсатында өткізілген әдеби кеш туралы. Жазушы өмірін шығармашылығын дәріптеу мақсатында өткізілген кітапханалық шара .Өр Алтайдың ақиығы - Оралхан Бөкей ағамыз.
Оралхан деп ән салады шағылдар новый.docx
Оралхан деп ән салады шағылдар...
(еске алу кеші)
Мақсаты: Халқымыздың біртуар перзенті, қазақ сөз өнерінің айтулы
саңлақтарының бірі Оралхан Бөкеевтің 75 жасқа тоуына орай оқушыларды
жазушының артына қалдырған өшпес мұраларымен таныстыру, әдебиет өнерін
қадірлеуге баулу.
Әдеби кеш барысы:
Музыка ойналып тұрады. 11 –сынып қыздары «Шағала» биін билейді,
11сынып ұлдары Ж.Қызырдың «Тілдескен туған дала табиғатпен...»
өлеңін оқиды.
Жәнібек Қызыр «Тілдескен туған дала, табиғатпен...»
Жаз шықса да сезіледі ызғар әлі,
Алтай да қабақ түйіп сызданады.
Қарағайлар көз тігеді Алматыға,
Қайда жүрдеп Мұзтаудың мұзбалағы.
Қосылған аламанға бала кезден,
Сақта оны, деуші едік тіл мен көзден.
Қазағының пырағы, Құлагері,
Қара сөзі артық еді, өлең сөзден.
Пір тұтып жастайынан даналарды,
Үлгі етіп Шерхандайын ағаларды.
Тау баласы екенін мойындайтын,
Тың сүрлеуге ол талай дара барды.
Тілдескен туған дала, табиғатпен,
Еліткен замандасын ақиқатпен.
Бұқтырмадай арынды, үлкен талант,
Келісіп қалай жатыр бақилықпен.
Оралмай өзі шыққан тұғырына,
Жем бермей өз қолымен кер бұғыға.
Өмірі сағынышын баса алмаған,
Бір келмей Шыңғыстайдай ауылына.
Сөзөнерден арадай бал іздеген,
Тілдеспей қайда кетті Қар қызымен.
Аспан шал да тілейді көрісуді,
Бөкейдің тұлпар тұяқ жалғызымен.
Биігіне өнердің самғай барып,
Пенделікпен төменде тұрмай қалып.
Халқының жүрегінен орын алды, Қазақтың үркеріне өзі айналып.
1 жүргізуші:
Сейіліп еңсені езген, басқан қайғы,
Еліңнің туы биік аспандайды...
Оралхан! Қанат байлап Алтайға жет.
Өзіңсіз мынау жиын басталмайды.
(Оралхан үнін тыңдау)
2 жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, атааналар, ұстаздар, оқушылар!
1 жүргізуші: Жазушы, драматург, публицист, Қазақстан Ленин комсомолы
сыйлығының, Николай Островский атындағы бүкілодақтық әдеби сыйлықтың,
Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты жерлес жазушымыз Оралхан
Бөкейдің 75 жасқа толуына орай «Оралхан деп ән салады шағылдар...» атты еске
алу кешімізге қош келдіңіздер!
2жүргізуші: Беу жалған –ай, қапыда үзілген қысқа ғұмырында қазақ
әдебиетінің классикалық үлгілері қатарына қосылған небір жауһар дүниелер
қалдырып кеткен Оралхан Бөкеев есімі бүгінде иісі қазақ қастер тұтар киелі
есімдердің біріне айналды.
1жүргізуші:
Қарындасы Ғалияның естелігінде : 1966 жыл. 1 қаңтар. Жазушы өзінің туған
күнін атап өтуге дайындалады. «Зенит» деп аталатын кішкентай
фотоаппаратымен түсіріп, «шақыру билетін» шығарады. Сол шақыру
қағазындағы бір шумақ өлеңді өзі жазады да , қарындасы Ғалияға жаттатқызады.
Ол өлеңі былай өрнектеледі.
2жүргізуші:
Бүгін, міне, жиырма үшке толыппын,
Талай жырға, талай сырға жолықтым.
