Нұрсұлтан Назарбаевтың
жанұясы
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6
шілде 1940 жылы Алматы облысы
Каскелең ауданындағы Шамалған
ауылында туған.Балалық шағы
кейде айта беретініміздей
таршылық жағдайда өтті.
Үлкендердің мал бағуына, бау
бақша өсіруіне көмек көрсету керек
болды, шөпшек теріп, отын жарды.
Өзі еске алғандай, өсірген азмаз
өнімдерін сатып, үйішіне қажетті
заттар алу үшін есек жеккен
арбамен жақын маңдағы теміржол
стансасына бару дегенің керемет
мереке саналған.Мектепті жақсы
оқып, жақсы білім алды.Ата
анасын қатты құрмет тұтты.
Әкесі Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде,
Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді.
Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды.
Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және
балқар тілдерінде еркін сөйлейтін. Әбіш
Қазаө және орыс әндерін беріліп айтатын.
Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды.
Анасы Әлжан 1910 жылы
Жамбыл облысы Қордай
ауданы, Қасық ауылындағы
молданың отбасында
дүниеге келді. Үшқоңырға
жер аударылған әкесімен
бірге келген Әлжан
Әбішпен танысады. Ауыл
арасында ән салумен,
суырыпсалмалық өнерден
оның алдында түсетін
ешкім жоқ еді. Әлжан
Назарбаева 1977 жылы
қайтыс болды.