Білім беру ұйымының атауы |
М.Мақатаев атындағы №47 ЖОМ |
|||||||||||||||||||||||
Пәні: |
Дүниежүзі тарихы |
|||||||||||||||||||||||
Бөлім: |
1917 жылғы Ресейдегі революция |
|||||||||||||||||||||||
Педагогтің аты-жөні: |
Батырбеков.Ж.Б |
|||||||||||||||||||||||
Күні: |
|
|||||||||||||||||||||||
Сынып: 8 |
Қатысушылар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||||||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: |
Ресейдегі самодержавие не себепті жойылды? Большевиктер Уақытша үкіметтің билігін қалай жойды? |
|||||||||||||||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: |
8.3.1.1 қоғамдық-саяси даму үлгісін сипаттау: әлеуметтік либерализм, әлеуметтік консерватизм, марксизм, социал-демократия 8.1.1.1 тарихи оқиғаның нәтижелерін талдау арқылы әлеуметтік құрылымның өзгеруіне Қазан төңкерісінің әсерін сипаттау. |
|||||||||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
Тарихи оқиғалардың, атап айтқанда Ресейдегі 1917 жылғы революция тарихындағы жеке тұлғалардың рөлін зерттеу. Қазан социалистік революциясының себеп-салдар байланыстарын түсіндіру |
|||||||||||||||||||||||
Сабақтың барысы |
||||||||||||||||||||||||
Сабақтың кезеңі//уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||||||||||||||||
Ұйымдастыру Өзін-өзі тексеру
Өткен білімді еске түсіру
|
Бірлескен орта құру Слайдта II Николайдың және Ресей төңкерісі көсемдерінің портреттері беріледі. Сыныпқа сұрақ қойылады: Кімнің портреттерін көріп тұрсыз? Тарихи тұлғалардың арасында қандай байланыс бар? Қандай тақырыпты қарастырамыз? Әңгіме барысында мұғалім оқушыларды зерттелетін тақырыптың атауына жетелейді. Оқу мақсаттарымен және сабақтың мақсаттарымен таныстырады. |
Оқушылар өз ойларын ортаға салады. Оқушылар жауаптары арқылы жаңа тақырыпқа көшу
|
мадақтау |
Презентация Слайд 1
|
||||||||||||||||||||
Жаңа білім
|
Терминдермен жұмыс. Терминдер мен анықтамаларды сәйкестендір: Либерализм, консерватизм, коммунизм, социализм. Тапсырма 1. 1917 жылғы революцияға дейінгі Ресейдегі әртүрлі саяси топтар туралы кестені мұғалімнен алған ақпараттық парақты пайдаланып толтырады. Бұл топтарға мыналар кіреді: большевиктер; Меньшевиктер; Эссерлер; Кадеттер.
Тапсырма 2. Ақпан төңкерісі туралы бейнефильмді немесе революция туралы мәтінді қарайды. Оқушылар топта Ресейдегі революцияның себептерін жіктеп, фактілер мен мысалдар келтіріп, "фишбоун" әдісін қолданады.
«Сәуір тезистері» дереккөзімен жұмысты ұйымдастыру. Тапсырма: 1. Құжатты оқып, революциядағы большевиктердің негізгі міндеттерін мәтіннен бөліп алыңыз. 2. Уақытша үкіметтің қағидаларына қайшы келетін большевиктердің әрекеттеріне мысалдар келтіріңіз.
|
Мәтінмен жұмыс
Мәтіннен негізгі идеяны анықтайды
Оқушылар таныстырылымын дайындайды және сыныптың алдында қорғайды.
Дескрипторлар: - тараптарды қолдаған әлеуметтік қабаттарды анықтайды; - партияның мақсаттарын анықтайды; - мүмкін талаптарды анықтайды Дескрипторлар: -1917 жылғы Ресейдегі революцияның 5 себебін біледі; -төңкерістің себептерін әлеуметтік-экономикалық, саяси, әскери және т.б-ға жіктейді және бір-екі факті келтіреді
Дескрипторлар. 1. Большевиктердің төңкерістегі 4 міндетін анықтайды. 2. Уақытша үкіметтің қағидаларына қайшы келетін большевиктердің іс-әрекеттеріне 3 мысал келтіреді. |
ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады
Оқушылар сыныптастарын берілген критерийлер бойынша бағалайды.
«Ең үздік жауап»
«Алақан-жұдырық»
|
Презентация Слайд 5
Ақпан төңкерісі Ақпан төңкерісі туралы
ақпараттық мәтін Ақпан төңкерісі |
||||||||||||||||||||
Бекіту
|
Сабақтың қысқаша мазмұны Жеделхат: Жеделхаттың бланкілерін таратып, телеграмма жазу ұсынылады. Онда Ресейдегі самодержавиенің не себепті құлағаны туралы пікірін білдіреді. Қысқа жазба - мәтін 10 сөзден аспасын (үш жеделхат қарастырылады) Үй тапсырмасы: 1917 жылғы Ресейдегі революция кезіндегі тарихи тұлғалардың рөлі туралы презентациялар дайындайды( IIНиколай , Ленин, Троцкий, Керенский және т.б.) |
Сабақтың тақырыбын қорытындылау |
«Ең үздік жауап» |
|
||||||||||||||||||||
Кері байланыс |
«Аяқталмаған сөйлемдер» әдісі. Мен бүгін білдім... Мен бүгін сезіндім... Мен келесі сабақта білгім келеді ...
|
Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады
|
Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды |
А4, конспект
|
||||||||||||||||||||
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.