Шыным осы, ақ тілеуші достарым,
Мен анамның жалғыз ұлы болыппын.
Дастарханым тарлау болса, құрбылар,
Пейілімнің кең екенін ұғыңдар.
Ақ жүректің ақ батасы секілді,
Махаббатым сендерменен туғандар.
Сондықтан да, уа, достарым, түсінші,
Осы кештің мәңгіліктік құны бар!
1жүргізуші: Ғалия айтады: « Ал мен болсам, соңынан қалмай сенің туған күнің
1 қаңтар емес, 28 қыркүйек қой, неге ерте жасайсың деп әбден мазасын алдым.Сөйтсем, ағам туған күнді сылтау етіп, Айман жеңгемді достарымен
таныстыруды көздеген екен.» Ендеше, жазушының өзі айтқандай осы кештің
мәңгілік құнын жоймайтын асыл да қымбат ойлармен, қызықты да қимас
сырлармен Орағаңды еске алатын боламыз.
2жүргізуші : Иен тау. Иен көлдің жағасы.Мүлгіген орман. Оралхан жұрттан
оқшаулау барып, бір серек тастың үстіне, көзін көл бетінен асырған күйі әдетінше
алысқа қарап тұрған.Ұзақ тұрған.Көз алдында... қызылжалқын сәулесі көл бетінде
алаулап шар табақ күн шалқып,батып бара жатты.Жайлап басып жанына бардым.
Ол тағы да біраз үнсіз отырды да:»Қандай ғажап,қандай жұмбақ,қандай баянсыз
да тұрлаусыз дүние» деді күбірлеп. Сонда ол не айтқысы келді екен?Не айта
алмай кетті екен?деп ойлаймын бүгінде.Иә, Оралханның айтқанынан
айтпағаны ,жазғанынан жазбағаны көп едіау!
11А сынып оқушысы Дәуітханова Шырайдың орындауында «Оңаша
ойлар» өлеңін тыңдаңыздар.
1жүргізуші: Ол әдебиетте жолы болған, алдынан үнемі жасыл шам жанып,
тұрған жазушы. Жолы болуының басты себебі өнердегі өз жолын ерте тауып
кеткендігі ме деймін.Ол қай жанрда қалам тартпасын,оны жазған Оралхан екенін
оқырмандар авторына қарамайақ сезе беретін.Жазушы үшін бұдан артық қандай
бақыт керек.
Оралхан Бөкейдің «Кешір інім» өлеңін 6сынып оқушысы Сайранбекқызы
Меруерттің орындауында қабыл алыңыздар.
2 жүргізуші: Төрт аяғы тең жорғадай көсілген жазушының ауызекі сөйлегеннің
өзінде де бұрын естіп білмеген көптеген образды сөздерді жиі пайдаланған екен.
Ағамыздың өзі де «Мен – журналистпін, одан кейін ғана жазушымын» дейді.
Соның бір дәлелі ретінде ағамыздың күнделігінен алынған үзінділерді
назарларыңызға ұсынайық.
(4 сынып оқушылары күнделіктерінен үзінді оқиды)
1 жүргізуші:
Жатырсың ба аға ,тірліктен мына дамылдап,
Өмірден оздың тұлпардай шауып ағындап.
Өзіңе деген сағынышы туған еліңнің
Бояуындай күздің күн сайын барад қалыңдап.
2жүргізуші: ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ақын Фариза
Оңғарсынованың Оралхан Бөкеевтің рухына арнаған «Жолда» өлеңін 8сынып
оқушысы Еспулатова Назгүлдің орындауында қабыл алыңыздар! 1 жүргізуші: Оралхан Бөкей 70 жылдары драматургияға да қадам басқан.
Драматург пьесаларына өз заманының шындығын, жастардың ішкі жан дүниесін,
замандастарының адамдық қасиеттерін, арман қиялы мен ұмтылыс
құлшыныстарын арқау етті.
