Сабақ жоспары 4 сыныпқа арналған қазақ тілі пәнінен

  • Презентации учебные
  • pptx
  • 24.01.2018
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Публикация является частью публикации:

Иконка файла материала Балалық шағы Жолдасбек.pptx
ЕЛІ ҚАЛАҒАН ЕЛБАСЫ
Балалық шағы 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының  баурайындағы Үшқоңыр жайлауында  Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың  шаңырағында көптен күткен ұл өмірге  келді. Оған әке­шешесі Нұрсұлтан деп ат  қойды.
Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға  жиналған ағайын­туыс түрлі есімдерді тұс­тұстан айтып  жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала  мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей  есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».
НҰРСҰЛТАН ӨЗ ӘКЕСІНІҢ ЕШҚАШАН ҚОЛ ҚУСЫРЫП  ҚАРАП ОТЫРМАҒАНЫН КӨРІП, ОҒАН ҮНЕМІ  КӨМЕКТЕСУГЕ ҰМТЫЛДЫ. ҮЙДЕ ДЕ, БАҚШАДА ДА,  АЛМА БАҒЫНДА ДА ӘКЕСІНІҢ ЖАНЫНДА БОЛЫП,  КАРТОП ПЕН АЛМА ӨСІРУГЕ ЖӘРДЕМДЕСТІ.  НҰРСҰЛТАН МАЛ ЖАЙҒАРУМЕН АЙНАЛЫСТЫ,  ӘКЕСІМЕН БІРГЕ ТАУҒА БАРЫП, ШӨП ШАПТЫ.
Көп ұлт мекендеген Шамалған тұрғындарының бәрі де сөйтті. Ешкім ұлтқа  бөлінген жоқ. Нұрсұлтан Назарбаев кейінірек кітаптарының бірінде сен  қазақсың ба, украинсың ба, чешен әлде неміссің бе, балалардың арасында оны  ешкім де есіне алмайтыны туралы жазды: «Егер қазақ үйіне месхеттік түріктің  баспанасы жапсарлас салынып, ал келесі үйлерде Богдан, Рихард, Олег тұрып  жатса, қайтіп бөлінеді...». Ұлдар жағы тек тұрған көшелеріне қалай топтасатын.  Көше­көшеге бөлініп, төбелескен кездері де болды. Бірақ достық пен өзара  көмек өмір салтына айналған еді.
Балалық шағымның аспаны