Сабақ 7_Ньютон биномы _Қосымша_СОР 1

  • doc
  • 12.05.2020
Публикация в СМИ для учителей

Публикация в СМИ для учителей

Бесплатное участие. Свидетельство СМИ сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Иконка файла материала Сабақ 7_Ньютон биномы _Қосымша_СОР 1.doc

 «Комбинаторика элементтері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

 

Тақырып

Комбинаториканың негізгі ұғымдары мен комбинаторика ережелері (қосу және көбейту ережелері)

Комбинаторика формулаларын қолданып есептер шығару

Ньютон биномы және оның қасиеттері

Оқу мақсаттары

9.3.1.1  комбинаторика ережелерін білу (қосу және көбейту ережелері);

9.3.1.2  санның факториалы анықтамасын білу;

9.3.1.3  қайталанбайтын алмастыру, орналастыру, терудің анықтамаларын білу;

9.3.1.4  қайталанбайтын алмастыру, орналастыру, теруді есептеу формулаларын білу;

9.3.1.5  қайталанбайтын алмастыру, орналастыру, теру формулаларын қолданып есептер шығару;

9.3.1.6  Ньютон биномы формуласын және оның қасиеттерін білу және қолдану;

Бағалау критерийі

Оқушы

·        Комбинаторика ережелерін біледі (қосу және көбейту ережелері);

·        Факториалы бар өрнектерді түрлендіре алады;

·        Комбинаторика ережелері мен формулаларын қолданып есеп шығара алады

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

Орындау уақыты

30 минут

Тапсырма

1.

    a) Есептеңіз: .

    b) Ықшамдаңыз: .       

                                                                                                              [4]

                                                                                      

2.

 Ньютон биномы бойынша жіктеңіз:   a)

   b)

 [7]

3.   

а) Топта 50 адам бар.  Олардың 23 – і ағылшын тілін оқиды,  17 — і неміс тілін11 — і екі тілді де оқиды. Қанша адам ешқандай тілді оқымайды?                                          

[2]                                                                                         

 

b) 7; 6; 5; 0 цифрларынан неше әртүрлі үшорынды сан құрастыруға болады, егер цифрлар қайталанбайтын болса?                                                                                          

[2]

 

с) Мектепте 2 топ бар, бірінші топта 6 адам, екінші топта 7 адам бар. Егер бірінші топтан алынған адамдар саны 5 – тен аспайтын болса, онда 9 адамнан тұратын неше топ құруға болады?                                                                                                                             

[3]

 

 

 

 

 

Бағалау критерийлері

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Оқушы

Құрамында факториалы бар өрнектерді ықшамдайды.

 

1

көбейтіндіні үлкен санның факториалымен алмастырады

1

факториал ұғымын пайдаланып бөлшектерді қысқартады

1

көбейтіндіні үлкен санның факториалымен алмастырады

1

факториал ұғымын пайдаланып бөлшектерді қысқартады және жауабын жазады

1

Ньютон биномы формуласын қолданып, биномды қосылғыштарға жіктейді.

2

ньютон биномы формуласын қолданады

1

бірінші өрнектің жіктелуіндегі х алдындағы коэффициентті табады

1

бірінші өрнектің жіктелуіндегі алдындағы коэффициентті табады

1

екінші өрнектің жіктелуіндегі х алдындағы коэффициентті табады

1

екінші өрнектің жіктелуіндегі алдындағы коэффициентті табады

1

екі өрнектің нәтижелерін көбейтеді

1

үшінші өрнектің жіктелуіндегі алдындағы коэффициентті табады

1

Решает задачи, используя формулы и правила комбинаторики.

 

3a

терудің формуласын қолданады

1

көбейту ережесін қолданады

1

қосу ережесін қолданады

1

өрнек құрады

1

есептеулер жүргізеді және жауабын табады

1

3b

шарт бойынша алмастыру формуласын қолданады

1

есептеуді орындап, жауабын жазады

1

Жалпы балл

18

 

 

 


«Комбинаторика және жиындар теориясының элементтері» бөлімі бойынша

жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

 

 

Бағалау критерийлері

Оқу жетістіктерінің деңгейлері

Төмен

Орта

Жоғары

Құрамында факториалы бар өрнектерді ықшамдайды.

 

Құрамында факториалы бар өрнектерді ықшамдауда қиналады.

 

Құрамында факториалы бар сандық өрнектерді / әріптік өрнектерді түрлендіруде қателіктер жібереді.

Құрамында факториалы бар өрнектерді дұрыс ықшамдайды.

Ньютон биномы формуласын қолданып, биномды қосылғыштарға жіктей алады.

 

Биномдық жіктелуді жазу үшін Ньютон биномы формуласын қолдануда қиналады.

Ньютон биномы формуласын қолданады, қарапайым жағдайлар үшін коэффициенттерді анықтайды, көбейту амалымен берілген өрнектерден коэффициентті табуда / есептеулер жүргізуде қателіктер жібереді.

 

Биномдық жіктелуді жазу үшін Ньютон биномы формуласын дұрыс қолданады.

 

Комбинаториканың ережелері мен формулаларын қолданып, есептерді шешеді.

Комбинаториканың ережелері мен формулаларын қолдануда қиналады.

Терудің формулаcын немесе қосу / көбейту ережелерін қолдануда / есептеулер жүргізуде қателіктер жібереді.

 

Комбинаториканың ережелері мен формулаларын дұрыс қолданып, есептерді толығымен шығарады.

 


 



Скачано с www.znanio.ru