2 жүргізуші: 1974 жылдың күзінде М. Әуезов атындағы академиялық қазақ
драма театрында режиссер Қадыр Жетпісбаевтың сахналауымен «Құлыным
менің» атты спектаклінің премьерасы өтіпті. Сондай ақ, «Қар қызы»,
«Текетірес», «Зымырайды поездар», «Жау тылындағы бала», «Мен сізден
қорқамын» т. б. пьесалары бар.
1 жүргізуші: Ендігі кезекте Оралхан ағамыздың « Қар қызы»
шығармасынан 6сынып оқушылары дайындап келген көріністі
тамашалаңыздар.
2жүргізуші: Елдің атын ер шығарса,ердің атын ел де асқақтата біледі екен
«Ұлтына ұл болу – ұлылық» атты кітапханалық ашық көрмемен
таныстыру
1 – жүргізуші: Оралхан Бөкей – қазақ әдебиетіндегі, қазақ
журналистикасындағы, қазақ публицистикасындағы қайталанбас құбылыс. Қазақ
көркемсөзінің көкжиегін кеңейткен, аспанын биіктеткен қаламгер. Оның өзіне
ғана тән ерекшеліктерінің күшті болғаны соншалықты, кезінде көп жастар
Оралхан Бөкейге еліктеп, қалам тербеген екен. Әлі де еліктегісі, ұқсағысы
келетіндер аз емес. Ең басты ерекшелігі – кербез еркіндігі мен оралхандық ой
құнарлығы.
(«асыл арна» видеосы )
2жүргізуші: Оралханның көркемдік тұрғыдан әдіптей отырып,көтерген
проблемасы бел қайыстырады.Шынында да ұлтымызды сақтау,ұлттық
генафондымызды сақтау,Оралханша айтқанда «гендік шынжыртізбегімізді үзіп
алмау», ұлтымыздың гендік сабақтастығын таза сақтауұлттығымызыдң кепілі
емес пе.Ұлттығымыздың кепілітек тілдің тұтастығы,территорияның тұтастығы
ғана емес, сонымен бірге геннің де тұтастығы.Генетикалық тұтастық.
Демек,аралас некені, «ұлтаралық», «халықаралық», «құрлықаралық»,
«мұхитаралық», «еуроазиялық» некелерді насихаттаудың,әпсенсітудің еш жөні
жоқ. Оралхан Бөкейдің бізге парыз ететіні де,мойнымызға қарыз ететіні де –
осы.
1жүргізуші. Келесі кезекте 11сынып оқушысы Тлеуханова Алтынай
жазушының «Атау кере» шығармасынан үзінді оқиды.Қабыл
алыңыздар!
2 жүргізуші:Оралхан ағамыздың естіген құлаққа жағымды, әдемі, қоңыр даусы
болған, сонымен қатар гармонда жақсы ойнаған. Көңілденген кезінде, әсіресе, үйінде туыстары бас қосқанда ән айтады екен. Ағамыздың «Бесқарагер»,
«Ағажай, Алтайдай жер қайда», «Қайықта», «Құстар қайтқанда», «Жастық
вальсі» сияқты жақсы көрген әндері болған.
«Ағажай, Алтайдай жер қайда» әнін музыка пәнінің мұғалімі Омар
Нұрдананың орындауында қабыл алыңыздар!
1 жүргізуші: Жазушы «Сайтан көпрі» және «Қар қызы» повестерінде «қалай
өмір сүру керек? деген мәңгілік сұрақты қозғайды. Автор адамды тәубеге
келтірер бірден бір нәрсе табиғат қаталдығы деп түсінеді.Табиғаттың алайдүлей
мінезімен бетпебет келген «Қар қызы» . Қар қызы пәк сезімнің,махаббат
перісінің символы. Қар қызыұлттық көңіл күйдің ,ұлттық сезімнің белгісі. Қар
қызы ар тазалығымен қоса сенім –нанымның да тазалығы.
10 сынып оқушыларының орындауында «Қар қызы»
шығармасынан көрініс тамашалаңыздар.
2жүргізуші: Оралхан Бөкейдің «Сарыарқаның жаңбыры» атты қысқа әңгімеден
бастау алатын ,сонан кейін «Мұзтау» болып қаһарын төгетін, «Ұйқым келмейді»
деп наз айтатын, «Үркер ауып барады» деп шүйінші сұрайтын , «Біздің жақта қыс
ұзақ» деп өкініш қазанын сапыратын ,Алтайдың аязды кешінде,меңіреу тау
аңғарындағы «Қар қызының» шашын жұлып, бетін тырнаған зары мен өксігін
құлағымызға әкелетін, «Қайдасың қасқа құлыным» деп елі мен жерінің бар
қасіретін төгетін шығармалары кімнің болмасын жүрек қылын тербейтіні рас.
7 сынып оқушысы Айдынқызы Айшаның орындауында Оралхан
Бөкейдің «Мезгіл әуендері» атты прозасынан үзінді тыңдаңыздар.
1жүргізуші: Оралхан көп адамның қалыпты тірлігіне ұқсай бермейтін бөлекше
ғұмыр кешті.Ең ақыры ақтық демі де талайдың тағдырына жазбаған жағдаятта
үзілді. Оралханнан ылғи да бір тосын дүние күтіп жүретін жұрты үшін оның сонау
Үнді жеріндегі қазасы да тым тосындау көрінгені рас.Бұны не кездейсоқтық ,не
қажеттілік заңына жорудың өзі қиын.
8сынып оқушылары Әлібек Қаңтарбаевтың «Құйрықты жұлдыз
аққан түн» шығармасын орындайды.
2 жүргізуші: Өр едің, өр Алтайдың, тірегім ең,
Айрылды қазақ сендей түлегінен.
Өзіңді қастерлеген туған елдің,
Жатырсың орын алып жүрегінен.
11 сынып оқушысы Памирова Рахаттың орындауында Фариза
Оңғарсынованың «Қоштасу» өлеңін тыңдаңыздар 1жүргізуші
Жылыстап жылдар тарихқа кіріп барады,
Есімің жыр боп қазаққа бүкіл тарады.
Сені аңсап Алтай, шыңдары биік Мұзтаудың,
Сағынышпен тағы да жолға қарады.
Жазушының сүйіп тыңдайтын әндерінің бірі «Құстар қайтқанда» әні .
Кокумбаева Нұрзаттың орындауында «Құстар қайтқанда» әнін қабыл
алыңыздар!
2Жүргізуші:
Өзіңсіз аға, жалғасты жылдар тізбегі,
Ысырып жазды, Алтайға тағы күз келді.
Мұңлы әнін айтып, қоштасып туған жерімен,
Тырналар қайтып, бетке алып барад Мұзбелді.
1Жүргізуші:
Жататын араласып үміт қайғы,
Қапыда тағдыр жолы тұйықталды.
Оралхан деген аттың орны бөлек,
Ел Ана! Сені ешқашан ұмытпайды! Оралхан Бөкей сынды қазақтың үлкен
қаламгері қазақ бар жерде мәңгібақида өлмейді.Ол келер ғасырдағы жастардың
да замандасы болатындығы ақиқат. Оралхан аты ұрпағы барда ешқашан өшпейді.
Біздің жүрегімізде мәңгілкке сақталады. Осымен еске алу кешіміз аяқталды.
Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет айтамыз!!!
Разработка Вечер памяти "Оралхан" деп ән салады шағылдар..." (5-11 классы)
Разработка Вечер памяти "Оралхан" деп ән салады шағылдар..." (5-11 классы)
Разработка Вечер памяти "Оралхан" деп ән салады шағылдар..." (5-11 классы)
Разработка Вечер памяти "Оралхан" деп ән салады шағылдар..." (5-11 классы)
Разработка Вечер памяти "Оралхан" деп ән салады шағылдар..." (5-11 классы)
Разработка Вечер памяти "Оралхан" деп ән салады шағылдар..." (5-11 классы)
Разработка Вечер памяти "Оралхан" деп ән салады шағылдар..." (5-11 классы)
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.